Перейти на главную страницу
2012 жылғы «___» _____ №_________қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су
айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және
балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды
белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік қызмет
регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттік қызмет алушы – жеке және заңды тұлғалар;
2) уәкілетті орган – «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган );
3) жергілікті атқарушы орган - Ақмола облысының әкімдігі.
3. «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) конкурс жүргізу арқылы көрсетіледі:
4. Мемлекеттік қызмет облыстық уәкілетті органмен 3- қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
6. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағы 4) тармақшасының және 40-бабының, «Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу ережесiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 40 қаулысы, «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 102 қаулысының, «Ауыл шаруашылыєы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
8. Облыстың жергілікті атқарушы органдарының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн мемлекеттік қызмет алушыға бекiтiп беру туралы қағаз тасығыштағы қаулысы (бұдан әрі - қаулы) не болмаса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі дәлелді жауабы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
10. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру кезінде мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мыналарды ұсынады:
1) конкурс өткізу кезінде:
осы регламентің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аңшылық алқаптарын бекітіп беру бойынша конкурсқа қатысуға өтініш;
«Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу ережесiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 40 қаулысы, «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 102 қаулысымен бекітілген бiлiктiлiк талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар (түпнұсқалар немесе нотариалды түрде куәландырылған көшiрмелер);
«Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу ережесiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 40 қаулысы, «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 102 қаулысымен бекітілген бiлiктiлiк талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар (түпнұсқалар немесе нотариалды түрде куәландырылған көшiрмелер);
мемлекеттік қызмет алушы жарғысының және заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, салық төлеуші куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері – заңды тұлғалар үшін;
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ жеке куәлігінің немесе паспортының, салық төлеуші куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері – жеке тұлғалар үшін;
Конкурстық өтінімді конкурсқа қатысушылар нөмірленген беттерімен тігілген түрінде ұсынады, соңғы беттері олардың қол қоюымен расталады;
2) мемлекеттік қызмет алушыларға осы тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде:
еркін нысандағы өтініш;
біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері);
тиісті құқықтарды растайтын жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының көшірмелері;
3) бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде:
еркін нысандағы өтініш;
біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері);
аңшылық шаруашылығын жүргізу шарты бойынша міндеттемелердің сақталуын растайтын құжаттар.
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар мыналарды ұсынады:
1) осы регламентің 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға өтініш;
2) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (түпнұсқалары немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері):
құрылтай құжаты, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, салық төлеуші куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмелері) – заңды тұлғалар үшін;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, салық төлеуші куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмелері), заңды тұлғаны құрусыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығын беретін құжаттар – жеке тұлғалар үшін;
әрбір су айдыны және (немесе) учаскесі бойынша мемлекеттік қызмет алушының басшысы жеке бекіткен белгіленген нысандағы балық шаруашылығын дамыту жоспары (түпнұсқасы);
балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұрын бекітіп берілген жеке және заңды тұлғалар үшін – өткен жылы өсімін молайту және балық қорғау іс-шараларына қаржы бөлінгеңдігін растайтын және бөлінген квоталарды игеруі туралы және 2-инспекциямен келісілген ақпарат (түпнұсқасы);
ағымдағы жылғы 1 қаңтарға (өткен қаржылық жылға) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы (болуы) туралы салық органының анықтамасы;
мыналарды жүзеге асыру үшін сервитутты ұсыну туралы мемлекеттік қызмет алушының бірінші басшысының қолы қойылған жазбаша міндеттеме:
бақылаулы аулау – Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне және (немесе) 2-инспекцияға;
ғылыми-зерттеулік аулау – жеке және заңды тұлғаларға;
әуесқойлық (спорттық) балық аулау – жеке тұлғаларға (түпнұсқасы);
3) жергілікті маңызы бар балық қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін - уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құралдардың болуы туралы анықтама;
4) салина артемиясы цисталарын аулау үшін болашағы бар ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін – салиня артемиясы жинау үшін құралдардың, жинау, сақтау және өңдеу жөніндегі технологиялық жабдықтар мен басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама;
5) басқа балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
аулаушы және көлік, оның ішінде шағын өлшемді флотты тіркеу туралы аумақтық көліктік бақылау органының анықтамасы (жүзгіш құралдар болған кезде).
