Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Алтын ұя – мектебім
Мектеп – балаларды бүлдіршін кезінен бастап, есейіп ер жеткенге дейін білім нәрімен сусындатар алтын ордамыз. Мектеп табалдырығына алғаш қадам басқан соң, жылы шыраймен қарсы алатын, анандай тәрбиелейтін ұстазды көресің.Қазақтың: «Мектеп –кеме, білім- теңіз» сынды мақалы бекер айтылмаса керек. Себебі сенің «МЕКТЕП» атты кемең қай жерге дейін сені жетелесе, сен де сол жерге дейін барып биік шындардан көрінерін анық.

Мектеп... Бұл сөзде қаншама мағына жатыр десеңші! Ойын қуып жүріп, он бір жылдың қалай өткенін білмей де қалыппын. Артқа қарап, өткенді есіме алсам, балалық шағымның балдай тәтті кездерін көремін.

Әлі де есімде... Мектеп табалдырығын аттаған кезде мен тым кішкентай болсам да, бәрі де көз алдымда тіпті кеше ғана болған сияқты. Қолымда бір шоқ гүл, жанымда ата-анам, туған-туысқандарым. Мектептің жанында толған адамдар, мұғалімдер. Өзің сияқты кішкентай қыздар мен ұлдарды көріп, таңқалған едім. Сол кезде ата-анам маған: «Сен мектепте жалғыз оқымайсың. Көрдің бе, сен сияқты балалар қандай көп, солардың ішінен сен өзіңе өте адал дос табуға тырыс», - деп атқан еді.

Содан соң алғашқы ұстазымды көрдім. Осы кезден бастап мен ұстазымның арқасында мектеп туралы, мектептің не екенін, оның қандай мағына беретінін ақырындап түсіне бастадым. Сөйтіп айлар, жылдар өтті...

Достарыммен болашаққа жоспар құрып жүрген кезде соңғы қоңырау да соғылды. Не қуанарыңды, не жыларыңды білмейсің. Жүрегіңде бір қорқыныш сезімі бар сияқты. Өзіңе-өзің мыңдаған сұрақтар қоясың. Ал, міне, мектепті бітірдім, енді кім боламын? Болашағым қандай болады? Қандай мамандық иесі боламын? Осы және де басқа сұрақтар мазалап еді. Ал қазір мен бұл сұрақтарға сенімді түрде жауап бере аламын. Өйткені мен Инновациялық Еуразия университетінің студентімін. Өзіммен өзім мақтанамын. Және де мектептегі ұстаздарымның болашақта мен үшін мақтанғанын қалаймын! Бұл үшін мен қолымнан келетіннің бәрін істеуім керек. Мектептен алған білімдерімді, тәрбиемді болашақта тиімді пайдаланып, үлкен нәтижеге жетемін деп ойлаймын.

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, мектеп бітіру туралы атестатты қолдарына ұстап, үлкен өмірге жолдама алды. «Қашан ғана осы мектепті бітіремін» деп ойлайтын кездер көп болып еді. Қазір сол мектепті бітіріп шыққаныма өзім сене алмаймын. Көзді ашып-жұмғанша уақыт тез өтті де кетті. Соңғы қоңырау осы жылы біз үшін расында да соңғы рет соғылды. Сонша асығып бітіргім келген мектебіммен қимастықпен қоштасып отырмын. Мектеп қабырғасында өткен қайран уақытты бағаламаппыз. Мектеп қабырғасында өткізген әрбір күн, әрбір қырық бес минут балалық шағымның балғын уақыты болып қала бермек. Мектеп «үлкен отбасы, ұстазымыз біздің ақылшымыз, анамыз, сыныптастарымыз жақын досымыз. Мектеппен қоштасу» балалықпен қоштасу. Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге тірек беріп, жылулық пен бақыт сыйлайды. Ал ұстаздар болса бізге үйретуден еш жалықпас. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер есімізде ең жарқын естеліктер болып қалады. Кейде бірінші сыныпта оқитын балаларға қарап, өзімде қайтадан сол шақтарға оралғым келеді. Басымнан қайтадан бастауыш сыныптағы қызықтарды өткізгім келеді. Өз мектебімді шын мәнінде жақсы көремін. Осында өткізген әр қырық бес минутты сағынатын боламын. Бүгін, мен – мектеп бітірген түлекпін. Мектебімен қимастықпен қоштасатын түлекпін. Арада біраз жылдар өтіп, мен, менің сыныптастарымыз үлкен азамат болып, әр қайсымыздың өз отбасымыз болады. Бірақ арада қанша жыл өтседе, қанша жасқа келсем де, қандай адам болсам да балғын балалық шақтарым өткен алтын ұям-мектебім жүрегімнің төрінде болатыны анық. Мектебім маған үлкен өмірге жолдама берді, үлкен өмірге дайындады. Енді мектебім мен үшін жауапты емес, бірақ мен мектебімнің алдында әлі қарыздармын. Ендігі жолы алдыма үлкен мақсаттар қойып, асқар асуларды бағындырып, елім мақтан тұтатын азамат болғым келеді. Бұл менің мәпелеп өсірген әке-шешемнің, ақылшы ұстазымның, алтын ұям-мектебімнің алдындағы борышым!




Мектебім менің, мектебім!

Мектебім менің, болашағым өркенім,

Бәрі өзіңде сұлу әуен, көркем үн.

Ылғидағы демеу болсаң артымда ,

Сөзсіз күнде теңеледі әр түнім.

Алтын ордам, білім беріп таспалаған,

Білімімен әрбір шыңға ол тас қалаған.

Ыстығы мен суығына бірге төзіп

Айналайын «ҰСТАЗ» деген асыл анадан.

Мектеп деген-алтын ұям, ардақтар,

Әрбір шәкірт пікірімді салмақтар

Білім беріп , тәрбиеге үйреткен

Туа берсін өзіңе арналған тармақтар!

Тақырыбы: «Қош бол,алтын ұям-мектебім» 1 оқушы: Манат
22.7kb.

17 12 2014
1 стр.


Алтын ұя – мектебім

«Мектеп –кеме, білім- теңіз» сынды мақалы бекер айтылмаса керек. Себебі сенің «мектеп» атты кемең қай жерге дейін сені жетелесе, сен де сол жерге дейін барып биік шындардан көрінер

36.22kb.

17 12 2014
1 стр.


Алтын күз Тақырыбы: «Алтын күз» Дайындағандар: Багдатова Алуа Багдатовна, Халыкова Жанар Алимуратовна Мақсаты: Алтын күз сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханзадасын анықтау; Оқушылардың әртістік қабілетін

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, көптен сағынып күткен «Алтын күз» атты кешімізге қош келдіңіздер! Күз – жыл мезгілдерінің бірі. Күзде күн суытып, барлық жан жануарлар, жәнд

68.62kb.

12 10 2014
1 стр.


Кулманбетова Аида Алмазбековна «Конституционное право кр». Алтын принт. 96 стр. 300 экз. Заказ №292. Алтын принт, русск, в\п. Ботоевой Ч. К «Основы противодействия коррупции». учебное пособие
799.81kb.

17 12 2014
4 стр.


Қостанай облысының «Жастардың алтын кітабы» туралы ережесі жалпы ережелер

«Жастардың алтын кітабы» жастардың интелектуалдық, шығармашылық, спорт, ғылым, әлемдік және республикалық өндірістік бағыттары бойынша

23.95kb.

25 12 2014
1 стр.


Нұр Астана. 2010. №47. 30 қараша. Алмас Манап. Гуанджоу: 18 алтын, 23 күміс

Алайда болжамдары дөп келмей, ойда-жоқта Иран құрамасына да есеміз кетті. Иран спортшыларында 20 алтын, бізде-18. Алайда, біздің бүгінгі жазбағымыз

19.45kb.

25 12 2014
1 стр.


Үзінді Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы

Жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелегені үшін мына аналар «Алтын алқа» алқасымен наградталсын

111.08kb.

13 09 2014
1 стр.


«Барыс», «Үкі» ескерткіш алтын монеталарын айналысқа шығару туралы

Республикасының Ұлттық Банкі 2012 жылғы 12 қазаннан бастап «proof» сапасымен номиналдық құны 100 теңгелік «Барыс» және номиналдық құны 500 теңгелік бір гауһар орнатылған «Үкі» еске

32.56kb.

25 12 2014
1 стр.