«Жойылып бара жатқан және сирек кездесетін жануарлар» монеталар сериясынан «Ақ дегелек» және «Ұлы қолбасшылар» монеталар сериясынан «Сұлтан Бейбарыс» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2012 жылғы 20 желтоқсаннан бастап номиналы 100 теңгелік «Жойылып бара жатқан және сирек кездесетін жануарлар» монеталар сериясынан «Ақ дегелек» және «Ұлы қолбасшылар» монеталар сериясынан «Сұлтан Бейбарыс» ескерткіш күміс монеталарын айналысқа шығару туралы хабарлайды.
«Ақ дегелек» монетасы сопақ нысанды. Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы елтаңбасының бейнесі, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 24 g.» деген жазу, ұлттық ою-өрнектің екі элементінің бейнесі, монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2012» деген жазу және шығыңқы жиек бар. Жазулар мен сандар нүктелермен бөлінген.
Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортасында өзіне тән тіршілік ету ортасы – батпақты жердің аясында алтын жалатылған Ақ дегелектің бейнесі орналасқан. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «АҚ ДЕГЕЛЕК», түрдің латынша аты «CICONIA CICONIA» деген жазу және шығыңқы жиек бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.
Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.
Қыры (гурты) бедерлі.
Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 24 грамм, сопақша 38,61 х 28,81 мм., дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 15 мың дана.
«Сұлтан Бейбарыс» монетасының бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы елтаңбасының алтын жалатылған бейнесі, монетаның номиналын білдіретін «100 TENGE» деген жазу, ат үстінде шауып бара жатқан жауынгердің бейнесі, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде шығыс стиліндегі ғимараттардың стильдендірілген бейнелерінен жасалған коллаждың және шайқасып жатқан жауынгерлердің аясында атқа мінген ұлы қолбасшы Сұлтан Бейбарыстың бейнесі бейнеленген. Айналдыра шығыңқы жиек және ағылшын тілінде «SULTAN BAYBARS» деген жазу, қолбасшының өмір сүрген жылдарын білдіретін «1223-1277» деген сандар, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1g.» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.
Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.
Қыры (гурты) бедерлі.
Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, дайындау сапасы – «proоf», ең көп таралымы – 15 мың дана.
Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің түсініктемесі
«Ақ дегелек» және «Сұлтан Бейбарыс» ескерткіш монеталары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, «Польша монета сарайы» акционерлік қоғамы және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы Монеталар шығаруға және сатуға арналған келісімге сәйкес дайындалды.
Осы Келісім бойынша:
- «Польша монета сарайы» Қазақстаннан тыс жерлерде тарату немесе сату үшін Ұлттық Банктен тиісті монеталарды сатып алады;
- Қазақстан теңге сарайы монеталарды дайындайды және жеткізеді;
- Ұлттық Банк дайындалатын монеталардың әр атауының саны 5 дана болатын бір бөлігін коллекциялық құны бойынша Қазақстанның ішкі нарығында сату үшін резервтейді.
Ақ дегелек (лат. Ciconia ciconia) — дегелек тұқымдастарының ішіндегі батпақта тіршілік ететін ірі құс.
Бұл – дегелектердің ішіндегі ең белгілісі. Ақ дегелектің бойы 100—125 см, қанатының құлашы 155—200 см.
Сұлтан Бейбарыс – Египеттің мәмлүк сұлтаны, түрік – моңғол ильхандары мен Еуропаның крест жорығына қатысушыларына қарсы Палестинада және Сирияда жүргізген табысты соғыстарымен белгілі.
Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.
Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.
«Proof» сапасымен жасалған ескерткіш күміс монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.
Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында сатып алуға болады.
Толық ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Батыс Қазақстан филиалына мына мекенжай бойынша Орал қ. Досмұхамедов көшесі, 16 үй, 9.00 – 17.00 сағат аралығында немесе 50-97-68 телефоны арқылы хабарласуға болады.
