Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3
Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу Ережесiн бекiту туралы

Қарағанды облысы Қарағанды қалалық мәслихатының III шақырылған ХLIХ сессиясының 2007 жылғы 16 мамырдағы N 14 шешiмi. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Әдiлет басқармасында 2007 жылғы 27 маусымда N 8-1-55 тiркелдi


"Взгляд на события", 2007 жыл 11 шiлде, № 78 (266), 2007 жыл 18 шiлде, № 81 (269)


      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Заңының 22 бабы, 1-1 тармағы, 4 тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу Ережесi бекiтiлсiн.
      2. III шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2005 жылғы 27 мамырдағы ХIХ сессиясының "Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу Қағидасын бекiту туралы" N 4 шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген нөмiрi N 8-1-6), "Взгляд на события" газетiнде 2005 жылдың 10 тамызында N 31 (096) жарияланған).
      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды құрылыс, экология, көлiк, байланыс, халыққа коммуналдық-тұрмыстық қызмет мәселесi бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсiн (төрағасы Әбдiров Қадырбек Сағашұлы).
      4. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      III шақырылған қалалық


      мәслихаттың кезектi XLIХ
      сессия төрағасының мiндетiн
      атқарушы, қалалық мәслихат
      хатшысы                                    Қ. Бексұлтанов

      КЕЛIСIЛДI:

      Қарағанды қаласының Қазыбек би
      атындағы ауданының әкiмi                   А. Санаубаров

      Қарағанды қаласының Октябрь


      ауданының әкiмi                            С. Касимов

      "Қарағанды облысының мемлекеттiк


      сәулет-қала құрылыс бақылауы басқармасы"
      мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы            Ғ. Қонақбаев

      "Қарағанды облыстық қоршаған


      ортаны қорғау аумақтық
      басқармасының бастығы                      Б. Смағұлов

      "Қарағанды қаласының сәулет


      және қала құрылысы бөлiмi"
      мемлекеттiк мекемесi
      бастығының мiндетiн атқарушы               Т. Қалмаханов

      Қарағанды өртке қарсы


      Департаментiнiң мемлекеттiк өрттi
      бақылау басқармасының бастығы              В. Магамадов

      Мемлекеттiк санитарлық -


      эпидемиологиялық қадағалау
      Департаментiнiң Қазыбек би
      атындағы аудан бойынша
      басқармасының бастығы                      С. Сатеков

      Мемлекеттiк санитарлық -


      эпидемиологиялық қадағалау
      Департаментiнiң Октябрь ауданы
      бойынша басқармасының бастығы              Н. Аймаганбетов

2007 жылғы 16 мамырдағы


Қарағанды қалалық мәслихаттың
N 14 шешiмiмен бекiтiлген

Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу
Ережесi

      Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салудың осы Ережесi (бұдан әрi – Ереже) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" кодексiне, Қазақстан Республикасының: 2001 жылғы 16 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, "Объектiлердi салу үшiн бастапқы материалдарды (деректердi) және рұқсат беретiн құжаттарды ресiмдеу мен беру тәртiбiн оңайлату жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 6 мамырдағы N 425 Қаулысына, басқа нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрленген және субъектiлердiң жер учаскелерiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн пайдалану, елдi мекендердiң және табиғи аймақтардың аумағын жобалау және құрылыс салу бойынша мiндеттерi мен талаптарын анықтайды, жаңа объектiлердi орналастыру мен құрылысын салуға немесе бар жылжымайтын мүлiк объектiлерiн немесе уақытша құрылыстарды өзгертуге (қайта кескiндеу, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, қайта құру, кеңейту, күрделi жөндеу) рұқсат ететiн рәсiмдердi өту тәртiбiн орнатады, Қарағанды қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асырумен байланысты басқа қатынастарды реттейдi.


      Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.08 N 423 (бiрiншi рет ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн iске қосылады) шешiмiмен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қала аумағында құрылыс салу осы ережеге, қаланың бас жоспарына, бөлшектi жоспарлау жобасына және өнеркәсiптi және қонысты қала аудандарының құрылысына сай жүзеге асырылады.


      2. Осы Ереже барлық кәсiпорын, ұйым, мекемелер және олардың бағынысты ведомствосына және меншiк нысанына байланыссыз өзге де заңды тұлғалар, сонымен қоса жобалауды, Қарағанды қаласы аумағындағы қайта құруға жататын және қайта игерiлген ғимараттарды көркейту және салуды жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшiн әзiрленген.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.08 N 423 (бiрiншi рет ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн iске қосылады) шешiмiмен.
      3. Жобаланған аумақта тарих және мәдениет ескерткiшiнiң бар-жоғын анықтау үшiн:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дүниежүзi халықтарының ескерткiштер тiзбесi.
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтiлген республикалық негiздегi тарих және мәдениет ескерткiштер тiзiмi қолданылған.

