Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 394 қаулысымен  
бекітілген  

«Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жұмыссыздарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тізбесі осы «Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген, тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 15-бабына сәйкес көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері, тізбелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органдардың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде, интернет-ресурстарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды түрде жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, шетелдіктерге, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейді;
      2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің шекті ең көп уақыты бір өтініш берушіге қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың деректемелері (Т.А.Ә, кабинет нөмірі) уәкілетті органның ғимаратында көрнекі жерде орналасқан.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органның үй-жайында көрсетіледі. Күту залында отыруға арналған орындар, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ақпарат орналасқан стенділер, сондай-ақ өртке қарсы қауіпсіздік құралдары бар. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін кіреберісте пандус болуға тиіс.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттар:
      Қазақстан азаматтары – жеке куәлік (паспорт);
      шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның ішкі істер органдарында тіркелгені туралы белгісі бар куәлігі;
      оралмандар – оралман куәлігі;
      2) еңбек кітапшасы;
      3) әлеуметтік жеке код (ӘЖК) берілгені туралы куәлік;
      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
      5) соңғы жылы алған табысы туралы мәліметтер (мәлімдеме сипатында болады);
      12. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет бланкілерді толтырмай көрсетіледі.
      13. Уәкілетті органда қажетті құжаттардың барлығы тапсырылғаннан кейін уәкілетті органның жұмыссызды тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыратын қызметкері тұтынушының деректерін дербес есепке алу карточкасына (компьютерлік дерекқорға) енгізеді.
      14. Тұтынушыға тіркелген және тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлау өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органға жеке өзінің баруы арқылы жүзеге асырылады.
      16. Жұмыссыз ретінде тіркеуден, есепке алудан бас тарту қажетті құжаттар болмаған кезде, жалған мәліметтер мен құжаттар ұсынған кезде, осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
      Мемлекеттік қызмет беруді тоқтата тұру үшін негіздеме жоқ.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкілетті органның қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезінде заңдылықтың сақталуы қағидаттарына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдемдесетін мемлекеттік органның атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері, электронды почтаның мекенжайлары, осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесі, заңды мекенжайы, телефондары, электронды почтасының мекенжайы осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген осы мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкілетті органның басшысының атына беріледі.
      Тұтынушы мекенжайлары, телефондары осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы органдар Әкімдерінің аппаратына жүгінуіне болады.
      22. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайларда шағым, кабинет нөмірі уәкілетті органның көрнекі жердегі стенділерінде көрсетілген уәкілетті орган басшысының атына беріледі, электрондық почтасының мекенжайы, байланыс деректері осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген. Уәкілетті органның жұмыс кестесі осы стандарттың 9-тармағында көзделген жұмыс кестелеріне сәйкес белгіленеді.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде әрекетіне шағымданатын орган атауы немесе лауазымды адам, өтініш себебі мен талаптары көрсетіледі.
      25. Жазбаша шағыммен жүгінген тұтынушыға жауап алатын күні және уақыты, өтінішті қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
      26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, интернет-ресурс: https://www.enbek.gov.kz.

«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу


және есепке қою» мемлекеттік
қызмет стандартына     
1-қосымша       

Уәкілетті органдардың мекенжайлары мен байланыс деректері

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.



Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020100, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 81 [email protected]

8-71638 2-10-48

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020200, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесі, 47 arshaly_rotz@kokshetau. online.kz

8-71644 2-13-76

3

Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020300, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz

8-71641 2-25-34

4

Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020400, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесі, 50 atb_rotziszn@kokshetau. online.kz

8-71643 2-45-69

5

Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020500, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19 [email protected]

8-71646 2-14-26

6

Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020600, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 6 [email protected]

8-71642 2-15-44

7

Еңбекшілдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020700, Степняк қаласы, Ленин көшесі, 64 [email protected]

8-71639 2-21-29

8

Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020800, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесі, 87 [email protected]

8-71633 2-37-44

9

Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020900, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 5 [email protected] [email protected]

8-71647 2-16-57

10

Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021000, Жақсы ауылы, Достық көшесі, 3 soc_zahita_21@kokshetau. online.kz [email protected]

8-71635 2-13-00

11

Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021100, Державин қаласы, Ленин көшесі, 32 rusz_irk@kokshetau. online.kz

8-71648 9-17-02

12

Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021200, Зеренді ауылы, Бейбітшілік көшесі, 64 [email protected]

8-71632 2-11-68

13

Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021300, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесі, 9 [email protected]

8-71637 2-11-83

14

Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021400, Балкашино ауылы, Ленин көшесі, 117 Sondyktau_OZSP@kokshetau. online.kz

8-71640 9-17-43

15

Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

010021, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15 [email protected]

8-71651 3-11-10

16

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021600, Шортанды кенті, Абылайхан көшесі, 22 [email protected]

8-71631 2-19-75

17

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021700, Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесі, 24 soczachita@kokshetau. online.kz

8-716-36 4-27-68

18

Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021500, Степногор қаласы, 4-шағын аудан [email protected]

8-71645 6-26-33, 6-20-30

19

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020000, Көкшетау қаласы, Локомативная көшесі, 9 «а» Sobes_kokshe@kokshetau. online.kz

