Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3


С. СЕЙФУЛЛИН атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«БЕКІТЕМІН»

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ

агротехникалық университеті»

АҚ- ның Басқарма төрағасы



проф. А.К Күрішбаев _________

«____» _______________2011 ж.




ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕРДІҢ КАТАЛОГІ

Мамандық: 5В090300 - «Жерге орналастыру»




Академиялық дәрежесі – жерге орналастыру бакалавры

Астана – 2011ж.
Элективті пәндердің каталогі – Астана, 2011ж.
Бұл каталог таңдап алынған пәндер тізіміне және кредит көлеміне сәйкес, 5В090300 – «Жерге орналастыру» мамандықтарының бакалавр бағдарламасын оқып білуді меңгеру және кредиттік жүйеде оқитын студенттерге арналған.

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ оқу кеңесінде бекітілген



10.03.2011ж. № 8 хаттама

© С.Сейфуллин атындағы

Қазақ агротехникалық университеті

Түсініктеме

Құрметті студенттер! Кредиттік оқыту жүйесінде мамандықтың оқу-әдістемелік кешенінде міндетті түрде қамтылатын элементі болып элективті пәндердің каталогы (ЭПК) табылады. Бұнда таңдау компонентіне кіретін пәндердің тізімі көрсетіледі. Каталог әрбір мамандық бойынша жоғары оқу орнында әзірленеді.Оның мақсаты студенттерге өз беттерімен оқу бағытын белгілеуге жан – жақты мүмкіндік беру. Каталогта бүкіл ықтимал пәндердің тізімі қамтылады.

Соңғыларында кәсіптік жұмыстың түрлері, профильдері мен маман-дандырылғандығы ескеріледі. Бұл өзі кезегінде, жоғары оқу орнына, үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға қалыптасқан ғылыми-педагогикалық мектептерді, бейімдеуге, ақпарат–кітапханалық ресурстармен лабораториялық базаны барынша тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Ұсынылып отырған ЭПК Мемлекеттік білім беру стандарттарда ескерілген кәсіптік біліктілікті толық түрде меңгеруге мүмкіндік береді.

Элективті пәндердің каталогын пайдалана отырып, студент эдвайзер жетекшілігімен өзінің жеке оқу жоспарын, өндіріс және еңбек рыноктарының сұранысын ескере отырып құрастырады. Каталогта, мамандықтың типтік оқу бағдарламасында сияқты, барлық пәндер үш топқа топтастырылған: жалпы білім беру пәндерін (ЖББП); базалық пәндер (БП); кәсіптендіру пәндері (КП).

Студент өзінің білім алу бағдарламасын қалыптастыру үшін, алдымен типтік оқу жоспарында қамтылған міндетті түрде оқылатын пәндерді меңгеріп, сонан соң каталогта ұсынылған пәндердің тізімінен қосымша пәндердің таңдап алуға тиісті.

Пәндерді таңдау барысында ол, эдвайзер көмегімен курстардың пререквизиттері мен постреквизиттерін мұқият талдай отырып, пәндердің өзара қисындық байланысын және реттілігін ескеруге тиісті.

Жалпы білім беру пәндерін оқудың мақсаты жан-жақты білікті интел-лектуалды маманды дайындау. Осы цикл бойынша студент 3 кредит жинап алуға тиісті.

Базалық циклда қамтылған пәндер болашақ маманның фундамен-талдық білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Осыған себепті аталған цикл бойынша студент 23 кредит жинауға тиіті.

Кәсіптендіру пәндері циклына маманның арнайы кәсіптік біліктілігін қалыптастыруға қажет пәндері енгізілген. Бұл цикл бойынша студент 20 кредит жинап алуға тиісті.

Болашақ маманның кәсіптік дайындық деңгейі бірінші кезекте мұқият ойланып таңдалған білім алу бағытына байланысты екенін ескерген жөн.



Жалпы білім беру пәндері (ЖББП ) цикл
КНRМ 2112 Қазақ халқының рухани мұрасы – 2 кредит

Курстың пререквизиттері: Қазақ халқының рухани мұрасы пәні дүние-жүзілік тарихтың құрамдас бөлігі болғандықтан дүние жүзілік тарихпен тығыз байланысты, сонымен бірге саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану ғылымдарымен сабақтас.