Балық шаруашылығын дамыту жоспарында тиісті іс-шаралар көрсете отырып, өтініш беруші басшысының қолы қойылған акваөсіруді жүргізу туралы жазбаша міндеттеме (акваөсірумен айналысуды көздейтін тұлғалар үшін).
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) конкурс өткізу кезінде:
өткізілген конкурстық қорытындылары бойынша хаттама жасау – конкурстық өтінімі бар конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
тиісті инспекцияның конкурстық қорытындылары туралы хаттаманы жергілікті атқарушы органға жолдауы – конкурстық қорытындыларын шығару күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;
жергілікті атқарушы органның аңшылық алқаптарды немесе балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін мемлекеттік қызмет алушыларға бекітіп беру туралы шешім қабылдауы – конкурс қорытындылары туралы хаттаманы алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) мемлекеттік қызмет алушыларға осы тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде, сондай-ақ олар бойынша бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде – мемлекеттік қызмет алушы осы регламенттің 11-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап жиырма күннен артық емес;
3) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – отыз минуттан аспау керек;
4) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – отыз минуттан аспау керек;
5) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттыѕ 11-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толық болуын тексеру мерзімі – екі жұмыс күні ішінде.
Осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген мерзімдерде қаулы берілмеген немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылмаған жағдайда қаулы берілген деп есептеледі және екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыға берілуге жатады.
12. Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтініш бланкісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында –немесе осы регламентке 1, 2 және 3 қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан уәкілетті орган мен инспекциялардың кеңселерінен алуға болады.
13. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар:
конкурс өткізу кезінде – конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мекенжайбойынша конкурстық комиссиясының хатшысына;
мемлекеттік қызмет алушыларға осы тұлғалардың жеке меншігінде немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде, сондай-ақ олар бойынша бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде - осы регламентке 2- қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан тиісті инспекцияның кеңсесіне тапсырылады.
14.Мемлекеттік қызмет алушыға:
1) құжаттарды қабылдау нөмірін және күнін;
2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрін;
3) қоса берілген құжаттардың санын және атауларын;
4) мемлекеттік қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын;
5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын;
6) мемлекеттік қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлға үшін), немесе атауын (заңды тұлға үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, қажетті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілеттік берілген тұлғаға жеке келген кезде беріледі.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз:
1) конкурс өткізу кезінде – мемлекеттік қызмет алушының конкурстық өтінімін конкурс шарттарына сәйкес келмейтін деп тану;
2) мемлекеттік қызмет алушыларға жеке меншігінде немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде– осы регламенке 4 – қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес болмауы және (немесе) шаруашылық аралық аңшылықты жайластыру материалдарының болмауы;
3) бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде осы регламенке 4 – қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес болмауы және (немесе) аңшылық шаруашылығын жүргізу шарты бойынша міндеттемелерін орындамау.
17. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 13.00 ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 ден 18.00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетілусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі функционалдық құрылымдық бірліктер қатыстырылды (бұдан әрі – ФҚБ):
1) конкурс өткізу барысында:
конкурстық комиссия хатшысы;
конкурстық комиссия;
уәкілетті орган кеңсесінің маманы;
уәкілетті орган жауапты орындаушысы;
уәкілетті орган басшысы.
2) жеке меншікте немесе уақытша пайдалануындағы аңшылық алқаптарын мемлекеттік қызмет алушыға бекіту кезінде, сонымен қатар мерзімі біткен аңшылық алқаптарын мемлекеттік қызмет алушыға қайта бекіту кезінде:
Инспекция кеңсесінің маманы 1;
Инспекцияның жауапты орындаушысы 1;
Инспекция басшысы 1;
уәкілетті орган кеңсесінің маманы;
уәкілетті органның жауапты орындаушысы;
уәкілетті орган басшысы;
жергілікті атқарушы орган басшысы.
