Буынға бөліп жазыңдар.
1. Алма, қарбыз, дастарқан, қызыл, дәмді, сары, жасыл, жемеймін, жаңбыр, ұшты, жолға, тоқта, оңға, жапырақ, салқын. (15 сөз)
2. Оқушы, мұғалім, кітап, терезе, дәптер, тақта, қалам, қарындаш, қабырға, бала, дүкен, кітапхана, дәріхана, балмұздақ, мектеп. (15 сөз)
Кім? Не? деген сұрақтарды сөздің үстіне жазыңдар.
1. Тамақ, нан, қыз, сусын, мұғалім, тұз, май, әже, кесе, шырын, ана, торғай, табақша, дәрігер, құс. (15 сөз)
2. Тақта, бор, қаз, оқушы, көбелек, кітап, дәптер, іні, әпке, гүл, Айгүл, есік, еден, Айдос, алмұрт. (15 сөз)
3. Әлия нан сатып алды. Әжем тұшпара пісірді. Атам газет оқыды.Атам мен әжем үшеумiз сусын iштiк. (16 сөз)
Жуан, жiңiшке, сөздердi бөлiп жазыңдар.
1.Тыныш, дұрыс, сәлем, сынып, iш, қара, тоқта, пiс, тiс, же, анар, бағдаршам, жүзiм, алға, оңға. (15 сөз)
2.Салқын, дәмдi, қызыл, тәттi, сөздiк, әже, қарбыз, сары, ұшты, күз, қыс, жылы, қазақ, солға. (15 сөз)
3.Оңға, дейiн, керек, сана, сөз, көл, әкел, ұл, әрiп, қорап, қанша, үлкен, орташа, шеше, жаттығу. (15 сөз)
1. Мен ерте ояндым. Бетi-қолымды сабынмен жудым. Киiм ауыстырдым. Анама көмектестiм. Атам маған балмұздақ сатып әпердi. (16 сөз)
2. Кеш болды. Апам кешкi ас дайындады. Ол бауырсақ пiсiрдi. Бiз ас iштiк. Менiң ұйықтағым келдi. (15 сөз)
Қыс.
Қыс келдi. Кеше суық қар жауды. Мен қармен ойнадым. Шанамен сырғанадым. Менiң досым Еркiн шаңғы тептi. (16 сөз)
Жаңа жыл.
Жаңа жыл – үлкен мереке. Мерекеге Аяз ата келдi. Мен Жаңа жылға қоян киiмiн киемiн. Жаңа жыл тамаша. (17 сөз)
1. Бүгiн бiрiншi сабақ – есеп. Мен тақтаға шықтым. Есеп шығардым. Мен есепте қосу мен көбейтудi жаксы бiлемiн. (16 сөз)
Есепте.
Сен тақтада есепте. Екiге екi қосқанда неше болады? Дұрыс. Төрт болады. Жетi алу бiр. Қанша болады? Дұрыс, өте жақсы. (19 сөз)
Қол еңбегi.
Бiз сабақта матадан дөңгелек қидық. Мата қызыл. Мен матаны қайшымен қидым. Қызыл жiппен тiктiм. (14 сөз)
Сурет.
Сурет сабағы өте қызық өтедi. Бұл сабаққа дәптер, бояу, қылқалам, өшiргiш, қарындаш керек. Мен сабақта түлкiнi салдым. (17 сөз)
Көктем.
Көктем келдi. Бiз далада қуаласпақ ойнадық. Дене шынықтыруда доп лақтырып та ойнадық. Ауа райы жақсы. (15 сөз)
Наурыз.
Наурыз жыл басы. Мектепте Наурызға дайындалып жатыр. Наурызда үйлердi, көшелердi тазартады. Қош келдiң, Наурыз мерекесi (15 сөз)
Жуан, жiңiшке жалғаулар.
1. Ойындар.
Күндер жылы. Ауа таза. Балалар аулада ойнап жүр. Менiң достарым дойбы ойнап отыр. Ойындар бәрi қызық. (16 сөз)
2. Жаз.
Жаз келдi. Құстар ұшып келдi. Гүлдер, жидектер өсiп тұр. Мен терезелердi аштым, жудым. Жаз айлары өте сұлу. (17 сөз)
Әншi.
Маржан домбырамен ән айтты. Оның әнi балаларға ұнады. Балалар қол шапалақтады. Маржан иiлiп сәлем жасады. (15 сөз)
Жазғы каникул.
