Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Мұғалімі: БАЙДЕНОВ.М.А.

Байқоңыр қаласы
Қазақтың ұлттық ойындары


  1. Кіріспе

2.Жасырынбақ

3. Теңге алу.


  1. Палуан күрестіру

  2. Асық ойыны

  3. Аударыспақ

  4. Алтын қабақ

8. Арқан тарту

  1. Соқыр теке

  2. Орамал тастау

  3. Бестас

  4. Ине жасырмақ

  5. Ақ сүйек

  6. Алты бақан

  7. Бәйге

  8. Аламан бәйге

  9. Көкпар

  10. Ақшамшық (сақина салу)

  11. Қыз қуу

  12. Тоғызқұмалақ

  13. Тоғызқұмалақ тарихы

  14. Әлемде

  15. Пайдаланған әдебиеттер



Кіріспе
Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі.Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып кеткен. Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер ХШ ғасырдан басталады. Оны алғаш жинап, Европа жұртышылығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карпини болған. ХШ ғасырда Европа халқына Монғол тарихын таснытыру мақсатымен саяхатқа шыққан. П.Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірді мекедеген ру – тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинаған.

Халық өршіл ой-арманға мензейтін шытырман оғиғаны, ғажайып – қиялы әңгімелер, тіл дамыту, ой-өрісін кенейту мүмкіншілігін байыту тілегінен туған жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, балалар ертегілері, балалар ойынын, ойын-сауық жоралғыларын туғызды.

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдықты, т.б. мінез-қулықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдылығын, білек күшін,дененің сомданым шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдікпен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатынаспай ұрып-ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді.

Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.

Үлкен мерекелердің қай-қайсысы болсын халықтың «Көк-бөрі»; «Қыз бөрі» сияқты спорттық ойындарымен жалғастырылып отырылды. Бұл ойындар ерте заманғы төтемдік түсініктерден бері қуалап келген болатын.

Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды. Жазушы Сәбит Мұқанов өзінің «Халық мұрасы» деген тарихи және этнографиялық кітабында былай деп жазды: «Жүн сабайтындар, көбінесе жастар болады. Олар жүн сабайтын үйге жиналады да, сабалатын жүнді киіз үйдің ортасына төсеген тұлаққа (кепкен тері) үйеді де, айнала отыр қалып, екі қолына алған сабаумен ұра бастайды. Әдетте, жастар жарыс қимылдап, оны ойын-күлкіге, әзіл-оспаққа айналдырып әкеткен. Сабауды ұстай, ұра білмегендер – көршілеріне күлкі болады, әрі алақандарын ойып алады».

Қазақ халқының өмірінде ойын аралпасаған бір де бір тұрмыс, шаруашылық салалар жоқ десе де болады. «Бұл елдің ескі бір салты бойынша, көші-көн кезінде жастар әуелі үлкендердің үйін тігісіп береді. Одант соң жетім қалған үйлерді де тігіседі.

Жоғарыда айтылғандай, қазақтың ұлт ойындарының көбі дер кезінде қағаз бетіне түсіп үлгірмегендіктен бүгінде ұмыт болған. Сәбит Мұқанов өзінің «Орта мектебі» атты мемуарлық еңбегінде ертеректе «Орта» атты есеппен ойналатын асық ойыны болғанын бірнеше рет атап өтеді.

Сондай-ақ Б.Төтенаев «Қазақтың ұлт ойындары» деген кітапшасында аты ғана сақталып қалған ойындардың аса бір маңыздыларының бірі деп «Абылайдың алты ағашы» атты ойынды атап, сол жайында кезінде Байтоғайұлы Малқайдың «Ермек – еңбек» деген мақаласында сөз болатынын, алайда оның бізге жетпей ұмыт болғанын сөз етеді. Ол «Тоғыз құмалақ», «Шахмат» сияқты ойын екендігінен хабар береді.

Дер кезінде қағаз бетіне түспей жинаушылардан көзінен таса қалған ойындар саны әлі де көптеп кездеседі. Солардың арасында «Сары құлан», «Сары ала қаз», «Ақ аю», «Ағызбақ», «Бақай пісті», «Топай», т.б. ойындар бар.

Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болып келеді. Бұл жинаққа біз тек ұлт ойындарын ғана кіргізіп отырмыз. Ұзақ жүргізілген жинау, зерттеу жұмыстарының нәтижесінде біз ұлт ойындарының тақырыбына, мазмұнына ондағы көзделген мақсатына байланысты негізінен үш үлкен салаға бөліп топтастыруды лайық деп таптық. Атап айтқанда: ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары, дене шынықтыру, спорт ойындары және оймен келетін ойындар. Шындап келгенде, ұлт ойындары – ауыз әдебиетінің бір саласы. Олай болса, ұлан-байтақ қазақ даласына ауызекі тарай келіп, ол түрленіп қоса беруді жөн көрдік. Өйткені олардың мазмұны кеңейіп, әсерлене түседі. Жан-жануарларды бейнелейтін ойындардың кейбіреуі дене шынықтыру, спорттық мақсатты көдейді.

Ұлт ойындарының басым көпшілігі тұрмыс-салтты, соған орай жануарлар әлемін, аңшылықты бейнелейді. Сондықтан ұлт ойындарын ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындарынан бастауды жөн көрдік.

Өйткені қазақ халқының ескі дәстүрі бойынша жыл басы наурыз айынан басталып, үлкен мейрам, ойын-той ретінде өтіп отырғаны белгілі.

Қазақтың қай ойыны болса да айтыс, өлең-жырмен өріліп, көрермендер мен тыңдаушыларға өрелі өнеге беріп, қатты әсер етеді.

Қазақтың ұлт ойындарының тағы бір ерекшелігі – оған өлең сөздің араласып келіп отыратындығында. Егер ойын барысында тақпақ, өлең жолдары кездеспесе, оны ойында жеңіліп, өз ұпайын өтеушілер орындайды. Олар тақпақ айтып, өлең оқып, ән салады. Кейде суырып салма өлеңдер де осы ойын үстінде өмірге келе береді.

Қазақтың ұлт ойындарының бір қыдыруы асық ойынынан тұрады. Біз осы жинаққа асық ойынының кейбір түрлерін енгізіп отырмыз. Асық шындап, ұстамдылыққа, дәлділікке, тұрақтылыққа, тыныс мүшелерінің қалыпты дамуына, т.б. тәрбиелейді.

Совет педагогикасының классигі Н.К.Крупская өзінің «Ұлт оқулығы» деген еңбегінде ұлт ойындарын жоғары бағалап, оның зор мүмкіншіліктеріне тоқтай келіп, былай деп жазды: «Әрбір ұлттың аса қызық тұрмыс ойындары бар. Дәл көздей білу, атқа шаба білу, нысанаға тигізе білу – осындай ойындарға жатады. Балалар дәл кездей білуді жоғары бағалайды, бала енді бұл – жағынан артта қалып қойғанын көреді, ол өзі өте артта қалған ұлт деп санап жүрген ұлттан үйрену керек екенін біледі... бірақ ойында тек осы ұлттың балаларына ғана емес, сонымен қатар басқа ұлттардың балаларына да жақын өте көп нәрселер бер». Осының өзі қазақ халқының ұлт ойындарына әдейлеп айтқандай әсер етеді.

Қазақтың ұлттық ойындарын мен өз сабақтарымда және сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланып келемін. Солардың бірі 9-11 сыныптар аралығында сыныптан тыс жұмыста сабақ үстінде өз тәжірибем мына ойындарды ендірдім. Балардың жес ерекшелігіне сәйкес етіп алынған ойын ережелерін сабаққа енгіздім. Атап айтсақ «Асық ойыны», «Арқан тарту», «Соқыр тегі», «Орамал тастау» ойындарын балаларға қозғалмалы – ойыны сабағында оқушыларға үйреттім. Оқушылар арасында қазақтың ұлттық ойыны өте үлкен мағынаны тәрбиелі мәні бар екенін мен өз тәжірибемнен байқадым. Алдағы уақытта өз жұмыстарыма қазақтың ұлттық ойындарын сабақтарға енгіземін. Алдағы уақытта әлдеде тереңірек ізденіспен ізденемін және сабақта балаларға үйретемін.


Қазақтың ұлттық ойындары

Қазақ халқының ойын-сауығы, дене тәрбиесі өз алдына бір төбе. Көзінің алдындағыдан арғыны көрмейтін кейбіреулер қазақта ойын-сауық болғанымен, дене тәрбиесі жоқ деп лағады. Қазақта бұлардың түрі көп денсаулыққа да аса пайдалы. Қазақ бұларға айырып уақыт бөлмей көбінесе әрдікте өткізілгендіктен, кейде әлгіндейлердің көздеріне түспеуі де мүмкін. Бұл ойын-сауықты бір-бірден сөз етейік.


