Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Қаратөбе ауданы әкімдігінің

2008 жылғы «___»______

№_____қаулысымен бекітілген

7- қосымша


«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну

үшін құжаттарды рәсімдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету

стандарты




  1. Жалпы ережелер




  1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: Мүгедектерге протездік- ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу.

Протездік-ортопедиялық көмек – мүгедектерді протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету және оларды қолдануға үйрету бойынша медико -техникалық көмектің арнаулы түрі.

  1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: жартылай автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет төмендегі негіздерге сүйене отырып көрсетіледі:

1)Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 18-24 бабтары;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20-шілдедегі №754 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» қаулысы;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулысының 4-бөлімінің 82-тармағы.

4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның атауы – Қаратөбе ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім), мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 18, 2 қабат, 14 кабинет, телефоны: 31-2-82.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі) – Протездік -ортопедиялық құралдарды (қол, тізе, кеуде протездеріне, балдақ, корсет және т.б). жасатуға «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті» мемлекеттік мекемесіне жолдама беру.

Протез-ортопедиялық құралдарды беруді Орал қаласы, Ғұмар Қараш көшесі, 37 мекенжайында орналасқан Протез жасау шеберханасы жүзеге асырады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларына көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және т.с.с.), электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 15 минут;

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу
кезінде және т.с.с.) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға
рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 15 минут;

3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды


алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файлдың
рұқсат берілген жоғары мөлшері – 15 минут.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекетік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттар, Қаратөбе ауданы әкімдігінің ресми сайты (www.karatoba.westkaz.kz). Бұл стандарт Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №18 көшесі мекенжайы бойынша Бөлімнің 2-қабатындағы арнайы стендте орналасқан.

10.Жұмыс кестесі – күн сайын сағат 9.00-18.30 дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, үзіліс уақыты сағат 13.00-14.30 дейін, аталған мемлекеттік қызметті алу үшін алдын-ала жазылу және жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.

11. Осы мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылатын қолайлы жағдайлар:

1) бөлмеде мемлекеттік және орыс тілдерінде арыздардың үлгілері көрсетілген жазу үстелдері мен орындықтар қойылған;

2) кабинеттердің қасында күтуге орындықтар қойылған;

3) жаз мезгілдері тұрақты температураны сақтау үшін ауа тазартқыш орналасқан.

4) есік алдында балалар мен мүгедектердің арбалары үшін пандус орнатылған;

5) өрт қауіпсіздігі талаптары сақталған.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптар тізбесі:

1) уәкілеттi органның жолдама;

 2) емдеуші дәрiгердiң жолдама-ұйғарымы, бастапқы протездеу кезiндегi ауру тарихынан көшірме үзiндіні;

 3)  рентген суреттерiн;

 4) мүгедектігі туралы анықтама;

 5) жеке куәлігін, мүгедек балалар үшiн - тууы туралы куәлiктi, тұрғындар есебi кiтабынан үзiндi көшiрмесi.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті бланктер беретін орын (өтініш нысандары және т.с.с.) – Бөлімнің №14 бөлмесінде азаматтарды рәсімдеу кезінде мамандар өтініш бланкілерін береді және арыз иесі сол жерде толтырады.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылған өтініштерді, және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекенжайы мен бөлмесі – Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №18, 1 қабат      мекенжайында орналасқан Бөлімнің №14 бөлмесіндегі мамандарына тапсырады.

15. Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызмет алған күні барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауын және нысаны - қабылдау күні көрсетілген маманның берген қолхаты.

16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі – тұтынушының жеке келуі. Мүгедектерді тіркеу, есепке алу Бөлімде №14 бөлмеде жүргізіледі.

17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізбесі – құжаттардың толық болмауы.

3.Жұмыс қағидалары


18. Бөлім мамандары жұмыс барысында мынадай қағидаттарды басшылыққа алады: сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы жан-жақты ақпарат беру, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа қосымшадағыға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі
21.Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауы, лауазымды тұлғаның телефонының, кабинетінің нөмірі:

1) Тұтынушы егер Бөлім мамандарына шағымданған жағдайда, Бөлімінің бастығы шағымдану тәртібін түсіндіріп, шағым дайындауға жәрдем көрсетеді, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №18, 1 қабат, 10 кабинет, телефоны: 31-1-91.                                              ;

2) Тұтынушы егер Бөлім бастығына шағымданған жағдайда Қаратөбе ауданы әкімінің аппарат жетекшісі шағымдану тәртібін түсіндіріп, шағым дайындауға жәрдем көрсетеді, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №19, 2 қабат, 7 кабинет, телефоны: 31-5-35.                                              

22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауы, лауазымды тұлғаның кабинетінің нөмірі:

1) Шағымдар пошта немесе қолма-қол, кеңсе - арқылы Бөлім бастығының атына Қаратөбе аудан әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қабылданады, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №18, 2 қабат, 10 кабинет, телефоны: 31-1-91;

2) Шағымдар пошта немесе қолма-қол, кеңсе - арқылы Қаратөбе ауданы әкімінің аппаратында қабылданады, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №19, 2 қабат, 3 кабинет, телефоны: 31-6-33.