«Тамғалы Петроглифтері» екі ескерткіш күміс монетасын және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қоюдың 20 жылдығына және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының 10 жылдығына арналған ескерткіш күміс монетаны айналысқа шығару туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2012 жылғы 20 желтоқсаннан бастап «рroоf» сапасымен, номиналы 500 теңгелік, «Республика игілігі» монеталар сериясынан алтындатылған және бояу баспасы бар «Тамғалы Петроглифтері» екі ескерткіш күміс монетасын, «рroоf» сапасымен, номиналы 500 теңгелік Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қоюдың 20 жылдығына және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) 10 жылдығына арналған ескерткіш күміс монетаны айналысқа шығару туралы хабарлайды.
«Тамғалы Петроглифтері» монеталарының пішіні төрт қырлы. Алтындатылған монетаның және бояу баспасы бар монетаның бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей.
Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде жылтыр бетінде «сургуч мөрмен» көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазулар бар. Монетаны айналдыра, стильдендірілген тас бетінде Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері салынған, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Монетаның төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы жағында монета дайындалған металл мен оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан, монетаның массасын білдіретін «50 g» («24 g») деген жазу, Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің ресми эмблемасы (бояу баспасы бар монетада) бар.
Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде тастағы жарықшақты тесіп өскен гүлмен бірге «Көк тәңірі» петроглифі бейнеленген. Бояу баспасы жоқ монетада гүлдің бейнесі алтындатылған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ТАМҒАЛЫ ПЕТРОГЛИФТЕРІ» және ағылшын тілінде «PETROGLYPHS OF TAMGALY» деген жазулар ойып жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.
Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.
Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазбалар жоқ.
Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 50 грамм (24 грамм), көлемі 40,1 х 40,4 мм. (31,0 х 31,2 мм.), дайындау сапасы – «proof», таралымы – әрқайсысы 5 мың данадан.
«ҰҚШҰ» монетасының бет жағында (аверсінде) жоғарғы жақта бес рет қайталанған өрнекті сегіз қырлы розеткамен көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Монетаның төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін «31,1 gr.» деген жазу, оң жағында монета дайындалған металл мен оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазу бар. Монетаны айналдыра моншақты шеңбер және шығыңқы жиек орналасқан.
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде ҰҚШҰ эмблемасы орналасқан. Айналдыра орыс тілінде «20 ЛЕТ ПОДПИСАНИЯ ДОГОВОРА О КОЛЛЕКТИВНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ» деген жазу және шартқа қол қойылған 20 жылдық кезеңді білдіретін «1992», «2012» деген сандар бар. Сырт жағында шығыңқы жиек және орыс тілінде «10 ЛЕТ ОРГАНИЗАЦИИ ДОГОВОРА О КОЛЛЕКТИВНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ» деген жазу, Шарт ұйымының жылын және монетаның соғылған жылын білдіретін «2002» және «2012» деген сандар бар. Жазулар мен сандар нүктелермен бөлінген.
Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.
Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, диаметрі – 38,61мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 2 мың дана, қыры (гурты) бедерлі.
Номиналы 500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің түсініктемесі
«Тамғалы Петроглифтері» монеталарының бірі монетаның бетіне бояу баспасын енгізу технологиясын пайдалана отырып, екіншісі алтын жалата отырып дайындалған.
Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері – Жетісудың тасқа салу өнерінің ең ежелгі әрі көрнекті ескерткіштерінің бірі болып табылады, 2004 жылдан бастап ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасының объектісі болып табылады. Мұнда 1950 жылдардың соңында тасқа басылған көптеген суреттердің ғибадатханасы табылды, ол 1970-1980 жылдары зерттеле бастады. Тамғалы шатқалы Алматы қаласының солтүстік-батысынан 170 км жерде Аңырақай тауларында орналасқан.
Бояу баспасы бар монета Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің бағалы металдардан жасалған коллекциялық монеталарын шығару мен сатудың халықаралық бағдарламасының шеңберінде де шығарылады.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) – 1992 жылы қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт (ҰҚШ) негізінде Еуразияның бірнеше мемлекеті (ұйым әр уақытта 6 – 9 мемлекетті біріктірді) құрған әскери-саяси одақ.
Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.
Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.
«Proof» сапасымен жасалған ескерткіш күміс монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.
Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында сатып алуға болады.
Толық ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Батыс Қазақстан филиалына мына мекенжай бойынша Орал қ. Досмұхамедов көшесі, 16 үй, 9.00 – 17.00 сағат аралығында немесе
50-97-68 телефоны арқылы хабарласуға болады.