Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы «___»_____
№ _____ бұйрығымен
бекітілген
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»
мемлекеттік қызмет регламенті
-
Негізгі ұғымдар
1. Осы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» регламенттінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) құрылымдық бөлімше - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - Министрлік), оның міндетіне куәландырушы орталықты сараптауды ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу және куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті беру (беруден бас тарту) жөніндегі шешімді қалыптастыру кіреді;
2) сараптамалық комиссия – Министрлікпен құрылған, куәландырушы орталықтарды аккредиттеу жөніндегі комиссия;
3) мемлекеттік қызметті алушы – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде оның заңды құқықтары мен мүдделері қанағаттандыру мәні болып табылатын заңды немесе жеке тұлға;
4) куәландырушы орталықты аккредиттеу (бұдан әрі - аккредиттеу) - куәландырушы орталықтың қызметтер көрсетудегі құзыреттілігін Министрлікпен ресми мойындауы;
5) «құрылымдық-функционалдық бірлік (ҚФБ)» - мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелері немесе олардың кіші жүйелері (бұдан әрі - ҚФБ).
6) Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмнiң қызметкерi (бұдан әрі – ҚҚҚ) –тұтынушының өтінішін қабылдайтын және тіркейтін қызметкерi.
2. Жалпы ереже
2. Осы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «___» ______ № ____ қаулысымен бекітілген «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» стандартына (бұдан әрі - Стандарт)
және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдегі № 745 қаулысымен сәйкес әзірленді.
3. «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетімен көрсетіледі.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 1-бабы 2-тармақшасының, «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізудің қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1222 қаулысының негізінде көрсетіледі.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе тұтынушыға пошта бойынша жөнелтілетін немесе қолына берілетін жазбаша түрде куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті беруден дәлелденген бас тарту туралы болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде сараптау комиссиясының мүшелері ретінде келесі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысуы мүмкін:
1) «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет Министрлікпен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден бастап 18.30-ге дейін күн сайын көрсетіледі, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін көрсетіледі. Қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді. Жылдамдатылған қызмет көрсету режимі көзделмеген. Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, кабинеті № А781, телефон: (87172) 74-03-64.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mci.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады немесе 8 (7172) 74-10-34 телефоны бойынша беріледі.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың №7 тармағында және Қағидаларда көрсетілген мерзімнен аспауы тиіс.
11. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады, егер:
1) мемлекеттiк қызметтi
алушымен осы Регламенттің 15 тармағына сәйкес қажетті құжаттар ұсынылмаса;
2) мемлекеттiк қызметтi
алушымен дұрыс ақпарат ұсынылмаса.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1) ҚҚҚ Министрліктің жұмыскері тұтунышуның оған құжаттар қоса берілгенмен өтінішін қабылдайды, тіркейді және Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшесіне жолдайды;
2) өтінішті құрылымдық бөлімшесінің басшысымен тағайындалған орындаушы қарайды, қажетті құжаттардың дұрыс толтырылғандығын және толықтығын тексереді, сараптау комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;
3) сараптау комиссиясы тұтынушыны белгіленген талаптардың сәйкестігіне тексереді және тексеріс нәтижелері бойынша актіні рәсімдейді;
4) куәландырушы орталығын аккредиттеу немесе көрсетілген куәлікті беруден дәлелденген бас тарту туралы куәлікті тексеру нәтижелері жөніндегі акті негізінде Министрлікпен беріледі.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдау Министрліктің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күні ішінде жұмыскермен жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер
(өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
14. Мемлекеттік қызмет тұтынушының жеке өтініші бойынша беріледі.
Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Комитетке қосымшаларын көрсетумен ілеспе хатты ұсынады, ол Комитеттің ҚҚҚ қызметкерімен ілеспе хатта көрсетілген тізім бойынша қабылдап алынады. Мемлекеттік қызметті алушыға Стандарттың №14 тармағына сәйкес тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
15. Мемлекеттік қызметті алушы Министрлікке ілеспе хатымен осы Регламенттің №3 қосымшасында көрсетілген құжаттарды тапсырады.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын құрылым-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрі - ҚФБ):
1) алушының өтінішін қабылдайтын және тіркейтін ҚҚҚ жұмыскері;
2) өтінішті қарайтын және мемлекеттік қызмет нәтижесін рәсімдейтін Министрліктің құрылымдық бөлімшесі;
3) белгіленген талаптарға және тексеру нәтижелері туралы қалыптасатын актінің сәйкестігіне тұтынушының тексерілуін жүзеге асырушы сараптау комиссиясы.