23. Шағымның қабылданғанын растайтын құжаттың атауы: азаматтың жазбаша жүгінуін кіріс журналына тіркеп, тіркеу туралы талон немесе азаматты жеке мәселесімен қабылдау бойынша қабылдау уақыты көрсетілген карточка беріледі. Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген шағым міндетті түрде қабылдауға, тіркеуге, және қарауға жатады. Қарау мерзімі 15 күнтізбелік күн. Шағымның қаралу барысы туралы мәліметтерін бөлімнен білуге болады, мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №18, 2 қабат, 10 кабинет, телефоны: 31-1-91. 
6. Байланыс ақпараты
24. Байланыс мәліметтері: Тұтынушыларды қабылдау Қаратөбе ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.

1) бөлім бастығы:

Мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №18, 2 қабат, 10 кабинет, телефоны: 31-1-91, жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-18.30 дейін, демалыс және мерекелік күндерден басқа, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30 дейін. Жеке сұрақтар бойынша қабылдау: жұма күні сағат 14.00-17.00 дейін, мерекелік күндерден басқа;

Жоғары тұрған ұйымдардың байланыс мәліметтері:

1) “Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті” мемлекеттік мекемесі мекенжайы: Орал қаласы, Сарайшық көшесі 46, № 201 бөлме, Байланыс телефоны: 51-28-83;

2) Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты:

Мекенжайы: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №19, 2 қабат, 7 кабинет, телефоны: 31-5-35

25. Бөлім төмендегідей қосымша қызметтер көрсетеді:

1) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;

2) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

3) Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу;

4) Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу;

5) Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу;

6) Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру;

7)Тұрғын үй көмегін тағайындау;

8)Мүгедектерді сурдо-тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдар беру;

9) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу;

10) Мүгедектер үйінде, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу.

Бөлімнің сенім телефоны: 31-1-91.

«Мүгедектерге протездік -ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандартына» қосымша


Кесте.Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi


Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1.Мерзімділігі

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының % үлесi










1.2 қызмет алуды кезекте 15 минуттан аспайтын уақыт кеткен тұтынушылардың % (үлесi)










2. Сапасы

2.1 қызметтi ұсыну үрдiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтыну-шылардың % (үлесi)










2.2 құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсiмдеген жағдайдың (жүргiзiлген төлемдер, есеп айырысулар және т.б) % (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiк

3.1 қызметтi ұсыну тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










3.2 тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бiрiншi реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесi)










3.3 интернет арқылы қолжетiмдi қызметтерiнiң ақпарат % (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1 қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiзделген шағымдардың % (үлесi)










4.2 белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдардың % (үлесi)










4.3 шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтыну-шылардың % (үлесi)










4.4 шағымдану мерзiмiне қанағат-танған тұтынушылардың % (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1 қызметкерлердiң сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)













Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2008 жылғы

Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: Мүгедектерге протездік- ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу

95.25kb.

15 09 2014
1 стр.


Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2008 жылғы

Мемлекеттік қызметтің анықтамасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау

96.29kb.

25 12 2014
1 стр.


Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2008 жылғы

«Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу»

108.83kb.

25 12 2014
1 стр.


Бекітемін федоров ауданы әкімі аппаратының басшысы Л. Костенко

«Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы Жол картасын үйлестіру және жүзеге асыру мониторингі жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 29 мамырдағы №157 қаулысы

223.18kb.

15 10 2014
1 стр.


Бекітемін федоров ауданы әкімі аппаратының басшысы Л. Костенко

«Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы Жол картасын үйлестіру және жүзеге асыру мониторингі жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 29 мамырдағы №157 қаулысы

166.86kb.

14 12 2014
1 стр.


Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы 2013 жылғы 25 сәуір №98 Қызылорда облыстық мәслихатының шешімі

Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3 тармақшасына сәйкес Сырдария ауданының мәслихаты мен Сырдария ауданы әкімдігінің пікірлерін ескере келе

29.15kb.

25 12 2014
1 стр.


Шарбақты ауданы әкімдігінің 2009 жылғы

«Шарбақты ауданы Чигиринов ауылдық округі әкімінің аппараты» 2010-2014 жылдары дамуының

345.46kb.

16 12 2014
1 стр.


Аудан әкімдігінің 2012 жылғы «20» қарашадағы №370 қаулысына 1 қосымша

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

418.32kb.

25 12 2014
4 стр.