5В090300-Жерге орналастыру мамандығы бойынша бакалаврдың
біліктілік сипаттамасы
Бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы - Қазақстан Республикасының жер қорын қорғау және тиімді пайдалану бойынша жер қатынастары; жер пайдалану территориясын ұйымдастыру; жер пайдалануды жобалау, жоспарлау және болжау; жерді қорғау және тиімді пайдалану; жылжымайтын объектілерді және жер участкелерін тіркеу, есепке алу және кадастрлық бағалау; жылжымайтын объектілерді және жерлерді түгендеу; жер монито-рингі; жер үшін төлем және салық салу болып табылады.
Бакалаврдың кәсіби қызметінің объектілері: Қазақстан Республикасы-ның жер қорының барлық санаттары, жер пайдаланушы мен жер иелерінің барлық түрлері, оның ішінде меншік түріне, пайдалану мақсатына және олардың категориялық бөлінуіне қарамастан қалалардың, поселкілердің және ауылдық елді мекендердің шекарасындағы орналасқан жер участкелері; әкімшілік құрылым территориялары; жер пайдалану құқығына және пайдалану мақсатына байланысты берілген жер участкелері мен пайдалану жерлері болып табылады.
Бакалаврдың кәсіби қызметінің пәні: жерге орналастыру кезіндегі геодезиялық жұмыстар; жер қорын топографиялық түсіру және оны карталау; жерге орналастыруды жобалау кезіндегі орындау түсірістері; геоақпараттық және сандық технологияларды қолдана отырып жерге орналастыру, жер кадастры және аумақ мониторингі кезіндегі фотограмметриялық жұмыстар; жер қорын басқару; жерге орналастыру және кадастр жұмыстарын басқару және ұйымдастыру; барлық жерге орналастыру жұмыстарын жобалау және жүргізу болып табылады.
5В090300 – Жерге орналастыру мамандығы бойынша бакалаврлар кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады:
-
өндірістік-технологиялық;
-
ұйымдастыру-басқару;
-
эксперименттік-зерттеушілік;
-
жобалау;
Бакалаврдың кәсіби қызметінің функциялары – кәсіпорындық, ұйымдық және мекемелік қызметтік инструкцияға сәйкес міндетін атқару.
Бакалаврдың кәсіби қызметінің мазмұны: кәсіби инструкциясына сәйкес геодезиялық, ізденіс, жерге орналастыру және кадастр жұмыстарын орындау және олардың технологиясын жетілдіруге қатысу.
5В090300 – Жерге орналастыру бакалавры мамандығы бойынша бакалаврдың шешуші құзыреттілігіне қойылатын талаптар
Бакалаврдың:
- геодезиялық, жерге орналастыру және кадастр жұмыстарын орындау тәсілдері және түрлері туралы түсінігі болуы тиіс;
- жер заңдылығын, геодезиялық өлшеулер мен орындалу түсіріс тәсілдерін; жер қорын карталау тәсілдерін; жерге орналастыру және де басқа зерттеу, жобалық ізденіс жұмыстарын жүргізу тәсілдерін білуі тиіс;
- қызметтік міндетті орындау үшін теориялық және тәжірбиелік білімін іс жүзінде пайдалану білігі болуы тиіс;
- жерге орналастыру жұмыстарын орындау үшін геодезиялық және фотограмметриялық аспабтар және құралдармен, компьютерлік және сандық технологиялармен жұмыс істей алатын дағдысы болуы тиіс;
- жерге орналастыру, жер кадастры және жер қоры мен жер қатынастарын басқару жұмыстарын орындаумен байланысты барлық кәсіпкерлік, еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша құзыретті болуы тиіс.
Жалпы білім беру пәндері (ЖБП) циклінің мақсаты – қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын, Қазақстан тарихын, қазіргі ақпараттық технологияларды, мемлекеттік тілді, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде орыс және шетел тілдерін білу негізінде әлеуметтік-гуманитарлық білімді қамтамасыз ету.
Базалық пәндер (БП) циклінің мақсаты - кәсіби білімнің іргетасы ретінде ғылыми және жаратылыстану, жалпы техникалық және экономикалық сипаттағы базалық білімді қамтамасыз ету.