2. Негiзгi ұғымдар

      4. Гараж – Қарағанды қаласының аумағында орналасқан, автокөлiктердi сақтауға арналған уақытша (металл) немесе күрделi құрылыс. Гараждың көлемi осы Ереженiң 4, 5 қосымшаларына сәйкес алынады.


      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.08 N 423 (бiрiншi рет ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн iске қосылады) шешiмiмен.
      5. Гараждар блогы - жоспарланған бiр көлем құру тәртiбiнде орналастырылған жетi немесе одан да көп гараждар. Гараждар блогы аула аумағы бойынша арнайы автотехника және көлiк қозғалысына бөгет жасамауы қажет, жанама үй тұрғындарының мекендеу ортасының жағдайларын төмендетпеу қажет.
      6. Жобалаушы - жобалық қызметтердiң лайықты түрлерiн жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға.
      7. Инженерлiк, көлiк және әлеуметтiк инфрақұрылым-құрылыс және инженерлiк жабдық коммуникациялары (су құбырлар желiсi, канализация, жылу беру, электр желiлерi және өзгелер), байланыстар, көлiктер (автомобиль жолдары, аялдамалар, машина қою орны және т.б.), сонымен қоса қаланың қалыптасуын және тұрақты дамуын қамтамасыз ететiн тұрғындардың әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектiлерiнiң кешенi.
      8. Қала әкiмi - Қарағанды қаласының атқарушы органын басқаратын Президенттiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi.
      9. Қала құрылысының регламенттерi - аумақтарды (жер учаскелерiн) және басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдаланудың режимдерi, рұқсаттары, шектеулерi (уақытын созуды, тыйым салу мен сервитуттарды қоса алғанда), сондай-ақ олардың жай-күйлерiнiң заңдарда белгiленген тәртiппен жол берiлетiн кез келген өзгерiстерi.
      10. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы - аумақтарды ұйымдастыру, аумақтар мен елдi мекендердi дамыту мен қала құрылысын салуды жоспарлау, объектiлердi салу (кеңейту, жаңарту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу, уақытша тоқтатып қою және кейiннен кәдеге жарату), сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру, сыртқы безендiру үшiн қажеттi (жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын, мемлекеттiк және мемлекетаралық нормативтiк құжаттарды қоса алғанда) өзара байланысты құжаттардың жүйесi.
      11. Қала құрылысы жобаларының негiзгi түрлерi:
      1) Қазақстан Республикасы өндiргiш күштерiнiң аумағын ұйымдастыру және орналастырудың бас схемасы;
      2) Iрi емдiк-сауықтыру, рекреация және өзге де аумақтарды орналастыру және аумағын ұйымдастырудың аймақты схемалары;
      3) Облыстардың аудандық жобалау схемасы;
      4) Әкiмшiлiк аудандардың аудандық жобалауының жобалары;
      5) Ауылдық елдi мекен, кент, қалалардың бас жоспары;
      6) Функционалдық аумақтардың (өндiрiстi, рекреациялы) бас жоспарлары;
      7) Бөлшектi жоспарлау жобалары;
      8) Құрылыс салу жобалары.
      12. Қаланың көркейуi - қала аумағында адамның жағымды, таза және қолайлы тiршiлiгiн құруға бағытталған элементтер және жұмыстар кешенi.
      13. Қарағанды қалалық мәслихаты - Қарағанды қаласының жергiлiктi өкiлдiк органы.
      14. "Қарағанды қаласының қала құрылысы кадастр орталығы" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын - сәулет және қала құрылысының жергiлiктi мемлекеттiк басқару органы болып табылатын, базалық деңгейдегi қала құрылысы кадастрын жүргiзушi, сәулет, қала құрылысының қызметi саласындағы шаруашылық жүргiзу құқығы бар мемлекеттiк кәсiпорын.
      15. Қоныстану аумағы - тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлiк және көлiк инфрақұрылымдарының жекелеген бөлiктерiн, басқа да объектiлердi орналастыруға арналған, орналастырылуы мен қызметi арнаулы санитариялық-қорғаныш аймақтарын талап ететiндей әсер етпейтiн елдi мекен аумағының бiр бөлiгi.
      16. Құрылыс салушы (өтiнiш берушi) - белгiлi бiр объектiнiң құрылысын жүзеге асыруға ниеттi және құрылыс үшiн жер учаскесiн беру туралы әкiмдiктiң шешiмiн немесе оның жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығына жататын жер учаскесiн қолдануға рұқсат алған жеке немесе заңды тұлға.
      17. Құрылыс салуды реттейтiн сызықтар - қызыл сызықтардан немесе жер учаскелерi шекарасынан шегiндiре отырып үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды орналастыру кезiнде белгiленген құрылыс салу шекарасы.
      18. Құрылыс жобасы (құрылыстық жоба) - көлемдiк-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлiк, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешiмдердi қамтитын жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргiзуге, аумақты инженерлiк жағынан дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеулер. Құрылыс жобаларына аяқталмаған объектiлер құрылысын уақытша тоқтатып қою және өз ресурсын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жобалары да жатады.
