|
Бюст Н.Алдабергенова «Аллея героев» 1960, архитектор И. Я. Токарь, скульптор X. Наурызбаев.
Алдабергенов Нурмолда - один из организаторов колхозного движения в Казахстане, председатель колхозов.
Родился 7 (20) декабря 1906 года в ауле Малайсары Капальского уезда, ныне на территории Ескельдинского района, по другим данным - на зимовье Желдыкора ныне Кербулакского района, оба в составе современной Алматинской области, Республики Казахстан в крестьянской семье. Казах. Окончил 4 класса. С 12 лет остался сиротой, начал батрачить у бая. Став старше, ушел работать на строительство Туркестанско-Сибирской железной дороги (Турксиба).
В 1930 году вернулся к земле. Работал рядовым колхозником, бригадиром в ауле Чубар Ескельдинского района Талды-Курганской области. В 1935 году был избран председателем колхоза «Жана Талап». В то время он объединял 14 дворов и 28 трудоспособных колхозников, в распоряжении которых были два однолемешных плуга, одна телега, пять коров, два верблюда, три лошади да двадцать овец.
Благодаря организаторским способностям председателя, его авторитету, умению действовать безошибочно, предвидеть последствия, работать на перспективу, ставить реальные цели и добиваться их выполнения за короткое время колхоз превратился в передовое хозяйство. Через шесть лет поголовье овец выросло до двух тысяч, коров – до 500, лошадей – до 100. На полях работали тракторы, косилки, появился даже автомобиль. В коллективе была создана поистине творческая обстановка, при которой каждый на своем рабочем месте проявлял инициативу. В 1940 году Алдабергенов вступил в ВКП(б).
В 1942 году Алдабергенов добровольцем ушел на фронт. С честью воевал до победного 1945 года. После демобилизации вернулся в родной колхоз и вновь возглавил его. В 1947 году по его инициативе была построена первая в Жетысу электростанция. В селе Мукыры в годы его руководства были построены жилые дома, дом культуры, быткомбинат, средняя школа, больница, детские сады.
В 1950 году Алдабергенов стал председателем колхоза имени Сталина, позднее получившего наименовании «имени XXII партсъезда». Руководил эти коллективом более 15 лет.
В 1965 году возглавлял отстающий колхоз имени Карла Маркса тогда Андреевского района Талды-Курганской области и за короткий срок вывел его в число передовых.
Вел активную общественную и политическую работу.
БАТЫРЛАР АЛЛЕЯСЫ
НҰРМОЛДА АЛДАБЕРГЕНОВ МҮСІНІ
«Нұрмолда Алдабергенов өткен ғасырдың 50-60 жылдары ең артта қалған колхозды республикадағы ең үлгілі шаруашылық деңгейіне көтерді. Сол кезгі бірде-бір шаруашылықтың өңі түгіл түсіне кірмеген екі қабатты үйлер, сәулетті мәдениет ошағын екі қатарлы жол салдырды!»
М.Шаханов
Алдабергенов Нұрмолда (20.12.1906, Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қарағаш ауылы Желдіқора қыстауы — 17.11.1967, Алматы облысы Көксу ауданы Мұқыры ауылы) – ауыл шаруашылығын ұйымдастырушы, қоғам қайраткері. 1948 және 1958 жылдары 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған. 1927-1930 жылдары Түркістан-Сібір темір жолын салуға қатысқан. 1930-1933 жылдары «Жаңа талап» ұжымшарында колхозшы, 1934 жылы бригадир, 1935-1942 жылдар мен 1945-1949 жылдарында осы ұжымшардың төрағасы болып қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1950-1961 жылдары Сталин атындағы (кейін Н.Алдабергенов атындағы) іріленген ұжымшардың, ал 1965-67 жылдары “Карл Маркс” атындағы ұжымшардың төрағасы болып істеді. 1942 жылы ол басқарған ұжымшар еңбеккерлері қант қызылшасының әр га-нан 365 ц, астықтың әр га-нан 13,7 ц өнім жинады. Ал қант қызылшасы егілген жеке тәжірибе учаскесінің (10 га) әр га-нан 834 ц түсім алды. 1947 жылы Алдабергеновтің басқаруымен Жетісу өңірінде тұңғыш су электр станциясы салынды. Мұқыры ауылында тұрғын үйлер, орталық мәдениет үйі, тұрмыс қажетін өтейтін орталық, сауда орталығы, балалар бақшасы, орта мектеп, аурухана құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Ол ауыл шаруашылығында егіншілік мәдениетін арттыру және мал тұқымын асылдандыру ісінде ғылым жаңалықтары мен озат тәжірибені өндіріске батыл енгізіп, жоғары өнімге қол жеткізді, сөйтіп ұжым экономикасын күрт жоғары көтерді. Талдықорған қаласы мен Қарабұлақ ауылының орталық көшелерінің біріне, “Шұбар” мектебіне Алдабергенов есімі берілген. Алдабергенов екі рет Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, 6 рет Халық шаруашылығының жетістіктері көрмесінің Үлкен Алтын медалімен марапатталған.Сол жылдары дүркіреп, тек Қазақстан аумағы емес, Одаққа әйгілі болып, аты аңызға айналған Нұрмолда Алдабергеновті қалың ел ерекше қадірлеп, оның сөзіне сүттей ұйып, ұрпағына үлгі ететін. Өйткені, Нұрекең өткен ғасырдың 50-60-жылдары ең табыскер болып, ең жоғары өнімге ғана қол жеткізіп қойған жоқ, елдің әлеуметтік тұрмысында, рухани сана-сезімінде жаңа серпіліс туғызып, жаңа мазмұн енгізді, игі, еңбекке бейімделген, білім қуған озық қоғамның қалыптасуына тікелей ықпал етті. Әр үйдегі ата-ана өз баласының тұсауын Нұрекеңе кескізіп, Нұрмолданың бақытын, абыройын, жолын тілейтін. “Нұрмолдадай еліңе қызмет ет!” дейтін. Бұл – ешкім әмірлемеген, ешкім нұсқамаған, халықтың өз жүрегінен шыққан ықыласы, Нұрекеңнің көзінің тірісінде көрген халқының ризашылығы еді.
