Перейти на главную страницу
Ақпараттық-библиографиялық бөлім
Информационно-библиографический отдел
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Рекомендательный список литературы
Павлодар
2013
Акция мақсаты: оқырман мәдениетін қолдау мен дамыту, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, ана тіліне құрметпен қарау.
Міндеттері:
-ұлттық әдебиетке деген оқырмандар қызығушылығын қолдау мен дамыту;
-кітап оқу проблемаларына ғалымдардың, мамандардың, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің назарын аударту;
-потенциалды оқырмандарды тарту;
-баспахана ұйымдарының қазақстандық авторлар кітаптарын шығаруға қызығушылықтарын арттыру;
-әлемдік әдеби үдерісте қазақстандық авторлардың шоғырлануы.
Акция мазмұны: бүкіл ел болып бір уақытта бір кітапты оқып шығу мен талқылау, осы кітапқа арналған түрлі шараларды өткізу.
Акцияны өткізу үшін кітапты таңдау азаматтардың ниеттерін анықтау амалымен, мекемелер, ұйымдар, оқу орындарында сауалнамалар жүргізу арқылы, телефон арқылы сұрау, ауызша сұрау арқылы жүреді.
Акция кезінде іс-шара өткізу формасы әртүрлі болуы мүмкін. Олар: сынып сағаттары, әдеби кештер, талқылаулар, кітап бойынша фильмдерді тамашалау мен талқылау, жазушылармен, әртістермен кездесу кештері, телемарафондар, клуб отырыстары, қойылымдар.
2013 жылы бүкіл ел Фариза Оңғарсынованың шығармаларын оқитын болады.
Біздің мекенжай: cbs.pvl.kz
Павлодар қ. С.Торайғыров көш., 44 / 1
П.Васильев ат. орталық қалалық кітапханасы
Ақпараттық-библиографиялық бөлім
Тел.: 53-38-80
«Бір ел - бір кітап» акциясы – 2013
Фариза Оңғарсынованың «Дауа» жыр жинағын оқимыз
Талқылауға ұйымдастыру комитетінің мүшелері – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, академик Ғарифолла Есім, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Әлібек Асқар, ақын, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ЕҰУ «Алаш» мәдени және рухани даму институтының директоры Амантай Шәріп, аудармашы-жазушы, Мәдениет қайраткері Ақайдар Ысымұлы, Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Гүлжамерия Қазина, жазушы, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Айгүл Кемелбаева, ақын, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәпұлы қатысты.
Мәжіліс қатысушыларына ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Назарбаев орталығының кітапханасы, Облыстық әмбебап кітапханалар, Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы, Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапханасы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша іріктелген авторлар тізімі ұсынылды.
Тізімге Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романы, Сәкен Сейфуллин поэзиясы, Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, Фариза Оңғарсынованың өлеңдері, Мұқағали Мақатаевтың лирикасы, Сайын Мұратбековтың «Басында Үшқараның...» атты прозалық шығармалары, Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романы, Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» романы, Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы, Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясы енген еді. Талқылау барысында қазақ әдебиетінің классикалық шығармасы ретінде оқылуға лайық осынау әрбір шығарманың құндылықтары туралы айтылды. Алайда ұйымдастыру комитеті мүшелерінің көпшілігі өз дауыстарын Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың поэзиясы үшін берді. Акцияның кітабы ретінде ақынның «Дауа» атты лирикалық жыр кітабы ұсынылды.
Бүгінде Фариза Оңғарсынова Қазақстанның ең көп оқылатын авторы болып саналады. Оның шығармашылығының негізгі тақырыптары – сүйіспеншілік пен жек көрушілік, ерлік пен қорқақтық, жақсылық пен жамандық. Өзінің көптеген өлеңдерін ақын туған ауылына, жерлестеріне және бүкіл қазақстандықтарға арнады. Фариза Оңғарсынованың шығармаларына әлеуметтік пен азаматтық тән, ақын жырлары отансүйгіштік рухты оятып, туған халқын сүюге, құрметтеуге, оның дәстүрлері мен мәдениетін қастерлеуге шақырады. Фариза Оңғарсынова әлі күнге қазақстандық поэзияның дамуына өз үлесін қосуда: ол «Тұмар» атты республикалық-көркем журналдың бас редакторы болып табылады, сонымен қатар жас талантты әдебиетшілерді қолдайды.
Жыл бойы әртүрлі мекемелердің кітапханаларында Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған іс-шаралар өтетін болады.
1939 жылдың 5 желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде ұстаздық еткен. 1966-1970 жылдары Гурьев облыстық "Коммунистік еңбек" газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген. 1968-1970 жылдары республикалық "Лениншіл жас" (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған. 1970-1978 жылдары республикалық "Қазақстан пионері" (қазіргі «Ұлан») газетінің бас редакторы, 1978-2000 жылдары "Пионер" (қазіргі «Ақжелкен») журналының бас редакторы болып істеген.
Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.
Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс»», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары. «Таңдамалыны» (1987) және «Қыз ғұмырға» (1966) дейінгі аралықты қамтиды. Ақын лирикасы «Маңғыстау маржандары» (1969), «Мазасыз жүрегіңдемін» (1975), «Шілде» (1978), «Сұхбат» (1983), «Жүрек күнделігі”» (1984), «Дауа» (1985), «Екі томдық: Таңдамалы шығармалары» (1987), «Өсиет» (1995), «Қыз ғұмыр» (1996) және «Мен саған ғашық емес ем» (1999) сынды дүниелермен толықты. 1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Әр жылдары 20-дан астам өлеңдер жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, "Біздің Камшат" повесі, аудармалары "Жазушы", "Жалын", "Молодая гвардия" баспаларынан жарық көрді.
Ақынның творчествосына тән басты қасиет – шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп тұрады. 1979 жылы жарық көрген «Сенің махаббатың» жинағындағы «Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы» атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың поэмасында нанымды, салмақты көрініс тапқан.
Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер.
Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Есімізге Мұқағали ақынның Фаризаға арнап жазған өлеңіндегі мына шумақтар түседі:
Фариза!
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Біріміздің біріміз арылармыз.
Бізерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Мұқағали Мақатаев
«Дауа» жинағы таңдамалы өлеңдерінен тұрады. Қазақ поэзиясында өзіндік тұлға болып қалыптасқан ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы: махаббат, замана, уақыт тынысы, туған жер, туған ел туралы болды.
Фариза Оңғарсынованың өлендерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді.
"Жүрек сенсің..." деген өлеңіндегі төмендегі жолдарды оқыған кезде азаматтық сарын, ар-ождан тазалығына тәнті боласыз.
Бар сияқты менде де сана, шыдам,
жығылғанды демеуге тағы асығам.
Жасайын-ақ десем де бір астамдық,
қорқам ардың айбалта-жазасынан.
Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ақын – өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы – поэзия.
Күлкімді, жайлы күнімді,
азапты, қайғы-мұңымды
өзіммен бөліскенің үшін,
қатем мен жеңістерім үшін,
менің мынау қиындау тағдырым болып
о баста көріскенің үшін,
Өлең, мен сені аялап өтем! - деп толғайды.
Ал «Поэзия» өлеңінде ақын осылай жазған:
Поэзия дегенің – халық қаны,
қасіреті, мұрасы, жарық таңы;
ол –
уақыт шаңын бойына дарытпады.
Өлшеуші ем сонау аспанның өзімен ғана, – деген шумақта қаламгердің шыққан, өскен ортасын дәл көрсететін поэтикалық деталь, әдемі образды сурет жатыр. Сондай-ақ , ақынның биік арманы анық көрінеді. Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік тақырыбынан басқа да саяси-әлеуметтік тақырыптарды әуелде публицистикалық толғау үлгісі арқылы игерген ақын бірте-бірте философиялық, психологиялық монолог формаларға ауысып суреттегенін көреміз. Туған жер, Отан-Ананы нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді. «О, туған жер...» өлеңінде:
О, туған жер, кеңпейіл, құшағың кең,
саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
Сағынышымды қанат қып саған қарай
балапандай талпынып ұшамын мен. Немесе:
Сені қалай сүюдің керектігін
мен ешқандай кітаптан оқымадым, – деп, туған жерге деген өзінің сағынышын, ерекше
сезімін жырғып шынайы суреттейді. Ал:
Дала - менің қазынам, жыр сандығым,
жыр нәрімен жер балқып, бусанды құм.
Сортаң жердің тұзы бар тамырында,
ашқылтымдау сондықтан жусан-жырым.
Туған дала! Туған ел! Бұл ұғымдар – ақын жырындағы ең қасиетті, ең қастерлі ерекше жалынды леппен жырланатын, асқақ шабыттарға толы сезімдердің тақырыбы. Оның өлеңдерінің барлығы дерлік туған далаға деген перзенттік махаббаты басқа тақырыптағы өлеңдерінің арасынан да ерекшеленіп, өзге өлеңдерді өзіне көгендеп жатады. «Жүрек сенсің, Отаным, қоғамым да» өлеңінде:
Жүрек, сенсің Отаным, қоғамым да,
мейлің күлдір, күрсіңдір, ора мұңға -
мен бәрібір өзіңнен бөлінбеймін,
сенсіз менің әнім жоқ, жоқ арым да.
Туған жерін сүйген, оған барлық жылы жүрегімен берілген ақын сол жердің тыныштығын, бейбіт өмірін ойдан шығара ала ма? Фариза өлеңдерінде де бұл леп ерекше. «Туған жер, туған ауыл қымбат маған...» өлеңінде:
Туған жер, туған ауыл қымбат маған,
ешкімге бұл сезімді былғатпағам.