Жасырынбақ
Бұл көбінесе, бір мүшелден төмендегілердің ойыны мал аяғы тыйылған соң, қозы бөлінгеннен кейін, ауыл-үйдің балалары жиналады. Мұндай бос кезде оларға әке-шешесі ұрыспайды. Балалар әбден жиналғаннан кейін ішіндегі бір елпегі оларды ұйымдастырып, көбінесе бірейді қалдырып, қалғандарын тұс-тұсқа қашырады. Жасырынып болған соң, әлгі көшедегі «ал ізде» дейді. Ол қуыс-қуыстан, қалтарыстан оларды іздеп, ұстағандарын көшедегі «бастыққа» өткізеді. Ұсталмағандары, табылмағандары бір жаққа келіп бөлек тізіледі. Ұсталғандары өз алдына бір бөлек. Осының санына қарап, көшеде қалған баланың жеңісінің аз-көбі бағаланады. Бұл ойында балалар қара тер болады. Ұстатпағандары, тапқызбағандары қуанып күледі. Бұл ойын көбіне қыстақтарда көп болады. Өйткені, ол жерлерде жасырылатын орын көп болады. Балалар әбден қызып ап ойынды тоқтатпай қойса, үлкендер үй-үйден айғайлап балаларын шақыра бастайды. Бұл ойын қан таратуға, тамақ сіңіруге жақсы, ұйықтауға аса пайдалы. Кешке шейін қозы сойында иенде жүріп жалыққан, зеріккен балалар бойын жазып, көңілін көтеріп бір мәз болады.


Теңге алу
Той думанға жазық жерге теңге тасталады, оны ат үстіндегі жігіттер шауып бара жатып қағып алады. Бұған асқан тездік, ептілік керек. Аттың үсті соғысқа өте көп қатысқан қазақ үшін бұл-әскери жаттығу. Бұл сауықты қазақтың тұрмысына кіргізген бәлкім сол соғыстың мұқтажы шығар.
Палуан күрестіру
Палуан болу үшін қазақтың қаршадайынан күресті бастайды. Палуандыққа жаттығу кісіге өзін қорғау үшін керек. Палуан күрестіру үшін той, ас шарт емес. Оны тамашалауға халық арнайы жиналады. Ертеде әр ру, ауыл өз палуандарын сайысқа аса салтанатпен әкеледі екен. Қарсыласының үрейін ұшырып-айбынту үшін «түйе палуан», «өгіз палуан» аттанған баһадүрлерді кілем шетінде шынжырлап ұйстайтын болған. Кеудесі жүн-жүн, күжірейген дәу перілер ауызынан көбік шашып, жер тарпып, аруақ шақыра ақырып бақталасының мысын басуға тырысады.

Палуан күрестіру-қазақта дене тәрбиесінің ең жоғарғы түрі. Палуандыққа кішкене күнінен нашықтанғандардың денелері шымыр, бұлшық еттері қатты келеді. Ертедегі қариялар кешке жақын «Ұзын құлақ» есту үшін жатсада отырсыда ауылдың балаларын жиып алып күрестіретін. Жаққындарын мақтайын, сыйлық беретін. Бұнысы баларды спортпен шұғылдандырады.


Асық ойыны
Асық ойыны негізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті

құралдың ең негізгісі сақа.Әдетте оны үлкен оңқай асықтан киіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жағынан табанын киіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап атуға ыңғайлап жасайды. Асық ойынын жаздың күні тақыр жерде ойнайды. Бір-біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін. Ойынның негізгі шарты бір-бірінен асық ұстап алу. Асық ойынының «үштабан» және «алтыатар» деп аталатын өте кең тараған түрлері болған. «Үштабан» ойнау үшін тақыр жерге көлденең сызық сызылады да, оған әр ойыншы бір-бірден арасын сиректеу етіп кеней тігеді. Содан соң ойнаушы балалардың барлығының сақаларын біруі жиып иіреді.

