Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Алматы энергетика және байланыс университеті»

коммерциялық емес АҚ

Жылуэнергетика факультеті

Физика кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
АЭжБУ ЭЭФ деканы ___________ Денисенко В.И.

«__» _____________2013ж.



курс Бағдарламасы (Syllabus)

Физика
Мамандық 5В071800 – Электрэнергетика

Курс - 1


Семестр- 2

Кредит саны - 4

Жалпы сағат саны - 180

Дәріс - 2 кредит

Машықтану сабақтары - 1,5 кредит

Зертханалық сабақтар - 0,5 кредит

СӨЖ - 90 сағат

ОСӨЖ - 30 сағат

4 ЕГЖ - 2 семестр

Емтихан– 2 семестр

Алматы 2013

Курс бағдарламасын 5В0718 – Электр энергетика мамандығының жұмыс оқу бағдарламасы негізінде техника ғылымдарының кандидаты,доцент Искаков Ж.,педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Завадская Л.В. құрастырды.
Физика кафедрасының мәжілісінде қарастырылды.

«__»_____________2013 ж. №__ хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________АЭжБУ профессоры Қарсыбаев М.Ш.
Пән: ФИЗИКА

Курс сипаты

«Физика» пәні 5В0718 –электрэнергетика мамандығының бакалаврларын даярлауда электрэнергетика саласындағы бакалаврлардың кәсіби іс-әрекетінің негізін қалай отырып және ғылыми көзқарасы мен құзырлығын қалыптастыратын базалық курс болып табылады. «Физика» курсында классикалық физиканың негізгі бөлімдері: механика, статистикалық физика және термодинамика, электрмагнетизм, Максвелл теңдеулері, тербелістер мен толқындар физикасы, кванттық физика және атом физикасы, қатты денелер физикасы, атом ядросы және элементар бөлшектер физикасы оқытылады.


Курстың мақсаты - студенттерді классикалық және қазіргі заманғы физика мен физика теорияларын, физиканың негізгі заңдарын, сондай-ақ физиканың әр саласындағы теориялық және тәжірибелік- машықтану есептерін шешудің физикалық зерттеу әдістерін қолдануда дағдылары мен біліктерін қалыптастыру, өзіндік танымдық іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыру; олардың болашақта кәсіптік іс-әрекеттеріндегі нақты есептерді шешуге көмектесетін физикалық құбылыстарды ғылыми - тәжірибелік зерттеудегі әдістерді меңгеріп, қолдана білуін қамтамасыз ету.
Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері

Пәннің алдын-ала реквизиттері- пәнді оқып үйрену үшін жоғарғы математика, меңгерілуі қажетті.

Пәннің сонан кейінгі реквизиттері-«Физика» пәні бойынша білім келесі пәндерді оқып үйрену үшін қажет:қолданбалы физика, электртехниканың теориялық негіздері,механика,электрэнергетика,электртехникалық материалтану,ақпараттық-өлшеуіш техника.
Оқытушылар туралы мәліметтер:

Кенжебекова Ақмарал Игілікқызы, аға оқытушы, ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы – 15 жыл.

Сарсенбаева Сұлуқас Низаматдинқызы, ассистент, ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы – 2 жыл.
Сабақ кестесі :

ЭЭФ үшін сабақтар сұлбасы семестрдің бірінші жартысында төмендегідей: апта сайын 1 дәріс 2 байланыс сағаты ( әрқайсысы 100 минуттан ), апта сайын 1 машықтандыру сабағы – 2 сағаттан (100 минут), екі аптада 1 зертханалық сабақ (әр сабақ 100 минуттан), оқытушының басқаруымен өзіндік жұмыс аптасына (ОСӨЖ) – 2 сағат (кеңесберу және ЕГЖ тапсыру), өзіндік жұмыс аптасына (СӨЖ)– 6 сағат, оған дәріске, машықтану және зертханалық сабақтарға дайындалу, ЕГЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындау кіреді.

Сабақтар сұлбасы семестрдің екінші жартысында төмендегідей: апта сайын 1 дәріс 2 байланыс сағаты ( әрқайсысы 100 минуттан ), 2 аптада 1 машықтандыру сабағы – 2 сағат (100 минут), екі аптада 1 зертханалық сабақ (әр сабақ 100 минуттан), оқытушының басқаруымен өзіндік жұмыс апта сайын (ОСӨЖ) – 2 сағат(кеңесберу және ЕГЖ тапсыру), өзіндік жұмыс апта сайын (СӨЖ)– 6 сағат, оған дәріске, машықтану және зертханалық сабақтарға дайындалу, ЕГЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындау кіреді.

Дәрістер(30 сағ.):

Дәріс/

апта


Тақырып

Әдебиет


1/ 1

I Механиканың физикалық негіздері ( 6 сағ.)

1 Материялық нүктенің кинематикасы мен динамикасы

Кіріспе. Кинематика. Механикалық қозғалыс – материя қозғалысының қарапайым түрі. Кеңістік пен уақыт. Санақ жүйесі. Материялық нүкте туралы түсінік. Материялық нүкте қозғалысының кинематикалық сипаттамасы. Инерциалды санақ жүйелері. Ньютон заңдары. Масса. Импульс.Күш. Механикадағы күштер.



Ә. 1, 2, 4, 6

2/2

2 Қатты дене кинематикасы мен динамикасы

Айналмалы қозғалыстың кинематикасының элементтері. Абсолют қатты дене түсінігі. Импульс моменті. Күш моменті және қатты дененің инерция моменті. Қатты дененің қозғалмайтын оське қатысты айналмалы қозғалысының динамикасының теңдеуі. Импульс моментінің сақталу заңы.



Ә. 1, 2, 4, 6

3/3

3 Энергия және жұмыс.Импульстің және энергияның сақталу заңдары

Энергия – қозғалыс және өзараәрекеттесу түрлерінің әмбебап өлшемі. Күш жұмысы және оның қисық сызықты интеграл арқылы алынған өрнегі.Қуат. Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы және оның жүйеге түсірілген ішкі және сыртқы күштердің жұмысымен байланысы. Сыртқы күш өрісіндегі материялық нүктенің потенциалдық энергиясы және оның материялық нүктеге әсер етуші күшпен байланысы. Консервативті және консервативті емес күштер. Механикалық жүйе туралы түсінік. Импульстің сақталу заңы; инерция центрі. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Сақталу заңдары – кеңістік пен уақыттың симметриясының салдары.



Ә. 1, 2, 4, 6



4/4


II Статистикалық физика және термодинамика (4 сағ.)

