Қарағанды облысы әкімінің
2011 жылғы « 07 »_қарашадағы
№ _112-ө_
өкімімен бекітілген
Қарағанды облысы әкімінің
"Қайнар" жастар сыйлығын беру
ТӘРТІБІ
1. Қарағанды облысы әкімінің "Қайнар" жастар сыйлығы (бұдан әрi - Сыйлық) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, облыстың жастар қозғалысының дамуын ынталандыру мақсатында тапсырылады.
2. Сыйлық жастар арасында жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық және кәсіби қызметiмен танылған облыстың 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтарына келесі номинациялар бойынша тағайындалады:
-
Жылдың жастар көшбасшысы;
-
Жылдың жас маманы;
-
Жылдың жас жұмысшысы;
-
Жыл студенті;
-
Жылдың жоғары сынып оқушысы;
-
Жылдың ауылдық жас маманы;
-
Жылдың жас спортшысы;
-
«Отан қорғаушы»;
-
«Мемлекеттік тіл - болашағым»;
-
Жас шығармашылық ұжым;
-
Жылдың жас ғалымы;
-
Жылдың жас ақыны;
-
Жылдың жас журналисі;
-
Жылдың әлеуметтік жобасы.
-
Сыйлықтың ақшалай мөлшерiн Қарағанды облысы әкімінің «Қайнар» жастар сыйлығын беру жөніндегі Комиссия белгiлейдi.
Бiр үміткерді сыйлыққа қайта ұсынуға және бiр номинациядан артық сыйлыққа ұсынуға болмайды.
-
Сайыстық құжаттарды қабылдау, iрiктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешiмдерді қабылдау тәртiбiн "Қайнар" облыстық жастар сыйлығын беру жөнiндегi Комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады.
-
Сыйлық алуға үміткерлерді Қарағанды облысының жергілікті және өзге де мемлекеттік органдары, шығармашылық және кәсіби одақтар, ұйымдар мен мекемелер, қоғамдық жастар бірлестіктері ұсынады.
-
Сыйлық алған тұлғаларға "Қарағанды облысы әкімінің "Қайнар" жастар сыйлығының лауреаты" атағы берiледі, диплом және ақшалай сыйлық табыс етiледi.
-
Сыйлықтар салтанатты жағдайда тапсырылады, марапаттау рәсiмi Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылады.
-
Комиссия өзiне жүктелген мiндеттерi бойынша:
-
үміткерлердің сайыстық құжаттарын қабылдайды және сыйлық алуға ізденушінің тапсырған жұмыстарын алдын ала қарайды, оларды сыйлыққа ұсыну тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
-
үміткерлерді iрiктейді, байқауға қатысуға рұқсат ету туралы ұсыныстар енгiзедi, сайысқа жiберiлген жұмыстардың тізімін, олардың авторларын және ұсынған ұйымдарды көрсете отырып, олардың тiзiмiн баспасөзде жариялайды;
-
сайысқа жiберiлген үміткерлердің жұмыстарын жан-жақты және ашық талқылауды ұйымдастырады;
-
сыйлық беру туралы шешiм қабылдайды;
-
лауреаттардың дипломдарын рәсiмдейдi.
-
Комиссияға сыйлық алуға ізденушінің ұсынылған кандидатураларын алдын ала қарау үшiн секциялар мен сараптау топтарын құру құқығы берiледi.
-
Сыйлық алуға ізденушінің кандидатуралары мен байқау жұмыстарын Комиссия екi кезеңде қарайды:
1-кезең - Комиссия мүшелерерінің ашық дауыс беруі арқылы, көпшілік дауыспен сайысқа қатысушы сыйлық ізденушілер таңдалып алынады;
2-кезең - сыйлық беру туралы шешiм қабылданады. Сыйлық беру туралы шешiм әрбiр үміткер бойынша жеке ашық дауыспен қабылданады. Үміткерге сыйлық беру үшiн дауыс берушілер саны Комиссия жиналысына қатысушылардың 3/4 кем болмауы керек.
Жекелеген номинация бойынша жеңімпаздарды анықтау мақсатында комиссия мүшелері сыйлыққа үміткерлерден қосымша ақпарат сұрастыруға құқылы.