Сақасының тігілуі кенейді атып «үштабаннан»кем, я болмаса сақасы кенейге тимей кетсе, ойынды келесі ойыншы бастайды. Ойын көндегі кенейді ұтып, біткенше созылады. «Алтыатар» ойыны бұдан басқаша. Көндегі кенейлердің бір шетіне түпте қалған (сақасы шықпаған) баланың сақасы тігіледі. Кенейдің арасында саңылау болмай тіркестіріле қойылады. Көннің екі жағына1м жерден су (сызық) ал 5-6м жерден ататын қарақшы белгіленеді. Кімде-кім түптегі сақаны жұлып кетсе (судан шығарса) бүкіл кенейді сол алады. Ал сақаға тимей кенейді ұшырса, оның судан шыққаны ғана соныкі болып табылады. Ату саны 6 рет. Алғаш сақасы шыққан бала, қалғандары одан кейінгі кезекте алады. Алты рет атыстан қалған кенейдің бәрі түпте қалған баланікі болып есептеледі.
Аударыспақ
Аударыспақ – салт аттылардың бірін –бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманан келе жатқан бұл ойын жауынгершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерлерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған «Аударыспақ» қазіргі кезде де шопандар тойында, басқа да мерекелерде спор ойынының бір түрі ретінде көрсетіліп жүр.
Алтын қабақ
Алтын қабақ – шауып келе жатып аттың үстінен нысананы дәл көздеп атып түсіру. Бұл ойынның нұсқалары қырғыздарда (жамбы ату), грузиндер (кабахи), буряттар да тағы басқа халықтарда кездеседі. Шығу тегі әскери ойынның болуымен байланысты болғанда, оның қажеттігі «ү ғасырға дейін сақталған. Мұндай жарыс өткізілетін мерекелерде биік бағана болмаса, ұзын сырық қадалып, оның ұшар басына нысана ретінде жамбы (күміс құйма) ілінетін болған. Оны қылмен немесе жібек жіппен байлаған. Атпен шауып келе жатқан кісі садақпен жамбыны атып түсіріп, жеңіске жетуге тырысқан. Нысананы дәлелдеудің басқа да түрлері кездескен. Мысалы, жерде тұрып немесе ат үстінде отырып, мылтықпен ату да қолданылған.

Жамбы ату жігіттерді шабаздыққа, мергендікке елеулі роль атқарған.


Арқан тарту
Ертеден белгілі халық арасында кең тараған ойынның бірі. Қара күшке бейілі болғандықтан көбіне ерлер ойыны болып есептелінеді. Әрқилы мерекелерде күндіз ойналады. Ойынның екі түрі кездеседі. Бірі – ер адамдардың жекпе-жегі де, екіншісі топ болып ойнау. Жекпе-жекке не бары кісі қатысады. Ойын өтетін жер тегіс, шағын алаң болуы керек. Ойынға қажетті құрал: екі ұшы тұзақтап байланған ұзындығы 7-8м жіп немесе арқан. Ойынның тәртібі: ойыншылар қарама-қарсы жаққа қарап жүрелеп отырады да, арқанның байланған ұшын мойнына салып, екі қолтықтың астына өткізеді. Төрешінің белгі бойынша әр ойыншы қарсыласын өз жағына қарай тартуға тырысады. Белгілі межеге қарсыласын кім бұрын тартып жеткізсе, сол ұтқан болып саналады.
Соқыр теке
Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойыншылар шеңбер құрып дөңгелене тұрады да, ортада көзі байланған ойыншыны қалдырады. Сол соқыр теке аталады. Қалған ойыншылар соқыр текені түртіп қойып, одан айнала қашып жүреді. Ал, соқыр теке ойыншыны ұстап алып тануға тиісті. Егер ол ұстаған кісіні таныса, оның көбін байлап соны соқыр теке жасайды. Өйтпеген жағдайда соқыр теке ойыны әрі қарай жалғаса береді.
Орамал тастау
Ойынға қатысушыларға тұрақты шек қойылмайды. 10-нан 20-ға дейін кісі қатыса береді. Ойынды кең бөлмеде, алаңқайда, аулада ойнауға болады.

Ойын шарты: ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойынның әділ – қазынасын кез-келген жақтың ойыншысының біріне орамал (әлде сүлгі) ұсынады. Ол өз кезегінде екінші топтағы ойыншылар жаққа барып ормалады (сүлгіні) елеусіздеу етіп, бір ойыншының аяғына тастауға тырысады. Сүлгіні тастаған ойыншыны ұрып үлгірсе, оны өз тобына әкеліп қосады, үлгірмесе, өзі сол жақта қалып қояды.