4 Статистикалық үлестірулер.

Термодинамиканың бірінші бастамасы

Статистикалық және термодинамикалық зерттеу әдістері. Молекула-кинетикалық теория негіздері. Температураның молекула-кинетикалық мағынасы. Термодинамикалық параметрлер. Тепе –теңдік күйлер және процестер, оларды термодинамикалық диаграммаларда кескіндеу.

Статистикалық үлестірулер. Ықтималдылық және флуктуациялар. Максвел үлестірілуі. Бөлшектердің жылулық қозғалысының жылдамдықтары. Сыртқы потенциал өрістегі бөлшектер үшін Больцман үлестірілуі. Еркіндік дәрежелерінің саны. Еркіндік дәрежесі бойынша энергияның үлестірілуі.

Термодинамиканың бірінші бастамасы. Изопроцестер.



Ә. 1, 2, 4, 6

5/5


5 Термодинамиканың екінші бастамасы. Тепе-теңсіз термодинамикалық жүйедегі тасымалдау құбылыстары жайлы түсінік

Қайтымды және қайтымсыз жылулық процестер. Карно циклі және оның ПӘК-і. Карно теоремасы. Энтропия. Термодинамиканың екінші бастамасы және оның физикалық мағынасы. Термодинамиканың екінші бастамасының статистикалық түсіндірмесі. Ашық сызықты емес жүйенің энтропиясы.Өздері ұйымдасатын жүйелер.

Тепе-теңдіксіз термодинамикалық жүйелердегі тасымалдау құбылыстары жайлы түсінік. Соқтығысулардың орташа саны және еркін жүру жолының орташа ұзындығы.


Ә. 1, 2, 4, 6


6/6



III Электрдинамика (8 сағ.)

6 Ваккумдегі электрстатикалық өріс

Электрстатика.Электр заряды. Электр зарядтарының өзараәрекеттесуі. Электр зарядтарының сақталу заңы. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Суперпозиция принципі. Электр диполі. Вектор ағыны.Гаусс теоремасы және оның электр өрістерін есептеу үшін қолданысы. Электр өрісінің жұмысы. Электр өрісінің циркуляциясы. Потенциал. Потенциал мен электр өрісі кернеулігінің байланысы.



Ә. 1, 3, 5, 6

7/7

7 Заттардағы электрстатикалық өріс. Электрстатикалық өріс энергиясы.Тұрақты ток заңдары

Электр өрісіндегі диэлектриктер. Диэлектриктің үйектелуі. Үйектелу. Электрлік ығысу.Электрлік ығысу үшін Гаусс теоремасы. Электрстатиканың негізгі теоремалары – электрстатикалық өріс қасиеттерінің көрінісі.

Нүктелік зарядтар жүйесінің өзараәрекеттесу энергиясы. Зарядталған конденсатордың энергиясы. Электрстатикалық өрістің энергиясы және оның көлемдік тығыздығы.

Тұрақты электр тогы.Ток күші және тығыздығы. Интегралдық және дифференциалдық түрдегі Ом және Джоуль-Ленц заңдары. Біртекті емес тізбектің бөлігі үшін жалпылама Ом заңы.



Ә. 1, 3, 5, 6

8/8

8 Магнит өрісі

Магниттік өріс. Магниттік индукция векторы. Био-Савар-Лаплас заңы. Суперпозиция принципі. Түзу және дөңгелек токтардың магниттік өрістері. Магниттік ағын. Магниттік өрісі үшін Гаусс теоремасы. Магниттік өрістегі тогы бар өткізгішті орын ауыстыру жұмысы.

Магнетиктер. Магнетиктердің түрлері. Магниттелгендік. Магниттік гистерезис. Заттағы магниттік өріс үшін толық ток заңы. Магнитстатиканың негізгі теоремалары – магниттік өріс қасиеттерінің көрінісі.


Ә. 1, 3, 5, 6

9/9

9 Максвелл теориясының негіздері

Электрмагниттік индукция құбылысы. Электрмагниттік индукцияның негізгі заңы. Ленц ережесі. Өздік және өзара индукция құбылыстары. Индуктивтік. Токтың магниттік энергиясы. Магниттік өріс энергиясының тығыздығы.

Максвелл теңдеулері. Электрмагниттік индукция құбылысының Фарадей және Максвелл түсіндірмесі. Ығысу тогы. Максвелл теңдеулері жүйесі. Электрлік және магниттік өрістердің салыстырмалылығы.


Ә. 1, 3, 5, 6



10/10

IV Тербелістер және толқындар физикасы(4сағ.)

10 Тербелістер

Тербелістер жайлы түсініктер. Гармоникалық осцилляторлар.Гармоникалық тербелістердің дифференциалдық теңдеуі және оның шешімі. Векторлық диаграмма.



Ә. 1,2, 3, 5, 6

11/11

11 Толқындар

Бір өлшемді толқындық теңдеу және оның шешімі.Толқындық сан.Фазалық және топтық жылдамдықтар.Серпімді орталардағы толқындар.Серпімді толқындардың энергетикалық сипаттамалары,Умов векторы.

Электрмагниттік өріс үшін толқындық теңдеу. Электрмагниттік толқын қасиеттері. Электрмагниттік энергия ағынының тығыздығы. Пойнтинг векторы. Диполдің сәуле шығаруы.


Ә. 1,2, 3, 5, 6



12/12

V Кванттық физика және атом ядросының физикасы(8сағ.)

12 Электрмагниттік сәуле шығарудың кванттық табиғаты

Жылулық сәуле шығару. Абсолют қара дененің сәуле шығаруының мәселелері. Кванттық гипотеза және Планк формуласы. Фотондар. Фотоэффект. Комптон эффектісі.



Ә. 5, 6, 7, 8, 9



13/13

13Корпускулалық-толқындық дуализм.Кванттық механиканың негізгі есебі және оны шешу әдістері жайлы түсінік

Заттың корпускулалық–толқындық дуализмі. Де Бройльдің гипотезасы. Микробөлшектердің толқындық қасиеттері және Гейзенбергтің анықталмағандықтар қатысы.Анықталмағандықтар қатысы-кванттық механиканың іргелі принципі

Кванттық күйлер. Толқындық функция және оның статистикалық мағынасы. Шредингердің теңдеуі. Қарапайым кванттық жүйелер үшін Шредингер теңдеуінің шешімі.Кванттық сандар.Паули принципі.