Мен оның өзім ғана сезінетін
қастерлі қасиетін жырлап бағам.
Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі заман талабының биік өрісіне лайықтап жырлау – Фариза туындыларының бір қыры. Әйел – Ана тақырыбы. Әйелдер жан дүниесіне барлау жасауда ақын жетістігі мол. Оны өзі де ашып айтады: "Адам деген күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел халқының жан-дүниесі өз алдына бір әлем. Менің өз жырларымды сол әйел жанының сан күйін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді. Менің бұл тақырыптағы лирикалық кейіпкерім – әйелдер. Олардың тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз жасы өлеңдерімнің арқауы", – дей келе:
Өз-өзімнен өртеніп барам жанып,
Жүректен жас ағады тарамданып.
Менде жай жоқ бұл күнде тым болмаса
ақтарылар алдыңда саған барып.
Жасқа ғана толады жанар налып,
мен үшін тұр дүние қараң қалып, – деп, әйелдің мұң-қайғысын сыр ғып шертеді.
Демек, азаматтық, қоғамдық, әлеуметтік көркем тұжырым жалаң публицистикалық шалқу дидактикалық толғаумен әсте терең ашылмақ емес, қайткен күнде де поэтикалық бейне, тұлғалы образ, сөз суретінің құдіреті бірінші қатарда, дәлірек айтқанда, ақындық сезім, қаламгерлік идея өзара ажырамас диалектикалық тұтастықта көрінеді.
Жасаңдар, құшып сенім-күн,
құлпырған гүлдей құздағы,
жұлдызы жанған жерімнің
жұлдыздай жарқын қыздары!
антологиясы. Т. 1 / С. Абдрахман. - Алматы: Раритет, 2007. - 504 б. - (Алтын қор кітапханасы).
Әдебиет әлемінде: хрестоматия: жалпы білім беретін мектептің 8 - сыныбына арналған оқу құралы / құраст. С. Мақпырұлы, Г. Құрманбай, Н. Әбішева. - Алматы: Мектеп, 2004. - 319 б.
Қазақ әдебиеті: хрестоматия: оқу орыс, ұйғыр,өзбек тілдерінде жүретін мектептердің 8 -сыныбына арналған / құраст. Г. Құрманбай, А. Раундина. - 2-ші бас - Алматы: Білім, 2008. - 94 б.
Оңғарсынова Ф. Алғашқы сабақ: өлеңдер / Ф. Оңғарсынова. - Алматы: Арман-ПВ, 2005. - 151 б.: сурет.
Оңғарсынова Ф. Асау толқын: өлеңдер / Ф. Оңғарсынова. - А., Жазушы, 1973.
Оңғарсынова Ф. Әбділда Тәжібаев туралы ойлар // Толағай тұлға тарлан ед... : Ақын Әбділда Тәжібаев туралы естеліктер / құраст. Мырзахметова Г. / Ф. Оңғарсынова. - Алматы, 2008. - 296 б.
Оңғарсынова Ф. Биіктік: очерктер / Ф. Оңғарсынова. - А., Жазушы, 1975.
Оңғарсынова Ф. Біздің Кәмшат: повесть / Ф. Оңғарсынова. - А., Жазушы, 1976.
Оңғарсынова Ф. Дауа: өлендер / Ф. Оңгарсынова. - Алматы: Атамұра, 2002. - 287 б. - (Атамұра кітапханасы).
Оңғарсынова Ф. Жүрек күнделігі: таңдамалы / Ф. Оңғарсынова. - А., Жалын , 1984.
Оңғарсынова Ф. Көгершіндерім: өлеңдер / Ф. Оңғарсынова. - А., Жазушы, 1974.
Оңғарсынова Ф. Мазасыз шақ: өлеңдер / Ф. Оңғарсынова. - А., Жазушы, 1972.
Оңғарсынова Ф. Маңғыстау маржандары: өлеңдер / Ф. Оңғарсынова. - А., Жазушы, 1969.
Оңғарсынова Ф. Мұхаммед Пайғамбар / Ф. Оңғарсынова; Жобаның авторы М. Кемел.- Астана: Аударма, 2004. - 164 б. - (Даналық дәрістері).
Оңғарсынова Ф. Сандуғаш: өлеңдер / Ф. Оңғарсынова. - А., Жазушы, 1966.
Оңғарсынова Ф. Сенің махаббатың: өлеңдер / Ф. Оңғарсынова. - А., Жалын, 1977.
Оңғарсынова Ф. Сөз сыры / Ф. Оңғарсынова. - Алматы: Арман-ПВ, 2005. - 95 б.: сурет.
Оңғарсынова Ф. Сұхбат: өлеңдер / Ф. Оңғарсынова. - А., Жазушы, 1983.