Кәсіптендіру пәндер (КП) циклінің мақсаты – кәсіби білім мен тәжірибелік дағдыны жерге орналастыру, жер қатынастары мен жер қорын басқару шеңберінде кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды қамтамасыз ету.
Бітірушінің:
- ой-өрісі және ойлау мәдениеті жетілген жоғары білімді тұлға қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану-ғылыми (әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық) пәндер бойынша базалық білімді меңгеруі;
- жерге орналастыру және жер ресурстарын басқару саласындағы міндеттерді тұжырымдау және практика жүзінде шешу, кәсіптік қызмет саласында ақпараттық технологияларды пайдалану, зерттеу және өндірістік қызметті сәтті жүзеге асыру ептілігі болуы;
- күнделікті кәсіби қызмет және магистратурада білімін жалғастыру үшін жаңа білім алу дағдыларын меңгеруі тиіс.
Бітіруші келесі кәсіби құзыреттіліктерді меңгеруі тиіс:
өндірістік-технологиялық қызмет саласында:
- заманауи геодезиялық құралдармен жер ресурстарын топографиялық түсірісті ұйымдастыру тәсілдерін және оларды карталаудың техникалық аспабтарын меңгеру;
- жер участкелері туралы ақпараттарды автоматтандырылған заманауи жинау технологиясының көмегімен тіркеу, өңдеу және жүйелендіруді меңгеру;
- жерге орналастыру, жер мониторингі және кадастрда графикалық материалдарды дайындау үшін заманауи дешифрлеу технологиясы білімін территорияны қашықтан бақылау, видеоақпараттарды, аэро және ғарыштық суреттерді дешифрлей алу;
- пландық картографиялық материалдарды түзетуді білу және сауатты орындай білу;
- жер участкесін бөліп беру тәсілдерін және құқық беру құжаттарын рәсімдеуді білу;
- ауылшаруашылық және тұрғын ел жерлерін пайдалану мен қорғауда мемлекеттік бақылау жүргізу сұрақтарына құзырлы болу.
ұйымдастырушылық-басқару қызметі саласында:
- геодезиялық, жерге орналастыру және кадастрлік жұмыстарды өндірісте жүргізуде ұйымдастыру-басқару және жобалық-іздестіру қызметтерінде қабілетті болу;
- жерді пайдалану мен қорғау және де басқа іздестіру, айналаны тексеру жұмыстарында мемлекеттік бақылау жүргізе білу.
эксперименттік-зерттеу қызметі саласында:
- жерге орналастыру және жер кадастры бойынша іздестіру және тәжірбиелік зерттеу жұмыстарын жүргізе білу;
- жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау үшін өз қызметінде сауатты зерттеулер нәтижелерін пайдалана білу.
жобалау қызметі саласында
- жерге орналастыру және жер мониторингінде жобалау - іздестіру жұмыстарын жүргізе білу;
- шаруашылықаралық, ішкі шаруашылық және участкелік жерге орналастыру жобаларын құра білу;
- жер пайдалануды болжау мен схемасын білу және құра алу;
- мелиорация және жерді жақсарту, эрозияға қарсы шаралар, бұлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын құра білу.
8.7 Оқу пәндерінің негізгі циклдері бойынша білімділікке қойылатын талаптар.
Бітіруші:
ЖБП циклі пәндерін оқу барысында Қазақстан тарихын, философия, экология, басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негізгі ережелерін білуі; қазақ, орыс, шетел тілдерін меңгеруі; басқару құралы ретінде компьютермен, жалпы бағыттағы бағдарламалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруі; жаhандық компьютерлік жүйелерден алынатын ақпараттарды пайдалана білуі тиіс;
БП циклы пәндерін оқу барысында математика, геодезия, фотограмметрия, жерге орналастырудың теориялық негіздері, топырақтану т.б. пәндердің негізгі бөлімдерін білуі; кәсіптендіру пәндерін оқу үшін қажетті базалық білім алуы тиіс;
КП циклы пәндерін оқу барысында жерге орналастыру, жер кадастры және жер ресурстарын басқару саласындағы кәсіптік қызметтің барлық түрін жүзеге асыруға қажетті білім мен біліктілік алуы тиіс.