Ә. 5, 6, 7, 8, 9

14/14


14Кванттық статистика және оның қолданылуы

Конденсацияланган күй.Ферми-Дирак және Бозе-Эйнштейн кванттық статистикалары жайлы түсінік.Кристалдардағы электрондардың тұрақты күйлері. Кристалдардағы электрондардың энергетикалық спектрінің аумақтық құрылымы. Ферми деңгейі. Өткізгіштер,шалаөткізгіштер және диэлектриктер.Металдардың электр өткізгіштігі (еркін электрондар моделі). Шалаөткізгіштердегі ток тасымалдаушылары.



Ә. 5, 6, 7, 8, 9

15/15

15Атом ядросы

Атом ядроларының құрылысы.Байланыс энергиясы. Ядролық күштер. Ядро моделдері. Атом ядроларының радиоактивті түрленулері. Ядролық реакциялар. Энергия көздерінің проблемасы.

Күшті, электрмагниттік, әлсіз, гравитациялық өзараәрекеттесулер. Қазіргі физиканың негізгі мәселелері жайлы түсінік.


Ә. 5, 6, 7, 8, 9


Машықтану сабақтары (22сағ.):

Машық. саб./ апт.

Тақырып

Әдебиет


1/1

Қозғалыстың кинематикалық сипаттамасы. Материялық нүктенің қозғалысының кинематикалық сипаттамалары. Кинематиканың негізгі есебі.Масса және күш.Импульс.Динамиканың негізгі есебі.Ньютонның екінші заңы-релятивтік емес динамиканың негізгі заңы.

18 №№ 1-10, 1-24,1-28,1-48, 2-5, 2-6,2-12



Ә. 1, 2, 4, 6, 12, 18

2/2

Қатты дененің айналмалы қозғалысы.

Айналмалы қозғалыстың кинематикалық сипаттамалары және олардың нүкте қозғалысының сызықты сипаттамаларымен байланысы. Күш моменті,импульс моменті.Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі заңы. Инерция моменті. Инерция моменттерін есептеу. Штейнер теоремасы.

18 №№1-53, 1-55, 3-6, 3-22, 3-26


Ә. 1, 2, 4, 6, 12, 18

3/3

Механикалық энергия және жұмыс. Механикадағы сақталу заңдары

Күш жұмысы. Қуат. Ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстың кинетикалық энергиясы. Потенциалдық энергия және оның күшпен байланысы. Импульстің және импульс моментінің сақталу заңдары. Толық механикалық энергия. Механикадағы энергияның сақталу заңы.Сақталу заңдарын денелердің соқтығысуы жөніндегі есептерге қолдану.Сақталу заңдарының қолднылу шегі.

18 №№ 2-61, 3-50, 4-57, 2-40, 2-77, 3-31, 3-56


Ә. 1, 2, 4, 6, 12, 18

4/4

Статистикалық үлестірулер

Бөлшектер жүйесі үшін үлестірілу функциясының физикалық мағынасы. Максвелл және Больцман үлестірулері. Бөлшектердің орташа кинетикалық энергиясы.Энергияның молекулалардың еркіндік дәрежесі бойынша үлестірілуі. МКТ теория тұрғысынан идеал газдың ішкі энергиясы.

18 №№ 9-21, 9-29, 10-10, 10-17, 10-43


Ә. 1, 2, 4, 6, 18

5/5

Термодинамиканың бірінші және екінші бастамалары.

Энергия мен жұмыс энергияның өзгерісінің өлшемі ретінде. Жылусыйымдылық. Идеал газдың изопроцестеріне термодинамиканың бірінші бастамасын қолдану. Энтропия. Энтропияны есептеу. Карно циклі. Жылу двигателінің ПӘК-і. Термодинамиканың екінші бастамасы.

18 №№ 11-17, 11-22, 11-43, 11-56, 11-65, 11-75


Ә. 1, 2, 4, 6, 18

6/6

Электрстатика

Электр өрісінің кернеулігі және потенциалы,олардың арасындағы байланыс. Өрістегі электр зарядын орын ауыстырудағы жұмыс.Электр өрісінде зарядталған бөлшектердің қозғалысы.Гаусс теоремасын ваккумдегі және диэлектриктегі электрстатикалық өрістерді есептеуге қолдану.Электрлік ығысу.

18 №№ 13-21, 14-7, 14-28, 14-40, 14-50, 15-14, 15-45


Ә. 1, 3, 5, 6,13,18

7/7

Электрстатикалық өріс энергиясы. Электр тогы. Тұрақты ток заңдары.

Электр өрісіндегі өткізгіштер және диэлектриктер.Конденсаторлар.Электр өріс энергиясы және энергия тығыздығы. Тұрақты электр тогының сипаттамасы және бар болуы шарттары. Жалпылама Ом заңы. Кернеу, потенциалдар айырымы, ЭҚК түсінігі. Ом және Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалдық түрі.

18 №№ 18-11, 18-18, 19-17, 20-3, 20-5


Ә. 1, 3, 5, 6,13,18

8/8

Магнит өрісі

Магнит индукциясы. Суперпозиция принципі. Био-Савар-Лаплас заңы және оның токтың магнит өрісі үшін қолдану.Магнит өрісі зарядталған бөлшектер мен токтарға әсері. Магнит ағыны. Гаусс теоремасы және заттар мен вакуумдегі магнит өрістері үшін циркуляция туралы теорема (толық ток заңы) .Заттағы магнит өрісін есептеу.

18 №№ 21-30, 21-34, 22-9, 23-10, 24-4, 24-9, 24-1, 24-3, 24-14, 24-15


Ә. 1, 3, 5, 6,13,18

9/9-10

Электрмагниттік индукция құбылысы. Максвелл теңдеулері

Магнит өрісіндегі өткізгіштің және тогы бар контурдың орын ауыстыру жұмысы.

Электрмагниттік индукция құбылысы.Фарадей-Максвелл заңы.Өздік индукция. Индуктивтік. Магнит өрісінің энергиясы және тығыздығы.

Максвелл теңдеулері жүйесі. Электр және магнит өрістерінің салыстырмалылығы.

18 №№ 25-8, 25-11, 25-15, 25-25, 25-29,25-45

19 №№ 18.41, 18.46, 18.48,18-49,18-47,18-50




Ә. 1, 3, 5, 6,13,18,19

10/11-12

Тербелістер және толқындар

Еркін гармоникалық тербелістердің дифференциалдық теңдеулері. Гармоникалық осцилляторлар: серіппелі,физикалық және математикалық маятниктер, тербелмелі контур. Гармоникалық тербелістердің энергиясы. Гармоникалық тербелістерді графикалық кескіндеу.