Курстың мазмұны: Ежелгі дәуірден Қазақстан территориясын мекендеген көшпелілердің мәдени жарқын құбылыстарымен таныстырады. Мәдени дәстүрлерді жіктеп қарастыру көшпелілердің ерекше микро және макро космосына үңілуге мүмкіндік береді. Курс екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде, ежелгі және ортағасырдағы мәдени құндылықтарды қарас-тырамыз.

Курстың постреквизиттері: Мәдениеттану дүниежүзі халықтарының жә-не олардың айырмашылығын, қазақ мәдениетінің өкілдерін, көркем туын-дыларын білу тиіс.
DT 2112 Дінтану – 2 кредит

Курстың пререквизиттері: Дінтану курсың игеру үшін студент тарих, мәдениеттану, қазақ халқының рухани мұрасы және философия пәндерін білуі тиіс.

Курстың мазмұны: Дінтануды қазіргі кезеңде үйрету үшін діннің өзі адам мәдениті саласының өзіндік дара спицификасы, ол қазіргі адамзаттың мәдени мұрасына деген қызуғушылық уақыт өткен сайын арту үстінде.

Курстың постреквизиттері: дінтану білімі студенттерге келесі пәндерді игеруге мүмкіндік береді: эстетика, этика, әлеуметтану, психология, тарих және философиялық ғылымдар.

KF 2112 Қазақ философиясы 2 – кредит

Курстың пререквизиттері: Қазақстан тарихы, әлеуметтану, қазақ халқы-ның рухани мұрасы.

Курстың мазмұны: курстың құрылымы, тапсырмаларының ерекшелігі және қазақ философиясының гинезисі: мәні және спецификасы. Ғаламтанудың типі және формасы. Қазақ философиясының мәдени- тарихи предпоспосылки. Орта ғасырдағы қазақ философиясы: ислам дініне ену, Әл-Фарабидің философиялық идеялары. Қазақтың ақын жырау-ларының дүниетанымдары. Россияға қосылу кезеңдегі қазақ философиясы. Қазақтың ағартушылығын дамыту. Жалпы сипаттамасы.

Курстың постреквизиттері: қазақ философиясы пәні студенттерге келесі пәндерді игеруге мүмкіндік береді: Қазақстан тарихы және қазақ халқының рухани мұрасы.
МТ 1113 Мәдениеттану – 1 кредит

Курстың пререквизиттері: Қазақстан тарихы, философия, әдебиеттану, ғылым тарихы, этика және эстетика, діндану, психология.

Курстың мазмұны: Бұл пәнді оқи отырып, сіздер талай ғасырдың сын елегінен өткен, әлемді меңгерудің мейілінше бай, тәжірибе тағылымы бар, небір тарихи дәуірлердің рухани мәдениетін жинақтаған, олардың арман ойларымен,үміт межелерін уақыт елегінен, мәдениеттің теориясы мен тарихының рухани шығармашылық маңсыздылығымен таныс боласыздар.

Курстың постреквизиттері: Мәдениеттану дүниежүзі халықтарының және олардың мәдени мұраларын, тарихи даму кезеңдерін, тарихи хронологиялық тұрғыдан талдау жасау үйретеді.
EPG 1113 Этнопедагогика – 1 кредит

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, философия

Курс мазмұны: Білім беруде қазақ этнопедагогикасының әдіснамалық негіздері. Этнопедагогикалық дүниетанымдағы қазақ философиясындағы манызы. Қазақ халқының өзіндік ерекшеліктерін танудағы этнопсихология және оның этнопедагогикадағы ролі. Қазақ этнопедагогикасының маз-мұның айқындаудағы мәдениет теориясы. Білім берудегі қазақ этнопедаго-гикасысын қалыптастырудың теориялық мәселелері. Дәстүрлі әдістер және тәрбие құралдары арқылы қазақтың үй тұрмысындағы көркем қол өнері, ауыз әдебиеті, жанрлары - әң, өлен, жыр, мақал-мәтел, ертегі, жұмбақ т.б.

