Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4
«Қарағанды қалалық білім бөлімі» ММ

«№27 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»

ҚББ Әдістемелік кабинеті №27 ЖББОМ директоры

хаттама К.Т.Даупбаева

« » 2012 ж. « » 2012 ж.


Таңдау курсының

бағдарламасы

«Қызықты грамматика»

2-сынып

(оқу қабілеті төмен оқушыларға,

түзету жұмыстарына арналған)

Қарағанды 2012

Құрастырған: Шамгулова Алуа Бериковна, бастауыш сынып мұғалімі.

Рецензия жазушы: Омаржанова Сабира Сериковна, бастауыш сынып ӘБ жетекшісі.
Бастауыш сынып ӘБ отырысында қаралды:

Хаттама № 04.10.2012ж.

Хатшы _____________ (қолы)

Мектептің әдістемелік кеңесінде қаралды:

Хаттама № 10.10.2012ж.

Хатшы _____________ (қолы)



І. ТҮСІНІК ХАТ

«Қызықты грамматика» - таңдау курсы. Бұл курс арқылы оқушылар негізгі пән «Қазақ тілінде» меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады. «Қазақ тілі» пәніндегі сияқты қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.

Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеу барысында кездесетін кедергілерді жою, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау барысында, бір сыныпта әр түрлі деңгейдегі оқушыларға білім беруді тиімді ету қарастырылуды. Сол себепті, бағдарлама жалпы білім беретін мектептегі сынып оқушыларының арасында баяу қабылдайтын, зейінінің тұрақсыздығы, еске сақтаудың барлық түрлерінің, сөздік-логикалық ойлау қабілеті мен сөйлеу тілінің жеткіліксіздігі байқалатын балаларға, психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қызметінің ерекшелігін есепке ала отырып, қызығушылығы төменгі деңгейдегі, оқушылық деңгейге арналып құрылған. Сонымен бірге, бұл деңгейдегі оқушылардың «Сауат ашу» оқу пәнінде жіберілген қателіктерді түзетіп, 2-сыныпта тереңдетіп оқытуға дайындау үшін «Дыбыс пен әріп», «Сөз», «Сөйлем» деген бөлімдер қайта қарастырылып, біртіндеп күрделендіріледі. Жұмыс дәптерінде орындауға берілген жаттығулар мен тапсырамалар оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерін бекіте түседі.
Өзектілігі:


  • Баламен жеке дара жұмыстар жүргізілу барысында оның жан-жақты дамуына, қоғамға бейімделуіне жағдай туғызу;

  • Сынып ұжымында әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өздерін емін еркін ұстауға бейімдеу;

  • Балада болашаққа деген басқаша көзқарас қалыптастыру.

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін жетілдіре отырып, тіл байлықтарын, өз ойларын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Басқалармен тең құқылы білім алуға мүмкіндік жасау. Өзіне сенімді, мәдениетті тұлға тәрбиелеу. Сонымен қатар, даму мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту. Олардың білімге деген құштарлығын, еңбек сүйгіштігін, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру, қиындықтарды жеңе білуге баулу.

Міндеттері:

  • балаларға медико-педагогикалық көмек көрсетуге жағдай жасау;

  • толыққанды дамуына және бейімделуіне, табысты білім алуға және белсенді қызметке ынталандыру;

  • балалардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге және табысқа жетуге үйрету;

  • байланыстырып сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету;

  • үлкендерді құрметтеп, олардан өнеге алуға жетелеу.


Күтілетін нәтиже:

-  Еркін ойлауға мүмкіндік алады;

-  Ақыл-ойын дамытады;

-  Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді;

-  Тіл байлығы жетіледі;

-  Жан-жақты ізденушілігі артады.


«Қызықты грамматика» таңдау курсының бағдарламасы 2-сынып оқушыларына арналған, аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатты қамтиды.

ІІ. ТАҢДАУ КУРСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ



Таңдау курсы төмендегідей 7 бөлімнен тұрады:

  1. Тіл және сөйлеу.

  2. Дыбыс пен әріп.

  3. Сөз.

  4. Сөйлем.

  5. Сөз таптары.

  6. Жыл бойы өткенді қайталау.

  7. Сөйлеу мәдениеті.