      19. Құрылыс алаңы - салыну объектiсiн, уақытша құрылыстарды, техника, топырақ үйiндiлерiн, құрылыс материалдарын, бұйымдарды, жабдықтарды орналастыруға арналған және құрылыс - монтаж жұмыстарын орындау үшiн пайдаланылатын аумақ.
      20. Құрылыс нормалары мен ережелерi - Қазақстан Республикасы заңнамасының құрамдас бөлiгi болып табылатын нормативтiк құжаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк жүйесiнiң бөлiгi, құрылыс және жобалауды жүзеге асыру кезiнде мiндеттi орындауға жататын нормативтiк - техникалық құжаттар.
      21. Қызыл сызықтар - Қарағанды қаласында кварталдардың, шағын аудандардың, елдi мекендердi жоспарлау құрылымындағы өзге элементтердiң аумақтарын көшеден, жолдардан, алаңдардан бөлiп тұратын шекара.
      22. Мемлекеттiк сәулет - құрылысын бақылаудың жергiлiктi органы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында бақылау - қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын, Қарағанды облысы әкiмдiгiмен өкiлдiк берiлген мемлекеттiк сәулет – құрылысын бақылаудың атқарушы органы.
      Ескерту. 22 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.08 N 423 (бiрiншi рет ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн iске қосылады) шешiмiмен.
      23. Мемлекеттiк бақылау органдары - жоба және құрылыс жұмыстарының құрылыстық, өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, табиғатты қорғау және өзге де нормаларға сәйкестiгiн келiстiрудi жүзеге асыратын жергiлiктi және/немесе аумақтық мемлекеттiк орган.
      Ескерту. 23 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.08 N 423 (бiрiншi рет ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн iске қосылады) шешiмiмен.
      24. Мердiгер – Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында лицензияға сәйкес тапсырысшымен шарт бойынша құрылыс - монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлға.
      Ескерту. 24 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.08 N 423 (бiрiншi рет ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн iске қосылады) шешiмiмен.
      25. Заңсыз салынған құрылыс (салыным) - Заңмен бекiтiлген тәртiпте бұл мақсаттарға бөлiнбеген, жер учаскелерiнде өз еркiмен, сонымен қоса қажеттi рұқсаттарды алмай салынған құрылыстар (тұрғын үйлер, өзге де құрылыстар, соның iшiнде павильон, сауда киоскiлерi және сыртқы жарнама объектiлерi немесе басқа жылжымайтын мүлiктер).
      Ескерту. 25 тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.08 N 423 (бiрiншi рет ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн iске қосылады) шешiмiмен.
      26. Пайдаланушы ұйым - инженерлiк коммуникацияларды (су құбыры, канализация, электр, газ және жылу энергия желiлерi) пайдалануды жүзеге асыратын ұйым.
      27. Сәулет - қала құрылысы Кеңесi - Қарағанды қаласының жергiлiктi атқарушы органдағы консультациялық - кеңесшi орган.
      28. Сәулет және қала құрылысының жергiлiктi органы - сәулет және қала құрылысы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, Қарағанды қаласының әкiмдiгiмен өкiлдiк берiлген сәулет және қала құрылысының атқарушы органы.
      Ескерту. 28 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.08 N 423 (бiрiншi рет ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн iске қосылады) шешiмiмен.
      29. Сәулет - жоспарлау тапсырмасы - объектiнiң мақсатына, негiзгi параметрлерiне және оны нақты жер учаскесiне орналастыруға қойылатын талаптар кешенi.
      30. Тапсырысшы (өтiнiш берушi) - өз мiндеттерiн азаматтық заңнамаларға сәйкес жүзеге асыратын және құрылысқа мердiгерлiк шарт жасайтын жеке немесе заңды тұлға. Сонымен қоса, Тапсырысшы құрылыс салушы не өзгеде құрылыс салушыға уәкiлеттi тұлға болуы мүмкiн, мемлекеттiк бақылау органы және өзге де мемлекеттiк органдармен қарым-қатынаста бола тұра құрылыс салушы уәкiлеттi тұлғаға өзiнiң мiндеттерiн бере алады.
      Ескерту. 30 тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.08 N 423 (бiрiншi рет ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн iске қосылады) шешiмiмен.
      31. Үй жанындағы (аула iшiндегi) аумақ - аулалық элементтерге толы тұрғын үйге жанамалас жалпы қолданылымдағы учаске (жолдар, қонақтарға арналған тұрақжай, көгалдандыру аймақтары, газ сақтайтын орындар, трансформатортты шағын станция, сорғылы, балаларға арналған ойын, спорт алаңшалары және жанамалас үйлердiң тұрғындары үшiн демалыс орындары.