Оқу жылы аяқталды. Мен үшiншi сыныпқа өттiм. Каникулда мен ауылға барамын. Аулдың қасында теңiз бар. Мен теңiзде шомыламын. (18 сөз)
V. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.
-
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
-
М.Қоянбаев. «Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы» 2005 жыл.
-
«Қызықты грамматика» жұмыс дәптері. «Алматыкітап» баспасы 2012жыл авторы: З.Муфтибекова.
-
«Қазақ тілі» өзіндік жұмыстар. 2-сынып Алматы «Өлке» баспасы 2011 жыл.
Авторлары:К.Ерешева, Г.Сүйіндікова
РЕЦЕНЗИЯ
Ұсынылып отырған таңдау курсының бағдарламасы 2-сынып оқушыларына, оқу қабілеті төмен оқушыларға және түзету жұмыстарына арнап құрастырылған. Бұл бағдарлама «Қызықты грамматика» «Алматыкітап» баспасында шыққан оқыту құралы мен «Қазақ тілі» өзіндік жұмыстар «Өлке» баспасында шыққан оқыту құралына сүйеніп жасалған.
Таңдау курсының бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартының талаптарын қамтамасыз еткен. Тақырыптардың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерген. «Қызықты грамматика» бағдарламасы «Қазақ тілі» және «Өзін-өзі тану» пәндерімен тығыз байланыста жасалған.
Курстың негізгі мақсаты – оқушылардың ауызша дұрыс сөйлеуді, сауатты жазуды, сөзді мағынасына сай дұрыс қолдануды талап етеді. Халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы оқушылардың ой қорыту қабілетін, тіл байлықтарын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру. «Өзін-өзі тану» пәнімен тығыз байланыс жасай отырып, оқушылардың рухани байлығын, Отанына деген сүйіспеншілігін дамыту. Жаны таза адамның ғана аузынан дұрыс сөз шығатындығын ескере отырып, алдымен оқушыларды ізгілікке, жалпы адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу көзделген. Сонымен қатар, бағдарламада оқушылардың грамматикалық, фонетикалық, синтаксистік, морфологиялық білімдерін жетілдіру үшін берілетін тапсырмалар жүйелі түрде ұсынылған.
Бағдарламаны құрастыру барысында оқушылардың грамматикалық білім, білік, дағдыларын, оқу қабілеттерін деңгейлей отырып көтеру ескерілген. Оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдері, формалары қарастырылған. Берілетін тапсырмалар әр оқушының деңгейі мен қабілетіне сәйкестендіріліп, өз бетімен ізденушілік жұмыстары да қамтылған.
Рецензия жазған: С.С.Омаржанова – бастауыш ӘБ жетекшісі
«№27 ЖББОМ» КММ
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТІҢ КӨШІРМЕСІ
10 қазан 2012 жыл
Қатысқаны: 10 адам
Қатыспағаны: 0 адам
Қаралған мәселелер:
-
Таңдау курсының, үйірме жұмыстарының бағдарламасын құрастыру барысында ұстаздарға көрсетілетін әдістемелік ұсыныстар.
-
2 «А» сыныбына арналған «Қызықты грамматика» таңдау курсының бағдарламасы. Құрастырған – Шамгулова А.Б.
Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары К.Қ.Омарова бағдарлама жайында толық түсініктеме берді. Таңдау курсы бағдарламасының мазмұнымен таныстырды.
Ұсынылған бағдарлама бастауыш сынып ӘБ орысында (хаттама №2 4 қазан 2012 жыл) талқыланып, мектептің ӘК қарастырылуға ұсынылды. Оқу қабілеті төмен, түзету жұмыстарына арналған тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ойлау қабілеттері, грамматикалық сауаттылықтары, байланыстырып сөйлеулері, пәнге деген қызығушылықтары арта түседі. Бағдарламаның негізгі мақсаты - оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін жетілдіре отырып, оқушылардың рухани байлығын, тіл байлығы, өз ойын нақты, мағыналы ә жеткізе білу дағдыларын дамыту. Басқалармен тең құқылы білім алуға мүмкіндік жасау. Өзіне сенімді, мәдениетті тұлға тәрбиелеу. Даму мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту, ой-өрісін жетілдіріп, олардың жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың сана-сезімін тәрбиелеп, оның білімге деген құштарлығын, еңбек сүйгіштігін, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру мен қиындықтарды жеңе білуге баулумен етене ұштастырып жүргізу.
Шешім:
1. Таңдау курсы мен үйірме сабақтарының бағдарламасын құрастыру кезінде ұстаздар білім беру мекемелерімен ұсынылған әдісмелік талаптарды қатаң ұстану.