Тіл және сөйлеу (3 сағат)

  • Мектеп - білім ордасы. (1 сағат)

  • Біздің сынып. (1 сағат)

  • Мен және менің достарым. (1 сағат)

Дыбыс пен әріп. (10 сағат)

  • Дауысты дыбыстар. Оның түрлері. (1 сағат)

  • Жуан дауысты дыбыстар. (1 сағат)

  • Жіңішке дауыты дыбыстар. (1 сағат)

  • Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. (1 сағат)

  • Буын. (1 сағат)

  • Дауыссыз дыбыстар. (1 сағат)

  • Қатаң дауыссыз дыбыстар. (1 сағат)

  • Ұяң дауыссыз дыбыстар. (1 сағат)

  • Үнді дауыссыз дыбыстар. (1 сағат)

  • Тасымалдау. (1 сағат)

Сөз (6 сағат)

  • Сөз ойла, тез ойла. (1 сағат)

  • Адасқан әріптер әлемі. (1 сағат)

  • Мағынасы жуық сөздер. (1 сағат)

  • Қарама – қарсы мағыналы сөздер. (1 сағат)

  • Көп мағыналы сөздер. (1 сағат)

  • Өз біліміңді тексер. (1 сағат)

Сөйлем (3 сағат)

  • Сөйлемдегі сөздердің байланысы. (1 сағат)

  • Хабарлы сөйлем. (1 сағат)

  • Сұраулы сөйлем. (1 сағат)

  • Лепті сөйлем. (1 сағат)

Сөз таптары (5 сағат)

  • Заттың атын білдіретін сөздер – зат есім. (1 сағат)

  • Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. (1 сағат)

  • Заттың қимылын білдіретін сөздер – етістік. (1 сағат)

  • Заттың сынын білдіретін сөздер – сын есім. (1 сағат)

  • Заттың санын білдіретін сөздер – сан есім. (1 сағат)

Сөйлеу мәдениеті (3 сағат)

  • Жұмбақ әріптер. (1 сағат)

  • Жыл мезгілдері. (1 сағат)

  • Сіз деген – әдеп,

Біз деген – көмек. (1 сағат)

Жыл бойы өткенді қайталау (3 сағат)

  • Дыбыстық талдау. (1 сағат)

  • Өз біліміңді тексер. (1 сағат)

  • Қорытынды бақылау тесті. (1 сағат)


ІІІ. КҮНТІЗБЕЛІК – ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

2012 – 2013 оқу жылына арналған


р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Жұмыстың түрі

Тіл және сөйлеу – 3 сағат

1

Мектеп - білім ордасы.

1

06.09.2012

Топтық жұмыс, жекеленген үлестірмелі парақшалармен жұмыс.

2

Біздің сынып.

1

13.09.2012

Жалпылай тапсырмалар беру, пікірталас, жұппен жұмыс.

3

Мен және менің достарым.

1

20.09.2012

Жекелей жұмыс, үлестірмелі парақшалармен жұмыс жасау.

Дыбыс пен әріп – 10 сағат

4

Дауысты дыбыстар. Оның түрлері.

1

27.09.2012

Жекелей, жалпылай жұмыстар жүргізу.

5

Жуан дауысты дыбыстар.

1

04.10.2012

Топпен сөзжұмбақтар шешу, жекелей пікір білдіру.

6

Жіңішке дауыты дыбыстар.

1

11.10.2012

Жекелей, жұптық жұмыстар жүргізу.

7

Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.

1

18.10.2012

Топтық, жұптық жұмыстар.

8

Буын.

1

25.10.2012

Жекелей үлестірмелі парақшалармен жұмыс.

9

Дауыссыз дыбыстар.

1

01.11.2012

Топтық, жалпылай жұмыстар.

10

Қатаң дауыссыз дыбыстар.

1

15.11.2012

Жекелей, жұппен жұмыс.

11

Ұяң дауыссыз дыбыстар.

1

22.11.2012

Жекеленген, топтық жұмыстар жүргізу.

12

Үнді дауыссыз дыбыстар.

1

29.11.2012

Топпен, жекеленген жұмыстар.

13

Тасымалдау.

1

06.12.2012

Жұптық, жекеленген жұмыстар жүргізіледі.