3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс субъектiлерiнiң жер учаскелерi қызметтерiн пайдалану бойынша мiндеттерi және талаптары

      32. Қала құрылысы жобаларын әзiрлеу, келiсiм беру және бекiту Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.


      33. Қала құрылысының маңызды түйiндерi Қарағанды қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы сәулет-қала құрылысы Кеңесiнде қарастырылады.
      34. Қарағанды қаласы аумағының құрылысын салуды қалыптастыру Қарағанды қаласы дамуының бас жоспары, бөлшектi жоспарлау жобасы және қаланың бас жоспарының құрамдық бөлiгi ретiнде қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық схемасын есепке ала отырып, қала аудандарының құрылыс жобалары бойынша жүзеге асырылуы қажет.
      35. Қала құрылысы регламенттерi және шектеулерi жер пайдалану актiлерiнiң "жер учаскесiне ауыртпалық салу" жолында және жер учаскелерiн жалдау шарттарында көрсетiлген.
      36. Құрылыс ұйымдастыру үшiн алаң таңдау кезiнде учаске орналастыру схемасында көрсетiлген жоспарланылған шектеулердi (құрылыс салуды реттейтiн сызықтар, үзiлiстер, бос жерлер, қорғау аймақтары) сақтау қажет.
      37. Учаскенiң шектеу жоспарын жергiлiктi қала құрылысы және құрылыс органының қала құрылысы кадастры бөлiмi атқарады.
      38. Шектес учаскелердi орналастыру жоспарлы өзара үйлесiмдi және санитарлы-эпидемияға қарсы, өртке қарсы, экологиялық талаптарға жауап беру қажет.

4. Қарағанды қаласы аумағының құрылысын жобалау және салу бойынша жалпы мiндеттер және талаптар

      39. Жобалы-сметалық құжаттаманың әзiрлеу, келiсiм, бекiту және құрамының тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес анықталады.