3) жеке меншікте немесе уақытша пайдалануындағы балық шаруашылығы айдындарын мемлекеттік қызмет алушыға бекіту кезінде, сонымен қатар мерзімі біткен балық шаруашылығы айдындарын мемлекеттік қызмет алушыға қайта бекіту кезінде:
Инспекция кеңсесінің маманы 2;
Инспекцияның жауапты орындаушысы 2;
Инспекция басшысы 2;
уәкілетті орган кеңсесінің маманы;
уәкілетті органның жауапты орындаушысы;
уәкілетті орган басшысы;
жергілікті атқарушы орган басшысы
20. Мемлекеттік қызмет ұсыну үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттің өзара қисынды байланысу жүйелігін көрсететін сызба және ФҚБ осы Регламентке 8- және 9-қосымшаларда берілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетуші лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
21. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жергілікті атқарушы органның басшысы және өңірлік инспекциялардың 1 және 2 жетекшілері жауапты (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) болып табылады.
Мемлекеттік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімде жүзеге асырылуына лауазымды тұлғалар жауапкершілік жасайды.
қызметтер регламентіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің
аумақтық инспекциясының мекенжайы
№ р/с |
Аумақтық инспекция |
Заңды мекенжайы |
Байланыс телефондары, электрондық поштаның мекенжайы |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облысының Орман және аңшы-лық шаруашылығы комитетінің аумақ- тық инспекциясы
|
Көкшетау қаласы, Громова көшесі 21 а, |
тел.: 8-716-2-31-55-87; 8-716-2-31-57-11; Электрондық пошта:
|
________________________
«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік
қызметтер регламентіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
аумақтық инспекциясының мекенжайы
№ р/с |
Аумақтық инспекция |
Заңды мекенжайы |
Байланыс телефондары, электрондық поштаның мекенжайы |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Ақмола облысы бойынша балық инспекциясы бөлімі Есіл облысаралық балық шаруашылығының бассейндік инспекциясы |
Көкшетау қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі ,81 |
тел.: 8-716-2-25-67-18; 8-716-2-40-18-54; электрондық пошта:
|
_______________________
қызметтер регламентіне
3-қосымша
Облыстың жергілікті атқарушы органының
мекенжайы мен байланысу мәліметтері
№ р/с |
Облыстың жергілікті атқарушы органының атауы
|
Мекенжайы |
Байланысу мәліметтері |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
Көкшетау қаласы, Абай көшесі 89, |
тел.: 8 (716-2) 25-19-86, 25-21-30; электрондық пошта: [email protected], |
«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік
қызметтер регламентіне
4-қосымша
____________________________________________________________________
«___»____________20 ___ ж.
облысы ________ ауданында аң аулайтын алқаптарды
бекiтiп беру жөнiнде конкурсқа қатысуға конкурстық өтінiмдi
қабылдауыңызды өтiнемiн.
Өтінiш берушi туралы мәлiмет:
боламын, менiң конкурстық өтiнiмiм ұтқан болып танылған жағдайда
аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт жасасуға мiндеттенемiн.
M.O.
«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік
қызметтер регламентіне
5-қосымша
бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат етуді және қажетті конкурстық құжаттаманы беруді сұраймын.
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер (заңды тұлғаның, ведомстволық тиесілілігі (бар болса), жеке тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты, деректемелері, мекенжайы) ____________________________
2. _______________________________ облысы әкімдігінің 20_ жылғы
"__"____________ № ______________ қаулысына және аумақтық бөлімшемен
_________________________________________________________ жасалған
20__жылғы "__" ______________№ ______ келісімге сәйкес бұрын бекітіліп берілген су айдыны және (немесе) учаске ______________________________
____________________________________________________________________
3. Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі ___________________ ________________________________________
Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру мерзімі ________________________ жыл.
Осы «Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтама беру» жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі Регламент) келесі ұғымдар қолданады
25 12 2014
1 стр.
Осы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» регламенттінде (бұдан әрі Регламент) мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады
09 10 2014
1 стр.
Осы «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) регламентте келесі негізгі ұғ
25 12 2014
1 стр.
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі
25 12 2014
1 стр.
Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру» регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
08 10 2014
3 стр.
Осы «Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру» мемлекеттік қызметі регламентінде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады
09 10 2014
4 стр.
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
08 10 2014
3 стр.
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
08 10 2014
3 стр.