Перейти на главную страницу
Осы типтің өкілдері әр түрлі бактериялар, қарапайымдылар және біржасушалы балдырлармен қоректенеді. Демек олар гетеротрофтарға жатады. Олар суда еріген оттегіні бүкіл денесімен сіңіру арқылы тыныс алады. Зиянды заттар ерітіндісін цитоплазмадағы жиырылғыш вакуоль арқылы сыртқа шығарады . Ортаның колайсыз жағдайында циста түзеді. Кейбір түрлерінде жасушасының сырты әкті қаңқамен қапталған (сәулелі өрмекаяк, қошқармүйіз көпірме). Қаңқалары немесе бақалшақтары әктен түзілген саркодиналардың қалдықтарынан топырақ әктенеді, мұндай қалдықтар тау жынысын түзуге қатысады. Паразитті түрлері адамда және жануарда ішек ауруларын тудырады. Мысалы дизентериялық амеба адамның тоқ ішегінде дизентерия (кантышқақ) ауруын тудырады.
Бұл кластың өкілдері: Амеба (Аmoedinа).отряды.
Амеба отряды — Атоеbiпа
Адам денесінде амебаның бірнеше түрлері кездеседі, олардың ішінен маңыздысы — қантышқақ (дизентерия) амебасы (Еntamoeba histolytica) (1-сурет).
1-сурет. Дизентерия және ішек амебалары.
а) ірі вегетативтік формасы, б, в) ұсақ вегетативтік формасы: 1-эктоплазма, 2-эндоплазма, 3-жалған аяқтары, 4-ядро, 5-кариосома, 6-ас қорыту вакуоляларындағы эритроциттер; г) циста.
Дизентерия амебасы — Еntamoeba histolytica адамдардың зілді ауруы —амебиаз ауруының қоздырушысы болып табылады. Ол адамның тоқ ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ол барлық жерлерде, әсіресе климаты ыстық болып келетін жерлерде, кездеседі.
Бұлар тек адам паразиті болып табылады. Оның тіршілік циклінде мынадай формалары кездеседі: циста, ұсақ вегатативтік формасы (forma magna), ірі вегетативтік формасы (forma minuta) және ұлпалық формасы.
Инвазиялық сатысы болып 4 ядролы циста саналады. Ол лас қол арқылы, не жуылмаған жеміс-жидектерді жегенде адамға жұғады. Адам ішегіңде циста қабығы еріп 4 ядролы амебаға айналады. 4 ядролы амеба тез бөлініп 4 бір ядролы ұсақ вегетативтік формасы (7-15 мкм) (forma minuta) түзіледі. Ұсақ вегетативтік амеба тоқ ішекте бактериялармен қоректеніп, ұзақ уақыт зиянсыз тіршілік етеді. Тоқ ішектің төменгі бөлімдеріне өтіп ол цистаға айналады да нәжіспен сыртқа шығарылады.
Ішектің амеба аркылы зақымдануы салдарынан ұсақ вегетативтік формаға (forma minuta) ірі вегетативтік формаға (forma magna) айналады. Оның өлшемі ірілеу 30—40 мкм және ядро кұрылысы ерекше болып келеді. Олар эритроциттермен қоректенеді, сондыктан оларды эритрофагтар деп атайды.
Ішек қабырғасының ұлпасында көбеюші амебалар (ұлпалық формасы) ішек қуысына өтуі мүмкін. Олардың кұрылысы және көлемі ірі вегетативтік формаға ұқсас болады, бірақ олар эритроциттермен қоректене алмайды.
Емдеу немесе ағзаның қорғаныстық реакциясының күшеюі нәтижесінде ірі вегетативтік форма қайтадан ұсақ вегетативтік формаға өтіп цистаға айналады.
Кейбір адамдарда ұсақ вегетативтік форма еш уақытта да ірі вегетативтік формаға айналмайды. Ондай адамдарды циста тасымалдаушылар деп атайды. Олар өздері ауырмайды, бірақ басқа адамдар үшін өте қауіпті, себебі басқа адамдардың зақымдану кезінің бірі болып табылады. Циста тасымалдаушы 1 тәулікте 600 млн цисталарды боліп шығарады. Оларды дер кезінде тауып емдеу қажет.