      40. Сәулет-құрылыс құжаттамасы жобалы-құрылыстық шешiмдi нақтылау мақсатында сәулет-қала құрылысы Кеңесiнде қарастырылады.
      41. Тұрғындардың денсаулықтарына және қоршаған ортаға әсер ететiн объектiлердi салу кезiнде алаң таңдау сатысы сияқты жоба дайындау сатысында да мемлекеттiк қоршаған ортаны қорғау органымен келiсу қажет.
      42. Объектiнiң нақты бiр жер учаскесiнде орналастырылуына және негiзгi өлшемдерiне, мақсатына қойылатын талаптар кешенi, сонымен қоса Қарағанды қаласы үшiн қала құрылысы регламенттерiне сәйкес бекiтiлген мiндеттi жобалау және құрылысқа арналған шектеулер және шарттар, талаптар сәулет және қала құрылысының жергiлiктi органы беретiн сәулет-жоспарлау тапсырмасымен бекiтiледi.
      Ескерту. 42 тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.08 N 423 (бiрiншi рет ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн iске қосылады) шешiмiмен.
      43. Сәулет-жоспарлау тапсырмаларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс органы әзiрлейдi және құрылыс салушының (тапсырысшы) өтiнiшi бойынша:
      1) Құрылыс салушының (тапсырысшы) өтiнiшi;
      2) жер учаскесiне жергiлiктi атқарушы органның шешiмi немесе құқығын белгiлейтiн құжаттар, бар объектiлердi өзгертуге - қайта құруға (қайта жобалау, қайта жабдықтау) жергiлiктi атқарушы органның рұқсаты;
      3) Қолданыстағы нормативтерге сәйкес құрылыс салушымен (тапсырысшы) бекiтiлген жобалауға арналған тапсырма;
      4) Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету негiздерiне қосылуға техникалық шарттар.
      Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру үшiн қажеттi бастапқы материалдардың құрамы мен көлемi мемлекеттiк нормативтiк құжаттармен белгiленедi.
      Ескерту. 43 тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.08 N 423 (бiрiншi рет ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн iске қосылады) шешiмiмен.
      44. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы берiлмейдi:
      1) Құқық бұзған объектiлерге (қала аудандарының бекiтiлген бөлшектi жоспарлау жобаларының нысаналы мақсатымен сәйкес келмеу);
      2) Құрылысы басталған объектiлерге;
      3) Салынып бiтпеген құрылыс объектiлерiне.
      45. Жобалау кезiнде құрылыста және құрылыс салуда, тұрғын аудандарды қалыптастыруда, қайта игерiлетiн және реконструкцияға жататын аумақтарды көркейтуде тұрғын, қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттарға, құрылыстарға және үй-жайларға мүгедектерге кiруге мүмкiндiк болуы қажет.
      46. Жер учаскесi құрылысы және жобалау құрылыс жобаларының негiзiнде жүзеге асуы қажет.
      Жобалы және iздеушiлiк жұмыстарды аталмыш жұмыстарды жүргiзуге лайықты лицензиясы бар жобалы, iзденушi ұйымдар, кәсiпорындар және өзге де жеке және заңды тұлғалар атқарады.
      47. Құрылыс жұмыстарын жүргiзу тиiстi жұмыстарды атқаруға лицензиясы бар кәсiпорындар және құрылыс ұйымдарына, сонымен қоса өз күшiмен жеке тұрғын үй салуды жүзеге асыратын құрылыс салушыға рұқсат етiледi.
      48. Азаматтардың дұрыс демалысы және тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында инженерлiк желiлердегi, коммуникация және жүйелердегi апаттарды жою бойынша жұмыстарды қоспағанда, түнгi уақытта (23.00 сағаттан 6.00 сағатқа дейiн) шу көтеретiн құрылыс-монтаж және жөндеу жұмыстарының өндiрiстерi, сонымен қоса жер қазу жұмыстары, ғимараттардың тiректерiн және фундаменттерiн орнату бойынша жұмыс, сыртқы құрылыс-монтаж жұмыстары, жүк тиеу-түсiру және өзге де жұмыстар.
      49. Сумен қамтамасыз ету көзi ретiнде орталықтандырылған су құбыр қондырғыларын және сутартқыларды қолдану қажет. Олардың болмаған немесе пайдалануға мүмкiн болмаған жағдайда, құрылысты сумен қамтамасыз ету жүйесi пайдалануды жергiлiктi санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау органының келiсiмiмен жер асты суларын қолдануды қарастыруы қажет.

5. Қарағанды қаласының қоныстану аумағының құрылысы

      50. Қарағанды қаласының тұрғын аумақтары құрылымдық-жоспарлы жағынан тұрғын ғимараттар, тұрғын кварталдар, ықшамаудандар, тұрғын аудандар және тұрғын қалыптасқан поселкелердiң түзiлiмдерi түрiндегi топтар түрiнде негiзделген.