Серпімді толқындар және олардың сипаттамалары.Серпімді толқындардың энергиясы және энергия тығыздығы. Умов векторы. Электрмагниттік толқындар, олардың қасиеттері және сипаттамалары.Электрмагниттік толқындардың энергиясы және энергия тығыздығы. Пойтинг векторы.

18 №№ 6-11, 6-24, 6-18, 27-6, 7-3, 7-9, 7-16,7-21,7-8 ,7.48//



Ә.1, 2, 4, 5, 6,13,18,19

11/13-14


Сәуле шығарудың кванттық қасиеттері

Жылулық сәуле шығару және оның сипаттамалары. Абсолют қара дененің сәуле шығару заңдары. Планк формуласы және гипотезасы. Фотондар.Фотон энергиясы және импульсі. Фотоэффект,оның заңдылықтары. Эйнштейн теңдеуі. Комптон эффектісі. Электромагниттік сәуле шығарудың корпускулалық-толқындық дуализмі.

18 №№, 34-11, 34-18, 34-22,35-2, 35-6, 36-7, 36-10,37-4


Ә. 5, 6, 7, 8, 9,18

12/15

Микробөлшектердің толқындық қасиеттері.

Де Бройль толқындары. Гейзенбергтің анықталмағандықтар қатысы. Шредингер теңдеуі.

Микробөлшектердің толқындық қасиеттері. Де Бройль гипотезасы және формуласы. Гейзенбергтің анықталмағандықтар қатысы.

Толқындық функция, оның статистикалық мағынасы. Шредингер стационар теңдеуі.

Бір өлшемді тік бұрышты «потенциалдық шұңқырдағы» бөлшек.

18 №№ 40-5,45-11,45-15, 46-14, 46-21, 46-71


Ә. 5, 6, 7, 8, 9,18



Зертханалық сабақтар (14 сағ.)

Зерт. саб./ апт.

Тақырып

Әдебиет


1/1-2


Кіріспе сабағы. Өлшеулер нәтижелерін статистикалық өңдеу.

ММФ-1 өлшеу практикумы.



Ә. 26, 27


2/3-4

Қатты дененің ілгерілемелі және айналмалы қозғалысы механикасы

ММФ-5 Максвелл маятнигінің инерция моментін анықтау.

ММФ-6 Бұралмалы тербеліс көмегімен қатты дененің инерция моментін анықтау.

ММФ-7 Баллистикалық айналмалы маятниктің көмегімен снарядтың ұшу жылдамдығын анықтау.

ММФ-8 Обербек маятнигі көмегімен айналмалы қозғалыс динамикасын оқып үйрену.

МФ-9 Гироскоптық эффектіні оқып үйрену.



Ә. 26, 27


3/5-6

Сұйықтар механикасы.Статистикалық физика және термодинамика

ММФ-10 Сұйық тұтқырлығын Стокс әдісі бойынша анықтау.

ММФ-11 Ауа молекулаларының еркін жолының орташа ұзындығын және эффектив диаметрін анықтау.

ММФ-12 Ауа үшін адиабата көрсеткішін анықтау.

ММФ-13 Ауаның изобарлық және изохорлық жылу сыйымдылықтарының қатынасын дыбыс жылдамдығы бойынша анықтау.

ММФ-15 Капиллярлық әдіс көмегімен ауаның тұтқырлық коэффициентін анықтау.

ММФ-17 Бірінші текті фазалық ауысуды оқып үйрену.


Ә. 26, 28

4/7-8


Электрстатика. Тұрақты ток

ЭМК-2 Модельдеу әдісі бойынша электр өрісін зерттеу.

ЭМК – 3 Конденсатордың сыйымдылығын анықтау.

ЭМК – 6 Жалпылама Ом заңын оқып үйрену.

ЭМК-7 Айнымалы ток тізбегіндегі қуаттың берілуі.


Ә.26,29


5/9-10

Электрмагнетизм

ЭМК-10 Моделдеу әдісімен магнит өрісін зерттеу.

ЭМК-11 Жердің магнит индукциясының горизонталь құраушысын өлшеу.

ЭМК-13 Айнымалы магнит өрісіндегі ферромагнетиктердің магниттік сипаттамасы және гистерезис тұзағы.

ЭМК-14 Темірдің магниттік қасиеттерін оқып үйрену.

ЭМК-15 Магнетрон әдісімен электронның меншікті зарядын анықтау.



Ә.26,30


6/ 11-12

Тербелістер мен толқындар физикасы

ЭМК-17 Осциллограф көмегімен тербелістерді қосып үйрену.

ЭМК-18 Тербелмелі контурдағы еркін өшетін тербелістерді оқып үйрену.

ЭМК-19 Айнымалы токты қолданып мәжбүр тербелістерді оқып үйрену.

ЭМК-20 Айнымалы ток қуатын өлшеу және қуат коэффициентін анықтау.

ЭМК-21 Физикалық маятник көмегімен гармоникалық тербелістерді оқып үйрену.

ЭМК-22 Маятниктің еркін тербелісін оқып үйрену.

ОТТ-1 Ньютон сақиналарының көмегімен линзаның қисықтық радиусын анықтау.

ОТТ-2 Лазер сәулесінің толқын ұзындығын анықтау.

ОТТ-4 Малюс заңын тексеру.



Ә. 26,31,32

7/ 13-14

Кванттық физика және қатты дене физикасы

ОТТ-6 Фотоэлемент сипаттамаларын зерттеу.

ОТТ-7 Стефан-Больцман тұрақтысын анықтау

ОТТ-8 Стефан-Больцман заңын тексеру

ОТТ-9 Жұтылу спектрі бойынша Планк тұрақтысын анықтау.

ОТТ-10 Мыс ионының дифракциясын бақылау.

ОТТ-11 Шалаөткізгішті диод жұмысын оқып үйрену.

ОТТ-12Шалаөткізгіштердің жарықөткізгіштік құбылысын оқып үйрену.

ОТТ-13 Шалаөткізгіштердің кедергілерінің температураға тәуелділігін оқып үйрену.