Оңғарсынова Ф. Таңдамалы шығармалары. Екі томдық / Ф. Оңғарсынова. - А., Жазушы, 1987.
Оңғарсынова Ф. Шілде: таңдамалы / Ф. Оңғарсынова. - А., Жазушы, 1978.
* * *
Жәнібек Ө. Алды-Артыма қарайлап өмір кештім=Әулиедей ұлын
елейді ел: жарияланбаған жазбалар / Ө. Жәнібек. - Алматы: Арыс, 1999. - 240 б.: фотосурет.
Оңғарсынова Фариза // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы, 2005. - 414 б.
Оңғарсынова Фариза // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық. - Алматы, 2004. - 241 б.
* * *
Оңғарсынова, Ф. Ақ пен қара туралы ақиқат : өлең / Ф. Оңғарсынова // Сарыарқа самалы. - 2003. - 7 маусым. - 1 б.
Оңғарсынова, Ф. Баянауыл. Баянтау : өлең / Ф. Оңғарсынова // Сарыарқа самалы. – 2003. - 7 маусым. - 1 б. Оңғарсынова Ф. Домбыра : өлең / Ф. Оңғарсынова // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 24 - 30 наурыз (№ 12). - 15 б.
Оңғарсынова, Ф. " ... жердегі барлық адамның жүрегін өрте жырыңмен!": орыс. аударған / Ф. Оңғарсынова // Егемен Қазақстан. - 2006. - 6 маусым. - 5 б.
Оңғарсынова, Ф. Махаббат мектебі : өлең / Ф. Оңғарсынова // Денсаулық. - 2006. - № 2. - 21 б.
Оңғарсынова Ф. «Өсиет» : кітабынан бірнеше өлеңдер / Ф. Оңғарсынова // Бастауыш мектеп. - 1996. - № 3. - 24 б.
Оңғарсынова, Ф. Иманғали : [Алматы қаласының әкімі И. Тасмағамбетов туралы] / Ф. Оңғарсынова // Егемен Қазақстан. - 2006. - 26 желтоқсан. - 5 б.
Оңғарсынова, Ф. Қырық бес сөз : ["Бір ел - бір кітап" акциясы туралы] / Ф. Оңғарсынова // Егемен Қазақстан. - 2007. - 25 қыркуйек. - 4 б.
Оңғарсынова, Ф. Нұрлан Балғымбаев : [ҚР Мұнай және газ министрі болып жұмыс істеген Н. Балғымбаев туралы] / Ф. Оңғарсынова // Егемен Қазақстан. - 2007. - 17 қараша. - 5 б.
Оңғарсынова, Ф. Министр : [юстиция министрі 3. Балиева туралы] / Ф. Оңғарсынова // Егемен Қазақстан. - 2009. - 13 қаңтар. - 5 6.
* * *
Кекілбаев, Ә. Биік маздар оның нұрлы жұлдызы : [ақын Ф. Оңғарсынова жайлы] / Ә. Кекілбаев // Арай. - 2000. - № 12. - 9 - 12 б.
Оңғарсынова, Ф. Кез келгенге түсінікті болғым келмейді : ақын Ф. Оңғарсыновамен сұхбат / Ф. Оңғарсынова // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 7 маусым. - 3 б.
Мүтитегі З. Тақырып пен идея : [ақын Ф. Оңғарсынованың лирикасы хақында] / З. Мүтитегі // Ұлт тағылымы. - 2003. - № 2 (наурыз – сәуір). - 176 - 180 б.
Кекілбайұлы, Ә. Фариза : [Қазақстанның халық жазушысы, ақын Ф. Оңғарсынова жайлы] / Ә. Кекілбайұлы // Егемен Қазақстан. - 2005. - 21 қаңтар. - 4 б.
Керімбекова Б. Фариза Оңғарсынованың "Мүшәйра" поэмасындағы көркемдік ерекшеліктер / Б. Керімбекова // Ақиқат. - 2007. - № 7. - 81 - 83 б.
Темірболатова, А. Ф. Оңғарсынова . "Оюлар": [Қазақстанның халық жазушысы, ақын Ф. Оңғарсынованың шығармашылығы туралы] / А. Темірболатова // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. - 2008. - № 4. - 55 - 58 б.
Кеңшілікұлы, А. Поэзия сәулесі : ақын Фариза Оңғарсьнованың поэзиясы туралы бір үзік сыр / А. Кеңшілікұлы // Қазақ әдебиеті. - 2008. - 24 - 30 қазан (№ 43). - 6 б.
Молдайып, С. Фариза ақын «Айналайынға» тілегін білдірді : [ақын Ф. Оңғарсынова туралы] / С. Молдайып // Сарыарқа самалы. - 2003. - 26 маусым. - 3 б.