      51. Жаңа тұрғын құрылыстары өмiр сүрудiң жабдықталған жағдайын қамтамасыз ететiн қала құрылысы кешенi және кварталдар, құрылыстың осы немесе өзге типiне неiзделген экономикалық инженерлiк қамтамасыз ету деңгейi және тұрғындарға әлеуметтiк қызмет көрсетудiң кепiлдiк минимумы түрiнде тұрғын ортаны қалыптастыруды көздеуi қажет.
      52. Тұрғын аумақтардың құрылысы сәулет-қала құрылысы құжаттамасының негiзiнде жүзеге асады.
      53. Тұрғын үйлердi орналастыру және тұрғын аумақтарды жобалау кезiнде кейiн көп пәтерлi тұрғын үйлердiң тұрғын және тұрғын емес үй-жайлары иелерiнiң кондоминиумдарын құру мүмкiндiктерiн қарастыру қажет.
      54. Көп пәтерлi тұрғын үйлер кешендерiн жобалау кезiнде инженерлiк жабдықтардың құрылысы және гараждарды орналастыру үшiн санитарлы және өртке қарсы талаптарды есепке ала отырып, жоғарғы жағына балаларға арналған ойын, спорт және шаруашылық алаңдарымен жер асты кеңiстiктерiн барынша пайдалану керек.
      55. Ғимарат құрылыстары бар құрылыстардың қайта құрастырылу және нығыздау есебiнен өртке қарсы, санитарлы-эпидемиологияға қарсы талаптардың, қала құрылысы нормативтерiнiң және қала құрылысы құжаттамасының сақталу жағдайында жүзеге асырылуы қажет.
      56. Тұрғын құрылыстарын жобалау кезiнде (жаңа құрылыс және қайта құрастыру) аула кеңiстiгiндегi элементтердi орналастыру және жайластыруды қарастыру қажет. Үй жанындағы (үй iшiндегi) аумақ келесi мiндеттi элементтерден тұрады: үйге жақын және өту жолдары, қонақжай автотұрақтар, ойын, спорт және демалысқа арналған алаңдарымен жасыл көшеттер аумақтары, сонымен қоса, олар мен тұрғын және қоғамдық ғимараттар аралығы осы ереженiң 2 қосымшасындағы көрсетiлiмнен кем болмауы қажет.
      57. Жерасты және жерасты-үстi гараждардың, жеңiл автомобильдердi тұрақты және уақытша сақтауға арналған ашық автотұрақтардың, техникалық жабдық станциясының тұрғын үйлерге және қоғамдық ғимараттарға, сонымен қоса қоныстану аумақтарында орналастырылған мектеп, ясли-балабақша және тұрақты үлгiдегi емдеу мекемелерiне дейiнгi аралығы осы ереженiң 3 қосымшасындағы көрсетiлiмнен кем болмауы қажет.
      Ескерту. 57 тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.08 N 423 (бiрiншi рет ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн iске қосылады) шешiмiмен.
      58. Металл гараждарды кварталдағы, үй жанындағы аумақтарда орналастыруға автокөлiкке осы Ереженiң 5 қосымшасына сәйкес техникалық паспорты және гараж орналастыруға негiзделген ауданда тiркелiмде болуымен қоса уақытша қысқа мерзiмдi жер пайдалануға сұралатын аумақтың сәулет-қала құрылысы ахуалдары болған жағдайында Ұлы Отан соғысының ардагерлерiне және оларға теңестiрiлген тұлғаларға, 1 топ мүгедектерiне рұқсат етiледi.
      Орналастыру және қызмет көрсету кезiнде бар жасыл көшеттердi кесу қажет болса, гараждарды орналастыруға жол берiлмейдi.
      Ескерту. 58 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.08 N 423 (бiрiншi рет ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн iске қосылады) шешiмiмен.
      59. Автотұрақтар бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес (осы нормалардың талаптарын есепке ала отырып) жер деңгейiнен төмен және/немесе жоғары орналасуы, жер асты және жер үстi бөлiмдерден (жерасты және жерүстi қабаттардан, соның iшiнде осы ғимараттардың шатырларын пайдаланумен) құрылуы, басқалардың ғимараттарына жапсарлас немесе оларға қосалқы салынуы, сонымен қатар осы ғимараттардың астында жерасты, подвал, цокольды немесе төменгi жерүстi қабаттарда, сонымен қатар жер деңгейiндегi арнайы жабдықталған ашық алаңшаларда орналасуы мүмкiн.
      Автотұрақтардың жер асты қабаты деп үйдiң еден белгiсiн белгiлеген кезде жердiң жоспарлы белгiсiнен үй – жайдың жарты биiктiгiнен асатын төмен қабатты айтады.
      Жер асты автотұрақтарды сонымен қатар жер үстi бөлiгiн абаттандырумен, балалардың ойын және спорт алаңшаларын орнатумен, көгалдандырумен, кiшi сәулет пiшiндерiн орнатумен құрылысы салынбаған аумақтарда (өтпе жолдардың, көшелердiң, алаңшалардың, гүлзарлардың, көгалдардың астында) орналастыруға рұқсат берiледi.
      Ашық алаңшаларда және автомобильдердi уақытша сақтау үшiн төбе астында орналасқан алаңшаларда қатты жабын (асфальт–бетон, бетон) және автомобиль осьтерiнiң ұзындығы бойымен 1 пайыздан аспайтын және көлденең 6 пайыздан аспайтын еңiстер болуы тиiс. Автотұрақ қоршауы 50 мм х 200 мм торлармен 5,0 миллимитр сымнан (МЕМСТ 3282-74 бойынша) дәнекерленген мырышпен қапталған тордан (полимермен қапталған торды да пайдалануға болады) жасалуы тиiс.
      Дәнекерленген тордың стандарт секциясының көлемi 2000 мм х 2500 мм.
      Iргелес аумақ абаттандырылуы және көгалдандырылуы, кiрме жолдар, өртке қарсы шығу жолдары ұйымдастырылуы, қоршау өлшемi бойынша жарықтандыру тiректерi орнатылуы тиiс. Оператор үй – жайы ретiнде биiктiгi 6.0 метрден жоғары емес, 6.0 м х 4.0 м аспайтын жоспарланған көлеммен бiр (екi) қабатты ғимарат қарастырылсын. Бiрiншi қабатында құрал – саймандарды сақтайтын үй – жайы, екiншi қабатында – күзет үй – жайы қарастырылсын.
      Автотұрақ аумағында автокөлiктi қою келесi аралықтардың сақталуымен жүзеге асырылады:
      автомобильдердiң бойлық жағының арасы - 1,1 метрден кем емес;