Ә. 26,33

8/15

Жұмыстарды қорғау



5В0718-Электрэнергетика мамандығының студенттері үшін


зертханалық жұмыстарды орындау кестесі

2- семестр, 2012-2013 оқу жылы




Нұсқа



Оқу апталары

1-2

3-4

5-6

7-8

9-10


11-12

13-14

15

1

Кіріспе сабақ ММФ-1

ММФ-5

ММФ-11

ЭМК-2

ЭМК-10

ОТТ-1

ОТТ-12



Қорғау

2

ММФ-6

ММФ-12

ЭМК-3

ЭМК-11

ОТТ-2

ОТТ-13


3

ММФ-7

ММФ-13

ЭМК-6

ЭМК-13

ОТТ-4

ОТТ-6


4

ММФ-8

ММФ-17

ЭМК-7

ЭМК-14

ОТТ-6

ОТТ-1


5

ММФ-9

ММФ-11

ЭМК-2

ЭМК-15

ОТТ-7

ОТТ-2


6

ММФ-10

ММФ-12

ЭМК-3

ЭМК-18

ОТТ-8

ОТТ-4


7

ММФ-15

ММФ-13

ЭМК-6

ЭМК-19

ОТТ-9

ОТТ-7


8

ММФ-5

ММФ-17

ЭМК-7

ЭМК-20

ОТТ-10

ОТТ-8


9

ММФ-6

ММФ-12

ЭМК-2

ЭМК-21

ОТТ-11

ОТТ-7




СӨЖ мазмұны (90 сағ)

Саб./ апт.

Тақырып

Әдебиет


1/2

Инерциалды санақ жүйелері. Ньютон заңдары. Масса. Импульс.Күш. Механикадағы күштер. Механикалық жүйенің массалар центрі және оның қозғалыс заңдары. Механикадағы салыстырмалылық принципі. Салыстырмалылықтың механикалық принципі. Галилей түрлендірулері. Эйнштейн постулаттары. Арнайы салыстырмалылық теориясының негізгі принциптерінің салдарлары.Релятивтік механика элементтері.Релятивтік импульс және бөлшек энергиясы.

Ә. 1, 2, 4, 6

2/3

Молекула-кинетикалық теория негіздері. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Термодинамикалық параметрлер. Тепе –теңдік күйлер және процестер, оларды термодинамикалық диаграммаларда кескіндеу. Идеал газ күйінің теңдеуі. Изопроцестер.

Ә. 1, 2, 4, 6

3/4

Электр зарядтарының өзараәрекеттесуі.Кулон заңы, электр зарядының сақталу заңы.Электр диполі және оның өрісі.Электр өрісіндегі диполь.

Ә. 1, 3, 5, 6

5/5

Электрстатикалық өрістегі өткізгіштер.Өткізгіштегі және оның бетіне жақын маңдағы электр өрісі.Өткізгіште электр зарядының таралуы. Конденсаторлар. Әртүрлі геометриялық пішіндегі конденсаторлардың сыйымдылықтары.

Ә. 1, 3, 5, 6

6/5

Бөгде күштер.Электр қозғаушы күш.Токтың жұмысы және қуаты.Интегралдық және дифференциалдық түрдегі Ом және Джоуль-Ленц заңдары. Біртекті емес тізбектің бөлігі үшін жалпылама Ом заңы.Тұйық тізбек үшін энергияның сақталу заңы.

Ә. 1, 3, 5, 6

7/6

Тогы бар контурдың магниттік моменті.Магнит өрісінің токтар мен зарядталған бөлшектерге әсері. Ампер күші. Лоренц күші. Айналдырушы момент. Магнит және электр өрістеріндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы.

Ә. 1, 3, 5, 6

8/12

Фотоэффект,оның заңдылықтары.Эйнштейн теңдеуі.

Ә. 5, 6, 7, 8, 9

9/13

Асқынөткізгіштік құбылысы

Ә. 5, 6, 7, 8, 9

10/14

р-және n-типті шалаөткізгіштердің түйіспесі. р- n өтудің қасиеттері.

Ә. 5, 6, 7, 8, 9


Өзіндік жұмыстың тапсырмалары:

ЕГЖ нұсқалары Ә. 23. кестесінде келтірілген.



ОСӨЖ кестесі:

Кафедра мен деканаттың хабарландыру тақталарында ілінген.


Ағымдағы бақылауды өткізу:

-машықтану сабақтарында тақырыптар бойынша (кішібақылаулар):

Механика.Статистикалық физика және термодинамика - 4апта;

Электрстатика.Тұрақты ток - 6 апта;

Магнит өрісі.Электрмагниттік индукция – 8 апта;

Тербелістер және толқындар – 11 немесе 12 апта;

Корпускулалық – толқындық дуализм – 14 немесе 15 апта;

-зертханалық сабақта-әрбір сабақта (бірінші сабақтан басқасында)

Қорытынды бақылау кестесі:

ЕГЖ тапсыру – сәйкесінше 6, 9, 12 және 14 апталарда.

Межелік бақылау өткізу – 6 және 14 апталарда.

Студенттер үшін оқу процесінің кестесі кафедра мен деканаттың хабарландыру тақталарында ілінген.



5В0718 мамандығының

1-курс студенттеріне арналған оқу процесінің кестесі

2012– 2013 оқу жылы

Оқу аптасы

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15

ЕГЖ
*№1-№4




Δ

№1

ЕГЖ



№1

ЕГЖ



Δ №2 ЕГЖ

№2 ЕГЖ





Δ

№3 ЕГЖ


№3 ЕГЖ


Δ

№4 ЕГЖ

№4 ЕГЖ


Ағымдағы бақылау
№1

Тақырып
№2 Тақырып
№3 Тақырып
№4 Тақы рып
№5 Тақырып
Межелік бақылау
№ 1
№ 2


ЕСКЕРТУ: * – тапсырмалардың берілуі


Δ – тапсырмаларды қабылдау

 - тапсырмаларды қорғау



Әдебиеттер тізімі:

Оқулықтар мен оқу құралдары

Негізгі


1.Савельев И.В. Жалпы физика курсы. – Алматы.: Мектеп, 1977. - т.1-2.

2.Фриш С.Э., Тиморева А.В. Физика курсы. – Алматы.: Мектеп, 1971. - т.1.

3. Фриш С.Э., Тиморева А.В. Физика курсы. – Алматы.: Мектеп, 1970. -т.2.

4. Қойшыбаев Н., Шарықбаев А.О. – Физика. Механика. Молекулалық физика және жылу. – Алматы. 2001. – т. 1-2.

5. Қойшыбаев Н., Шарықбаев А.О. – Физика. Электродинамика негіздері. Тербелістер мен толқындар. Оптика. Кванттық физика және атомдық ядро. – Алматы. 2001. – т. 2.

6. Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы. – Алматы.: Ана тілі, 1991.

7. Савельев И.В. Курс физики.- М. : Наука, 1989. - т. 1-3.

8. Детлаф А.А. , Яворский Б.М. Курс физики. -М. : Высш. шк. , 2002.