Сыздықова, Р. Фариза : [ақын Ф. Оңғарсынованың шығармашылығы жайлы] / Р. Сыздықова // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 19 - 25 маусым (№ 27 - 28). - 1,7 6.
Таубаева, А. «Қыз жанындай бар ма екен нәзік әлем ?! : [ақын Ф. Оңғарсынова жайлы] / А. Таубаева // Ана тілі. - 2009. - 6 - 19 тамыз (№ 31 - 32). - 9 б.
Дүйсенбайұлы, Е. Ақындық қызмет : Фариза Оңғарсынова һәм ұлттық рух / Е. Дүйсенбайұлы // Қазақ әдебиеті. 2009. - 21 - 27 тамыз (№ 36). - 1, 7 б.
Цель акции: поддержка и развитие читательской культуры, сохранение историко-культурного и духовного наследия, бережное отношение к родному языку.
Задачи:
-поддержка и развитие читательского интереса к национальной литературе;
-привлечение к проблемам чтения внимания ученых, специалистов, государственных и общественных деятелей;
-привлечение потенциальных читателей;
-повышение заинтересованности книгоиздательских организаций в издании книг казахстанских авторов;
-интеграция казахстанских авторов в мировой литературный процесс.
Содержание акции: прочтение и обсуждение одной книги всей страной в одно и то же время, проведение разнообразных мероприятий, посвященных этой книге.
Выбор книги для проведения акции происходит путем выявления пожеланий граждан, учреждений, организаций, учебных заведений через анкетирование, опрос по телефону, устный опрос.
Форма, проводимых мероприятий во время Акции, может быть самой разной: классные часы, литературные вечера, обсуждение, демонстрация и обсуждение фильмов по книге, встречи с писателями, актерами, телемарафоны, заседания клубов, инсценировки, спектакли.
Определена книга читательской акции «Одна страна – одна книга». В 2013 году вся страна будет читать сборник стихов Фаризы Унгарсыновой «Дауа» - «Откровение».
ул. С. Торайгырова, 44 / 1
Центральная городская библиотека им. П. Васильева
Информационно-библиографический отдел
Тел.: 53-38-80
Акция «Одна страна – одна книга» - 2013
Читаем сборник стихов Фаризы Унгарсыновой «Дауа» - «Откровение»
В обсуждении приняли участие члены оргкомитета – Сенатор, академик Гарифолла Есим, доктор филологических наук, профессор Турсын Журтбай, проректор ЕНУ им. Л. Н. Гумилёва, доктор филологических наук, профессор Дихан Камзабекулы, генеральный директор НАБ РК, писатель Аскар А. А., директор Института культуры и духовного развития "Алаш" ЕНУ им. Л. Н. Гумилёва Шарип А. Ж. писатель-переводчик, заслуженный деятель культуры Акайдар Ысымулы, писатель, лауреат молодёжной премии «Дарын» Айгуль Кемельбаева, директор Костанайской областной универсальной научной библиотеки им. Л. Н. Толстого Казина Г. К., акын Даулеткерей Кәпулы.
Участникам заседания был предложен список авторов, составленный по итогам опроса среди специалистов НАБ РК, Назарбаев Центра, областных универсальных библиотек, Централизованной библиотечной системы г. Астаны, Республиканской детской библиотеки им. С. Бегалина, Государственной республиканской юношеской библиотеки им. Жамбыла, Республиканской библиотеки для незрячих м слабовидящих граждан. В список вошли роман Габита Мусрепова «Улпан её имя», рассказ Сайына Муратбекова «Басында Үшқараның...», поэзия Сакен Сейфуллина, Фаризы Унгарсыновой, роман Мыржақыпа Дулатова «Бақытсыз Жамал», лирика Мукагали Макатаева, роман Сакена Жүнисова «Ақан сері», роман Саттара Ерубаева «Менің құрдастарым», поэма Ильяса Жансүгурова «Құлагер», трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и пот».
В ходе обсуждения было сказано о достоинствах каждого произведения, которое заслуживает прочтения и рассмотрения как классического произведения казахской литературы. Однако большинство участников оргкомитета отдали свои голоса за поэзию народного писателя Казахстана, лауреата Государственной премии Фаризы Унгарсыновой и в качестве книги акции был предложен сборник лирических стихотворений поэтессы «Дауа» - «Откровение».
Сегодня Фариза Унгарсынова является одним из самых читаемых авторов Казахстана. Основные темы её творчества – любовь и ненависть, мужество и трусость, добро и зло. Множество своих стихотворений поэтесса посвятила аулу, где родилась, своим землякам и всем казахстанцам. Произведениям Фаризы Унгарсыновой свойственны социальность и гражданственность, они призывают любить и уважать свою нацию, ее традиции и культуру. По сей день Фариза Унгарсынова продолжает свой вклад в развитие казахстанской поэзии: она является главным редактором Республиканского литературно-художественного журнала «Тумар», а также поддерживает молодых талантливых литераторов.
