Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВАҒА АРНАЛҒАН «МЕНІҢ ӨЛЕҢДЕРІМ – МЕНІҢ СҰРАПЫЛЫМ» АТТЫ ЖЫР КЕШІ

1 Жүргізуші: Фариза Оңғарсынова - қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақыруларының депутаты (1996-2004).1939 жылдың 5 желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.

1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде үстаздық еткен.



2 Жүргізуші: 1966-1968 жж. Гурьев облыстық "Коммунистік еңбек" газетінің партия түрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген.

1968-1970 жж. республикалық "Лениншіл жас" газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған.

1970-1978 жж. республикалық "Қазақстан пионері" газетінің бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан "Пионер" журналының бас редакторы болып істеген.

1978-1996 жж - республикалық «lino-Hep» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы. ҚР Парламенті Мәжілісі 1-ші және 2-ші шақырылымдарының депутаты (1996-2004).



1 Жүргізуші: Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлеңдер жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, "Біздің Камшат" повесі, аудармалары "Жазушы", "Жалын", "Молодая гвардия" баспаларынан жарық көрді.

Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды казак тіліне аударған. Фариза Оңғарсынованың өлендерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді.



2 Жүргізуші: "Жүрек сенсің..." деген өлеңіндегі төмендегі жолдарды оқыған кезде азаматтық сарын, ар-ождан тазалығына тәнті боласыз.

Ақынның творчествосына тән басты қасиет — шындыкқа бас ию. Оның бүл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп түрады. 1979 жылы жарық көрген "Сенің махаббатың" жинағындағы "Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы" атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың поэзиясында нанымды, салмақты көрініс тапқан.



1 Жүргізуші: 1984 жылы "Үйім — менің Отаным", "Маңғыстау монологтары", "Революция және мен" өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қүрмет Грамоталарымен, "Қүрмет Белгісі", "Парасат" ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.

Повесі "Біздің Камшат"

Aудармалары: "Жазушы", "Жалын","Молодая гвардия",

Өлеңдері: "Үйім — менің Отаным", "Маңғыстау монологтары", "Революция және мен", "Жүрек сенсің..."

Мұқағали ақын Фаризаға арнап өлең жазған. Осы өлеңді тыңдаңыздар.



2 Жүргізуші: Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. «Маңғыстау монологтары» ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері «Мазасыз шақ», «Мен сенің жүрегіңдемін», «Шілде», «Сенің махаббатың», «Дауа» сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.

Лирикалары. Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.



1 Жүргізуші: Ақын – өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы – поэзия.

Көңілді, жайлы күнімді,

Азапты қайғы мұңымды

Өзімменен бөліскенің үшін,

Қатем мен жеңістерім үшін,

Менің мынау қиындау тағдырым болып

О, баста көріскенің үшін

Өлең, мен сені аялап өтем! –

деп толғайды.

Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі замана талабының биік өрісіне лайықтап жырлау – Фариза туындыларының бір қыры.



2 Жүргізуші: Әйел – Ана тақырыбы. Әйелдер жан дүниесіне барлау жасауда ақын жетістігі мол. Оны өзі де ашып айтады: «Адам деген күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел халқының жан-дүниесі өз алдына бір әлем. Менің өз жырларымды сол әйел жанының сан күйін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді. Менің бұл тақырыптағы лирикалық кейіпкерім – әйелдер. Олардың тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз жасы өлеңдерімнің арқауы», – дей келе:

Өз-өзіммен өртеніп барам жанып,

Жүректен жас ағады тарамданып.

Менде жоқ қой бұл күнде тым болмаса,

Ақтарылар алдыңда саған барып.

Жасқа ғана толады жанар налып,

Мен үшін тұр дүние қараң қалып, –

деп, әйелдің мұң-қайғысын сыр ғып шертеді.



