Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
«Қазақстанның әдет-ғұрыптары,

ұлттық ойындары» монеталар сериясынан

«Сүйіндір» ескерткіш монетасын

айналысқа шығару туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2013 жылғы 19 сәуірден бастап «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан «proof» сапалы күмістен номиналы 500 теңгелік және нейзильбер қоспасынан 50 теңгелік «Сүйіндір» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы хабарлайды.

«Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан «proof» сапалы күмістен номиналы 500 теңгелік және нейзильбер қоспасынан 50 теңгелік «Сүйіндір» ескерткіш монеталарының бет және сырт жағындағы бейнелер бірдей. «Proof» сапалы күміс монетадағы бейне жалтыратып салынған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде сан (күміс монетада «500», нейзильбер қоспасынан жасалған монетада «50») және монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнектің элементі симметриялы түрде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.



Монеталардың сырт жағында (реверсінде) қызының сәбиі үшін анасының тұмар беріп жатқан сәті көрсетілген Сүйіндір салты бейнеленген. Жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «СҮЙІНДІР» деген жазу (күміс монетада - монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1g» деген жазу) бар. Төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар.

Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Ескерткіш монеталар:

1) 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 4 мың дана, қыры (гурты) бедерлі.

2) «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана, қыры (гурты) бедерлі.

Номиналы 500 теңгелік және номиналы 50 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің түсіндірмесі
«Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясынан «Сүйіндір» ескерткіш монеталары қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық мәдениетін танып-білуді кеңейтуге ықпал ететін серияны жалғастыратын күмістен және нейзильберден жасалған монеталардың сегізінші жұбы болып табылады.

Келіншек босанғаннан кейін оның анасы кәде жорасын алып, әдейі келуге тиіс. Бұл – қалыптасқан салт және ананың міндетті парызы. Мұны қызын қияға қондырған әр қазақ әйелі білуге және орындауға міндетті. Ана болған өз қызының қасында болып, оған рухани күш беріп, сенім туғызып, жас сәбиді емізу, күту жолдарын үйретеді, ақылшысы, сүйеніші, қамқоры болады. Құда-құдағиларының немерелі болған қуанышына ортақтасады, нәрестеге арнаған бұйымдарын, сәлем-сауқатын ұсынады. Құрметті қонағы да болады.

Перзентті болған қызына анасының арнайы баруы – қазақтың ежелден келе жатқан салты – «Сүйіндір».

С. Кенжеахметұлы. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» - Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2005 ж. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кеңесі бекіткен.
Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

«Proof» сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Нейзильбер қоспасынан жасалған ескерткіш монеталардың бір мың данасы жақсартылған сапамен дайындалды және арнайы пластикалық термовакуумды ораумен сатуға арнап шығарылды.



Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында сатып алуға болады.

Толық ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Батыс Қазақстан филиалына мына мекенжай бойынша Орал қ. Досмұхамедов көшесі, 16 үй, 9.00 – 17.00 сағат аралығында немесе 50-97-68 телефоны арқылы хабарласуға болады.

«Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан «Сүйіндір» ескерткіш монетасын

Республикасының Ұлттық Банкі 2013 жылғы 19 сәуірден бастап «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан «proof» сапалы күмістен номиналы 500 теңгелік және не

31.67kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан «Наурыз мейрамы» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы

Лттық Банкі 2012 жылғы 20 наурыздан бастап «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан «proof» сапасымен күмістен жасалған номиналы 500 теңгелік және нейзил

28.99kb.

25 12 2014
1 стр.


«Көшпенділер алтыны» монеталар сериясынан «Бұланның басы», «Қазақстанның қалалары» монеталар сериясынан «Қарағанды» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы

Заннан бастап «Көшпенділер алтыны» монеталар сериясынан «proof» сапасымен жасалған номиналы 500 теңгелік «Бұланның басы» ескерткіш күміс монетасын және «Қазақстанның қалалары»

31.79kb.

03 09 2014
1 стр.


«Қазақстанның қалалары» монеталар сериясынан «Ақтөбе» ескерткіш монетасын айналысқа шығару туралы
17.66kb.

25 12 2014
1 стр.


«Есік көсемі» және «Өскемен» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы 23 қыркүйектен бастап «Республика игілігі»

«proof» сапасымен жасалған номиналы 500 теңгелік «Есік көсемі» ескерткіш күміс монетасын және «Қазақстанның қалалары» монеталар сериясынан нейзильбер қоспасынан жасалған номиналы 5

31.78kb.

17 12 2014
1 стр.


«Жойылып бара жатқан және сирек кездесетін жануарлар» монеталар сериясынан «Ақ дегелек» және «Ұлы қолбасшылар» монеталар сериясынан «Сұлтан Бейбарыс» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы

Ан Республикасының Ұлттық Банкі 2012 жылғы 20 желтоқсаннан бастап номиналы 100 теңгелік «Жойылып бара жатқан және сирек кездесетін жануарлар» монеталар сериясынан «Ақ дегелек» және

77.87kb.

10 10 2014
1 стр.


«Әл-фараби» және «алдар-көСЕ» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы 20 тамыздан бастап «Банкноталардағы портреттер»

«proof» сапасымен номиналдық құны 500 теңгелік «Әл-фараби» ескерткіш алтын монетасын және «Қазақстан халықтарының ертегілері» монеталар сериясынан «proof» сапасымен номиналдық құны

30.45kb.

25 12 2014
1 стр.


Мұғалімі: байденов. М. А. Байқоңыр қаласы Қазақтың ұлттық ойындары

Италия саяхатшысы Плано Карпини болған. Хш ғасырда Европа халқына Монғол тарихын таснытыру мақсатымен саяхатқа шыққан. П. Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңі

151.01kb.

25 12 2014
1 стр.