Постреквизиттер:болашақ кәсіптік іс-әрекетті қалыптастыру, курс-тық және дипломдық жұмысты қорғау.
SP 1113 Өзін-өзі тану– 1 кредит

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, философия

Курс мазмұны: Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты мен міндеттері. Адам білімінің әртүрлі формасы. Өзін-өзі тануға қатысты негізгі категориялар. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы. Өзіндік сана мен өзін-өзі бағалау. Зейін, түйсік, қабылдау. Ес, қиял, эмоция, сезім. Танымдық процесстер және ақыл – ой қабілетті. Өзіндік сана: «Мен» ұғымын қалыптастыру. Қарым – қаты-нас және ерекшелену. Құрбылар арасындағы қарым-қатынас.Жастық кезең мәдениетті. Өмірлік перспектива және дүниетанымының қалыптасуы. Еңбекке және мамандыққа қатынас. Моральдық сана. Норма және патология. Тұлға. Девианттық мінез-кұлык және

Постреквизиттер: болашақ кәсіптік іс-әрекетті қалыптастыру, курстық және дипломдық жұмысты қорғау.

Базалық пәндер (БП) циклы
ЕОSҺ 1218 Егіншілік және өсімдік шаруашылығы – 1 кредит

Курстың пререквизиттері: мектеп деңгейіндегі биология, химия, физика, математика.

Курстың мазмұны: «Егіншілік және өсімдік шаруашылыңы» пәнін оқыту мақсаты бұл қазіргі заманғы теоритикалық білімдерді және практикалық дағдыларды келесі тараулар бойынша игеру: топырақтану негіздері, топы-рақ және оның құнарлығы туралы түсінік, топырақ өңдеудің негіздері, ауыспалы егістердің ғылыми негіздері, ауыл шаруашылық дақылдарының қарқынды технологиялары (бидай, қарақұмық, тары, жүгері, картоп). Пәннің негізгі міндеттері – агрономияның негіздерін, топырақты өсімдік-терді өсу ортасы ретінде, мәдени өсімдіктердің тіршілік факторларын, ауылшаруашылық өндірісті механикаландыру үрдістерге агротехникалық және ауылшаруашылық өнімдерді өңдеуге қоятын талаптарын зерттеу. Пәнді оқу барысында студенттер білу және орындай алу керек: топырақ құнарлығын арттыру тәсілдерін, топырақтың су, ауа, жылу режимдерін реттеу, сонымен қатарауыл шаруашылық дақылдарының өсу және даму барысында күтіп баптау тәсілдерін. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдары-ның маңызын біліп, қажетті өнімін алуды білу керек.

Курстың постреквизиттері: экология, топырақтану, мелиорация.
ТР 1218 Табиғатты пайдалану -- 1 кредит

Курстың пререквизиттері: табиғатты пайдалану, экономика, жоғарғы математика, қоршаған ортаны қоғау.

Курстың мазмұны: Курстың мақсаты табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалану. Курстың оқу қорытындысы мынадай болу керек: өзіндік талдау жасауға машықтану, экологиялық мәселелерді бағалау. Табиғатты пайдалану жағынан және қазіргі қоғамдық өмірдегі экологиялық проблемалар жөнінде шешім қабылдау.

Курстың постреквизиттер: Табиғатты пайдалану, экология мониторингі, сапа менеджменті, табиғи ресурстардың кадастрлық құны.

ТRР 1218 Табиғи ресурстарды пайдалану – 1 кредит

Курстың пререквизиттері: табиғатты пайдалану, экономика, жоғарғы математика, қоршаған ортаны қорғау.

Курстың мазмұны: Курстың мақсаты табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалану. Курстың оқу қорытындысы мынадай болу керек: өзіндік талдау жасауға машықтану, экологиялық мәселелерді бағалау. Табиғатты пайдалану жағынан және қазіргі қоғамдақ өмірдегі экологиялық проблема-лар жөнінде шешім қабылдау.

Курстың постреквизиттері: Табиғатты пайдалану, экология мониторингі, сапа менеджменті, табиғи ресурстардың кадастрлық құны.

КG 3219 Компьютерлік графика – 3 кредит

Курстың пререквизиттері: Corel Draw 12 бағдарламасының негіздері.

Курстың мазмұны: Corel Draw 12 графикалық материалдарды дайындау әдістемесі және теориясы Coler Draiw12 үшөлшемді векторлық және растрлік графикамен жұмыс істеу.

Курс постреквизиттері:картография, геодезия, жерге орналастырулық жобалау, кәсіптік жұмыс.
ЕТА 3219 ЭЕМ талдау әдістері – 3 кредит

Курстың пререквизиттері: математика, информатика.