1 Жүргізуші: Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік тақырыбынан басқа да саяси-әлеуметтік тақырыптарды әуелде публицистикалық толғау үлгісі арқылы игерген ақын бірте-бірте философиялық, психологиялық монолог формаларға ауысып суреттегенін көреміз. Туған жер, Отан-Ананы нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді.

Туған жерге сағыныш.

О, туған жер, кең пейіл құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен, –

немесе:

«Сені қалай сүю керектігін



Мен ешқандай кітаптан оқымадым», – деп, туған жерге деген өзінің сағынышын, ерекше сезімін жырғып шынайы суреттейді.

2 Жүргізуші: Фаризаның өз сөзімен айтқанда, «өнер де, өмірдің өзі сияқты, ылғи қуаныш пен шаттықтан тұрмайтыны белгілі». Сондықтан да болар, Фариза:

Менің жырым –

Құштарлық қысқан кеудемнен

Бұрқырап жатқан бір жалын… – дейді.



Анықтап көз салсақ, осы өлең жолдарында небір әдемі теңеулер, айшықтап суреттелген табиғат көрінісі бар. «Жарты-кеш ай ұзатылған қызға ұқсаса, қыр тәтті ұйқысын қимай қалғып қана тыныштық құшағында жатыр. Ал нәп-нәзік қырдың жұпар гүлі алғашқы балғын сезімге ұқсайды», – дейді ақын. Шынында мұндай тапқыр да сұлу тіркестерді тек Фариза ақын ғана таба алатын сияқты. Осылай еркелей жырлау Фаризаға тән секілді.

1 Жүргізуші: Фариза өлеңдеріндегі табиғат тақырыбы ғажайып суреттерге толы. Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары өз оқырмандарын қуанта берері сөзсіз.

Фариза оңҒарсыноваға арналған «менің ӨЛЕҢдерім – менің СҰрапылым» атты жыр кеші 1 Жүргізуші

Жүргізуші: Фариза Оңғарсынова қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақыруларының депутаты (1996-2004). 1939 жылдың 5 желт

45.94kb.

25 12 2014
1 стр.


I модуль лексикалық тақырыбы: менің отбасым грамматикалық тақырыбы: фонетика. ҮНдестік заңЫ

«Менің отбасым» тақырыбы бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білу

171.94kb.

17 12 2014
1 стр.


I модуль лексикалық тақырыбы: менің отбасым грамматикалық тақырыбы: фонетика. ҮНдестік заңЫ

«Менің отбасым» тақырыбы бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білу

635.32kb.

16 12 2014
3 стр.


«Менің Activ» қызметін пайдалану туралы келісім келісім нысаны

Р ккм №дс 0000270 лицензиясының негізінде әрекет ететін, бұдан былай «Оператор» деп аталатын «Кселл» АҚ мен Абонент арасында Оператордың интернет-ресурсы арқылы ұялы байланыстың «М

68.05kb.

25 12 2014
1 стр.


-

«Менің үмметім жетпіс үш ағымға бөлінеді. Жетпіс екі тобы Отта, ал біреуі Жәннатта». Сахабалар одан: “Олар (құтылғандар) кімдер?!”, деп сұрады. Ол бұған: «Олар – мен және менің сах

272.79kb.

16 12 2014
1 стр.


Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары өз оқырмандарын қуанта берері сөзсіз

Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді

37.9kb.

14 12 2014
1 стр.


Іс- шараның тақырыбы: Менің елім -Қазақстан. Іс- шараның мақсаты

Жүргізуші: Біздің бүгінгі іс -шарамыз біздің Отанымыз Қазақстан Республикасына арнаған. Біз Қазақстанды туған жеріміз дейміз,себебі онда біздің

59.71kb.

25 12 2014
1 стр.


Ақтөбе қаласы білім бөлімінің бастығы

Р республика күніне арналған класс сағаттары: «Менің елім – күн келбетті, нұр сәулетті Қазақстан», «Даналығын халқымның мақтан етем» т б

72kb.

12 10 2014
1 стр.