Шаруашылық, аудан басшылары болған көптеген азаматтар Нұрмолда Алдабергеновтен үлгі алып, үйреніп, оған ұқсауға талпынып, қызмет істегені де шындық. Солардың қатарында елдің зердесінде құрметпен аталатын екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Николай Никитич Головацкий, Социалистік Еңбек Ерлері Әбдіқадыр Дайыров, Шаймұхамбет Сәпиев, Қасым Асанов, Зылиха Тамшыбаева, Ленин орденінің иегері Жылқайдар Егінбаев, “Парасат” орденінің иегері Көшкінбай Жанатов сияқты іскер ұйымдастырушы, ел басқарған, елге қамқор болған тұлғалы азаматтар ел алдына көтерілді. Олардың есімдері бүгінгі қоғамда да құрметпен аталады.Нұрекеңнің шарапатын көрген сол өңірдің түлектері Мақан Есболатұлы, Жексенбек Еркінбеков республикада министр лауазымына дейін көтеріліп, еңбек етті. Төлеген Ақшанов, Наурыз Қылышбаев аудан басшылары болды. Нұрмолданы пір тұтатын, ол кісі туралы зерттеу еңбектер жазған, Көксудың көк толқынына шомылып өскен баланың бірі – Еділ Ерғожин бүгіндері аты әлемге әйгілі химия ғалымы, академик.
Нұрмолда Алдабергеновтың бюсті 1959 жылы Шұбар ауылында (бүгінгі Алдабергенов ауылы) орнатылды. Мүсіншісі - Х.И.Наурызбаев, архитекторы - И.Я.Токар. Қоладан жасалған бюст 1982 жылы ҚазақАКСР-нің мәдени және тарихи ескерткіштерінің қатарына қосылды. Жалпы биіктігі – 3,6 м. Еңбек ері туралы Сәбит Мұқанов «Алдабергенов туралы аңыз» поэмасы мен жазушы Сауырбек Бақбергенов, Ұзақбай Доспанбетов, Құттыбек Баяндиннің бір-бір деректі кітаптары жарық көрген.
The bust of Aldabergenov and the alley of heroes, 1960 sculptor Tokar, architecture Naurizbaev.
Naurizbauev Nurmolda –one of the organizer of collective farm movement in Kazakhstan, the chairman of kolkhoz. Born on 7 (20) December 1906 in the village Malaysary Kapalskogo County, now in Eskeldinskii district, according to other sources - to winter –abode Zheldykora now Kerbulak district, both in the today Almaty region, Kazakhstan in a peasant family. He graduated from the 4th grade. At the age of 12 years he became an orphan, he began to work on bai. When he got older, he went to work on the construction of the Turkestan-Siberian railway (Turksib).
In 1930 he came back to his native land. He worked as an ordinary farmer, foreman in the village area Chubar Eskeldinsk Taldykorgan region. In 1935 he was elected as chairman of the collective farm "Zhana Talap." At that time, it united 14 houses and 28 able-bodied farmers, were in possession of which were two one plowshares , one wagon, five cows, two camels, three horses and twenty sheep.
Due to organizational skills chairman, his authority, and the ability to act correctly, anticipate consequences, to work for the future, set realistic goals and to pursue them in a short time turned into an advanced farm management. Six years later, the number of sheep has increased to two thousand cows - up to 500 horses - 100. On fields tractors, mowers was put into service, there was even a car. Truly creative atmosphere was in his team, where each in their workplace was proactive. In 1940 he joined the Communist Party .
