Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қаракөл селолық округінің әкімі Жусупбекова Д.А 2012 жылғы

селолық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

ақпараты
Құрметті ауылдастар!
Өткен 2012 жыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығы, еліміздің жеңісі - «ЭКСПО 2017» халықаралық серпілісі Астанада өткізуі, әрине, ең бастысы, бүкіл қазақстандықтардың бірлігі нығайтуына жаңа жеңістерге жетуіне рухтандыратын «Қазақстан 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы сияқты оқиғалармен атап өтілді.

Маған екі селодан құрылған Қаракөл, Речной селолық округтердің жағдайы туралы қысқаша баяндап беруге рұқсат етіңіздер. Әкімшілік орталығы Қаракөл селосына орналасқан.

Селолық округтің аумақтық көлемі – 64217 га жарамды жер көлемі: Қаракөлде; 32897, Речнойда – 31320 га, оның ішінде егістік жерлері: Қаракөлде – 30012; Речнойда – 28167. Жайылымдық жер: Қаракөлде – 2873 га; Речнойда – 2374 га.

Тұрғындар саны – 703 адам: Қаракөлде – 450, Речнойда – 253 адам, барлығы 221 отбасы тұрып жатыр. Селодағы еңбекке жарамдылар Қаракөлде 251 адам, Речнойда 156 адам. Зейнеткерлер саны –100, олардың 45-і Речнойда, 55-і Қаракөлде тұрады. Мүгедек санатындағылар – 27, Речнойда – 8, Қаракөлде – 16 адам.

Қаракөл селосында базалық шаруашылық АШК «Каракольский» ЖШС орналасқан атқарушы директоры С.С Давидович. Шаруашылық село аумағыда орналасқан жақсы материалдық базасы бар, сонымен қатар селоның әлеуметтік жағдайын жақсарту мен дамытуда үлес қосуда. Село тұрғындарының негізгі бөлігі осы аталған ауылшаруашылық кәсіпорындарында жұмыс істейді. Негізгі әлеуметтік қиындықтарды осы аталған кәсіпорындардың шешуіне тура келеді. АШК «Каракольский» ЖШС 2012 жылы әлеуметтік салаға 12 908 220 тенге ақша бөлді. (Тамақтану, аспаздардың жалақысы, Спартакиада, спорттық құрал-жабдықтар алуға, су тасу, көмір, Жаңа жылды өткізу, Қарттар күні, 8 Наурыз, Наурыз мейрамы, нанға дотация,колонкаларды ұстауға) АШК «Каракольский» ЖШС су құбыры мен наубайхана ұстайды 1 бөлке нанның бағасы 50 теңге. Тұрғындарды жем-шөппен және мөлшерленген бағада ағаш, көмір тасымалдап қамтамасыз етіп отыр. СХП «Каракольский» ЖШС өз жұмысында жаңа агротехникалық әдістерді пайдаланып,машина- тракторлар паркін үнемі жаңартып отырады. Басқа ЖШС селолық округте тек егістік жұмыстары кезінде ғана жұмыс істейді. Шаруа қожалықтары негізінен шағын болғандықтан, селоның инфрақұрылымын қамти алмайды. Речное селосында базалық шаруашылықтың болмауы, селоның әлеуметтік жағдайына әсер етеді, шаруа қожалықтары бір реттік қана көмек бере алады. Бұл селоның инфрақұрылымын жақсартуға жеткіліксіз.Село тұрғындарының негізгі кірісі жеке аула шаруашылығы болып табылады. Селолық округінде жеке меншік мал саны: Ірі қара 482 бас, шошқа 563, жылқы 38, қой- ешкі 491 бас, құстар 2528 бас. Селолық округіте тиісті ветеринарлық- алдын алу жұмыстары өткізіледі, ірі қараларды сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді, бірақ ветеринарлық төлқұжаттармен қамтылмаған. Ірі қара табынын жақсарту жұмыстары мен жұқпалы ауруларға қарсы іс-шараларды уақытында өткізуді бақылау жұмыстары жалғасуда. Жергілікті ірі қара тұқымын жақсарту үшін 4 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды: АШК «Каракольский» ЖШС-1бас, «Азамат 2030» ЖШС-1 бас, «Мас» ШҚ -2 бас. Аудан бойынша жем-шөп бағасын төмендету қажеттілігі туралы ұсыныс енгізгу керек. Ол мал санының артуы мен ет өнімдері бағасының төменеуіне әсер етеді.
БІЛІМ БЕРУ
Ауылдық округте 2 мектеп бар. Қаракөл орта мектебі бейімделген бұрынғы бала бақша ғимаратында орналасқан, сол себепті ғимарат қазіргі заманғы талаптарға сай келмейді, соған қарамастан мектепте 85 оқушы оқиды, оқыту екі тілде: мемлекеттік (37 оқушы) және орыс (48 оқушы) тілдерінде екі ауысымда білім алуда.