2. 2 «А» сыныбына арналған «Қызықты грамматика» таңдау курсының бағдарламасы бекітілсін.
Мектеп директоры: К.Т.Даупбаева
Хатшы: С.Ш.Ашкарбекова
Қызықты грамматика
2 – сынып
Міндетті, оқушылық деңгейге,
түзету жұмыстарына арналған
Құрастырған: Шамгулова А.Б., бастауыш сынып мұғалімі.
Пікір жазған: Омаржанова С.С., бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі.
Ұсынылып отырған таңдау курсының бағдарламасы 2-сынып оқушыларына, міндетті, оқушылық деңгейге арналып құрастырылған. Бұл бағдарлама «Қызықты грамматика» «Алматыкітап» баспасында шыққан оқуыту құралы мен «Қазақ тілі» өзіндік жұмыстар «Өлке» баспасында шыққан оқыту құралына сүйеніп жасалған.
Таңдау курсының бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартының талаптарын қамтамасыз еткен. Тақырыптардың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерген. «Қызықты грамматика» бағдарламасы «Қазақ тілі» және «Өзін-өзі тану» пәндерімен тығыз байланыста жасалған.
Курстың негізгі мақсаты – оқушылардың ауызша дұрыс сөйлеуді, сауатты жазуды, сөзді мағынасына сай дұрыс қолдануды талап етеді.Халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін, тіл байлықтарын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру. «Өзін-өзі тану» пәнімен тығыз байланыс жасай отырып, оқушылардың рухани байлығын, Отанына деген сүйіспеншілігін дамыту. Жаны таза адамның ғана аузынан дұрыс сөз шығатындығын ескере отырып, алдымен оқушыларды ізгілікке, жалпы адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу көзделген. Сонымен қатар, бағдарламада оқушылардың грамматикалық, фонетикалық, синтаксистік, морфологиялық білімдерін жетілдіру үшін берілетін тапсырмалар жүйелі түрде ұсынылған.
Бағдарламашы құрастыру барысында оқушылардың грамматикалық білім, білік, дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін деңгейлей отырып көтеру ескерілген. Оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдері, формалары қарастырылған. Берілетін тапсырмалар әр оқушының деңгейі мен қабілетіне сәйкестендіріліп, өз бетімен ізденушілік жұмыстары да қамтылған.
Тіл және сөйлеу
1-сабақ. Мектеп білім ордасы.
-
Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
-
Өлеңді мәнерлеп оқы, жаттап ал.
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
-
Сабаққа қажетті құрал жабдықтарды сөмкеге жина.

2 – сабақ. Біздің сынып.
-
Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Кейіпкерлерге ат қой, олардың міндетін тауып көр.
-
Сабаққа қажетті оқу құралдарының суретін сал. Астына аттарын жаз.
-
Сұрақтарға жазбаша жауап бер.
Атың кім?
Неше жастасың?
Нешінші сыныпта оқисың?
Сыныпта неше оқушы бар?
Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Бір аптада неше күн бар?
3- сабақ. Мен және менің достары.
-
Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
-
Достарыңның аттарын жаз және оларға бір ғана сөзбен сипаттама бер.
-
Төмендегі өлең шумақтарын түсініп оқы. Не жайында жазылғандығын әңгімелеп бер.
Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Досым жалғыз мен үшін
Бар мейрімін төгеді.
4-сабақ. Дауысты дыбыстар. Оның түрлері.
Қазақ әліпбиінде 15 дауысты дыбыс бар.
Олар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, и, (у), ю, я, ё, э
-
Төмендегі сөздерді оқы, дауысты дыбыстарды тап. Олардың астын қызыл қарындашпен сыз.
бала мектеп қалам
оқулық кеме оқушы
сызғыш орамал білім
Жіңішке дауысты дыбыстарды тап, астын сыз.
Биік болсын шоқтығың,
Атыңды айтам ән қылып,
Желбірейді көк туың –
Төбемізде мәңгілік.
Жуан дауысты дыбыстарды тап, астын сыз.
Асыл өлкем ерекше,
Қазақстан – мекенім!
Беп-белгілі емес пе,
Сенің ғажап екенің!
Дауысты дыбыстар айтылуына қарай жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді.
-
5-сабақ. Жуан дауысты дыбыстар.
-
Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Жуан дауысты дыбыстар:
а, о, ы, ұ
Отбасы мүшелерінің аттарын жаз. Жуан дауысты дыбыстардың аттарын жаз.