In 1942 Aldabergenov volunteered for the front. He bravely honorably fought till the end of the war 1945. After demobilization he returned to his native farm and once again led it. In 1947 on his initiative the first powerhouse built in Zhetysu. In the village Mukyry during his leadership there were built houses, a cultural center schools, hospitals and kindergartens.
In 1950 Aldabergenov became chairman of Stalin Collective Farm, later received the name "XXII Party Congress name." He led the team for 15 years.
In 1965, he headed the lagging farm named after Karl Marx of Andreevsk district Taldykorgan area and in a short time made it one of the best ones in that area.
Led an active social and political work
|
|
Казахский музей искусства им. Д.Шокпарулы
На строительство музея из областного бюджета направлено более 50 млн. тенге. Директором музея назначен сын и ученик Даркембая Шокпарова - Даулет Даркембайулы. Фонд музея содержит 2 400 экспонатов. Произведения искусства из металла, дерева, кожи и камня собраны в одну экспозицию, в другие по разделам вошли музыкальные инструменты, ювелирные изделия, мебель, посуда, оружие и прочие предметы быта.
В одном из отделов выставлены предметы, изготовленные самим Д. Шокпаровым или собранные им, здесь представлены также коллекция изделий, книги, статьи из газет и журналов, диски с видеофильмами о жизни и творчестве мастера, его научные труды.
Экспозиция музея занимает площадь в 210 кв. м. Имеется 6 выставочных залов. Первый назван «Жизнь и творчество Даркембая Шокпарова». Второй - «Для джигита и семидесяти талантов мало». Третий - «Домашняя мебель и посуда». Четвертый - «Народные музыкальные инструменты и ювелирные изделия». Пятый - «Охота с ловчими птицами, оружейное снаряжение». В шестом - под названием «Домашняя мебель Даркембая Шокпарова» - выставлена книга с записями посетителей музея.
Даркембай Шокпарулы родился 25 мая 1946 года в селе Акщи Енбекшиказахского района. Известный мастер прикладного искусства, ученый-этнограф, член Союза художников и дизайнеров РК, лауреат премии Ленинского комсомола Казахстана. В 1977 закончил Казахский педагогический институт. В 1972-1982 годы работал главным художником-реставратором республиканского музея прикладного искусства и объединения «Казреставрация». Доцент Казахской национальной академии искусств имени Т. Жургенова, заведующий кафедрой «Обработка металла и дерева». В 1996 году открыл школу-мастерскую «Асыл» по обучению молодежи прикладному искусству.
Д Шоқпарұлы атындағы Қазақ өнер мұражайы
Мұражайдың құрылысына облыстық бюджеттен 50 млн теңгеден аса қаржы бөлінген. Мұражайдың директоры болып Д Шоқпарұлының баласы әрі оқушысы Даулет Даркембайулы тағайындалған. Мұражайда 2400 экспонаттар көрсетілімге қойылған. Мұнда кітаптар жинағы, газет журналдарда жарық көрген мақалалар және шебердің өмірі мен шығармашылығын бейнелейтін бейне таспалар бар.
Kazakh museum of arts named after D. Shokparuli
On the construction of the museum more than 50 million tenge from the regional budget were allocated. The son and follower of Darkembay Shokparov - Daulet Darkembayuly was appointed as director . Fund the museum contains 2400 items. Works of art from metal, wood, leather and stone collected in one exposure, other exposures divided into sections include musical instruments, jewelry, furniture, utensils, weapons, and other household items.
In one of the sections exhibited objects made by D. Shokparovym or collected by him, are presented here as a collection of articles, books, articles from newspapers and magazines, CDs with videos about the life and work of the master, his scientific work.
The exposition of the museum covers an area of 210 sq. m. There are 6 meters of exhibition halls. The first is called "Life and Work Darkembay Shokparov." Second - "for dzhigit even seventy talents is not a limit ." Third - "Home furniture and dishes." Fourth - "Folk musical instruments and jewelry." Fifth - "Hunting with birds, weapons equipment." The sixth - called "Home Furniture of Darkembay Shokparov" –there is also exhibited a book with records of museum visitors.
Darkembay Shokparuly born May 25, 1946 in the village Akschi Enbekshikazakh district. Famous master crafts, ethnographer, a member of the Union of Artists and Designers of Kazakhstan, winner of the Kazakhstan Lenin Komsomol medal . In 1977 graduated from the Kazakh Pedagogical Institute. In 1972-1982 he worked as the chief art restorer Republican Museum of Applied Arts and association "Kazrestavratsiya." Associate Professor of the Kazakh National Academy of Arts T.Zhurgenov A «Metal and wood." In 1996 he opened a school-workshop "Asyl" to teach young people applied arts.
|