Бес тас (шекем тас)
Жылдың кез келген мезгілінде, көбіне үйде ойналатын жастар ойыны. Қажетті нәрселер: шағын-шағын бес тас немесе бес асық. Ойын шарты: ойынға қатысушылардан тасты қақпақылдауда ерекше ептілік, шеберлік талап етеді. Тасты қақпақылдаудың көптеген сатылары бар.

1 саты. Бес тас жерде жатады.

«Құспек» деп аталатын бір тасты ойыншы алып аспанға атады да оны бір қолымен қағып ұстайды. Сөйтіп ойнаушы «құспекті» төрт рет аспанға атып, жердегі тастарды бір-бірлеп көтеріп, бәрін алақанына жинайды.

2 саты. Төрт тасты жерге екі-екіден қойып, құспекті аспанға екі рет атып бес тасты бірдей оң қолға жинайды.

3 саты. Үш тасты бір жаққа үйіріп, (бір тасты екінші жаққа қояды). Құспекті жоғарыға екі рет атып, үш тасты бір рет, жеке тасты екінші рет жерден көтеріп, барлық бес тасты бір қолға уыстайды.

4 саты. Төрт тас бір төбе болып жатады. Құспекті жоғарыға лақтырып, ол қайтып оралғанша ойыншы жердегі төрт тасты түгел сол бір қолымен ұстап жиып алады.

5 саты. Төрт тасты жеке-жеке шашып тастайды да, оның әрқайсысын бөлек-бөлек жинайды. Алақанға құспектен басқа екі тасты терген кезде, құспекті түсіріп алмай, ана екі тасты (терген кезде құспекті) шынтақтан төмен түсіріп жібереді. Қалған екі тасты да сол ретпен сырғытып құспекті сақтап қалу керек.

а) тағы да жердегі тастарды бір-бірлеп алақанға жинау шарт. Сөйтіп бес тасты, жоғарыға атып, енді алақанның ішкі жағымен қағып алу міндет.

6 саты немесе «қолдан өткізу».

а) сол қолдың саусақтарының арасын ашып жерге күркелей тірейді. Бес тасты да тіреулі қолдың үстінен төге тастайды.

ә) алысырақ түскен біреуін құсбек ретінде алады да, оң қолмен жоғарыға лақтырып, ол қайтып оралғанша бытырап жатқан тастың әрқайсысын әр саусақтың арасынан айдап өткізеді, тастар түгел жиналғанша құспекті ата беруге болады.

б) тастар үйге (кіргенде) түгел кіріп болған соң сол қолды алып құспекті тағы да жоғары атып жерде жатқан төрт тасты бірдей көтеріп алу керек. Құспек жерге түспеуге тиісті.

7 саты

а) төрт тасты төрт жаққа шашып тастайды да, бәрін бірдей бір мезетте қағып алады. Содан соң бес тастың бәрін алға қарай лақтырып, тастың бәрін алақанмен қағып алады.



Ескерту: егер ойын үстінде ойнаушы құспекті түсіріп алса, немесе тастарды қаға алмай қалса, онда ол сол сатыда қалады да, ойынды келесі ойыншы жалғастырады. Бүкіл сатыдан кім бірінші өтсе сол жеңімпаз атанады.
Ине жасырмақ
Жастардың бас қосуында, көбіне үйде ойналатын ойын. Қажетті бұйымдар: ине және домбыра.

1. Ойын шарты: ойыншылар ең алдымен бастаушыны сайлайды. Ол біріншіден тәртіпті бақылайды, екіншіден домбырада немесе басқада музыкалық аспапта ойнайтын ойыншы табады, үшіншіден ойын ережесін түсіндіріп, екі ойыншыны таңдайды. Ойыншының біреуі бөлмеден шығып кетеді де бөлмеде қалғаны инені өз бойындағы киіміне жасырады немесе басқа біреуге береді.

Бастаушының белгісі бойынша үйге қайта кірген ойыншы инені ойынға қатысушылардың жағасынан, бас киімдірінен іздей бастайды. Іздеуді жеңілдету үшін музыкант домбырада ойнап отырады. Егер іздеуші нысанаға жақындай түссе, домбыра үні күбірлей жөнеледі. Ал егер нысана тұсынан іздеуші өтіп кетсе, домбыра үні бәсеңси бастайды. Іздеуші инесі бар кісіге жағындаған не алыстаған сайын домбырашы оны әрқилы сарынмен бағыттап, дәлдеп отырады. Нысанаға деп келген іздеуші ине осындау ау деген кісіні әбден тінтіп тексеріп, инені табуға тырысады. Ине жасыра алмаған, кәде бойынша ән салып, не әзіл айтып айып төлейді. Ал, табылмаса іздеушінің өзі айып тартады.

