Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
«Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан «Наурыз мейрамы» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2012 жылғы 20 наурыздан бастап «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан «proof» сапасымен күмістен жасалған номиналы 500 теңгелік және нейзильбер қоспасынан жасалған номиналы 50 теңгелік «Наурыз мейрамы» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы хабарлайды.

Күміс монетаның және нейзильбер қоспасынан жасалған монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелері бірдей. «Рroоf» сапалы күміс монетадағы бейне жалтыратып салынған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнектің аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан (күміс монетада «500», нейзильбер қоспасынан жасалған монетада «50») және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөліктерде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) халықтың көктем мерекесі – Наурыз мейрамын қарсы алған Қазақстанның көпұлтты халқын аясына біріктірген үйдің символы ретінде киіз үйдің шаңырағы бейнеленген. Жоғарғы жағында айналдыра мемлекеттік тілде «Наурыз мейрамы» деген жазу бар. Оң жағында моншақталған жиектің бір бөлігі, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Сол жағында моншақталған жиектің бір бөлігі (күміс монетаның сол жақ бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1gr.» деген жазу бар).


Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген.

Ескерткіш монеталар:

1) сынамы 925, массасы 31,1 грамм күмістен, диаметрі – 38,61 мм., «proof» сапасымен дайындалған, таралымы – 4 мың дана, қыры (гурты) бедерлі;

2) «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 300 мың дана, қыры (гурты) бедерлі.

«Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясынан «Наурыз мейрамы» ескерткіш монеталары қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен ұлттық мәдениетін кеңінен тануды насихаттайтын серияны жалғастыратын, күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың жетінші жұбы болып табылады.


Наурыз мейрамы шығыс елдерінде көктемнің келу мерекесі, табиғаттың жаңару, жаңа өмірдің дүниеге келу, махаббат пен сұлулық символы ретінде бес мың жылдан аса уақыт бойы аталып келеді.


Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

«Proof» сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Нейзильбер қоспасынан жасалған ескерткіш монеталардың бір мың данасы жақсартылған сапамен дайындалған және сату үшін арнайы пластикалық термовакуумды орауға оралған.



Номиналы 500 теңгелік және 50 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында сатып алуға болады.

Толық ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Батыс Қазақстан филиалына мына мекенжай бойынша Орал қ. Досмұхамедов көшесі, 16 үй, 9.00 – 17.00 сағат аралығында немесе 50-97-68 телефоны арқылы хабарласуға болады.

«Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан «Наурыз мейрамы» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы

Лттық Банкі 2012 жылғы 20 наурыздан бастап «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан «proof» сапасымен күмістен жасалған номиналы 500 теңгелік және нейзил

28.99kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан «Сүйіндір» ескерткіш монетасын

Республикасының Ұлттық Банкі 2013 жылғы 19 сәуірден бастап «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан «proof» сапалы күмістен номиналы 500 теңгелік және не

31.67kb.

25 12 2014
1 стр.


«Көшпенділер алтыны» монеталар сериясынан «Бұланның басы», «Қазақстанның қалалары» монеталар сериясынан «Қарағанды» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы

Заннан бастап «Көшпенділер алтыны» монеталар сериясынан «proof» сапасымен жасалған номиналы 500 теңгелік «Бұланның басы» ескерткіш күміс монетасын және «Қазақстанның қалалары»

31.79kb.

03 09 2014
1 стр.


«Қазақстанның қалалары» монеталар сериясынан «Ақтөбе» ескерткіш монетасын айналысқа шығару туралы
17.66kb.

25 12 2014
1 стр.


«Есік көсемі» және «Өскемен» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы 23 қыркүйектен бастап «Республика игілігі»

«proof» сапасымен жасалған номиналы 500 теңгелік «Есік көсемі» ескерткіш күміс монетасын және «Қазақстанның қалалары» монеталар сериясынан нейзильбер қоспасынан жасалған номиналы 5

31.78kb.

17 12 2014
1 стр.


«Жойылып бара жатқан және сирек кездесетін жануарлар» монеталар сериясынан «Ақ дегелек» және «Ұлы қолбасшылар» монеталар сериясынан «Сұлтан Бейбарыс» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы

Ан Республикасының Ұлттық Банкі 2012 жылғы 20 желтоқсаннан бастап номиналы 100 теңгелік «Жойылып бара жатқан және сирек кездесетін жануарлар» монеталар сериясынан «Ақ дегелек» және

77.87kb.

10 10 2014
1 стр.


«Барыс», «Үкі» ескерткіш алтын монеталарын айналысқа шығару туралы

Республикасының Ұлттық Банкі 2012 жылғы 12 қазаннан бастап «proof» сапасымен номиналдық құны 100 теңгелік «Барыс» және номиналдық құны 500 теңгелік бір гауһар орнатылған «Үкі» еске

32.56kb.

25 12 2014
1 стр.


«Әл-фараби» және «алдар-көСЕ» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы 20 тамыздан бастап «Банкноталардағы портреттер»

«proof» сапасымен номиналдық құны 500 теңгелік «Әл-фараби» ескерткіш алтын монетасын және «Қазақстан халықтарының ертегілері» монеталар сериясынан «proof» сапасымен номиналдық құны

30.45kb.

25 12 2014
1 стр.