-
Төмендегі суреттен жуан бауысты дыбыстан басталатын сөздерді теріп жаз. Оларды боя.
6-сабақ. Жіңішке дауысты дыбыстар.
-
Суреттен не байқадың? Әңгімеле.
Жіңішке дауысты дыбыстар:
ә, е, ө, і, ү
Жыл мезгілдерінің аттарын жаз. Жіңішке дауысты дыбыстардың астын сыз.
-
Өлеңді түсініп оқы. Өлеңнің мазмұны бойынша сурет сал.
Қарашы далаға, Жөңкіліп көшеде,
Реңі сары ала. Суық жел еседі.
Пісті алама албырап, Алқаптан бидайды,
Сарғайды бал құрақ. Қоймаға ел жинайды.
Аспанда қаптаған Тырнасы тізілген
Бұлт тыным таппаған. Ұнатам күзді мен.
7-сабақ. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
о – ө
а – ә
Қазақ тілінде жуан және жіңішке жұп дауыстылар деген бар.
Оларға мыналарды жатқызамыз:
ұ – ү
ы – і
-
Түсіп қалған жұп дауыстыларды тауып жаз.
сан – с...н аңшы - ...нші
боз – б...з ...р - өр
...н – үн ұқ - ...к
т...с – тіс ...с – іс
-
Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
-
Көркем жазу минуты.
8-сабақ. Буын.
-
Сурет бойынша ертегі құрастыр.
Ертегі кеіпкерлерінің атын буынға бөліп жаз.
-
Төмендегі сөздерді буындарға бөл. Буын санына байланысты топтастыр жаз.
Шие, бүлдірген, алша, алма, анар, құлпынай, өрік, шабдалы, таңқурай, жүзім, қарақат, долана, құрма.
2 буынды сөздер
3 буынды сөздер
-
Көркем жазу минуты.
9-сабақ. Дауыссыз дыбыстар.
Қазақ әліпбиінде 26 дауыссыз дыбыс бар.
Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ш, щ, (у)
-
Төмендегі өлең жолдарын түсініп, мәнерлеп оқы. Дауыссыз дыбыстарды тап, олардың астын көк қарындашпен сыз.
Бесігінде бақыттың,
Ән-жырымен уақыттың,
Қанатында арманның,
Шыршасындай орманның
Өсіп келе жатырмын.
-
Үлгідегіндей әріптер тізбегін тап, қорша.
а р с б в г с р с т т у р
|
о р қ б р с т ц к н в у ч
|
з е с ө к р т ю ш ф р с т
|
Үлгі:
р с т
-
Көркем жазу минуты.
10-сабақ. Қатаң дауыссыз дыбыстар.
-
Суреттен қандай мамандық иелерін көріп тұрсың? Олар жайында не білесің? Әңгімеле.

Қатаң дауыссыз дыбыстар:
қ, к, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, щ, ш.
Өзің білетін мамандықтыңтардың аттарын жаз. Қатаң дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
-
Суреттегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Үлгі: ара – 3 әріп, 3 дыбыс, 2 буын
а – дауысты, жуан.
п – дауыссыз, қатаң.
а – дауысты, жуан.
-
Көркем жазу минуты.
11-сабақ. Ұяң дауыссыз дыбыстар.
-
Суреттен адамның қандай еңбегін көріп тұрсың? Әңгімеле.
Ұяң дауыссыз дыбыстар:
б, в, г, ғ, д, ж, з.
Өзің білетін жеміс-жидектердің аттарын жаз. Ұяң дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
-
Сөзжұмбақты шеш.
-
Жыл мезгілінің аты.
-
Суда жүзетін не?
-
Біздің төбеміздегі әлем.
3.Көркем жазу минуты.
Үнді дауыссыз дыбыстар:
л, м, н, ң, р, й, (у)
12-сабақ. Үнді дауыссыз дыбыстар.
-
Суреттегі көлік түрлерінің аттарын жаз. Үнді дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

-
Өлең жолдарын мәнерлеп, түсініп оқы. Үнді дауыссыз дыбыстар кездесетін сөздердің астын жасыл қарындашпен сыз.
Корабльді басқарып, Таңдандырып бар елді,
Көк жүзіне самғасам. Ғажап үйлер сала алсам.
Тауды бұзып, тас жарып, Жасартатын әжемді
Мұхиттарды жалғасам. Дәрі де ойлап таба алсам...
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!
-
<предыдущая страница | следующая страница>