-
Комиссия және оның секциялары құрамының кемiнде 2/3 мүшесі қатысса, мәжiлiс заңды деп есептеледi. Егер сыйлық алуға ізденушілер қатарына Комиссия мүшесiнiң кандидатурасы ұсынылған болса, оның авторы Комиссияның секция және мәжiлiс жұмыстарына қатыспайды.
-
Комиссия әр номинация бойынша 3 номинантты анықтайды, олардың ішінен Комиссия мүшелерінің ашық түрде дауыс беруі арқылы сыйлықтың лауреатын анықтайды. Облыс әкіміне Комиссияның шешімі бекіту үшін ұсынылады. Қарағанды облысы әкімінің сыйлық беру туралы өкімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнiне орай баспасөзде жарияланады
-
Облыс әкімінің сыйлығына үміткерлерді іріктеудің критерийлері:
-
Жылдың жастар көшбасшысы (оқудағы, қоғамдық өмірдегі, мәдениеттегі, спорттағы жетістіктері, әлеуметтік маңызы бар және кең ауқымды саяси іс-шараларға қатысуы, сәтті жүзеге асырылған жобалар, оларды жүзеге асырудан кейінгі жеткен әлеуметтік нәтижесі, бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көруі (бұдан әрі – БАҚ), ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеттері);
-
Жыл студенті (облыстың жоғары оқу орнының күндізгі бөлімінің студенті, ғылыми және қоғамдық өмірдегі жетістіктері, өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуы, ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеттері);
-
Жылдың жас маманы (азаматтық және мемлекеттік қызметкерлер (ұстаздар, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері), кәсіби жетістіктері, жұмысындағы инновациялық құрамдас бөлігінің болуы (жаңа технологияларды ойлап табу, ендіру немесе қолдану, ғылыми жаңалықтар мен жұмыстар, басылымдар, белсенді азаматтық ұстаным, қоғамдық маңызы бар қызмет);
-
Жылдың жас журналисі (күнтізбелік жыл бойында БАҚ-тағы басылымдардың болуы, телеарналардағы телебағдарламалар (сюжеттер), материалдардағы көтерілетін тақырыптардың, мәселелердің маңыздылығы, өзектілігі, байқауға ұсынылған материалдардың сапалық деңгейі, танымал журналистік байқауларға, форумдарға, қатысуы, өзіндік пікір мен белсенді азаматтық ұстаным);
-
Жылдың ауылдық жас маманы (ауылдық жерде жұмыс жасайтын мамандар мен жоғары білікті жұмысшылар, қызметтің жаңа әдістерін енгізу, ауыл дамуына үлес қосу, белсенді азаматтық ұстаным, қоғамдық маңызы бар жұмыс);
-
Жылдың жас спортшысы (жас спортшылар, спорттық жарыстардың белсенді қатысушылары – аталмыш номинация бойынша талантты және қабілетті жастарды анықтауға бағытталған халықаралық, аймақтық (аймақаралық) байқаулардың (оқушылар мен жұмысшы жастар спартакиадаларының, универсиадалардың, чемпионаттардың, оның ішінде ұлттық, олимпиадалық емес және қолданбалы спорт түрлері бойынша жеңімпаздары);
-
«Отан қорғаушы» (әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсібилік үшін марапаттар мен мадақтаулар; ел қауіпсіздігін сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсене қатысу; адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау, апатты жағдайлардың алдын алу, қылмысты болдырмау жөнінде іс-шаралар қолдану және т.б. нәтижелерге қол жеткізген жеке басының жетістіктері);
-
«Мемлекеттік тіл - болашағым» (мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілі, тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосу);
-