Сөз – 6 сағат

14

Сөз ойла, тез ойла.

1

13.12.2012

Жекеленген үлестірмелі парақшалармен жұмыс.

15

Адасқан әріптер әлемі.

1

20.12.2012

Жекеленген, жұптық жұмыстар.

16

Мағынасы жуық сөздер.

1

27.12.2012




17

Қарама – қарсы мағыналы сөздер.

1

10.01.2013

Жекеленген, топтық жұмыстар.

18

Көп мағыналы сөздер

1

17.01.2013

Топтық жұмыстар жүргізіледі.

19

Өз біліміңді тексер.

1

24.01.2013

Жұптық, жекеленген жұмыстар.

Сөйлем – 3 сағат

20

Сөйлемдегі сөздердің байланысы.

1

31.01.2013

Жеке, жұппен, топтық, фронтальды.

21

Хабарлы сөйлем.

1

07.02.2013

Жекеленген жұмыстар жүргізі.

22

Сұраулы сөйлем.

1

14.02.2013

Жекеленген, топтық жұмыстар жүргізі.

23

Лепті сөйлем.

1

21.02.2013

Жалпылай, жекелей тапсырмалар орындау.

Сөз таптары – 5 сағат

24

Заттың атын білдіретін сөздер – зат есім.

1

28.02.2013

Жекеленген, топтық жұмыстар.

25

Бас әріптен басталып жазылатын сөздер.

1

07.03.2013

Топтық, жекеленген тапсырмалар беру.

26

Заттың қимылын білдіретін сөздер – етістік.

1

14.03.2013

Жалпылай, топтық тапсырмалар беру.

27

Заттың сынын білдіретін сөздер – сын есім.

1

04.04.2013

Жекеленген, топтық жұмыс.

28

Заттың санын білдіретін сөздер – сан есім.

1

11.04.2013

Топтық, жекеленген жұмыстар.

Сөйлеу мәдениеті – 3 сағат

29

Жұмбақ әріптер.

1

18.04.2013

Жекеленген, топтық тапсырмалар беру.

30

Жыл мезгілдері.

1

25.04.2013

Жекеленген жұмыстар.

31

Сіз деген – әдеп,

Біз деген – көмек.



1

02.05.2013

Топтық, жекеленген жұмыстар.

Жыл бойы өткенді қайталау – 3 сағат

32

Дыбыстық талдау.

1

16.05.2013

Жекеленген жұмыстар.

33

Өз біліміңді тексер.

1

09.05.2013

Топтық, жекеленген жұмыстар жүргізу.

34

Қорытынды бақылау тесті.

1

23.05.2013

Жекеленген, жұптық жұмыстар жүргізу.

VI. ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОР.

  • Үлестірмелі парақшаларға арналған тапсырмалардың үлгілері:

  1. Сөздерді буынға бөліп жаз. Алма, тарақ, қайшы, қарындаш, ою, қамшы, орақ, күрек.

  2. Мына сөздерді қатыстырып сөйлем құра. Мектеп, орман, қар.

  3. Сөздерді буынға бөліп жаз. Орамал, қар, жапырақ, сөмке, нан, кәмпит, қараңғы, бал.

  4. Мына сөздерді қатыстырып сөйлем құра. Қыс, шана, сабақ.

  5. Сөздерді буынға бөліп жаз. Теледидар, үстел, қарындаш, тақта, өрмекші, гүл, кітап, ара.

  6. Мына сөздерді қатыстырып сөйлем құра. Ана, мереке, мұғалім.




  • Тест тапсырмаларының үлгілері:

Зат есім тақырыбына арналған.

І нұсқа

  1. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

А) Қайда?

Ә) Кім? Не?

Б) Неге?

  1. Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап.

А) мұғалім

Ә) шана

Б) құстар

  1. Нелер? cұрағына жауап беретін сөзді тап.

А) балықшы

Ә) Айгүл

Б) кітаптар

  1. Оқушы деген сөзге қандай сұрақ қойылады?

А) кім?

Ә) қашан?

Б) не себепті?

  1. Егінші, суаншы, суретші деген сөздерге қандай сұрақ қойылады?

А) не?

Ә) нелер?

Б) кім?
ІІ нұсқа

  1. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

А) Кім? Не?