Курстың мазмұны: Математикалық статистика мен есептеу математикасы әдістері туралы негізгі теориялық мәліметтерді мазмұндау, осы күнгі мате-матикалық аппараттардың негізінде мәліметтерді компьютерлік өңдеу жә-не талдау әдістерін оқу.

Курстың постреквизиттері: жер кадастры, жер ресурстарын басқару жоспарлау, аумақты орналастыру және елді мекендердің жер кадастры, кеңістік жоспарлау, жер ресурстарын пайдалануды болжау.

JGE 3219 Инженерлік графика және ЭЕМ – 3 кредит

Курстың пререквизиттері: математика, информатика.

Курстың мазмұны: Математикалық статистика мен есептеу математикасы әдістері туралы негізгі теориялық мәліметтерді мазмұндау, осы күнгі ма-тематикалық аппараттардың негізінде мәліметтерді компьютерлік өңдеу және талдау әдістерін оқу.

Курстың постреквизиттері: жер кадастры, жер ресурстарын басқару, жоспарлау, аумақты орналастыру және елді мекендердің жер кадастры,

кеңістік жоспарлау, жер ресурстарын пайдалануды болжау.
ТІZҺ 3220 Аумақты инженерлік жабдықтау – 2 кредит

Курстың пререквизиттері: геодезия, жер кадастры, жерге орналастыру

жобалауы, топырақтану, мелиорация және сумен қамтамасыздандыру.



Курстың мазмұны:Автомобиль жолдарының мағынасы. Автомобиль жол-дарының жіктелуі. Жол – инженерлік құрылыс ретінде. Жол құрылысына жер бөліп беру. Жол құрылысына бөлудің экономикалық тиімділігі. Электр тасымалдау ауа желілерінің түйіндеріне берілетін жердің ауданын анықтау. Сумен қамтамасыздандыру. Газбен қамтамасыздандыру. Инже-нерлік құрылыстар, сумен қамтамасыздандыру және газбен қамтамсыздан-дыруға жер бөліп беру.

Курстың постреквизиттері: шаруашылықаралық жерге орналастыру, агроқұрылымдарды ішкішаруашылық жерге орналастыру, жер шаруа-шылығын орналастыру және елді мекендерді жоспарлау, кеңістіктік жоспарлау, жер ресурстарын болжау.


ААІІ 3220 Аудан аумағының инженерлік инфрақұрылымы 2-кредит

Курстың пререквизиттері: геодезия, жер мелиорациясы

Курстың мазмұны: Автомобиль жолдарының түсінігі. Автомобиль жол-дарының жіктелуі. Сумен қамтамасыздандыру көздері. Газбен қамтама-сыздандыру. Инженерлік құрлыстарға жер бөліп беру.

Курстың постреквизиттері: шаруашылықаралық жерге орналастыру, агроқұрылымдарды ішкішаруашылық жерге орналастыру, жер шаруа-шылығын орналастыру және елді мекендерді жоспарлау, кеңістіктік жоспарлау, жер ресурстарын болжау.
ІКJESG 3220 Инженерлік құрылыстар: жол, энергия, сумен, газ

бен қамсыздандыру -- 2 кредит

Курстың пререквизиттері: геодезия, жер мелиорациясы

Курстың мазмүны: Автомобиль жолдарының түсінігі. Ауылдық елді ме-кендерді инженерлік жабдықтауды орналастыру, жобалау және пайдала-нудың негізгі сұрақтары. Ауылшаруашылық кәсіпорынының инженерлік жабдықталуы мен құрылыстарының барлық кешені және инженерлік жүйелерін тәжірибелік есептеу әдістемесі. Инженерлік құрылыстарға жер бөліп беру.

Курстың постреквизиттері: шаруашылықаралық жерге орналастыру, агроқұрылымдарды ішкішаруашылық жерге орналастыру, жер шаруа-шылығын орналастыру және елді мекендерді жоспарлау, кеңестіктік жоспарлау, жер ресурстарын болжау.
ZҺОЕММ 4221 Жерге орналастырудағы ЭММ – 3 кредит

Курстың пререквизиттері: математика, геодезия, жерге орналастыру жобалауы, жер кадастры, информатика.

Курстың мазмүны: Модельдердің түсінігі және түрлері. Экономикалық – матиматикалық есептерді қою. Экономикалық-математикалық модельдерді құру. ЭЕМ жерге орналастыруда қолдану. Сызықтық программалау есеп-терін шешу. Есептерді шешудің үлестіру әдісі. Есептерді шешудің сим-плекстік әдісі. Ауылшаруашылық кәсіпорындарын қалыптастыру моделі. Ауылшаруашылық алаптарының құрамын тиімділендіру моделі. Егін шаруашылығы және мал шаруашылығы салаларының тиімді сәйкестендіру моделі.

