Источник: ИС ПАРАГРАФ, 14.09.2012 10:56:24
«Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына
мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 60 Қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 193 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, «Қазақстан зейнетақы қорларының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2006 жылғы
25 ақпандағы № 60 қаулысымен
Бекітілген
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі
қатысушысына мәжбүрлеу шараларын қолдану
ЕРЕЖЕСІ
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін белгілейді.
2. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) мүдделерін қорғау мақсатында уәкілетті орган ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына Заңның 42-7-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдана алады.
3. Бір мәжбүрлеу шарасын қолдану Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда басқа мәжбүрлеу шарасын қолдануды жоққа шығармайды және ертеректе қолданылған шараларды тоқтата тұрмайды әрі олардың қолдануын тоқтатпайды.
4. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті орган оған қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешім шығарғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға қажет болғанда басқа құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралардың жоспар-кестесін ұсынады.
5. Уәкілетті орган жоспар-кестені қарап, өз қорытындысын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына он күнтізбелік күн ішінде ұсынады.
Жоспар-кестемен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына нақты іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау туралы нұсқауды жібереді.
6. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органды шешімде көрсетілген мерзімде уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі шешімді атқару туралы хабардар етеді.
Егер шешімді орындаудың белгіленген мерзімі бір айдан асатын болса, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы оны кезең-кезеңмен орындау туралы уәкілетті органды ай сайын хабардар етеді.
7. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының уәкілетті органның шешімімен көзделген талаптарды орындау мерзімінің басталуы оның осы шешімді алған күні болып есептеледі.
8. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тәртіппен шешіледі.