Қазақтың бұлардан басқа көп ойындары бар. Ол ойындарды тойда, ойын-сауық кештерінде ойнап отырған.


Ақсүйек
Ежелгі бұл ойын қазақ жастарының арасын ең көп тараған ойындардың бірі. Ойын түнде ойналатын болғандықтан ай жарықта шөптесін жиналған жөн. Ойын жүгіруді, қол күшті керек ететін болғандықтан көпшілік жағдайда оны ер балалар ойнайды.

Ойын ережесі. Ең алдымен ойыншылар өзара келісіп алып жеңген топ үшін жүлде тағайындалады. Топ басқарушылар сүйекті қайысы бірінші лақтырулары керек- сол үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына қарай шыққаны бірінші лақтырады. Ақсүйек лақтырған кезде ойыншылардың теріс қарап тұрғаны дұрыс. Өйткені ақсүйекті лақтырған кезде оның бағыты көпшілікке белгілі болмауы керек және түскен жерін көрмегендері жөн. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана іздеуге кіріседі. Көмбеде топ басқарушылардан басқа ешкім қалмайды. Ақсүекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей ептеп көмбеге қашуға тырысады, ал қарсыластарысезіп қойса, онда оны қолма –қол тартып алып қаша жөнеледі. Сондықтан сол топтың ойыншылары қарсыластары ақсүйекті тартып алмас үшін біріне-бір лақтырып, үнемі алдыға, көмбеге қарай жылжып отырады. Сөйтіп ақсүйекті көмбеге бірінші жеткізген ойыншының тобы жеңіске жетеді. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ лақтырады, осылайша кезектесіп отырады.
Алтыбақан
Ойын ережесі. Алты бақан тебетін ойыншылар қарама-қарсы қарап тұрып аяқтарымен әлгі сайлаған арқанға шығып әткеншек теуіп, ән бастайды. Бұл екі ойыншының бастауымен қастарында алтыбақан айналасында тұрған қыздар мен жігіттер әнге қосылып хор айтады. Шалқайта тепкен алтыбақан мен шырқалта салған ән ырғағы жиналған жас жігіттер мен қыздарға бейне бір махаббат қайығындағы ғажап бір тербелісті елестетеді. Жиналған жастар алтыбақанға кезек-кезек отырып ойынды одан әрі жалғастыра береді.
Бәйге
Ойын ережесі. Ойнаушылар көмбедегі сызықтың бойына қатар тұрып, ойын жүргізушінің белгісі бойынша барлығы бір мезгілде көмбеден шығады. Ойынның шарты бойынша 5-тен 10 шақырымға дейінгі белгіленген аралықты жүріп өтулері керек. Көмбеге қай бұрын келгені жеңімпаз атанады. Ол адамға сыйлық беріледі.
Аламан бәйге
Ойын ережесі. Бұл ойынға қатысушылар жазық жерде 10-нан 20 шақырымға дейінгі аралықты жүріп өтулері керек. Мұнда да бас жүлдені қай озып шыққаны алады.

Қыз қуу
Ойын ережесі. Ойын басталмас бұрын арақашықтығы бір-екі шақырымдай екі көмбе белгіленеді. Бірінші көмбенің сызығында тұрған атты жігіт өзінің арт жағында он адымдай жерде қызды қуып жетуге қамданады. Сөйтіп қызды белгіленген екінші көмбеге жеткенше қуып жетіп құшақтап сүюі керек. Одан көмбеге жеткен беттен кері қарай өзі қашады, енді қыз оны қуа жөнеледі.

Егер қыз оны қуып жетсе, онда жігіті қамшының астына алады. Осылайша келесі қыз –жігіт шығады, олар да осылай қайталанады. Ойынға қатысушылардың барлығы жүріп өткенше ойын жалғаса береді.