9. Трофимова Т.И. Курс физики. - М. : Высш. шк. , 2002.

10. Матвеев А.Н. Электричество и магнетизм. - М. : Высш.шк. , 1983.

11. Курс физики. Под ред. Лозовского В.Н. – СПб.: Лань, 2001. – т.1-2.

12. Иродов И.Е. Основные законы механики.- М.: Высш. шк. , 1997.

13. Иродов И.Е. Электромагнетизм. Основные законы. - М. : Физматлит. , 2000.

Қосымша


14. Суханов А.Д. Фундаментальный курс физики. - т.1 - Корпускулярная физика.М.: Изд.фирма «Агар», 1996.

15. Кикоин И.К., Кикоин А.К. Молекулярная физика. – М.: ГИФМ, 1983.

16. Астахов А.В., Широков Ю.М. Курс физики. Электромагнитное поле. – М.: Наука, 1980. - т. 2.

Есептер жинағы

Негізгі


17. Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы. – Алматы.: Мектеп, 1974.

18.Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачник по физике.- М. : Высш. шк. , 1981.

19. Физика. Задания к практическим занятиям. Под ред. Ж.П. Лагутиной.– Мн.: Высш.шк., 1985

20. Байпақбаев Т.С.,Майлина Х.Қ. Жалпы физика курсының есептер жинағы (Механика. Молекулалық физика және термодинамика.).-,Алматы: АЭЖБИ, 2003.

21. Байпақбаев Т.С.,Манабаев Х.Х.Жалпы физика курсының есептер жинағы (Электростатика. Тұрақты ток. Магнетизм.).-Алматы: АЭЖБИ, 2003.

22. Байпақбаев Т.С.,Манабаев Х.Х.Жалпы физика курсының есептер жинағы (Тербелістер мен толқындар.Кванттық механика.Атомдық және ядролық физика).-Алматы: АЭЖБИ, 200».


Қосымша


23. Савельев И.В. Сборник вопросов и задач по общей физике. - М. : Наука, 1988.

24. Иродов И.Е. Задачи по общей физике.- М. : Физматлит. , 2001.

25. Сборник задач по общему курсу физики. Под ред. В.А. Овчинкина. В 3-х частях. – М.: МФТИ , 2000.

Оқу- әдістемелік құралдар

26. Лабораторный практикум по физике. Под ред. Барсукова К.А., Уханова Ю.И. – М.: Высш.шк., 1988.

27.Ілгерілемелі және айналмалы қозғалыс механикасы. Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. Байпақбаев Т.С., Қарсыбаев М.Ш., Саламатина А.М.- Алматы: АЭЖБИ, 2007 ж.-39 б.

20. Статистикалық физика және термодинамика. Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. /Байпақбаев Т.С., -Алматы: АЭЖБИ, 2011 ж.- 33 б.

21. Электростатика және тұрақты ток. Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар( Барлық мамандық пен барлық оқу түріне арналған )Т.С. Байпақбаев, Л.В. Завадская, Л.Х. Мажитова, Л.А. Тонконогая. - Алматы: АЭЖБИ, 2007.- 35 б.

22. Электр және магнетизм. Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар( Барлық мамандық пен барлық оқу түріне арналған )Т.С. Байпақбаев, Л.В. Завадская, Л.Х. Мажитова, Л.А. Тонконогая. - Алматы: АЭЖБИ, 2008.- 36 б.

23.Тербелістер. Оқытудың барлық бөлімінің және барлық мамандық студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған өдістемелік нұсқау. - Алматы: АИЭС, 2000

24.Толқындық оптика. Оқытудың барлық бөлімінің және барлық мамандық студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. - Алматы: АЭЖБИ, 2008

25.Кванттық физика. Оқытудың барлық бөлімінің және барлық мамандық студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған өдістемелік нұсқау. - Алматы: АЭЖБИ , 2008

26.Карсыбаев М.Ш., Мажитова Л.Х. Виртуальный лабораторный практикум по физике. – Алматы: Алем, 2002.

27. Электромагнетизм. Методические указания к лабораторным работам. Лабораторный практикум с использованием компьютера. - Алматы: АИЭС, 2001

28. Колебания. Лабораторный практикум с использованием компьютера.- Алматы: АИЭС, 2002



Бағалау және оқытушының талаптары:

1-кесте


Әріп жүйесімен бағалау

Ұпай

Ұпай

%-тік мазмұны

Дәстүрлі баға

А

4,0

9

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

8

90-94

Өте жақсы

В+

3,33

7

85-89

Жақсы

В

3,0

6

80-84

Жақсы

В-

2,67

5

75-79

Жақсы

С+

2,33

4

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

3

65-59

Қанағаттанарлық

С-

1,67

2

60-64

Қанағаттанарлық

Д+

1,33

1

55-59

Қанағаттанарлық

Д-

1,0

0

50-54

Қанағаттанарлық

F

0

0

0-49

Қанағаттанарлық емес

2-кесте


Параметр

%-пен

Ең жоғары баға

Дәріске қатысу

5 %

5

Студенттің өзіндік жұмысы

5%

5

Машықтану сабағындағы жұмысқа

20 %

20

ЕГЖ қорғау

20 %

20

Межелік бақылау

30 %

30

Зертханалық сабақтар

20 %

20

Рейтинг бағасы мынадай болып есептелінеді:




3-кесте

Параметр

%-тін құрайды

Максимал баға

Рейтинг бағасы

60

60

Емтихан

40

40

Барлығы: 0,6  рейтинг бағасы+0,4 емтихан.

100

100



Ұпай қою саясаты:

2,3-кестелердегі бағалар максималь бағалар болып табылады. Мұндай бағалар тек барлық тапсырмалар толығымен уақытында сапалы түрде орындалғанда ғана қойылады. Тестілеу дұрыс жауап беруіне байланысты бағаланады, дәріске қатысу бағасы оның жіберілген сағаттарымен есептелінеді.


Курс саясаты:

- сабақтан қалмау және кешікпеу керек;

- машықтану және зертханалық сабақтарға дайындалу керек;

- кесте бойынша ЕГЖ орындау және қорғау керек;

- белгілі себептермен жіберілген зертханалық сабақтарды өтеу керек (растайтын құжаты мен оқытушының рұқсаты болса);

- кітапхана мен үйде өз бетінше оқып үйрену керек.