Курстың постреквизиттері: кеңістіктік жоспарлау, жер ресурстарын пайдалануды болжау.

ZҺОММ 4221 Жерге орналастырудағы математикалық

модельдеу – 3 кредит

Курстың пререквизиттері: математика, геодезия, жерге орналастыру жобалауы, жер кадастры, информатика, жер құқығы, статистика, экономикалық теория.

Курстың мазмүны: Математикалық модельдеу түсінігі. Модельдеу әдісте-рі. Математикалық модельдеуді жерге орналастыруда қолдану.

Курстың постреквизиттері: кеңістіктік жоспарлау, жер ресурстарын пайдалануды болжау.
ZҺОТМ 4221 Жерге орналатырудағы тиімділендіру

модельдері – 3 кредит

Курстың пререквизиттері: жоғарғы математика, геодезия, жерге орналас-тыру жобалауы, жер кадастры, жер құқығы, статистика.

Курстың мазмүны: Модельдердің түсінігі және түрлері. Модельді құру алгоритмі. Жерге орналастырудағы тиімділендіру модельдері. Математи-калық модельдерді шешудің қоданбалы компьютерлік бағдарламалары.

Курстың постреквизиттері: кеңістіктік жоспарлау, жер ресурстарын пайдалануды болжау.
ТRК 3222 Табиғи ресурстарының кадастры – 3 кредит

Курстың пререквизиттері: жер кадастры, жер құқығы, топырақтану.

Курстың мазмүны: табиғи ресурстарының кадастрлары: ұғымы, мақсат-міндеттері, мазмұны, құрамдас бөліктері, түрлері, принциптері, мәлімет-терді жинау және өңдеу әдістері, кадастрлық ақпаратты өңдеуді автомат-тандыру.

Курстың постреквизиттері: құрылыс территорияларының кадастры, кадастрлық аймақтау, жерді бағалау және салық салу.
ZҺКВ 3222 Жерді кадастрлық бағалау – 3 кредит

Курстың пререквизиттері: жер кадастры, жер құқығы, топырақтану. Курстың мазмүны: Жерді бағалау: ұғымы және мазмұны. Топырақтың қасиеттері, жыртылған жерді бағалау әдістемесі, мал азығы алаптарын бағалау ерекшеліктері.

Курстың постреквизиттері: ШАЖО, АКЖО, кадастрлық аймақтау, дипломдық жобалау.
ЕМZҺKB 3222 Елді – мекендер жерлерін кадастрлық бағалау – 3 кредит

Курстың пререквизиттері: жер кадастры, жер құқығы.

Курстың мазмүны: Елді – мекендердің жерін бағалау туралы жалпы ұғым және ережелер. Территорияны кадастрлық аймақтау. Жерді есепке алу. Елді – мекендердің жерін бағалау әдістемесі. Елді – мекендердің жерін факторлар бойынша талдау және кадастрлық құнын анықтау.

Курстың постреквизиттері: құрылыс территорияларының кадастрлық аймақтау, жерді бағалау және салық салу.
ЕN 3223 Эрозиятанудың негіздері – 3 кредит

Курстың пререквизиттері: топырақтану, геодезия, ландшафтану.

Курстың мазмүны: Эрозиятанудың теориялық негіздері, топырақ эрозия-сы, механизмі және факторлары. Эрозиялық процестердің интенсивтілігін сандық бағалау. Жерді эрозиядан қоғау. Эрозияға қарсы табиғи техникалық шараларды жобалау.

Курстың постреквизиттері: жерге орналастырулық жобалау, территорияны эрозияға қарсы бейімдеу, Қазақстандағы еңістік жерлеріндегі жерге орналастыру, топырақ эрозиясы жағдайындағы жерге орналастыру.
ZҺЕК 3223 Жерді эрозиядан қорғау – 3 кредит

Курстың пререквизиттері: топырақтану, геодезия, ландшафттану.