Тоғыз құмалақ
Жарыстың жеке кісілік, жеке командалық түрлері бар. Тоғыз құмалақты арнайы ағаштан жасалған төрт бұрышты тақтада ойнайды. Тақтаның екі қатарға тоғыз-тоғыздан ойылған сопақша келген ұясы (оны кіші отау деп атайды), әр қатар үшін бір-бірден жасалған екі қазан (үлкен отау) болады. Олар екі түске ақ пен қараға боялады. Әр ойыншы 81-ден екі ойыншыға 162 құмалақ оның бұршақ, жүгері дәні болуы мүмкін, қазір пластмассадан жасалады, беріледі. Олар әр ұяға 9-дан орналастырады. Тоғыз құмалақты тақтада немесе қалың қағазға ұялар мен қазанның кескіні сызып та ойнайды. Тіпті болмаған жағдайда ұяларды жерден қазып та ойнайды. Әр ұяның 1-ден 9-ға дейін өзінің реттік саны болады, олар солдан оңға қарай есептеледі. Әр ұяның оң жақ (1-ден 4-ке дейін) және сол жақ (6-дан 9-ға дейін) қапталы бар, бес ұя орталық ұя деп аталады.

Ойын ережесі: Тоғыз құмалақтың партиясы ақ пен қараның отыратын жүрісінен тұрады. Ойынды бастаушы өзінің кез келген отауына бір құмалақты ғана қалдырып, өзгесін қолына алып, оларды сағат тіліне қарсы жақтан бастап, бояу түріне қарамастан бір-бірлеп ұяларға салады. Егер ең соңғы құмалақ түскен бәсекелестің ұзындығы ұзындығы тас саны (2,4,6,8,10 т.б.) жұп болса, онда ойыншы сол ұядағы құмалақты түгел алып, өз қазанына аударады. Ойынның барысында ойыншылардың біреуінің ұясындағы 2 құмалақ қалса және оған серіктесі жүріс барысында өзінің ең соңғы тасын түсіріп үлгірсе, ол үш тасты түгел алады да, ұя ойын аяғына дейін «тұздыққа» (ие болады) айналады. Содан әрі қарай сол ұяға түскен тастар «тұздық» иесінің қазанына көшіп отырады. Әр ойыншы өз қарсалсының жағында тек бір ғана « тұздыққа» ие болады, қазанына 82 құмалақ жинағын ойыншы ұтады.




Пайдаланған әдебиеттер


  1. «Қазақтың ұлттық ойындары» Базарбек Төтенаев Алматы «Қайнар» баспасы 1994 жыл.

  2. Дене шынықтыру 4 сынып Алматы «Атамұра» баспасы 2000 жыл.

Мұғалімі: байденов. М. А. Байқоңыр қаласы Қазақтың ұлттық ойындары

Италия саяхатшысы Плано Карпини болған. Хш ғасырда Европа халқына Монғол тарихын таснытыру мақсатымен саяхатқа шыққан. П. Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңі

151.01kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақтың ұлттық киімдері А. К. Құрманалиева, №124 арнайы мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық киімдер»

Оқушылардың қазақтың ұлттық киімдері туралы алған мағлұматтарын естеріне түсіре отырып, білімдерін бекіту

43.27kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан «Сүйіндір» ескерткіш монетасын

Республикасының Ұлттық Банкі 2013 жылғы 19 сәуірден бастап «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан «proof» сапалы күмістен номиналы 500 теңгелік және не

31.67kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан «Наурыз мейрамы» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы

Лттық Банкі 2012 жылғы 20 наурыздан бастап «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан «proof» сапасымен күмістен жасалған номиналы 500 теңгелік және нейзил

28.99kb.

25 12 2014
1 стр.


Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: Тәуелсіздік қазақтың сан ғасырлық арманы. Орындаған: Ахметова

Сабақтың мақсаты: Қазақтың тарихын оқыту. Тәуелсіздік бағаларын түсіндіру. Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу. Елін, жерін, Отанын сүюге ықпал ету

107.36kb.

12 10 2014
1 стр.


6 орта мектебі (Баяндама) Биология пәні мұғалімі: Ж. Т. Қожанова Петропавл қаласы, 2011 жыл

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп айтылған

62.94kb.

12 10 2014
1 стр.


Қазақтың ұлттық қолданбалы қолөнері негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзыреттілігін қалыптастыру
496.39kb.

17 12 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының

Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде заңды және жеке тұлғалармен кассалық

58.54kb.

23 09 2014
1 стр.