Академиялық этика нормалары:

- тәртіптік;

- тәрбиелілік;

- қайырымдылық;

- адалдық;

- жауапкершілік;

- аудиторияда жұмыс кезінде ұялы телефонды өшіру керек.
Оқу топтарында орын алған түсініспеушіліктер мұғаліммен, топ жетекшісі-эдвайзермен шешіледі, шешімін таппаған жағдайда деканатқа жүгінеді.
Емтихан сұрақтары:
I Механиканың физикалық негіздері

1. Қозғалыстың кинематикалық сипаттамасы. Радиус – вектор. Орын ауыстыру. Жол. Жылдамдық және үдеу. Нормаль және жанама үдеу. Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу. Бұрыштық және сызықтық сипаттамлардың арасындағы байланыс.

2. Динамиканың негізгі есебі. Классикалық физикадағы күй түсінігі. Қозғалыс теңдеуі.

3. Масса, импульс, күш. Механикадағы күштер.

4. Ньютон заңдары.

5.Қатты дене механикасы элементтері. Механикалық жүйенің инерция центрі және оның қозғалыс заңы.

6. Нүктеге және қозғалмайтын оське қатысты күш моменті және дененің импульс моменті.

7. Қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының теңдеуі. Дененің инерция моменті. Штейнер теоремасы.

8. Импульстің және импульс моментінің сақталу заңдары - табиғаттың іргелі заңдары. Бұл заңдардың механика есептерін шешуге қолданысы.

9. Энергия – материя қозғалысының әр түрлі формаларының бірегей өлшемі. Жұмыс.Айнымалы күштің жұмысын есептеу. Қуат. Кинетикалық энергия.

10. Кинетикалық энергия және айналмалы қозғалыс кезіндегі жұмыс.

11. Консерватив және консерватив емес күштер. Күштердің потенциалық өрісі. Потенциалық энергия және материялық нүктеге әсер етуші күшпен байланысы.

12. Механикалық энергияның сақталу және айналу заңы.

13. Инерциалық санақ жүйелері және Галилейдің салыстырмалылық принципі.

14. Арнайы салыстырмалылық теориясының постулаттары. Лоренц түрлендірулері,олардың салдарлары.

15. Релятивтік динамика. Релятивтік импульс. Релятивтік динамиканың қозғалыс теңдеуі.

16. Энергия үшін релятивтік өрнек. Масса мен энергияның өзара байланыс заңы.
II Статистикалық физика және термодинамика

17.Статистикалық және термодинамикалық зерттеу әдістері. Термодинамикалық жүйелер,күй параметрлері, процестер.

18. Газдардың молекула-кинетикалық теориясы (МКТ). Қысым үшін МКТ негізгі теңдеуі. Температураның МКТ тұрғысынан түсіндірілуі.

19. Молекулалардың еркіндік дәрежесі бойынша энергияның біркелкі үлестірілу заңы.Молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы. Ішкі энергия.

20. Жылдамдық және энергия бойынша молекулалардың үлестірілуіне арналған Максвелл заңы.

21.Барометрлік формула. Сыртқы потенциалдық өрістегі бөлшектердің үлестірілуіне арналған Больцман заңы.

22. Жүйенің ішкі энергиясы, жұмыс және жылу мөлшері.

23.Термодинамиканың бірінші бастамасы және оны идеал газдағы изопроцестерге қолдану. Адиабаттық процесс.

24. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Цикл. Жылулық машиналар. Карно циклі және оның П.Ә.К. – і.

25. Энтропия, оның статистикалық түсіндірмесі және оның термодинамикалық ықтималдылықпен байланысы.

26. Термодинамиканың екінші бастамасы.

27. Термодинамикалық тепе-теңсіз жүйедедегі тасымалдау құбылыстары(Түсінік және жалпы сипаттамасы).


III Электрстатика. Тұрақты ток

28. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы. Нүктелік және жайылған зарядтардың өзара әрекеттесу күштерін есептеу үшін Кулон заңын қолдану.

29. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Суперпозиция принципі. Нүктелік зарядтың кернеулігі.

30. Электр диполі. Дипольдің электр моменті. Диполь өрісі.

31.Потенциал. Электр өрісінің зарядтың орын ауыстыруындағы жұмысы. Электр өрісі кернеулігінің циркуляциясы.

32. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалы арасындағы байланыс.

33.Күш сызықтары және эквипотенциал беттер.

34.Электрстатиканың негізгі есебі. Оны шешу жолдары.

35. Вектор ағыны түсінігі. Гаусстың электрстатикалық теоремасы.

36.Диэлектриктер. Диэлектриктер молекулаларының дипольдік моменттері.Үйектелу.

37. Ортадағы электр өрісі үшін Гаусс теоремасы. Электр ығысуы. Диэлектриктертердегі өрісін есептеу.

38. Өткізгіштегі зарядтың таралуы. Сыртқы электр өрісіндегі өткізгіш. Электрстатикалық қалқан.

39.Оңашаланған өткізгіштің сыйымдылығы. Сфераның сыйымдылығының формуласын қорыту. Конденсаторлар.

40. Электр зарядтары жүйесінің өзараәрекеттесу энергиясы.

41. Зарядталған өткізгіш пен конденсатордың энергиясы.

42. Электр өрісінің энергиясы және энергиясының тығыздығы.

43. Электр тогы. Ток күші және токтың тығыздығы. Тұрақты токтың болу шарттары.

44. Ом және Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалдық және интегралдық түрлері.

45. Бөгде күштер. Э.Қ.К. Жалпылама Ом заңы.

46. Токтың жұмысы және қуаты.


IV Магнетизм. Максвелл теңдеулері

47. Магнит өрісі. Магнит индукциясы векторы, магнит өрісінің күш сызықтары. Суперпозиция принципі. Био-Савар-Лаплас заңы. Түзу және дөңгелек токтардың өрісі.

48. Магнит ағыны. Вакуумдегі магнитстатиканың негізгі теоремалары. Соленоид пен тороидтың магнит өрісі.

49. Лоренц күші және Ампер күші. Токтардың өзараәрекеттесуі. Магнит және электр өрістеріндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы.

50.Магнит өрісіндегі тогы бар рамка. Магнит өрісінде тогы бар рамкаға әсер ететін күш моменті. Магнит моменті. Магнит өрісінде өткізгіш пен тогы бар контурды орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс.

51. Заттардағы магнит өрісі.Магнетиктер. Зат ішіндегі өріс үшін толық ток заңы. Магнит өрісінің кернеулігі.

52.Электрмагниттік индукция құбылысы Максвелл-Фарадей заңы. Ленц ережесі.

53.Өздікиндукця .Индуктивтік. Ұзын соленоид индуктивтігі.