Амебиаздың жұғуының жалғыз көзі болып адам саналады. Нәжіспен бөлініп шыққан цисталар топырақты, суларды ластайды, бау-бақшаларға жетіп жеміс-жидектерді ластайды. Ластанған жеміс жидектерді жумай жеген кезде амеба цистасы адамға жұғады. Олардың механикалық таратушылары болып шыбындар, тарақандар саналады.
Адамның ас қорыту жолында дизентерия амебасымен қатар басқа да патогенді емес амебалар кездеседі. Ол - ішек амебасы (Entamoeba coli), ауыз амебасы (Entamoeba dingivalis). Олар адам денсаулығына зиянсыз болып табылады.
Бұл класқа 6-8 мыңға жуық түрлер жатады, олардың көпшілігі адам паразиттері болып табылады.
Талшықтылардың денесі кішкентай, сопақша, домалақ не жіпше тәрізді, пішіні тұрақты. Олардың дене пішінін сақтауға пелликула жәрдемдеседі. Пелликула дегеніміз – көптеген қарапайым жәндіктердің денесін қаптайтын жұқа, иілгіш қорғаныш қабат.
Қозғалу органоиды – талшықтар және.желпуші жарғақша. Талшықтар - дененің алдыңғы жағында орналасқан цитоплазманың ұзын және жіңішке өскіншесі болып саналады. Талшық цилиндр пішінді базальдық денешіктен немесе кинетосомадан тұрады. Кейбір талшықтылардың (лейшмания, трипоносома) талшығының түбінде ерекше органоид - кинетопласт кездеседі, ал кейбіреулерінің талшығы денесін ұзына бойына бойлап, сыртқа шығып тұрады. Цитоплазма онымен жұқа өскінше арқылы жалғанып желпуші жарғақша - (ундилденуші жарғақша) түзеді. Талшықтыларда жасушаның ішіне енетін тығыз салмақ түрінде аксостиль – тірек органелласы бар.
Қоректенуі: гетеротрофты, кейбіреулері автотрофты немесе миксотрофты. Паразит нысаны қоректі денесінің бүкіл бетімен пиноцитоз аркылы сіңіреді; гетеротрофтылардың ас қорыту вакуольдері болады. Бөліп шығару органоиды - жиырылғыш вакуольдері еркін өмір сүретін формаларында ғана кездеседі, ал паразит формалары болмайды. Талшықтыларда негізінен бір кейде екі ядро кездесуі мүмкін.
Көбеюі: жыныссыз, кейде жынысты жолдармен жүреді.
Өкілдері: лейшманиялар, лямблиялар, трипаносомалар, трихомонадалар.
Алғашқы монадалылар отряды.
Лейшмания туысы —Leishтапіа.
Лейшмания трипоносомалылар тұқымдасына жатады. Бұл тұқымдастың ерекше белгісі ретінде даму циклінде, қоршаған орта ерекшеліктеріне қарай, бірнеше морфологиялық формалары бар:
Лейшмания туысының өкілдерінде 2 морфологиялық форма кездеседі: лептомонадалық және лейшманиялык.
Тіршілік циклі иесін алмастыру арқылы жүреді. Лейшманиялық нысаны адамдарда және омыртқалыларда паразиттік тіршілік етеді; лептомонадалык формасы — таратушы насекомдарда кездеседі. Лейшмания тудыратын ауруды лейшманиоздар деп атайды, ол табиғи-ошактық, трансмиссивтік аурулар қатарына жатады.
Лейшманиялар екі түрге бөлінеді:
Ол Жерорта теңізі елдерінде, Азия, тропикалык Африка, Оңтүстік Америка, Орта Азия, Кавказ елдерінде таралған.
Лейшманияның дерматотропты түрінің 3 түрлі тармағы белгілі: L. tгоріса mіnог; L. tгоріса majог (Жер шарының шығысында) және L.tгоріса mехісапа (Жер шарының батысында). Олар тері жасушаларында кездеседі.
Еуропа, Азия, Америка, Африка, Орта Азия және Кавказ елдерінде кең таралған.