17. Реттілікті және ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің өзара іс-қимылын сипаттау осы Регламенттің №1 қосымшасында келтірілген.
18. ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің логикалық бірізділігінің арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің №2 қосымшасында келтірілген.
5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
19. Министрліктің басшысы (бұдан әрі - лауазымды тұлға) мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.
Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуді жүзеге асыруға жауапты.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы «___»_____
№ _____ бұйрығымен
бекітілген «Куәландырушы
орталықтарды аккредиттеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
1 кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
|
Негізгі үдерістің әрекеті (барысының, жұмыс ағынының)
|
1
|
Әрекеттің (барысы, жұмыс ағыны) №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
2
|
ҚФБ атауы
|
ҚҚҚ қызметкері
|
Министрліктің құрылымдық бөлімшесі
|
Сараптамалық комиссия
|
Министрліктің құрылымдық бөлімшесі
|
3
|
Әрекеттің (үрдіс, рәсім, операция) атауы және олардың сипаттамасы
|
Құжаттарды қабылдау және тіркеу
|
Құжаттарды қарау және куәландырушы орталықты зерттеуді жүргізуді тағайындау немесе бас тарту туралы шешімді бекіту
|
Куәландырушы орталықты зерттеу
|
Куәландырушы орталықты зерттеудің қорытындыларын қарау
|
4
|
Аяқтау формасы (деректер, құжат, ұйымдық-басқарушылық шешім)
|
Тиісті шешімді бекіту үшін Орталық атқарушы органға ұсыну
|
Куәландырушы орталықты зерттеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу
|
Куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті құру
|
Куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікке қол қою
|
5
|
Орындалу мерзімі
|
15 минут
|
5 күнтізбелік күн
|
23 күнтізбелік күн
|
2 күнтізбелік күн
|
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы «___»_____
№ _____ бұйрығымен
бекітілген «Куәландырушы
орталықтарды аккредиттеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2 қосымша
Қорытынды беру бойынша үрдіс

3. ҚР ККМ Байланыс және ақпарат комитеті
(сараптамалық комиссия)
КО зерттеу.
Зеттеу туралы актілерді құру.

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы «___»_____
№ _____ бұйрығымен
бекітілген «Куәландырушы
орталықтарды аккредиттеу»
мемлекеттік қызметтер регламентіне
3 қосымша
Мемлекеттік қызметтерді алуға Министрлік өтінішпен бірге тұтынушыларға берілетін құжаттардың тізбесі
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
2) еркін таратуға жатпайтын, сондай-ақ жеке әзірлеген жағдайда авторлық құқықты растайтын құжаттарды пайдаланылатын бағдарламалық құралдарға лицензиялардың және/немесе сертификатардың көшірмелері;
3) мемлекеттік ақпараттық жүйелермен аккредиттелген куәландырушы орталықты ықпалдастырған жағдайда куәландырушы орталықтың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкес аттестаты;
4)өтініш беруші бекіткен куәландырушы орталықтың модульдерінің (құрауыштары) өзара іс-қимылының сызбалары және қолданылатын криптографиялық қалыптастыру алгоритмдері туралы деректер және электрондық цифрлық қолтаңба үдерісін іске асыру жөніндегі басқа да бастапқы деректер (негізгі талаптар) мен жекелеген параметрлерге және куәландырушы орталыққа қойылатын талаптар бар электрондық цифрлық қолтаңбаның сызбалары;
5) мыналарды:
куәландырушы орталықтың ақпараттық қауіпсіздік саясатын;
куәландырушы орталық қызметінің регламентін немесе ережесі;
тіркеу куәліктерін қолдану саясатын;
куәландырушы орталық туралы ережесін реттейтін бекітілген нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі;
төтенше, дағдарысты жағдайларда куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін сүйемелдеу, әкімшілендіру, шығару жөніндегі жұмыстарға тікелей қатысатын өтініш берушінің тұлғасынан жұмыстарды жүзеге асыратын жұмыскерлердің (бұдан әрі - жауапты адамдар) әрекеті жөніндегі нұсқаулықты;
куәландырушы орталықтың ақпараттық ресурстарын резервтік көшіру туралы нұсқаулықты;
куәландырушы орталықтың бағдарламалық қамтамасыз етілуін орнату және жөнге келтіру жөніндегі нұсқаулық;
6) осы куәландырушы орталықта және оны пайдаланушылар қолданатын ҚР СТ 1073-2007 бойынша пайдаланылатын АКҚҚ-ға сәйкестік сертификаты.
