Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1



Маңғыстау облысы әкімдігінің

2012 жылғы «___»__________

№ ___ қаулысымен бекітілген

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында

экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) регламентте келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) білім беру ұйымы – меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымы;

2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – уәкілетті органдардағы жауапты тұлғалар, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер және оларға бағынысты жүйелер;

3) мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлға.



2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) рәсімін анықтайды.

3. Мемлекеттік қызмет меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарымен (толық атауы, заңды мекенжайлары құрылтайшылық құжаттарында көрсетілген) (бұдан әрі – білім беру ұйымдары), аудандардың және қалалардың білім бөлімдері көрсетеді.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 27-бабына, 6-бабының 4-тармағының 21-3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы

№ 125 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі негізінде көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы анықтама немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.



3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушы осы Регламенттің 13-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.

Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.

10. Мемлекеттік қызмет аудандық (қалалық) білім бөлімінің анықтауымен мемлекеттік қызметті алушы экстернат нысанында білім алуға өтініш білдірген білім беру ұйымының ғимаратында жүзеге асырылады.

11. Мемлекеттік қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті алуға өтініш қабылдағаннан бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген уақытқа дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы өтінішті еркін үлгіде ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей білім беру ұйымы басшысының атына береді;
2) мемлекеттік қызметті алушының өтініші білім беру ұйымында тіркеу журналында тіркеледі және білім беру ұйымының басшысына беріледі;
3) білім беру ұйымының басшысы экстернді экстернат нысанында қорытынды аттестаттауға жіберу туралы мәселені білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің қарауына ұсынады;
4) білім беру ұйымының басшысы бұйрық немесе бас тарту туралы дәлелді жауап шығарады және мемлекеттік қызметті алушыға береді.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжат қабылдауды іске асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкер.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер тәртібінің (өзара іс-қимылдар) сипаттамасы
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішке қоса:

1) білім алушының денсаулығы туралы медициналық-әлеуметтік

сараптаманың (бұдан әрі – МӘС) анықтама-қорытындысын;

2) білім алушылардың ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалардың шетелде уақытша тұратындығы туралы анықтаманы, оқушылар

алмасу желісі бойынша шетелде білім алғандығын растайтын құжатты;

3) білім алушылардың соңғы оқыған сыныбында берілген үлгерім табелінің көшірмесін (нотариалды расталған) ұсынады.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.

15. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті барлық құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға алынған күні туралы белгі қойылған тізімдеме беріледі

16. Көрсетілген қызмет нәтижесін жеткізу мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысуымен болады.

17. Мынадай:1) мемлекеттік қызметті алушы осы Регламенттің 13-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;

2) денсаулық жағдайына байланысты жалпы білім беру ұйымдарында оқуға мүмкіндігі жоқ тұлғаларға;

3) шетелде уақытша тұратын немесе тұрақты тұруға кеткен, немесе оқушылардың халықаралық алмасу желісінде шетелде білім алушыларға;

4) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында уақытында оқуын аяқтамаған тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

18. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі – ҚФБ):

1) білім беру ұйымының басшысы;

2) білім беру ұйымының жауапты тұлғасы;

3) білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі.

19. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсетумен әр ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдердің) дәйектілігі мен өзара іс-қимылдарының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

20. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттер мен ҚФБ қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымдық

тұлғалардың жауапкершілігі
21. Мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне жауапты тұлға білім беру ұйымының басшысы болып табылады (бұдан әрі – лауазымды тұлға).

22. Лауазымды тұлға мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде көрсетуді іске асыру мен сапасына жауапты болады.

«Негізгі орта, жалпы орта білім

беру ұйымдарында экстернат

нысанында оқытуға рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша


Әкiмшiлiк әрекеттердің (рәсiмдердiң) кезеңдiлiгiн сипаттау және өзара әрекет
1-кесте. ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі үдеріс әрекеттері (жұмыс ағыны, барысы)

Іс-әрекет № (жұмыс барысы, ағыны)

1

2

3

ҚФБ атауы

Жауапты тұлға

Білім беру ұйымының басшысы

Жауапты тұлға

Іс-әрекет (үдерістің, ресімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, өтінішті тіркеу

Экстернді экстернат нысанында қорытынды аттестаттауға жіберу туралы мәселені педагогикалық кеңес қарауына шығару

Бұйрықты тіркеу

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық- өкімдік шешім)

Қажетті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру

Бұйрықты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты шығару

Бұйрықты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру

Орындау мерзімдері

30 минут

15 жұмыс күні

30 минут



2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс

1-топ ҚФБ

Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы



2-топ ҚФБ

Білім беру ұйымының басшысы



3-топ ҚФБ

Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы



№ 1 іс-әрекет

Құжаттарды қабылдау, өтінішті тіркеу, мемлекеттік қызметті алушыға қажетті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру



№ 2 іс-әрекет

Экстернді экстернат нысанында қорытынды аттестаттауға жіберу туралы мәселені педагогикалық кеңес қарауына шығару



№ 4 іс-әрекет

Бұйрықты тіркеу






№ 3 іс-әрекет

Бұйрық не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты шығару



№ 5 іс-әрекет

Бұйрықты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру


«Негізгі орта, жалпы орта білім

беру ұйымдарында экстернат

нысанында оқытуға рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымша


Функционалдық өзара әрекет сызбасы







Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы бұйрықты тіркейді, бұйрықты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жуапты береді




Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы құжаттарды қабылдайды, өтінішті тіркейді, қызметті алған күні көрсетілген тізімді береді





Білім беру ұйымының басшысы

Экстернді экстернат нысанында қорытынды аттестаттауға жіберу туралы мәселені педагогикалық кеңес қарауына шығарады, бұйрық не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәледі жауапты шығарады



Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»

Осы «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) регламентте келесі негізгі ұғ

93.65kb.

25 12 2014
1 стр.


«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»

Жаттарында көрсетілген негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдары

410.81kb.

14 12 2014
4 стр.


«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»

Жаттарында көрсетілген негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдары

427.34kb.

13 10 2014
4 стр.


Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру ТҰжырымдамасы

Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама) жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары б

224.58kb.

17 12 2014
1 стр.


Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік ұсынымдар

Р бғм білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының

323.73kb.

13 10 2014
1 стр.


Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды

264.51kb.

25 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «31» тамыздағы

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қаб

80.28kb.

13 10 2014
1 стр.


«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдары (

62.91kb.

12 10 2014
1 стр.