Висцералды лейшманиозға ұқсас. Жұғу көзі болып адам және жабайы жануарлар (ұсақ кемірушілер) саналынады. Таратушылары болып шіркейлер есептелінеді.
Ағзаның ашық жерлерінде ұзақ жазылмайтын жаралар пайда болады. Жара жазылғаннан кейін оның орнында тыртық із қалады.
Лабораториялық анықтау - жара бетіндегі ылғалды микроскопиялық зерттеу арқылы жүргізіледі. Алдын алу үшін шіркейлердің шағуынан сақтану; қоғамдық шаралар шіркейлерді, табиғи резервуарларды жою.
Көпталшықтылар отряды - Ро1уmastagіпа
Ішек трихомонадасы (Trichomonas hominis) – ішек трихомонозының қоздырғышы. Тоқ ішектерде орналасады. Барлық жерлерде таралған. Өлшемі 5- 15 мкм, сопақ пішінді, көпіршік тәріздес бір ядросы, 3-4 талшығы және ундулярлы мембранасы бар.
Урогениталды (қынап) трихомонада –Trichomonas vaginalis. Урогениталды трихомонадоз ауруын қоздырушы паразит, ол әйелдер мен ер адамдардың зәр шығару және жыныс жолдарында кездеседі. Ол барлық жерлерде таралған. Бұлар ішек трихомонадасына ұқсас, бірақ ірілеу болып келеді, өлшемі 7—30 мкм. Дене пішіні алмұрт тәрізді; 4 талшығы болады, оның бірі денесінің артына қарай бағытталған.
Олар жыныс-несеп жолдарының қабырғасына бекініп механикалық әсер етеді. Бұл ауруды жыныс-несеп жолдарының бөлінділерін микроскоппен зерттеу арқылы анықтайды. Жеке шаралар - гигиеналык шарттарды сақтау болып табылады.
Трофозоиттар аш ішектің жоғарғы бөліктерінде тіршілік етеді.
Сорғыш дөңгелегінің көмегімен ішек эпителиінің түктеріне жабысады. Өт жолдарында өттің әсерінен тез өледі. Вегетативтік түрлері нәжіспен бөлінбейді, бірақ диарея болса оларды жаңа бөлінген нәжістен табуға болады. Вегетативтік түрлері ішектің төменгі бөліктеріне түсіп, цисталарға айналады. Оған ішектің осы бөліктеріндегі қолайсыз жағдайлар көмектеседі. Цисталар нәжістермен қоршаған ортаға шығады. Онда олар ылғалдылық пен температураға байланысты 1 айға дейін жақсы сақталады. Құрғақтылық цисталардың жойылуына әкеледі. Адамның залалдануы ластанған қол, ойыншықтар, тағам және су арқылы іске асады. Олар арқылы ішекке түскен цисталар вегетативтік түрлерге айналады, бір циста 2 вегетативтік түр құрайды.
Инфекциялық процестің даму ықтималдығы организмге түскен цисталардың санына, асқазанның қышқылдығына және адамның иммундық статусына байланысты.
Аш ішектің шырышты қабатында паразиттік өмір сүретін лямблиялар ішекті жауып тастайды, ішек қабырғасындағы ас қорыту қимылын бұзады, тамақ ингредиенттерін сіңіруді төмендетеді. Лямблиялар өттің әсеріне өте сезімтал, сондықтан олар өт жолдарына патологиялық процестерді тудыра алмайды.
Аурудың клиникалық көріністері негізінде асқынған энтероколит түрінде (бірақ қанды диарея ретінде емес) байқалады және де жаман иісті сұйық нәжіс,метеоризм, іштің ұстамалы ауруды, құсу, кекіру болады.
Вегетативтік түрдегі лямблияны сұйық, ал цистаны қалыптасқан нәжістен табуға негізделген.
Трипаносома – Trypanosoma ( грек.trypanon – бұрғылайды, soma – дене) сопақша денелі, ұзындығы 15 – 40 мкм, толқынданған талшығы және денесі мен талшықтар арасында мембранасы бар. Тек жыныссыз жолмен (шизогония) көбейеді. Полиморфизммен, әрі иелерін ауыстыру арқылы күрделі даму циклінен өтеді.
