Ақмола облысы әкімдігінің
2012 жылғы ___ ______
№ _____қаулысымен
бекітілген
Ақмола облысы әкімдігінің
2012 жылғы 14 тамыздағы
№ А-9/400 қаулысымен
бекітілген
«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осығану әкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен, ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы. Сатпаев көшесі, 1, корпус«б».
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
– мемлекеттік тілде: «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
– орыс тілінде: государственное учреждение «Управление по вопросам молодежной политики Акмолинской области».
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Басқарманың миссиясы – Қазақстан Республикасымен Ақмола облысының мүдделерінде жастардың әлеуетін ашуға бағытталған мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру
14. Міндеттері:
-
жастар саясаты саласында жобалардың және бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
-
жастарды елдің әлеуметтік–экономикалық дамуына белсенді қатыстыру және дамуына жағдай жасау;
-
облыс жастарының азаматтық белсенділігі деңгейін көтеру, қазақстандық патроиоттық, рухани, зияткерлік және денешыңықтыруды дамыту.
15. Функциялары:
-
жергілікті атқарушы органдардың жастар саясаты саласындағы кызметін үйлестіру;
-
жастар ұйымдарына ұйымдастырушылық, консультативті-әдістемелік және акпараттық көмек көрсету;
-
жастар ұйымдарымен, саяси партиялардың және этно-мәдени бірлестіктердің жастар қанаттарымен өзара қимыл-әрекетті жүзеге асырады;
-
облыс әкіміне Басқарма құзіретіне енетін мәселелер бойынша анықтамалық материалдарды әзірлеу және ұсыну;
-
уәкілетті органға мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
-
мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлейді және облыс мәслихатының бекітуіне енгізу;
-
Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары жанындағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультативті-кеңестік органдары кызметінің ақпараттық-талдамалық, техникалық-ұйымдастырушылық және каржылық қажеттілігін қамтамасыз ету;
-
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және жүзеге асыру;
-
мемлекеттік жастар саясаты саласында білім жүйесі мен тәрбиелеу ұйымдарларына қажетті әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;
-
жастар ұйымдарының қызметіне әлеуметтік зерттеу және талдау жүргізу;
-
облыс аумағында жастар ұйымдары қызметін үйлестіру;
-
мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша ақпараттық насихаттау және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
-
жастардың әлеуметтік құқықтарын және мемлекеттік кепілдіктерін жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
-
Ақмола облысы аумағында мемлекеттік жастар саясаты бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
-
мемлекеттік жастар саясаты бойынша республикалық және халықаралық іс-шараларға қатысу;
-
мемлекеттік гендерлық саясатын жүзеге асыру;
-
жастар саясатын жүзеге асыруда ақпараттық және ғылыми-әдістемелікпен қамтамасыз етуін іске асыру
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан және лаузымды түлғалардан, өзге ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға кажетті ақпаратты сұратуға, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың кызметкелерін Басқарма құзыретіне қатысты мәселерді дайындауға тартуға, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
-
әкімге жастар саясаты саласында мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге, Басқарма қарауына катысты мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыру;
-
жастар саясаты саласында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілік функцияларын жүзеге асырады;
-
қарауында жастар саясаты саласының мәселелері, адам құқығын сақтау және Басқарма құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бар мемлекеттік органдардың лаузымды түлғаларына ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. Басқармаға басшылықты облыс әкімі тағайындайтын және босататын Бастык жүзеге асырады.
18. Басқарма бастығын лауазымға облыс әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Басқарма бастығының өкілеттігі:
1) Басқарма қызметін ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа карсы әрекет ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауап береді;
2) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерімен өкілеттіктерін анықтайды;
3) Басқарма қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады және тәртіптік жазалар колданады;
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, лауазымдық нұсқаулыктарды бекітеді;
6) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарма басшысы жоқ кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өкілеттілікті ауыстырушы тұлға жүзеге асырады.
4. Басқарманың мүлкі
20. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.