Ә)Қайда?

Б) Неге?

  1. Не? сұрағына жауап беретін сөзді тап.

А) бала

Ә) шана

Б) сауыншы

  1. Кімдер?cұрағына жауап беретін сөзді тап.

А) қала

Ә) көгершін

Б) оқушылар

  1. Ана деген сөзге қандай сұрақ қойылады?

А) кім?

Ә) қашан?

Б) не себепті?

  1. Балықшы, дәрігер, бақташы деген сөздерге қандай сұрақ қойылады?

А) не?

Ә) кім?

Б) нелер?


  • Диктанттың мәтіндері:


Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.

1.Күз, күн, тәтті үлкен, бір, үш, төрт, қыз, бөлме, ата, әже, алмұрт, қоңырау, сабақ. (15 сөз)

2. Білім, мектеп, сынып, оқушы, баға, шулама, дұрыс, жақсы, сұра, кел, ал, екі, үш, тіл, гүл. (15 сөз)

3. Бүгін – білім күні. Қазір қазақ тілі. Болат тақтаға шықты. Мен дәптерге жаздым. Қолымды көтердім. Жауап бердім. Жақсы баға алдым. (19 сөз)


Дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.

1. Бағдаршам, қара, алма, жер, тоқта, күт, дайындал, кім, тыныш, рұқсат, бер, қол, сұра, күн, сәлем. (15 сөз)

2. Қағаз, жаңбыр, бағдаршам, дастархан, ертең, сабақ, қоңырау, мұғалім, бор, есік, ыдыс, кесе, табақ, сөз, дыбыс. (15 сөз)
3. Метепке келдік. Сыныпта отырмыз. Сабақ басталды. Өте жақсы баға алдым. Мен қазақ тілін өте жақсы білемін. (16 сөз)


следующая страница>


«Қарағанды қалалық білім бөлімі» мм «№27 жалпы білім беретін орта мектебі» кмм

Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады. «Қазақ тілі»

555.59kb.

15 10 2014
4 стр.


Сыныбы Өткізетін мұғалім

Балқаш қаласы жалпы білім беретін №15 жалпы білім беретін орта мектеп кмм қамқоршылық кеңесінің құрамы. 2012-2013 оқу жылы

93.68kb.

15 10 2014
1 стр.


Саран қаласының білім ұйымының визит карточкасы Білім ұйымының атауы: «Саран қаласы әкімдігінің «№13 орта жалпы білім беретін мектебі»

Білім ұйымының атауы: «Саран қаласы әкімдігінің «№13 орта жалпы білім беретін мектебі» мм

204.77kb.

05 09 2014
1 стр.


«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №15 орта мектебі» кмм балқаш 2013ж

Бүгінгі күнде «Жас өркен» баспасөз орталығының тілшілерінің жұмыстары қала, облыс көлеміне танымал. Тілдер мерекесі аясында өткізілген қалалық шарада тілшілеріміз жүлделі І дәрежел

57.01kb.

25 12 2014
1 стр.


«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №15 орта мектебі» кмм балқаш 2013ж

Бүгінгі күнде «Жас өркен» баспасөз орталығының тілшілерінің жұмыстары қала, облыс көлеміне танымал. Тілдер мерекесі аясында өткізілген қалалық шарада тілшілеріміз жүлделі І дәрежел

52.62kb.

25 12 2014
1 стр.


Оқу үдерісінде білім берудің интерактивті түрлерін пайдалануды кеңейтуді және

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №15 орта мектебі» кмм жаратылыстану-математика пәндер кафедрасының

1271.98kb.

13 10 2014
10 стр.


«Саран қаласының жалпы орта білім беретін №16 мектебі»ММ

Білім беру мекемесі бірінші басшысының аты жөні: Байленова Умеджан Бейсембаевна

398.76kb.

12 10 2014
1 стр.


Ақтөбе қаласының білім бөлімі бойынша БҰйрық Ақтөбе қаласы №1 «03» қаңтар 2013 жыл

«Қалалық техникалық шығармашылық Орталығының» 2012-2013 оқу жылына арналған жылдық жоспарына және қаланың жалпы орта білім беретін мектептері және қосымша білім беру ұйымдарының оқ

319.64kb.

11 10 2014
1 стр.