В течение года в библиотеках различных ведомств состоятся мероприятия, посвящённые творчеству Фаризы Унгарсыновой.
«…В сраженьях с горем я жила и крепла»
Каждый поэт - мир. Но есть мир, в котором ничего нового для себя не откроешь. Но есть и другой, в котором живет первозданная красота и могущество поэзии.
Сборник стихов Ф. Унгарсыновой «Откровение» - как бы очередной отчет любимой всеми поэтессы перед читателем. О созданном ею в поэзии образе сильной, сложной, часто противоречащей себе Женщины говорили писатель Г. Мусрепов в предисловии к сборнику, поэт Н. Оразалин на страницах газеты «Қазақ әдебиеті». Об этом образе, полном движения, динамизма, высокой духовности, трудно писать однозначно. Постижение его вершин и глубин - сложный духовный труд. Психологическая круговерть духа ее стихов требует серьезного исследования. Именно потому мы ставим перед собой скромную цель - рассказать об истинных и отчетливых закономерностях развития поэзии Унгарсыновой.
«Откровение» - безусловно яркое явление нашей поэзии: древний народ Алпамыса и Исатая, слово Махамбета, Ахана-сери и Абая продолжают свою полнокровную жизнь.
Фариза «привела» в поэзию образ той Женщины, чей груз социальной и гражданственной ответственности с каждым днем становится все тяжелей, весомей на фоне общечеловеческих истин. Потому колыбельная песня, например, становится равносильной высочайшему воззванию к добру. Это она - мыслитель, философ, творец.
В стихах Фаризы читатель увидит двух героев, идущих параллельно: лирическое «Я» и лирическое «Она». Первое, совершенствуясь, стремится к вершинам человеческого бытия; второе - видит бесконечность и безнадежность, обреченность этого бытия со всеми его благами и возможностями.
Лирическое «Я» ищет в океане людской жизни путь борьбы, измеряя каждый свой шаг и поступок бескомпромиссной правдой. Не случайно порой героиня выступает в трагическом облачении: в театре жизни как на театре войны. Но она не знает поражений - в постоянных поединках с нечистью, в непримиримой схватке со злом.
Размышляя о весомости лирического образа в стихах Унгарсыновой, невольно вспоминаешь абаевское «Я - весь в загадках дух». Сложность образа - в глубине духа, не при нем, а в нем. Только так можно понять, открыть, найти меру познания. Только этим определяется величие тем Любови, Материнства, Подвига, Гражданственности - то, что веками питало поэзию мира, придавало ей красоту и могущество.
Постоянно росли и крепли как поэт и как гражданин Фариза Унгарсынова и ее стих: вечные темы в ее поэзии засверкали новыми гранями, свободные от многозначительной абстракции и однозначной сентиментальности.
Предыдущий сборник стихов поэтессы назван «Твоя любовь». Здесь резко, до боли проявилось ее лирическое «Я». Героиня любила безоглядно, беспамятно (гордость не позволяла в этом признаться), и теперь, познав горечь, она закономерно предстает перед судом предназначения женщины. В «Откровении» непосредственность чувства, нередко трогательная наивность в его проявлении уступают место зрелым, выстраданным размышлениям о природе женщины. В стихах, как в жизни, весна уступает задумчивой осени - наступила пора отрезвляющей мудрости.
«Чужое горе. Поднимаю груз.
В сраженьях с горем я жила и крепла.
Как женщину мне возродить из пепла –
бездетную, без мужа и без муз?»
Эти строки из цикла «Девичья судьба» - как бы осмысление прошлого опыта, ответ бескомпромиссной женщина из «Твоей любви».
«...Иного счастья
не ищи напрасно,
очаг и колыбель - вот где оно!»
В пору возмужания лирического «Я» так искрится чувство Женщины-Матери. В ней горит таинственный огонь Анны Карениной, блоковской Прекрасной Дамы: это любовь, в которой собраны весь дух человеческий и жажда познания новых горизонтов мира. Убеждаешься, что стихия Унгарсыновой - в тоске по Подвигу, в коленопреклоненном к нему стремлении.
Для поэтессы нет подвига, стоящего вне человеческого блага. Тут и начало мужественной гражданственности, и залог добрых, каких-то очень женских качеств, и духовного возмужания. Все это проявляется каждым поступком смертного. Раньше поэтесса обращалась к лирическому «Она» на языке любви, надеясь только на силу чувства. В «Откровении» социальный оттенок ее языка острее, весомей. Подвиг побеждает Гордыню:
«Смотри теперь: земля другая, другой небосвод,
и силы иные, правящие ныне.
Вот потому, чтобы познать все вновь,
нужно мне начать все сначала,
пылать, мучиться, гореть...»