Мектепте 25 ұстаз жұмыс істейді, оның ішінде 21 адам жоғары білімді,орта арнаулы біліммен 1 адам. Бірінші санатты-8 адам, екінші санатты-15 адам, санаты жоқтар-2 адам. Мектепте интерактивті тақта жоқ, сондай-ақ компьютерлерді жаңарту керек.

АШК «Каракольский» ЖШС базалық шаруашылығы Қаракөл орта мектебіне 2012 жылы бойынша -1 124 мың теңге бөлді соның ішінде мектепте ыстық тамақтануға- 779 мың теңге, су тасу, көмірге -210 мың теңге, 1 қыркүйекке сыйлықтар- 50 мың тенге,мектепті жөндеу жұмыстарына- 35 мың тенге, жазғы лагерьді ұстау үшін- 50 мың тенге жұмсады. Ағымдағы мектепті жөндеу жұмысына демеушілік көрсеткен ШҚ: «Московский» -20 мың теңге,

«Даулет» - 5мың теңге, «Нива» -5 мың теңге. Сонымен бірге мектеп қажеттілігіне «Московский» ШҚ 100 мың теңге бөлді.

«Бұзылық бастауыш мектебі» ММ 1964 жылы салынған типтік бір қабатты ғимартта орналасқан. Мектептің материалдық-техникалық базасы тиісті талаптарға сай келеді. Оқу орнында жабдықталған кабинеттер,медициналық кабинет,спорттық зал, 30 орынды асхана, лингафонды кабинет,психолог кабинеті бар.

Оқыту орыс тілінде жүргізіледі, барлық оқушы саны – 12, мұғалімдер –8, Мұғалімдердің барлығы жоғары білімді, бірінші санатты 50% құрайды. Мектепті қайта ұйымдастыруға байланысты күнделікті «Победа ОМ»ММ 10 оқушы жеткізіледі.Мектепке «Азамат 2030» ЖШС (Давиденко А.Г) , «Айгуль» ШҚ (Шабанов Р.К ), «Александра» ШҚ (Пугач А.И) бөлген қаржы есебінен ыстық тамақтандыру ұйымдастырылған.Мектептегі оқу- тәрбие үрдісінде дәстүрлі іс-шараларға демеушілер: Давиденко А.Г, Пугач А.И,Токтубаев К.Ш, Шабанов Р.К,Шаржау., Бережной С.А есебінен өткізді.

Біздің мектептердің басты мәселесі – оқулықтармен қамтамасыз ету,әсіресе мемлекеттік тілде оқытылатын мектептерді қамту, химия, физикадан зертханалық жұмыстар өткізуге құрал-жабдықтардың жоқтығы, жиһаздарды жаңарту.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмекті медициналық пунктте көрсетеді. Қазіргі кезде медпункт әкімдік ғимаратында орналасқан. Қаракөл селосында медициналық пункт мемлекеттік мекеме ғимаратының бір бөлмесінде орналасқан. Речное селосында медпункт Қаракөл селолық әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің ғимаратында орналасқан,бірақ екі бөлмені алып отыр.

Вакцинация,екпе жасау, амбулатория жағдайында емдеу шаралары жоспарлы түрде жүргізіледі, ауыл тұрғындары жыл сайын флюро-тексеруден өтіп тұрады, 2012 жылы ересектердің 100% қамтылды. Медициналық қызмет көрсету аудандық денсаулық сақтау бөлімінің жоспары бойынша көрсетіледі. Халық толық алғашқы-медициналық- санитарлық көмекпен қамтылған Әр жыл сайын жылжымалы флюротексеруден өту жүргізіледі.


МӘДЕНИЕТ
Селолық клуб ғимараты типті, 200 орынға арналған. Құрылыс 1964 жылы салынған, мемлекеттік меншікке берілген. Клуб аудандық мәдениет үйінің қарамағына енеді, селолық клуб ғимараты іске қосылмаған. Қазіргі кезде электрмен қамту және электр желісіне қосудың техникалық жағдайын жобалау Астана қ. «Акмолинская распределительная электросетевая компания» АҚ берілді.

Клуб ғимаратында жағдайға қарай түрлі мәдени және қоғамдық іс-шаралар өткізіледі (үйлену тойы, дискотекалар). Негізінен мерекелік іс-шаралар, кездесулер мектепте жүргізіледі.

2012 жылы 47 іс-шара өткізілген, оған 3161 адам қатысқан, ақылы қызмет көрсету -17,0 мың теңгені құрады.

Клубтағы құрылымдар саны-12, қатысушылар саны-100 адам.

АШК «Каракольский» ЖШС мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге: 8 Наурызға- 45 мың теңге, Наурыз- 185 200 теңге, Жаңа жылға- 396 мың теңге бөлген.