      автомобильдердiң ендiк жақ аралығы - 0,5 метрден кем емес;
      автомобильдердiң ендiк жағынан қоршауға дейiн - 0,5 метрден кем емес;
      автомобильдердiң ендiк жағынан стационарлы техникалық құрылымға дейiн - 0,3 метрден кем емес;
      автотұрақ аумағындағы ғимараттан және құрылыстардан (бақылау-өткiзу пунктi - күзет үй-жайы, техникалық қызмет көрсету станциясы, авто жуу) - автокөлiк сақтау орнына дейiн - 9 метрден кем емес.
      Ескерту. 59 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.08 N 423 (бiрiншi рет ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн iске қосылады) шешiмiмен.
      60. Автотұрақ аумағының қоршауларына, жабдықтарға және сақтау орнындағы автомобильдерге қозғалыстағы автомобильдiң ұсынылатын жақындауын есепке ала отырып, автотұрақ аумағындағы iшкi өтпе жол өлшемдерi ереженiң 1 қосымшасында көрсетiлген.
      61. Тұрғын және қоғамдық бағыттағы көп қабатты ғимараттарға жапсаржай құрылысын салуға жобалық шешiмдер жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органымен келiсiледi.
      Бар тұрғын үйлерге жапсаржай салуға жылжымайтын объектiлердi тұрғын құрылыстан тұрғын емес құрылысқа шығару арқылы құрылыс салушы барлық үй қасбетiнiң жоба шешiмiн ұсынған және бiрiншi қабаттан жоғары емес болған жағдайда жол берiледi. Алайда жапсаржайды аула iшiндегi аумақта салуға жол берiлмейдi.
      Бар көп пәтерлi тұрғын үй жапсаржайы есебiнен тұрғын пәтер алаңын кеңейтуге жол берiлмейдi.
      Ескерту. 61 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.08 N 423 (бiрiншi рет ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн iске қосылады) шешiмiмен.
      62. Тұрғын пәтерден қайта құрастырылған сауда объектiлерiнiң 70 шаршы метр алаңынан астам сауда бөлмелерiнiң Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерiнiң талаптарына жауап беретiн екеуден кем емес эвакуациялық есiк болуы қажет.
      63. Көп қабатты ғимараттарға қызмет көрсетуге негiзделген өрт автотехникалары үшiн өтпе жол аймағына жазғы кафе алаңшаларын жобалау және орналастыруға тек жеңiл ауыстырылатын жабдықтардан (үстелдер, орындықтар, қоршаулар және өзге де жабдықтар) болғанда ғана жол берiледi.
      Жазғы кафенi орналастыру тек жеке тұрған мамандандырылған ғимараттар үшiн ғана рұқсат етiледi. Алайда, жазғы кафенi үй жанындағы аумаққа орналастыруға жол берiлмейдi.
      64. Ғимараттарға жанастыра салынған жазғы кафе алаңшаларындағы жанғыш материалдардан тұратын бастырма және төсемдердiң алаңы отқа төзiмдiлiктiң 1, 2 және 3 деңгейлерiнен 50 шаршы метр аспауы қажет.
      65. Тек арнайы жабдықталған үй-жайларда ғана мангалдарды орналастыруға жол берiледi.
      66. Автомобильдi газқұю станцияларын жобалау және орналастыру кезiнде Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерiн басшылыққа алу мiндет.
      67. Жанғыш сұйықтықтарымен және жеңiл тұтанатын сұйықтықтармен автокөлiк жанар-жағар май құю орны бойынша автомобильдi жанар-жағар май құю станциялары және автомобильдi газқұю станцияларын қатар орналастыруға жол берiлмейдi. Жанғыш сұйықтықтарымен және жеңiл тұтанатын сұйықтықтармен автокөлiк жанар-жағар май құю орны бойынша автомобильдi жанар-жағар май құю станциялары мен автомобильдi газқұю станцияларының аралығы 100 метрден кем болмауы қажет.
      68. Жүргiншiлер жолдары мен өтпе жолдарды жобалау кезiнде тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, сонымен қоса қосалқы-жапсарлас салынған үй-жайларға өрт сөндiру машиналарының өтуiне мүмкiндiктi қамтамасыз ету қажет және өрт сөндiру автомобиль сатыларына немесе автокөтерiмдерге кез-келген пәтер немесе үй-жайларға кiруге мүмкiндiк болу қажет.
      69. Өтпе жолдың шетi мен ғимарат қабырғасына дейiнгi аралық 10 қабатты ғимарат үшiн қоса алғанда 8 метрден кем емес, 10 қабаттан жоғары ғимарат үшiн 10 метрден кем емес болуы қажет. Бұл аймақта қоршау орналастыруға жол берiлмейдi.
      70. Шығыс есiктерi жоқ ғимараттардың қасбет маңдарында топыраққа немесе жабынға жүктеменi есепке ала отырып, өрт сөндiру машиналарының өтпе жолдары үшiн жарамды енi 6 метр жолаққа жол берiледi. Қатармен орналастырылған ағаш (олардың көпжылдық жапырақты жамылғысын есепке ала отырып) дегендi бұл жағдайда көрсетiлген аймақта өрт сөндiру автомобиль сатыларына немесе автокөтерiмдер қозғалыстарына және құрылуына (ғимаратқа қатысты алдынан және бойлай) бөгет жасайтын ағаштардың орналастырылуы деп ұғу қажет.
      71. Ғимараттың сыртқы эвакуациялық есiктерi iштен кiлтсiз ашылмайтындай iлмек болмауы қажет.
      72. Жалпы дәлiзге апаратын баспалдақ алаңшаларының есiктерi, лифттердiң есiктерi және тамбур-шлюздерде өзiндiгiнен жабылу үшiн ыңғайландырылуы қажет, тығыздау және сәл жабу және кiлтсiз ашуға бөгет болатын iлмектiң болмауы қажет.
      73. Эвакуациялық шығу есiктерi және өзге де есiктер эвакуация жолында ғимараттан шығу бағыты бойынша ашылуы қажет.
      74. Эвакуация жолдары болып есептелетiн подвал немесе цокольды қабатпен ғимараттың қабат аралық саты торы бойынша қатынасуға жол берiлмейдi.
      75. Эвакуация жолдары болып есептелетiн подвал немесе цокольды қабаттардың шығыс есiктерiн ғимараттың жалпы саты торларынан жеке сыртқы негiзi ретiнде қарастыру қажет.