«Силы» - это не любовь и не мечта. «Силы» - залог и начало борьбы. Во имя чего нужно «пылать, мучиться, гореть?». Ответы на это в глубинах упрямой человеческой природы.
Таковы грани и силуэты поэтической мысли «Откровения». Открывая это для себя, понимаешь: жив поэт - жива боль и радость за человека, жива борьба за честь и правду. И еще - высокая песнь национального духа, лучшие образцы истинно народной поэзии. Эта песнь есть гуманистическое сознание, которое беспокоит завтрашнее человечество, в котором живет всепобеждающая борьба во имя добра.
Жалел Каттебаев
ФАРИЗА УНГАРСЫНОВА
Унгарсынова Фариза (род. 25. 12.1939 г., аул Манаш, Новобогатинский район, Гурьевская обл.), казахский советский поэт. Член КПСС с 1969 года. Окончила Гурьевский педагогический институт (1961). В 1961 - 66 гг. учительница, заведующая учебной частью, директор средней школы, в 1966 - 70 гг. литературный сотрудник областной газеты «Коммунистіқ еңбек» собственный корреспондент газеты «Лениншіл жас» по Актюбинской, Гурьевской, Уральской областям, в 1970 - 78 гг. редактор газеты «Қазақстан пионері». С 1978 - 2000 гг. главный редактор журнала «Пионер», в 2000 - 2004 гг. – депутат Мажилиса Парламента РК.
Печататься начала в 1958 году. В первом сборнике стихов «Соловей» (1967) изображена жизнь рыбаков, природа Арала, раскрыт духовный мир советских людей. Вторая поэтическая книга «Мелодии Мангышлака», посвящена доблестному труду нефтяников, издана в 1969 году. Сборник «Беспокойная пора» (1972) утвердил индивидуальный стиль, гражданскую позицию, поэтический талант Унгарсыновой. Выпущено несколько сборников стихов «Гордое поколение» (1973), «Голуби мои» (1974), «Бурное русло» (1975), «Твоя любовь» (1977), «Зной» (1978), «Откровение» (1982), «Тулпар-домбра» (1985) и др., где представлены образы современников, отражены мечты и чаяния молодого поколения. Перу Унгарсыновой принадлежат поэмы «Алмазный клинок» о поэте-воине Махамбете Утемисове, «Величие песни» и «Соловей из Семиречья» о поэтах-казашках Майре Уалиевой и Саре Тастанбековой, «Слушайте, люди живые» о Героях Советского Союза Алие Молдагуловой и Маншук Маметовой, «Проклятие» об освободительной борьбе народов Африки», «Песнь печали и мужества» о героизме советских людей в годы Великой Отечественной войны. За циклы стихов «Родина – мой дом», «Мангистауские монологи», «Революция и я» удостоена Государственной премии Казахской ССР имени Абая (1984). В произведениях Унгарсыновой образ эпохи создается конкретными деяниями героев ; поэт стремится отразить динамику современной жизни, проникнуть в духовный мир современника, понять, что его волнует. Унгарсынова плодотворно трудится в области журналистики. Вышел сборник художественных очерков «Высота» (1976) о земледельцах, нефтяниках, железнодорожниках, табунщиках, чабанах, рыбаках.
Документальная повесть «Наша Камшат» (1976) посвящена знаменитой женщине-механизатору Камшат Доненбаевой. Написаны литературно-критические статьи о творчестве казахских советских поэтов А. Тажибаева, М. Макатаева, чилийского поэта Пабло Неруды и др. Унгарсыновой переведены на казахский язык циклы стихов «Вольные мысли», «На поле Куликовым», «Кармен», «Двадцать лет спустя», «Снежная маска» А. Блока, повести «Приключения Гугуце», «Дедушкин министр» грузинского писателя С. Вангели, поэтическая книга «Четыре времени сердца» Пабло Неруды», а также ряд произведений советских поэтов С. Капутикян, Р. Казаковой, Е. Евтушенко, арабского поэта Абдурахмана аль-Хамиси и др. Много произведений Унгарсыновой переведены на языки народов СССР и зарубежных стран.
Награждена орденом «Знак Почета» и медалями.
Унгарсынова Ф. Алмазный клинок: стихи / Ф. Унгарсынова. - М., Художественная литература,1984.
Унгарсынова Ф. Нежность: стихи / Ф. Унгарсынова. - А., Жалын, 1978.
Унгарсынова Ф. Озарение: стихи / Ф. Унгарсынова. - М., Советский писатель, 1980.
Унгарсынова Ф. Ожидание солнца : стихотворения / пер. с каз./ Ф. Унгарсынова. - М., 1985. - 127 с.
Унгарсынова Ф. Откровение / пер. с каз. / Ф. Унгарсынова. – Алматы : Қазақстан, 1998. - 320 с.