Курстың мазмүны: Топырақ эрозиясы және жер ресурстарын тиімді пайда-лану. Су, жел эрозияларының бірлесе көрініс алу факторлары. Эрозияға ұшыраған және эрозия жағынан қауіпті жерлердің жіктелуі. Шайылу интенсивтілігін сандық бағалау. Эрозияға қарсы шараларды жүйелі түрде жобалау әдісі.

Курстың постреквизиттері: Агроқұрылымдарды жерге орналастыру, территорияны эрозияға қарсы бейімдеу, еңістік жерлердегі жерге орналастыру, эрозия жағдайларындағы жерге орналастыру.
ТЕКN 3223 Топырақ эрозиясымен күресудің негіздері – 3 кредит

Курстың пререквизиттері: топырақтану, геодезия, ландшафтану.

Курстың мазмүны: Ландшафт туралы ілім эрозиятанудың негізі ретінде. Топырақ эрозиясы, механизмі және факторлары. Шайылудың интенсив-тілігін сандық бағалау. Топырақ қорғау жүйелерінің түрлері.

Курстың постреквизиттері: жерге орналастырулық жобалау, территорияны эрозияға қарсы бейімдеу, Қазақстандағы еңістік жерлердегі жерге орналастыру, топырақ эрозиясы жағдайындағы жерге орналастыру.

ZҺКТ 2224 Жерге орналастыру және жер кадастрының тарихы – 2 кредит

Курстың пререквизиттері: Бүкіл әлемдік тарихы, жерге орналастырулық ғылыми негіздері.

Курстың мазмүны: Ежелгі мемлекеттерде жер қатынастарының пайда болуы. Ежелгі феодалдық мемлекеттердегі жер кадастры. Көшпелі халықтардағы жер қатынастардың ерекшеліктері. Ресей мемлекетінің Қазақстандағы жер қатынастарының дамуына әсер ету. Кеңес Одағы кезеңіндегі Қазақстандағы жер қатынастары мен жерді есепке алу. Тәуелсіз Қазақстандағы жер қатынастарының даму ерекшеліктері. Қазіргі кездегі жер кадастрының ппроблемалары. Шетелдегі жер кадастры.

Курстың постреквизиттер: Жер кадастры, жерге орналастырулық жоба-лау, жер құқығы, жер ресурстарын басқару.
ZҺОКD 2224 Жерге орналастырудың қоғамдағы дамуы – 2 кредит

Курстың пререквизиттері: Қоғамтану, Қазақстан тарихы, Экономикалық теория.

Курстың мазмұны: Жер қатынастарының пайда болуы. Кадастрдың пайда болуы. Капиталистік, социалистік және феодалдық өндіріс тәсілдеріндегі жер кадастры. Нарықтық экономикадағы жер қатынастары мен жерге орна-ластыру.

Курстың постреквизиттер: жер кадастрының ғылыми негіздері, фило-софия, жер құқығы.
КZҺКD 2224 Қазақстанда жер құрылымының дамуы – 2 кредит

Курстың пререквизиттері: Қазақстан тарихы, жерге орналастырдың ғылыми негіздері.

Курстың мазмүны: Көшпелі шаруашылық кезеңіндегі Қазақстандағы жер қатынастары мен жерге орналастыру. Кеңес Одағы кезеңіндегі Қазақстан-дағы жер қатынастары мен жерге орналастыру. Тәуелсіз Қазақстандағы жер қатынастарының дамуы. Қазіргі жер құрылысы.

Курстың постреквизиттер: жерге орналастырулық жобалау, жер құқығы, ресурстарын басқару.
LN 2225 Ландшафттану негіздері – 2 кредит

Курстың пререквизиттері: география, экология.

Курстың мазмұны: Ланшафттық сфера тура ұғым. Ланшафт – табиғи территориялық кешен ретінде. Ландшафттар жүйелі түрде зерттеу әдісі. Ландшафттық – экологиялық тепе – теңдік, ландшафттық жіктелудің негіз-гі заңдылықтары. Ландшафттық компоненттер және олардың өзара байла-нысы. Антропогендік ландшафттар. Жерге орналастыру мақсатына ланд-шафттық – типологиялық картографиялануды жүргізу. Ландшафттық карталардың түрлері мен мазмұны. Жерге орналастырудағы ландшафттық әдіс. В.В.Докучаевтың ілімі – Қазіргі конструктивтік агроландшафт-танудың негізі.

