Маңғыстау ауданы
Армысыздар салауатты өмір салтын қолдайтын, денсаулығым- байлығым деп бағалайтын спорт сүйер қауым!
Ата заңымыздың алғашқы бабында аталғандай мемлекетіміздің басты байлығы-адам және оның өмірі.Демек бүгінгі ұрпақтың саулығы- кемел келешектің кепілі.Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Мен, сен және ол-біз салауатты ел» атты денсаулық фестиваліне қош келіпсіздер!
2012 жылғы Лондон олимпиадасы қазақтың абыройын асқақтатқан байрақты бәсеке болды. Қазақ үшін киелі саналатын 7 санына тең келетін 7 алтын, 1 күміс, 4 қола медальды қанжығаларына байлап қайтқан спортшыларымыздың табандылығын сайып қыранға теңесек артық болмас. Әлемнің алпауыт елдері атсалысқан аламан бәйгеде еліміз үздік 20-тың ішінен ойып тұрып 12 орынға орналасты. 2012 жылдың 12 тамызында иеленген 12 орынымыз -ырымшыл халқымыздың пайымынша тегіннен-тегін болмаса керек.Қазақтың маңдайына біткен марғасқа ұлдарының жолын жалғастырар бүгінгі ұрпақ- салауатты өмір салтын ұлықтауды ұмытпақ емес. Елбасы Н.Ә. Назарбаев әр жылғы жолдауында ұлт денсаулығы –ұлттық өрлеудің негізі екенін ескерте отырып, халық денінің саулығын қорғау мен нығайтуды мемлекеттік саясат деңгейіне көтере білді.Ел үміт артқан бүгінгі ұрпақ – жанның да, тәннің де саулығын сақтап, салауатты өмір салтын қалыптастыруы қажет.Осы маңызды мақсатты басшылыққа алған бүгінгі шараға әкімшілік ұжымы, балабақша, аурухана ұжымдары, мәдениет үйі қызметкерлері, ауыл тұрғындары, мектеп ұстаздары мен шәкірттері жұмылған жұдырықтай атсалысып отыр.
Спорт баршаңыздың сенімді серігіңіз болсын!
Қасиетті халқымның нұры жанып,
Қыраны тек биікте қалықтасын.
Азат елдің ақ таңы арайланып,
Асқақ үнмен Әнұран шарықтасын.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын
1.Құттықтау сөз кезегі ауыл әкімі Уразов Нурлан Қылышбекұлына беріледі.
2.Келесі сөз кезегі ардагер спортшы Тұяқов Аманқұл ағайға беріледі.
Ұмытпайық салауаттылық сабағын,
Шығарма естен басқан сайын әр адым.
Денсаулықтың біз қадірін ұғынып,
Кәне, алайық жаттығумен шынығып.
Келесі кезекті таңертеңгілік гимнастикаға береміз.
А. Тұяқов. Т. Едігеев, А. Шатбаева
Мектебімізде Денсаулық апталығының алғашқы күндері мектеп мейірбикесі Қ. Ойсылованың «Ұрпақ денсаулығы-ұлт болашағы», А.Шатбаеваның Лондон олимпиадасында топ жарған толағайларымыздың ерлігін паш еткен «Біздің толағайлар» атты баяндамалары арнайы жасақталған көрнекі құралдармен мектеп оқушыларына таныстырылды.
«Денсаулық фестивалі - 2012» аясында өтетін
іс- шаралар таныс болайық:
1
|
Фестивальдің ашылуы.
Таңертеңгі дене жаттығуын жасау.
|
8.09
Сағ: 1000
|
Мектеп әкімшілігі
|
2
|
а) Президенттік милльге жүгіру. Кросс (5-11 сыныптар)
|
8.09
Сағ: 1020
|
Едігеев Т.
|
б) Веложарыс 2 км
|
Тұяқов А.
Ойсылова Қ.
|
в) «Әтештер сайысы»
«1-4 сыныптар»
|
Сынып жетекшілер
|
г) Арқан тартыс
мекемелер арасында
|
Тұяқов А.
|
д)10 м ٭10 м бүлдіршіндер арасында жарыс
«Әке, шешем және мен» отбасылық сайыс
|
Тәрбиешілер
|
ж) Әкімшілік алаңында асфальтқа сурет салу (1-4 сыныптар, бүлдіршіндер)
|
Сынып жетекшілер,
Тәрбиешілер
|
3
|
а)Волейболдан мекемелер арасында жолдастық кездесу
|
8.09
Сағ: 1130
|
Дене тәрбиесі мұғалімдері
|
б) Футбол (5- 8 сыныптар арасында)
|
Тұяқов А.
Едігеев Т.
|
4
|
Футбол (ауыл жастары мен жоғары сынып оқушылары арасында)
|
8.09
Сағ: 1800
|
Тұяқов А.
Едігеев Т.
|
Бойға қайрат, жиып ап күш пен жігер,
Ең мықтылар жеңістің туын тігер!
Спорттық сайыстарда сәттілік тілейміз!