Унгарсынова Ф. Полдневный жар : стихотворения и поэмы / пер. с каз./ Ф. Унгарсынова. - А., 1980. - 256 с.
Унгарсынова Ф. Тревоги / пер. с каз./ Ф. Унгарсынова. - М., 1979. - 79 с.
Джуанышбеков, Н. Онгарсынова Фариза (Очерк жизни и творчества); В помощь учителям казахской литературы, школьникам, студентам / Н., Джуанышбеков. - Алматы, 2004. - 28 с. - (Творческий портрет писателя). / Д7, Д8, Пд, Пм, ЦГБ / аб, чз, М8
Казахская литература: хрестоматия: учебное пособие для 10-11 кл. / сост. X. А. Адибаев.- 3-е изд.- Алматы: Мектеп, 2004. - 399 с. / М8
Каратаев, М. Новые горизонты: статьи, портреты / М., Каратаев. А.-А.: Жазушы, 1979. - 325 с.: порт. / все
Назарова, О. В. Казахская литература: учебник-хрестоматия. Ч. 2 / О.В. Назарова, В. В. Литвиненко.- Астана: Фолиант, 2007. - 579 с. - (Профессиональное образование). / М8, ЦДБ
* * *
Унгарсынова, Ф. Жить со стихом, со стихом умирать… : стихи / Ф. Унгарсынова // Казахст. правда. - 1996. - 16 апр. - С. 6.
Унгарсынова, Ф. Поэзия - жизнь моя / Ф. Унгарсынова // Казахст. правда. - 2003. - 29 мая. - С. 8.
Унгарсынова, Ф. Свидание с создателем : стихи / Ф. Унгарсынова // Простор. - 1988. - № 3. - С. 2 - 9.
Унгарсынова, Ф. Стихи / Ф. Унгарсынова // Огонек. Казахстан. - 2000. - № 3. - С. 43 – 44.
Унгарсынова, Ф. Что делать, коль я такова…: стихи / Ф. Унгарсынова // Заря. - 1989. - № 12. - С. 10 - 11.
Унгарсынова, Ф. Стихи / Ф. Унгарсынова // Алем : альманах. - Алма-Ата, 1991. - С. 260 - 262.
* * *
Кекильбаев, А. Возгорится звезда её ярче : [казахский поэт Фариза Унгарсынова] / А. Кекильбаев // Заря. - 1989. - № 12. - С. 9 - 11.
Фроловская, Т. О Фаризе с любовью / Т. Фроловская // Казахст. правда. - 1999. - 30 дек. - С. 3.
Четыре музы: [о лауреате Государственной премии Казахстана, поэтессе Ф. Унгарсыновой] // Огонек. Казахстан. - 2000. - № 3. - С. 43 - 44.
Романов, В. Прекрасная стихия стиха : [казахский поэт Ф. Унгарсынова] / В. Романов
// Казахст. правда. - 2000. - 4 мая. - С. 2.
Ойшыбаева, Ж. В кругу истинных ценителей : [Фариза Унгарсынова] / Ж. Ойшыбаева
// Казахст. правда. - 20003. - 16 окт. - С. 6.
Хасенов, Е. Опережая эпоху : [Фариза Унгарсынова] / Е. Хасенов // Казахст. правда. - 2003. - 25 дек. - С. 8.
Унгарсынова, Ф. Путь к слову: [24 сентября начинается республ. акция "Одна страна - одна книга" по книге "Слова назидания" Абая] : беседа с Ф. Унгарсыновой / беседовала Н. Курпякова / Ф. Унгарсынова //Казахст. правда.- 2007. - 22 сент. - С. 8.
Курпякова, Н. Свет поэзии Фаризы / Н. Курпякова // Казахст. правда. - 2013. - 21 марта. - С. 12.
Құрастырушылар: Р. К. Ахметова
Акция мақсаты: оқырман мәдениетін қолдау мен дамыту, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, ана тіліне құрметпен қарау
16 12 2014
1 стр.
Жүргізуші: Фариза Оңғарсынова қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақыруларының депутаты (1996-2004). 1939 жылдың 5 желт
25 12 2014
1 стр.
Жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл әдебиет факультетін бітіріп,Балықшы ауданының Еркінқала,Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен
14 12 2014
1 стр.
Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді
14 12 2014
1 стр.
М011300 – Биология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
25 12 2014
1 стр.
«Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады»
17 12 2014
1 стр.
Білімділігі: Оқушылардың зат есім ұғымын толық түсіне отырып, алған білімдерін толықтыру және мағынасын ашу
16 12 2014
1 стр.
«Шахмат» аудандық спорт ойындарының жеңімпазы. Аудандық оқушылар арасындағы экологиялық олимпиада жүлдегері. Облыстық экологиялық олимпиададан «Кірпігүлдердің сан қырлы сырлары» ат
12 10 2014
1 стр.