Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
«Барыс», «Үкі» ескерткіш алтын монеталарын айналысқа шығару туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2012 жылғы 12 қазаннан бастап «proof» сапасымен номиналдық құны 100 теңгелік «Барыс» және номиналдық құны 500 теңгелік бір гауһар орнатылған «Үкі» ескерткіш алтын монеталарын айналысқа шығару туралы хабарлайды.

«Барыс» ескерткіш алтын монетасының бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу жазылған. Сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Au 999», оң жағында массасын білдіретін «1,24g» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) стильдендірілген жартасты тау аясында екі барыс бейнеленген. Бейненің оң жағында соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «БАРЫС», түрдің зоологиялық атауын білдіретін латын тілінде «UNCIA UNCIA» деген жазу және шығыңқы жиек бар.

Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета сынамы 999 алтыннан дайындалған, массасы – 1,24 грамм, диаметрі – 13,92 мм, дайындалу сапасы – «proof», ең көп таралымы – 9,5 мың дана.


«Үкі» ескерткіш алтын монетасының бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы, оның астында монетаның номиналын білдіретін «500 TENGE» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «1/4 oz Au 999» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан бар. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортасында үкінің басы бейнеленген. Үкінің бір көзіне гауһар орнатылған. Сол және жоғарғы бөліктерде айналдыра ағылшын тілінде түрдің атауын білдіретін «EAGLE OWL» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета сынамы 999 алтыннан дайындалған, массасы – 1/4 oz (7,78 грамм), диаметрі – 25 мм., диаметрі 1,2 мм. бір гауһар орнатылған, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 5 мың дана.


Номиналы 100 теңгелік және 500 теңгелік ескерткіш алтын монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы ресми хабарға

түсініктемесі

Осы ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, MDM munzhandelsgesellschaft mbh deutscНe munze компаниясы және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы Монеталар шығаруға және сатуға арналған келісімге сәйкес дайындалды.

Осы Келісім бойынша:

- MDM munzhandelsgesellschaft mbh deutscНe munze компаниясы Қазақстаннан тыс жерлерде тарату немесе сату үшін Ұлттық Банктен тиісті монеталарды сатып алады;

- Қазақстан теңге сарайы монеталарды дайындайды және жеткізеді;

- Ұлттық Банк дайындалатын монеталардың бір бөлігін («Барыс» - 5 мың дана, «Үкі» - 3 мың дана) коллекциялық құны бойынша Қазақстанның ішкі нарығында сату үшін резервтейді.


Барыс (лат. Uncia Uncia) – шағын жолбарысты еске түсіретін өте әдемі әрі күшті жануар. Барыс басқа мысықтардан шұбарланған реңімен, салыстырмалы түрде алғанда қысқа аяқтарымен және ұзын мамық құйрығымен ерекшеленеді.

Үкі (лат. Bubo bubo) - жапалақ тектестер отрядына жататын түнгі құс. Әлемдегі ең ірі жапалақтардың бірі. Еркегінің көлемі географиясына қарай 50 см-ден 65 см-ге дейін, қанатының құлашы – 160 см-ден 188 см-ге дейін.


Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

«Proof» сапасымен жасалған ескерткіш монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.


Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында сатып алуға болады.

Толық ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Батыс Қазақстан филиалына мына мекенжай бойынша Орал қ. Досмұхамедов көшесі, 16 үй, 9.00 – 17.00 сағат аралығында немесе 50-97-68 телефоны арқылы хабарласуға болады.

«Барыс», «Үкі» ескерткіш алтын монеталарын айналысқа шығару туралы

Республикасының Ұлттық Банкі 2012 жылғы 12 қазаннан бастап «proof» сапасымен номиналдық құны 100 теңгелік «Барыс» және номиналдық құны 500 теңгелік бір гауһар орнатылған «Үкі» еске

32.56kb.

25 12 2014
1 стр.


«Әл-фараби» және «алдар-көСЕ» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы 20 тамыздан бастап «Банкноталардағы портреттер»

«proof» сапасымен номиналдық құны 500 теңгелік «Әл-фараби» ескерткіш алтын монетасын және «Қазақстан халықтарының ертегілері» монеталар сериясынан «proof» сапасымен номиналдық құны

30.45kb.

25 12 2014
1 стр.


«Есік көсемі» және «Өскемен» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы 23 қыркүйектен бастап «Республика игілігі»

«proof» сапасымен жасалған номиналы 500 теңгелік «Есік көсемі» ескерткіш күміс монетасын және «Қазақстанның қалалары» монеталар сериясынан нейзильбер қоспасынан жасалған номиналы 5

31.78kb.

17 12 2014
1 стр.


«Көшпенділер алтыны» монеталар сериясынан «Бұланның басы», «Қазақстанның қалалары» монеталар сериясынан «Қарағанды» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы

Заннан бастап «Көшпенділер алтыны» монеталар сериясынан «proof» сапасымен жасалған номиналы 500 теңгелік «Бұланның басы» ескерткіш күміс монетасын және «Қазақстанның қалалары»

31.79kb.

03 09 2014
1 стр.


«Қазақстанның қалалары» монеталар сериясынан «Ақтөбе» ескерткіш монетасын айналысқа шығару туралы
17.66kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан «Наурыз мейрамы» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы

Лттық Банкі 2012 жылғы 20 наурыздан бастап «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан «proof» сапасымен күмістен жасалған номиналы 500 теңгелік және нейзил

28.99kb.

25 12 2014
1 стр.


«Жойылып бара жатқан және сирек кездесетін жануарлар» монеталар сериясынан «Ақ дегелек» және «Ұлы қолбасшылар» монеталар сериясынан «Сұлтан Бейбарыс» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы

Ан Республикасының Ұлттық Банкі 2012 жылғы 20 желтоқсаннан бастап номиналы 100 теңгелік «Жойылып бара жатқан және сирек кездесетін жануарлар» монеталар сериясынан «Ақ дегелек» және

77.87kb.

10 10 2014
1 стр.


Қостанай облысының «Жастардың алтын кітабы» туралы ережесі жалпы ережелер

«Жастардың алтын кітабы» жастардың интелектуалдық, шығармашылық, спорт, ғылым, әлемдік және республикалық өндірістік бағыттары бойынша

23.95kb.

25 12 2014
1 стр.