Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

Атырау қаласы



Атырау қалалық әкімдігінің

2010 жылғы «_____» сәуірдегі

№ ______ қаулысымен толықтыру

енгізілген


Қалалық әкімияттың 2004 жылғы


23 желтоқсандағы № 238 қаулысына

№ 1 - ші қосымша


«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ереже.




  1. Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (бұдан былай Бөлім) қалалық мекемесі - өз құзырын Қазақстан Республикасы енбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің басшылығымен жүзеге асыратын Атырау қаласы әкімияттың 2004 жылғы 23 желтоқсандағы №238 қаулысы.

  2. Бөлім өзінің жұмысын Қазақстан Республикасының Коституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының, Үкіметінің басқа да нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  3. Бөлім мемлекеттік мекеменің құқықтық түріндегі заңды тұлға, өзінің балансы, есептеу және басқа да шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде аты жазылғын мөрі мен штампасы, және белгіленген түрдегі мекеменің бланкасы болады.

Бөлім өз атынан азаматтық – құқықтық қатынасқа мемлекеттік жағынан кірісе алады.

Бөлімінің жасаған азаматтық-құқықтық келісімдері Қазақстан Рспубликасы Үкіметі белгіленген тәртіппен тіркелуге жатады.



  1. Бөлім өзіне қатысты мәселелер бойынша заңды түрде бұйрық түрінде өз актілерін шығарады.

  2. Бөлімнің құрылымымен шектеулі жұмысшылар санын Атырау қаласы әкімі бекітеді.

  3. Бөлімнің заңды тұрағы; 060005, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Шәріпов көшесі, 4а үй.

  4. Бөлімнің толық аталымы «Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

  5. Бөлімнің құрылтайшысы үкімет атынан Атырау қаласының әкімі болып табылады.

  6. Бөлімінің құрылтайшы құжаттары -қала әкімиятының «23» желтоқсан 2004 жылғы № 238 қаулысы және осы Ереже.

  7. Бөлім жергілікті бюджеттің есебінен қаржыландырылады.

Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің міндеттерін орындауға келісім – шарт жасауға тиым салынады.

Егерде бөлімге заңды актілермен табыс түсіретін қызмет істеуге құқық берілсе ондай қызметтен түскен табыс мемлекеттік бюджетіне түсіріледі.

2.


  1. Бөлімінің атқаратын қызметтері, негізгі міндеттері және құқықтыры

1. Бөлім мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан

Республикасының Заңды түрде тағайындаған тәртібі бойынша төмендегідей қызметтер мен міндеттерді жүзеге асырады.

Бөлімнің міндеттері:



  1. әлеуметтік бағдарламаларды жасақтау және жүзеге асыру;

  2. халықтың еңбекке құқын жүзеге асыру, зейнеткерлерді, мүгедектерді, көп балалалы аналарды және халықтын басқа да қамқорсыз бөлігін әлеуметтік жағынан қорғау;

  3. қала деңгейінде мемлекеттік халықты жұмыспен қамту бағытындағы саясатын іске асыру;

  4. соқырлар, саңырау-сақаулар, мүгедектер қоғамдарымен, еңбек және соғыс ардагерлері кеңесімен бірлесе іс-қимыл жасау;

  5. зейнеткерлерді, мүгедектерді, көп балалы отбасылары мен халықтың әлеуметтік қолдауға мұқтаж басқа да топтарын әлеуметтік қорғау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

  6. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және тұрмыстық жәрдемақыларды тағайындау, оларды әдістемемен қамтамасыз ету және төлеуге байланысты жұмыстарды ұйымдастыру;

  7. мемлекеттік қолдауға мұқтаж қарттар мен мүгедектерге, көп балалы отбасылары мен өзге де күнкөрісі төмен жандарға әлеуметтік тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, олардың заңмен белгіленген жеңілдікті пайдалануына көмектесу, натуралды көмектің жаңа түрлері мен формаларын еңгізу, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің қамқорлығындағы қарттар мен мүгедектерге материалдық тұрмыстық, медициналық әлеуметтік және мәдени қызмет көрсету;

  8. көп балалы отбасыларына түрлі әлеуметтік көмектер ұйымдастыруға қатысу;

  9. халықты жұмыспен қамту бағдарламасын жасақтау және оны іске асыру;

  10. еңбек рыногіндегі жағдайды болашақта болжау;

  11. жұмыссыздарды әзірлеу және қайта әзірліктен өткізу мақсатында аумақтық жүйені құру;

  12. жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, еңбекке орналастыру мәселерін шешуді жетілдіру;

  13. халықтың нашар қамтылған топтарын қосымша жұмыс орындарымен қамту жұмыстарына ықпал жасау;

  14. еңбек рыногінің кәсіби-біліктілік және жас аралық құрамына аналитикалық талдау жасау жұмыстарын жүргізу;

  15. әлеуметтік – экономикалық дамудың қалалық бағдарламасын жасақтауға қатынасу;

  16. бөлімнің құрамдас бөлімдерінің халықты әлеуметтік қорғау бағытында атқарып жатқан жұмысын қаржыландырып отыру;

  17. халыққа көрсетілетін әлеуметтік көмекті экономикалық жағынан негіздейді;

3.


  1. мемлекеттік, қоғамдық, діни, қайырымдылық ұйымдары мен мекемелерінің, өндіріс орындарының қаржылары есебінен халыққа әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын қаржыландыру мақсатында олардың бірлесіп әрекет жасауын қамтамасыз етеді;

  2. бөлімгі қарасты мекемелерге кадр даярлау, олардың білімі мен іскерлігін жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асырады;

  3. өз құзыры аясындағы мәселелер бойынша бөлімге түскен арыздар мен шағым, ұсыныстарды белгіленген тәртіпке сай қарап, тиісті жауап береді және қажетті шаралар алады.

2. Өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді жүзеге асыруда Бөлім төмендегілерге құқықты:

  1. бөлім құзыры аясындағы мәселелер бойынша қалалық өндіріс орындарынан, ұйымдар мен мекемелерден олардың меншік түрімен шаруашылық жүргізу жағдайына қарамастан қандай да болмасын мәліметтерді, есептерді сұратуына, талап етуіне және тексеруіне болады;

  2. халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған бағдарламалар, қоғамдық акциялар өткізуді ұйымдастырады;

  3. белгіленген тәртіп бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау проблемалары бойынша конференция, семинарлар, жиналыстар өткізеді;

  4. өзіндік ақпарат – анықтама бюллетенін, плакаттар, буклеттер, әдістеме материалдар шығаруына, жарнама тақталар жасақтауына болады;

  5. сотқа немесе басқа да орындарда құқықтық мәселелердің әділ шешілуін қорғау.


3. Мемлекеттік органның мүлігі
1. Бөлім өзіне қарасты мүлікті шұғыл басқаруға құқылы.

2. Бөлімнің мүлігі мемлекет арқылы берілген мүлік есебінен құрылады және негізгі қорлар мен айналым қаржысынан, сонымен бірге құны бөлімінің балансында пайдалануына құқығы жоқ.

3. Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті өздігінен алуына және де басқадай жолдармен пайдалануына құқығы жоқ.

4. Бөлім таратылған жағдайда оның мүлкі құрылтайшыға ауысады.


4. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру
1. Бөлім бастығын қала әкімі жұмысқа тағайындайды және босатады. Бөлім бастығы өзінің бұйрығымен өзі жоқта барлық құжаттарға қол қоюға құқықты екі орынбасарын және басқа да мамандарды жұмысқа тағайындап, босатады.

2. Бөлім бастығы бөлімнің жұмысын ұйымдастырып, басқарады, және Бөлім алдына қойылған міндеттердің орындалуына жеке басымен жауап береді.

3.Осы мақсатта бөлім бастығы:


  1. орынбасарлары мен құрылым бөлімшелерінің міндеттерімен өкілеттілігін анықтайды;

  2. бөлім қызметкерлерін жұмысқа тағайындайды, босатады;

4.

  1. өз міндеттерін орындауы үшін бөлім қызметкерлерінің жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

  2. заңды түрде қызметкерлерге марапаттау немесе жазалау шараларын қолданады;

  3. бөлімнің актілеріне қол қояды;

  4. бөлімнің құрылымдық бөлімшелері туралы ережесін бекітеді;

  5. мемлекеттік органдарда, басқа да мекемелерде Бөлім атынан көрінеді;

  6. аппаратты ұстауға бөлінген қаржы шегінде штаттық кесте мен шығындар сметасын жасақтап, қала әкімінің бекітуіне ұсынады.

  7. заңдылыққа сәйкес басқа да өкілеттіктерді іске асырады.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі міндеттеме

бөлім басшысына жүктеледі және бұл үшін дербес жауапкершілікте болады.




    1. Өзара еңбек қарым-қатынастары

1. Еңбек қарым-қатынастары қолданыстағы заңдылықтармен және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен реттеледі.




    1. Қаржылық іс-әрекет




  1. Күнделікті, бухгалтерлік, статистикалық есеп және бөлімнің есеп беруі

Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.

  1. Бөлімнің жұмысының финанстық нәтижесі жылдық бухгалтерлік есеп

беруден шығады.

  1. Бөлімнің қаржылық жылы күнтізбелік жылмен сәйкес келеді.


7. Бөлімнің қайта құрылуы немесе жойлуы
Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Ережеге қосымшалар мен өзгерістер енгізу тәртібі
Бөлімнің Ережесіне қосымшалар мен өзгерістер қалалық әкімдіктің қаулысымен енгізіледі және заңда белгіленген мерзім ішінде жергілікті Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізіледі.
9. Қорытынды
Осы Ереже мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңды күшіне енеді.
«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесі

«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі атырау қаласы

«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

72.83kb.

09 10 2014
1 стр.


«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мм ішкі еңбек тәртібінің ережесі Жалпы ереже «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

Еңбекті ұйымдастыруда даму, еңбектік және атқарушы тәртіпті бекіту, жоғары тиімді еңбекті қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Мемлекеттік қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібінің е

111.9kb.

25 12 2014
1 стр.


«Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»

Ық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға жәрдемдесуді қамтамасыз ету фун

112.44kb.

25 12 2014
1 стр.


«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қысқаша тарихы

Басқарманың негізгі қызмет бағыттары: өңірде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелерін үйлестіруді жүзеге асыру

11.58kb.

25 12 2014
1 стр.


Хабарландыру №21 Тапсырыс беруші – «Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

Тапсырыс беруші – «Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мм, БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар достығы көшесі, 44, индекс 090400

165.13kb.

11 10 2014
1 стр.


Хабарландыру №17 Тапсырыс беруші – «Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

Тапсырыс беруші – «Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мм, БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар достығы көшесі, 44, индекс 090400

175.57kb.

05 09 2014
1 стр.


«Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жұмыссыздарды тіркеу және есепке қою»

Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар б

479.13kb.

13 10 2014
3 стр.


«Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жұмыссыздарды тіркеу және есепке қою»

Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар б

720.99kb.

05 09 2014
5 стр.