следующая страница>


Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу Ережесiн бекiту туралы

Хliх сессиясының 2007 жылғы 16 мамырдағы n 14 шешiмi. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Әдiлет басқармасында 2007 жылғы 27 маусымда n 8-1-55 тiркелдi

452.56kb.

15 10 2014
3 стр.


Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн бекiту туралы

Хiv сессиясының 2010 жылғы 16 маусымдағы n 368 шешiмi. Қарағанды қаласының Әдiлет басқармасында 2010 жылғы 15 шiлдеде n 8-1-115 тiркелдi

395.14kb.

15 10 2014
3 стр.


«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мм қалалық

«Қарағанды қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» №5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 18 шілдедегі кезекті LII с

49.21kb.

25 12 2014
1 стр.


467 «Семей қаласының құрылыс бөлімі» мм бюджеттік бағдарламалары 066 «Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік нысандарын салу»

Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі Мемлекеттік сатып алу туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңдарға сәйкес

1269.94kb.

12 10 2014
10 стр.


Қарағанды қаласының жаңа көшесiне Зәйкен Iңкәрбаевтың есiмiн беру туралы

Бiрлескен Қарағанды қаласы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 09 желтоқсандағы n 62/01 қаулысы және Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 09 желтоқсандағы n 292 шешiмi. Қарағанды облысы Қа

38.05kb.

25 12 2014
1 стр.


Регламенті Негізгі түсініктер > Осы «Қарағанды қаласының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»

Осы «Қарағанды қаласының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметтер (бұдан әрі Регламент) регламентінде келесі негіз

135.04kb.

16 12 2014
1 стр.


«Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің 2007 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарын бекіту туралы»

Ережелері туралы» №110 қаулысын орындау мақсатында, ІІІ шақырылған Қалалық мәслихаттың кезекті ХLII сессиясының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Қарағанды қаласының 2007 жылға арналған

100.79kb.

16 12 2014
1 стр.


Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Азақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етедi

43.62kb.

16 09 2014
1 стр.