Паразит дамуының үш сатысы бар:
Африкалық трипаносомозда гамбиялық түрінде дене қызуы біртіндеп, родезиялық түрінде – кенеттен көтеріледі. Барлық лимфа түйіндерінің ұлғаюы, теріде дөңгелек бөртпелердің пайда болуы – осы инвазияның негізгі белгілері болып есептеледі. Ауру бірнеше жыл жалғасатын созылмалы түріне ауысып, орталық жүйке жүйесінің зардаптануымен (мінез құлықтың бұзылуы, жүріс- тұрысының өзгеруі, апатия) сипатталуы мүмкін. Ауру барысында ұйқышылдық, аяқ – қолдың қалтырауы, өткінші салдану, сөйлеудің бұзылысы байқалады. Осы себептен африкалық трипаносомозды африкалық ұйқы ауруы деп атайды.
Бұл класка тек паразиттік формалар жатады. Бұлардың қозғалу органоидтары, ас қорыту және жиырылғыш вакуольдері болмайды. Жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбеюі шизогония (көпшілікті бөліну) күйінде болады. Тіршілік циклі күрделі, иесін алмастыру арқылы жүреді.
Қан споралылары өздерінің дамуының белгілі бір сатысын адамның не әр түрлі омыртқалылардың эритроциттерінде өткізеді. Олардың даму циклі иесін алмастыру арқылы жүреді. Жыныссыз көбеюі адам денесінде, жыныстық көбеюі омыртқасыз жануарларда, (несекомдарда) жұреді. Бұлар спора түзбей бір иесінен екіншісіне тікелей беріліп отырады.
Бұл отряд өкілі болып адам паразиті безгек плазмодиясы саналынады - ол безгек ауруын коздырады. Адамдарда безгек плазмодийінің 4 түрі паразиттік тіршілік етеді:
Plasmodium vivax – үшкүндік малярия туғызушы.
Plasmodium malarie – төрткүндік малярия туғызушы.
Plasmodium falciparium – тропикалық малярия туғызушы.
Plasmodium ovale – үшкүндікке ұқсас малярия туғызушы.
Бәрінің даму циклі және кұрылысы ұқсас: аралық иесі - адамдар, ақырғы иесі - безгек масасы болып табылады.
Бауыр мен талақ ұлғаяды, қаназдылық байқалады. Емделмесе, әдетте, дүние салуға алып келеді.
Бұл отряд өкілдерінің ішінен маңыздысы - токсоплазма.
Токсоплазма адам ағзасының әр түрлі мүшелерінде — бас миында, скелет (қаңқа) және жұрек бұлшықеттерінде, кез ұлпасында, өкпеде, жатыр қабырғасында және ұрық қабықшаларында кездеседі.
Г. А. Абдулина Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының микробиология және иммунология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты
17 12 2014
3 стр.
Бiрлескен Қарағанды қаласы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 09 желтоқсандағы n 62/01 қаулысы және Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 09 желтоқсандағы n 292 шешiмi. Қарағанды облысы Қа
25 12 2014
1 стр.
Морфо-функциональные особенности кровотока в гастродуоденальной слизистой оболочке у больных язвенной болезнью двенадцатиперстной кишки и желудка
14 12 2014
4 стр.
Применение гомеопатического преперета «Траумель С» в комплексном лечении хронического генерализованного пародонтита у больных
25 09 2014
1 стр.
«Қарағанды қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» №5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 18 шілдедегі кезекті LII с
25 12 2014
1 стр.
Хliх сессиясының 2007 жылғы 16 мамырдағы n 14 шешiмi. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Әдiлет басқармасында 2007 жылғы 27 маусымда n 8-1-55 тiркелдi
15 10 2014
3 стр.
Списки студентов на получение компенсации затрат на электронный кошелек на апрель месяц (2/2)
04 09 2014
1 стр.
Бірлескен Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 наурыздағы n 14/05 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы n 141 шешімі. Қарағанды облысының Әділ
25 12 2014
1 стр.