54.Электр тізбегін тұйықтау және ажырату экстратоктары.

55. Магниттік өрістің энергиясы және оның көлемдік тығыздығы.

56.Электромагниттік өріс үшін Максвелл теориясының жалпы сипаттамасы. Құйынды электр өрісі,Максвелдің бірінші теңдеуі. Ығысу тогы,Максвелдің екінші теңдеуі.Максвелл теңдеулерінің толық жүйесі. Электр және магниттік өрістердің салыстырмалылығы
VТолқындар мен тербелістер

57.Гармоникалық тебелістер жайлы түсінік.Гармоникалық тербелістер,олардың сипаттамалары. Гармоникалық тербелістерді аналитикалық графикалық түрде және векторлық диаграмма көмегімен ұсыну. Тербелістерді қосу.

58. Гармоникалық тербелістердің дифференциалдық теңдеуі. Гармоникалық осциллятолар: маятниктер,серіппедегі жүк және тербелмелі контур. Осциллятолар үшін энергетикалық қатыстар.

59. Еркін өшетін тербелістердің дифференциалдық теңдеуі және оның шешімі. Өшу коэффициенті, өшудің логарифмдік декременті, сапалылық.

60.Мәжбүр тербелістер. Мәжбүр тербеліс фазасы және амплитудасы. Резонанс қисықтары.

61. Толқындық процестер. Бойлық және көлденең толқындар. Толқын теңдеуі. Фазалық жылдамдық, толқын ұзындығы, толқындық сан.

62. Толқындық теңдеу. Толқын энергиясы,энергия ағыны,Умов векторы.

63. Толқындардың суперпозиция принципі. Топтық жылдамдық. Фазалық және топтық жылдамдық арасындағы байланыс. Дисперсия.

64.Электрмагниттік толқындар үшін толқындық теңдеу. Электрмагниттік толқындардың қасиеттері. Электрмагниттік толқындардың энергиясы .Пойнтинг векторы. Дипольдік сауле шығару.

VI Кванттық физика , атом ядросының физикасы

65. Жылулық сәуле шығару және оның сипаттамалары. Кирхгоф заңы.Абсолют қара дене. Абсолют қара дененің сәуле шығару заңдары.

66. Абсолют қара дененің сәуле шығару спектріндегі энергия үлестірілуі. Планктың сәуле шығарудың кванттық сипаты жайлы гипотезасы. Планк формуласы.

67. Фотоэффект. Сыртқы фотоэффект заңдары мен кванттық теориясы.

68. Фотондар. Жарық кванттарының энергиясы және импульсі. Комптон эффектісі.

69. Электрмагниттік сәуле шығарудың корпускулалық және толқындық қасиеттеінің байланысы (корпускулалық-толқындық дуализм).

70. Зат бөлшектерінің корпускулалық-толқындық екіжақтылығы. Де Бройль гипотезасы және оның тәжірибелік расталуы.

71. Гейзенбергтің анықталмағандықтар қатысы. Гейзенбергтің анықталмағандықтар қатысын кванттық механика есептерін шығаруға қолдану.

72. Толқындық функция және оның статистикалық мағынасы. Кванттық және классикалық механикадағы бөлшектің күйін анықтаудың принципті айырмашылықтары.

73. Шредингердің теңдеуі-релятивтік емес кванттық м еханиканың негізгі теңдеуі. Тік бұрышты бір өлшемді потенциалдық шұңқырдағы бөлшек. Бордың сәйкестік принципі

74.Сутегі атомы үшін Шредингер теңдеуінің шешімі. Кванттық сандардың толық жүйесі. Паули принципі.

75. Кванттық статистика жайлы жалпы мәліметтер. Ферми – Дирак және Бозе-Эйнштейн үлестірілу функциялары.Бозондар мен фермиондар. Ұқсас бөлшектердің ажыратылмаушылық принципі.

76. Металдардағы ток тасымалдаушылары.Металдағы электрондық ферми газ.Металдар өткізгіштігінің кванттық теориясы.

77.Қатты денелердің аумақтық теориясы. Аумақтық теориядағы металдар, диэлектриктер мен шалаөткізгіштер. Қоспалық және өзіндік шалаөткізгіштер. Фотоөткізгіштік.

78. Атом ядросы. Атом ядросының құрылысы және негізгі қасиеттері. Ядролық күштер.

79. Ядроның байланыс энергиясы. Ядроның бөліну реакциясы. Энергия көздерінің мәселелері.



80. Радиоактивтік. Радиоактивті ыдырау заңы. Ыдырау түрлері мен заңдылықтары.

АЭжбу ээф деканы Денисенко В. И

Курс бағдарламасын 5В0718 – Электр энергетика мамандығының жұмыс оқу бағдарламасы негізінде техника ғылымдарының кандидаты,доцент Искаков Ж.,педагогика ғылымдарының кандидаты, доце

367.43kb.

12 10 2014
1 стр.


Центр по изучению проблем народонаселения демографические исследования

И. А. Данилова, М. Б. Денисенко, В. В. Елизаров, И. А. Троицкая

4733.19kb.

07 10 2014
33 стр.


Урок английского языка по теме: «Мы ждём праздник»

«Английский с удовольствием» (Enjoy English) Биболетовой М. З., Денисенко О. А., Трубанёвой Н. Н., на основе здоровьесберегающих технологий)

109.49kb.

15 12 2014
1 стр.


Ртбф деканы Медеуов У. И

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының студенттері үшін

167.27kb.

05 09 2014
1 стр.


Серия «студенческая библиотека»

Московского государственного педагогического института иностранных языков им. М. Тореза (зав кафедрой доцент Ю. А. Денисенко); д-р филол наук, академик Г. В. Степанов

5728.11kb.

25 12 2014
46 стр.


На ферме. Моя семья. Мои друзья. Любимое животное. Буква Ww

Умк «Enjoy English 2»(«Английский язык с удовольствием-2» М. З. Биболетова, О. А. Денисенко, Н. Н. Трубанева, Издательство Титул)

180.99kb.

15 12 2014
1 стр.


Бекітемін ммжжкф деканы Т. Т. Тоқтағанов

«Металлургия, көлік және машина жасау» факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі қолдаған

80.1kb.

25 12 2014
1 стр.


С. Д. Асфендиярова

Академик К. С. Ормантаевтың 75-жылдығына орай «Отан» Үкіметтік марапатына ұсыну туралы. Баяндамашы Педиатрия факультетінің деканы Имамбаева Т. М

19.81kb.

25 12 2014
1 стр.