Курстың постреквизиттер: агроқұрылымдарды жерге орналастыру, учаскелік жерге орналастыру, кеңістікті жоспарлау, жер ресурстарын пайдалануды болжау.
АL 2225 Антропогенді ландшафттану - 2 кредит

Курстың пререквизиттері: Экология

Курстың мазмұны: Ланшдшафттанудың теориялық негіздері. Антропо-гендік ықпал туралы түсінік. Антропогендік ландшафтанудың кластары. Агроландшафттардың типтері және олардың қалыптасу жағдайлары. Жерге орналастыру мақсатына ландшафттық – типология

лық картографиялануды жүргізу. Өзгеру деңгейіне қарай ландшафттарды жіктеу. Мәдени ландшафттар туралы ұғым. Ландшафттарды қолайландыру. Ландшафттың әлеуметтік – экономикалық функциялары. Ландшафттарды тиімді өзгертудің негіздері.



Курстың постреквизиттер: жерге орналастырулық жобалау, ШАЖО, ІШЖО, УЖО.
ZҺОLZҺЕА 2225 Жерге орналастыруда ландшафттық жағдайларды есепке алу – 2 кредит

Курстың пререквизиттері: Экология

Курстың мазмұны: Ланшдшафттың табиғи комоненттері. Ландшафттық жағдайларды компонеттер бойынша талдау. Негізгі ландшафтқалып тастыру процестері және олардың мазмұны. Ландшафттық өзара байланыстар туралы ұғым. Ландшафттық жіктелу. Қазақстан терроториясындағы ландшафттық зоналар. Антрпогендік ықпал туралы түсінік. Жерге орналастыру мақсатымен ландшафттық территориялық құрылымдарды зерттеу. Жерге орналастыру мақсатына ландшафтық – типологиялық картографиялануды жүргізу. Ландшафттық карталардың түрлері мен мазмұны. Жерге орналастырудағы ландшафттық тәсілдің мәні мен принциптері.

Курстың постреквизиттері: Агроқұрылымдарды жерге орналастыру, кчаскелік жерге орналастыру, кеңістік жоспарлау, жер ресурстарын пайдалануды болжау.

следующая страница>


Бұл каталог таңдап алынған пәндер тізіміне және кредит көлеміне сәйкес, 5В090300 «Жерге орналастыру» мамандықтарының бакалавр бағдарламасын оқып білуді меңгеру және кредиттік жүйеде оқитын студенттерге арналған

Бұл каталог таңдап алынған пәндер тізіміне және кредит көлеміне сәйкес, 5В090300 – «Жерге орналастыру» мамандықтарының бакалавр бағдарламасын оқып білуді меңгеру және кредиттік жүй

413.95kb.

13 10 2014
3 стр.


5В090300-Жерге орналастыру мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы

В090300 – Жерге орналастыру мамандығы бойынша бакалаврлар кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады

49.86kb.

13 10 2014
1 стр.


Студенттерге арналған Нысан пән бағдарламасы пму ұс н 18. 2/07

«Экономика», 050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит» мамандықтарының студенттеріне арналған

365.04kb.

06 10 2014
1 стр.


Л. А. Жанбаева М. Е. Ермаганбетов

Пәндер бойынша тест тапсырмалары Қр мжбс мамандықтарының типтік, жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес оқу бағдараламасының негізгі ұғымдарын, тақырыптарын, тарауларын меңгеру деңгейін

73.18kb.

12 10 2014
1 стр.


«Өндіргіш күштерді орналастыру проблемалары» пәні бойынша

«Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының студенттеріне арналған

288.03kb.

25 12 2014
1 стр.


Кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру актісінің нысанын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы»

Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі

76.83kb.

01 10 2014
1 стр.


Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы (силлабус) Пән: Қазақстан тарихы

Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы (силлабус) №671 (07. 08. 2004г. )мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына және типтік оқу бағдарламасына №200 (30. 03. 2005г.) сәйке

800.22kb.

07 10 2014
4 стр.


Тақырыбы: Қақырықты және плевра сұйықтығын лабораториялы зерттеу әдісі Кредит: 1 Пәні: pvbsdt2211 «Ішкі аурулар пропедевикасы және терапиядағы мейірбике ісі»

Мақсаты: Плевралық сұйықтық және қақырықты лабораториялық зерттеу әдісін өзіндік меңгеру. Лабораториялық зерттеуге қақырық және плевральді сұйықтық жинау техникасын үйрену

54.13kb.

25 12 2014
1 стр.