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ
Селолық округте учаскелік инспектор Кучербаев А жұмыс істеуде. Сонымен қатар 2 адамнан тұратын құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылым бар. Ауылдағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Ауылда «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымы жұмыс істейді, кәсіподақ ұйымдары да бар. Діни бірлестік ұйымдары байқалмаған.
ТЕЛЕФОНМЕН ҚАМТУ. ПОЧТА
Қазіргі уақытта 232 пәтер телефонмен қамтылған, 24 қызметтік және 77 радио телефон, барлық телефондандырылған 256 пәтер. Сандық станциялар екі селода қойылған, бұл тұрғындарды телефон байланысымен қамтуда 100% мүмкіндік туғызып отыр.

32 абонент Мегалайн мен 65 абонент терминал қызметіне қосылған.

012 жылы селолық округіне 45 «Отау –ТВ» спутникалық антенасы қойылған.

Почта бөлімшесі күніне үш сағат жұмыс істейді. Зейнеткерлер мен мұғалімдер, жәрдемақы алушы ауыл тұрғындары аударылған ақшаны өз уақытында алып тұрады. Баспасөзге жазылуға, сәлемдеме жөнелтем деушілер почта қызметін пайдалана алады.


ЭЛЕКТР ҚУАТЫ МЕН ГАЗДЫ ТҰТЫНУ
Электр қуатымен толық қамтылған, газды тұтынушылар газ баллонмен қамтылған.
СУМЕН ҚАМТУ
Қазіргі күнде Қаракөл селосындағы су жүйесі аудандық ТКШ (тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық) бөліміне берілген.

2012 жылы Речной селосының суқұбырлар жүйесі иесіз деп танылып, ауданның коммуналдық меншігіне берілді. Қазір техқұжат дайындау мен жер учаскесінің орнын әділет басқармасыда тіркеу, қайта қалпына келтіруге немесе жаңа су құбырына ЖСҚ жұмыстары жүргізілуде.


КӨРКЕЙТУ
Село тұрғындардың барлығы тұрғын үйлермен қамтылған. Мүмкіндікке қарай қоқыс пен қалдықтарды тасып шығарумен айналысады, бұл үшін шаруашылықтар арнайы техникалар мен адамдар бөледі, көктемде адамдардың өздері де қалдық қоқыстарды шығарып тасиды.
2013 ЖЫЛҒЫ ДАМУ ЖОСПАРЫ
1. Қаракөл селосындағы клуб ғимаратында жөндеу жұмысын жүргізу және селолық клубты электрмен қамту жұмыстарын аяқтау.

2. Жұмыссыз, өзі бетінше жұмыспен айналысушы азаматтарды жұмыспен қамту үшін мемлекеттік бағдармалар бойынша жұмыс жүргізу



3. Селолық округті көркейту жұмыстары.

Ақпараты Құрметті ауылдастар!

«Қазақстан 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті- елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы сияқты оқиғаларме

60.83kb.

25 12 2014
1 стр.


Өскемен ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Қайырлы күн, құрметті ауылдастар!

Сіздерге мәлім. Бүгінгі күні мен Сіздерге өткен жылда қандай жетістіктерге жеткеніміз туралы, алдымыздағы келер жылда, яғни 2013жылы қандай жұмыстар атқару керектігі және де сіздер

101.22kb.

25 12 2014
1 стр.


ҚҰРметті есеп беру кездесуіне қатысушылар! ҚҰрметті ауылдықтар!

Тұрғысын селолық округінің әкімі Вячеслав Евгеньевич Клиновицкийдің ауылдың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы

261.04kb.

15 10 2014
1 стр.


ҚҰРметті әбілғазы қалиақпарұЛЫ! Құрметті әріптестер!

Тұрғындарымыздың авиатасымалға сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2010 жылы жақын және алыс шетелдермен қосатын жаңа 5 авиабағыт ашылды

43.59kb.

25 12 2014
1 стр.


Құрметті Алик Серікұлы! Құрметті депутаттар!

Сіздердің құзырларыңызға 2013 жылы Маңғыстау облысы бойынша құрылысқа және тұрғын үй құрылысына бөлінген қаражаттың игерілуі туралы мәліметті ұсынуға рұқсат етіңіздер

63.05kb.

25 12 2014
1 стр.


Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті алқа мәжілісіне қатысып отырған әріптестер және шақырылған қонақтар!

Экономикалық даму және сауда министрлігінің жұмысы келесі негізгі бағыттарда атқарылды

124.17kb.

25 12 2014
1 стр.


Құрметті Серік Кенғанұлы! Құрметті жиынға қатысушылар!

Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жариялады. Алдағы қырық жылғы жуық мерзімге жоспарланған маңызды құжат деп білеміз

87.37kb.

10 10 2014
1 стр.


Құрметті министрлер, Жоғары мәртебелілер. Құрметті қонақтар, Ханымдар мен мырзалар

Ең алдымен Президент Назарбаевқа өз алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Бұл басқосу оның әлемдік ядролық қарусыздану саласындағы көшбасшылығының тағы бір мысалы болып табылады

13.83kb.

15 09 2014
1 стр.