8-7162 31-92-76, 31-92-78




Ақтөбе облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Әйтеке би ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030100, Комсомол ауылы, Балдырған көшесі, 10 [email protected]

8-71339 2-12-18 2-14-69

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Алға ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030200, Алға қаласы, Сейфуллин көшесі, 17 [email protected]

8-71337 3-11-52 3-14-07

3

Байғанин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030300, Байғанин кенті, Қонаев көшесі, 37 [email protected]

8-71345 2-25-73 2-24-33

4

Ырғыз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030400, Ырғыз кенті, Әбілхайыр хан көшесі, 52 [email protected]

8-71343 2-14-81 2-16-50

5

Қарғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030500, Бадамша ауылы, Патсайы көшесі, 11 «а» [email protected]

8-71342 2-22-98 2-27-31

6

Қобда ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

031000, Қобда кенті, Әбілхайыр хан көшесі, 47 [email protected], [email protected]

8-71341 2-13-24 2-10-06

7

Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030600, Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 38 [email protected]

8-71331 2-16-37 2-28-15

8

Мұғалжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030700, Қандыағаш қаласы, Шынтасов көшесі, 2 [email protected]

8-71333 3-62-02 3-68-62

9

Темір ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030800, Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі, 13 [email protected]

8-71346 2-30-93 2-22-95

10

Ойыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030900, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 69 [email protected]

8-71332 2-19-42 2-19-45

11

Хромтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

031100, Хромтау қаласы, Жеңіс даңғылы, 4 [email protected]

8-71336 2-16-57 2-18-63

12

Шалқар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

031200, Шалқар қаласы, Үргенішбай көшесі, 13 [email protected]

8-71335 2-30-11 2-15-77

13

Ақтөбе қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030000, Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар көшесі, 289 А

87132
51-22-49, 51-64-18

Алматы облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Ақсу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040100, Жансүгіров кенті, Желтоқсан көшесі, 5 [email protected]

8-72832 2-11-43

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040200, Үшарал қаласы, Жеңіс көшесі, 148 [email protected]

8-72833 2-15-36

3

Балқаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040300, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 66 [email protected]

8-72773 9-14-25

4

Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040400, Есік қаласы, Алматы көшесі, 112 [email protected]

8-72775 4-24-36

5

Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040500, Қарабұлақ кенті, Сәтпаев көшесі, 65 [email protected]

8-72836 3-00-62

6

Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040600, Ұзынағаш ауылы, Қарасай батыр көшесі, 261 zhambyl.rotzszn@mail. online.kz,

8-72770 2-22-60

7

Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040700, Өтеген батыр кенті, Титов көшесі, 3 «а» [email protected]

8-72752 2-47-51

8

Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040900, Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 215 [email protected]

8-72771 2-17-71

9

Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

041000, Үштөбе қаласы, Құсмолданов көшесі, 3 [email protected]

8-72834 2-24-30

10

Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040600, Ұзынағаш ауылы, Қарасай батыр көшесі, 261

8-72770 2-22-60

11

Кербұлақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

041100, Сарыөзек кенті, Мәншүк Мәметова көшесі, 3

8-72840 3-16-04

12

Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

041200, Балпық би кенті, Мырзабеков көшесі, 38

8-72838 2-03-71

13

Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

041300, Жаркент қаласы, Масанчи көшесі, 23 [email protected]

8-72831 51048

14

Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

041400, Кеген ауылы, Момышұлы көшесі, 7 [email protected]

8-72777 21134

15

Сарқант ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

041500, Сарқант қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 117 [email protected]

8-72839 21491

16

Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

041600, Талғар қаласы, Гагарин көшесі, 76 [email protected]

8-72774 21717

17

Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Нысанбаев көшесі, 10 [email protected]

8-72778 21270

18

Кербұлақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

041100, Сарыөзек кенті, Мәншүк Мәметова көшесі, 3

8-72840 3-16-04

19

Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040800, Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 2/3 [email protected]

8-72772 41574

20

Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040000, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 35

8-7282 210491

21

Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

041700, Текелі қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 24

8-72835 42395


следующая страница>


«Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жұмыссыздарды тіркеу және есепке қою»

Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар б

48.7kb.

25 12 2014
1 стр.


«Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жұмыссыздарды тіркеу және есепке қою»

Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар б

479.13kb.

13 10 2014
3 стр.


«Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жұмыссыздарды тіркеу және есепке қою»

Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар б

720.99kb.

05 09 2014
5 стр.


«Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жұмыссыздарды тiркеу және есепке қою»

Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар б

677.14kb.

16 12 2014
5 стр.


«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер

Мемлекеттік қызметті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

145.94kb.

25 12 2014
1 стр.


«Жұмыссыз азаматтарды есепке алу және тіркеу»

Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке алу жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмысқа орналасуға көмек көрсету үшін өтініш білдірген тұлғаларды тіркеу және қажетті

89.96kb.

14 12 2014
1 стр.


«Жұмыссыз азаматарды тіркеу және есепке алу» Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Жалпы ереже Берілген стандарт мемлекеттік қызметін анықтау «Жұмыссыз азамат тарды тіркеу және есепке алу»

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Заңының 15 бабының 6 тармағы негізінде көрсетіледі

82.28kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі №1183 Қаулысы

Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою" және "Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою" мемлекеттік қызм

234.05kb.

12 10 2014
1 стр.