25 шілде 2007ж. №35/02
«Қарағанды қаласының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ қалалық
бюджеттік бағдарламалар
паспорттарын бекіту туралы»
Қарағанды қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 33/9 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-II Бюджеттік кодексін, «Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-II Бюджеттік кодексін, “Республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы №225 қаулысын, III шақырылған Қарағанды қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 11 сәуірдегі кезектен тыс XLVII сессиясының № 3 шешімін, III шақырылған Қарағанды қаласы Мәслихатының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы кезекті XLII сессиясының «Қарағанды қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» №5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 18 шілдедегі кезекті LII сессиясының № 10 шешімін орындау мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қалалық бюджеттік бағдарламалар паспорттарын бекіту туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 33/9 қаулысына өзгерістер енгізілсін:
-
3 қосымшаның №1 тарауындағы «36427,0» саны (Отыз алты миллион төрт жүз жиырма жеті мың теңге) «8547,0» санына (Сегіз миллион бес жүз қырық жеті мың теңге) ауыстырылсын;
-
4 қосымшаның №1 тарауындағы «200087,0» саны (Екі жүз миллион сексен жеті мың теңге) «189479,0» санына (Бір жүз сексен тоғыз миллион төрт жүз жетпіс тоғыз мың теңге) ауыстырылсын;
-
7 қосымшаның №1 тарауындағы «11873,0» саны (Он бір миллион сегіз жүз жетпіс үш мың теңге) «11297,0» санына (Он бір миллион екі жүз тоқсан жеті мың теңге) ауыстырылсын;
-
11 қосымшаның №1 тарауындағы «29047,0» саны (Жиырма тоғыз миллион қырық жеті мың теңге) «14881,0» санына (Он төрт миллион сегіз жүз сексен бір мың теңге) ауыстырылсын;
-
12 қосымшаның №1 тарауындағы «23001,0» саны (Жиырма үш миллион бір мың теңге) «39744,0» санына (Отыз тоғыз миллион жеті жүз қырық төрт мың теңге) ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуына жауапкершілік «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы Мәрия Қалиақпарқызы Құсаиыноваға жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Алмагүл Аманжолқызы Сәлімбаеваға жүктелсін.
Қарағанды қаласының әкімі И.Тоғайбаев
Орындаушы М.Құсаиынова
12 қосымша Қарағанды қаласы әкімінің
________№___
қаулысымен бекітілген
ММ Карағанды қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
--------------------------------------------
Бюджеттік бағдарламаның әкімгері
ПАСПОРТ
Мұқтаж мүгедектерді мүгедекті жеке оңалту бағдарламасына сәйкес арнайы гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметімен қамтамасыз ету.
(бюджеттік бағдарламаның атауы)
2007 жылға
-
Құны: 39744,0 (Отыз тоғыз миллион жеті жүз қырық төрт мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтіқ-құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39-Ш «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 21 бабы, Қарағанды облысы әкімдігінің 30.12.2005 жылғы Қаулысы, 2006 жылғы 15 желтоқсандағы III кезекті шақырылған XLII сессиясының №5, Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 18 шілдегі LII сессиясының №10 «Қарағанды қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» №10
шешімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мұқтаж мүгедектерді мүгедекті жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, арнайы гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтерімен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Мұқтаж мүгедектерді мүгедекті жеке оңалту бағдарламасына сәйкес әлеуметтік көмек корсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспары:
№
|
Бағд.
коды
|
Қос.
бағд.
коды
|
Бағдарламаның
атауы
(қос.бағд.)
|
Бағдарламаны
(қ .бағдарламаны)
жүзеге асыру
шаралары
|
Жүзеге
асыру
мерзімі
|
Жауапты орындаушылар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
017
|
011
015
|
Мұқтаж мүгедектерді мүгедекті жеке оңалту бағдар-ламасына сәй-кес, арнайы ги-гиеналық құ-ралдармен және ымдау тілі мамандарының,жеке көмекші-лердің қамтама-сыз ету.
Бағдарламаны жүзеге асыру, арнайы трансферттің есебінен республикалық бюджеттен.
Бағдарламаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асыру
|
1. Жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қызмет көрсету: қозғалу қиындығы бар бірінші топ мүгедектері үшін ымдау тілі маман-дарының қызметі.
|
2007 жыл бойы
|
Карағанды қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі
|
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалысынан күтілетін нәтижелер: Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерді қамтамасыз ету.
Әкімгер бағдарламаларының басшысы/ мемлекеттік мекеменің___________________________________
Бас бухгалтер ______________________________