Жылдың жас ғалымы (ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері, өнеркәсіп пен ғылыми ұйымдардың мамандары, ғылыми дәрежесінің болуы (аспиранттар мен докторанттар), ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты атқаруға белсене қатысу, қоғамдық өмірдің түрлі салалары бойынша ғылыми жобаларды ендіру және жүзеге асыру, қазақстандық ғылымға сүбелі үлес қосу, ғылыми конференцияларға, байқау гранттарына, зерттеулерге қатысуы; басылымдардың болуы: монографиялар, оқыту және оқыту-әдістемелік кешендер, мақалалар, тезистер, ғылыми мекемелердегі жұмыс тәжірибесі);
-
Жылдың жоғары сынып оқушысы (орта білім беру мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары, оқудағы және қаланың, ауылдың, ауданның, облыстың қоғамдық өміріндегі жетістіктері, белсенді азаматтық ұстаным, қоғамдық маңызы бар жұмыстар, көшбасшылық қасиеттер, ерекше білім, икемдер мен дағдылар);
-
Жылдың жас жұмысшысы (өнідірістік сала жұмысшысы (слесарь, машинист, механизатор, дәнекерлеуші, қақтаушы, шахтер, металлург және т.б., өз жұмысы саласының дамуына үлес қосу, белсенді азаматтық ұстаным, қоғамдық маңызы бар жұмыс);
-
Жылдың жас ақыны (өзінің шығармашылық туындылары, аймақтың әдеби және мәдени дәстүрлеріне сүбелі үлес қосу, халықаралық және республикалық байқауларға қатысу, өз қызметін қоғамның мойындауы)
-
Жас шығармашылық ұжым (халықаралық және республикалық жарыстардың, байқаулардың, турнирлердің қатысушылары, өнер мен мәдениеттің дамуына үлес қосу, кәсіби саласындағы жеткен жетістіктері, өз жұмысын қоғамның мойындауы);
-
Жылдың әлеуметтік жобасы (жоба идеясының өзектілігі мен жаңашылдығы, жобаның ауқымдылығы мен ұзақтылығы, мақсатты аудиторияның сандық қамтылуы, жобаны жүзеге асырудың тиімділігі мен әлеуметтік-экономикалық маңызы, жоба тұрақтылығы);
-
Сайыс өтінімін рәсімдеуге қойылатын талаптар:
-
Сайысқа қатысуға жолданған өтінім сайысқа қатысатын әлеуетті қатысушының осы Тәртіпте көрсетілген талаптар мен шарттарға келісетіні жайлы білдіру үлгісі болып табылады.
-
Сайысқа қатысуға ниет білдірген үміткердің Сайысқа қатысуға жолдаған өтінімдері басшының қолы және мөрімен куәландырылған хатпен бірге қабылданады (заңды тұлғалар үшін).
-
Осы ережеде көрсетілген талаптарға сай емес өтінімдер қабылдауға және тіркеуге жатқызылмайды.
-
Сайысқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Түйіндеме;
Мемлекеттік органдар және/немесе мекемелердің, қазақстандық және/немесе халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-құрылымдардың, өзге де ұйымдардың ұсыныс-мiнездемесі;
7 фотосурет: 1 стандартты, құжаттар үшін (3х4), 3-«жұмыс үстінде», 2-«бос уақытта»; суреттер басылған және электронды түрде тапсырылуы тиіс, форматы JPEG, кемінде 3000*2000 пиксель; («Жылдың әлеуметтік жобасы» номинациясына сұратылмайды);
Мемлекеттік немесе орыс тілінде «Мен (біз) неге «Қайнар» сыйлығына лайықтымын (-мыз)» тақырыбында эссе. Көлемі 1 беттен аспауы керек, MS Word мәтіндік редакторында, қаріп - Times New Roman, кегль 14, аралық 1,5 («Мемлекеттік тіл – менің болашағым» номинациясына мемлекеттік тілде ұсынылады);
Жетістіктерін растайтын құжаттар (мақтау қағаздарының, дипломдардың, сертификаттардың, лицензиялардың, патенттердің көшірмесі, CD, DVD форматындағы бейне-фото материалдар, баспа, телевизиялық және электронды БАҚ-тардағы мақалалар (мақалалардың кесінділері, газет, журналдардағы мақалалар (немесе олардың көшірмелері), электронды БАҚ-қа сілтеме).
«Жылдың әлеуметтік жобасы» номинациясы үшін: конкурстық жұмыс.
Сайысқа қатысу өтінімін 2011 жылдың 25 қарашасына дейін мына мекен-жай бойынша қабылдаймыз: Мұқанов к., 1/6, «Қарағанды облысы жастары бастамашылдығының орталығы» ММ. Анықтама телефоны: 77-14-12, 77-19-07, 77-28-48 (сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін)