Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
«Менің Activ» қызметін пайдалану туралы келісім
1. КЕЛІСІМ НЫСАНЫ

1.1. Осы Келісім Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі берген 08.06.1998 жылғы ҚР ККМ №ДС 0000270 лицензиясының негізінде әрекет ететін, бұдан былай «Оператор» деп аталатын «Кселл» АҚ мен Абонент арасында Оператордың интернет-ресурсы арқылы ұялы байланыстың «Менің Activ» қосымша қызметін ұсыну және пайдалану бойынша қатынастарын реттейді.




2. КЕЛІСІМДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

2.1. Абонент ­– Оператор ұсынатын ұялы байланыс қызметтерін пайдаланушы.


2.2. Сервистік нөмір – Абоненттер сұранымдарын жолдап, Пароль алулары үшін Оператор бөлетін 245 қысқа нөмірі.

2.3. Қызмет – Абонентке жинақтық түрде шалғайдан өзіне өзі қызмет көрсету, оның ішінде ұялы байланыс қызметтеріне қолжеткізімді өз бетінше қосу немесе өшіру, Тарифтік жоспарды өзгерту, Дербес шот қалпын тексеру, ұялы байланыстың алынған қызметтері бойынша ақпарат алу, Провайдердің қызметтерін және басқа да қызметтерді қосу мүмкіндігін ұсынатын Абоненттің «Менің Activ» жеке кабинетінің қызметі.

2.4. Провайдерлер – Абонентке Қызмет шеңберінде банктік, ақпараттық, жадыратушы немесе басқа да қызметтер көрсетілетін заңды немесе жеке тұлғалар.

2.5. Пароль – Абонентік Қызметке қолжеткізім беретін әріптерден және/немесе сандардан құралатын құпия код.

2.6. Дербес шот – Абоненттің байланыс қызметтерін, сондай-ақ көрсетілген қызметтердің көлемін төлем есесіне енгізген ақшалай қаражаттың түсуі мен жұмсалуын есептеуге арналған Оператордың аналитикалық есеп құжаты.

2.7. Келісімшарт – Ұялы байланыс қызметтерін көрсетудің жалпыға ортақ келісімшарты.


3. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР

3.1. Осы Келісім шарттарын Оператордың Келісімшартқа және Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасына сәйкес өз бетінше орнататын және Абоненттің жалпы алғанда осы Келсімге қосылу жолынан басқа түрде қабылданбайтын жалпыға ортақ оферта болып табылады.

3.2. Абонент оның Сервистік нөмірге қысқа мәтіндік хабарлама жолдауының Абоненттің Қызмет аясында қосымша қызметтерді қосуға/өшіруге, оның ішінде шектелместен тарифтік жоспарларды қосуға/өшіруге, егер осындай қосу/өшіру Қызметпен ескерілетін болса, заңнамаға сәйкес Абоненттің жазбаша өтінішіне теңестірілетіндігімен келіседі.

3.3. Абонент сондай-ақ Абоненттің сервистік нөмірге қысқа хабарлама жолдауының оның Қызмет шеңберінде Абонент бойынша, оның Дербес шоты, қосылған қызметтер туралы және басқа да ақпараттың ұсынылатындығымен келіседі.

3.4. Осы Келісім Абоненттің осы Келісім шарттарын қабылдауын растаған және Қызметті пайдалана бастаған сәттен бастап күшіне енеді және Абонентке таралады. Қызметке қолжеткізім Абоненттің осы Келісім шарттарын қабылдағанынан кейін беріледі.

3.5. Осы Келісім Келісімшартпен, Келісіммен және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен ескерілген негіздерде бұзылуы мүмкін.

3.6. Осы Келісімнің қандай да бір қағидаларын жарамсыз деп табу Келісімнің басқа қағидаларының жарамсыздығына немесе орындалмаушылығына алып келмейді.

3.7. Осы Келісіммен ескерілген қатынастарды Келісімшарт пен Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасы реттейді.




4. ҚЫЗМЕТТІ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ

4.1. Абонент Оператордың Қызметті пайдалануда шек орнататынын мойындайды. Оператор қандай да бір шығындарға, кідірістерге, ақаулықтарға, қате немесе ұсынылуы Қызметпен ескерілген уақтылы ұсынылмаған ақпаратқа жауапты болмайды, өйткені Қызметке қол жеткізу, сондай-ақ Абоненттің Қызметті пайдалануы Оператор ықпалынан тыс болуы мүмкін бірқатар техникалық шарттарға байланысты.

4.2. Абонент Оператордың Қызметті пайдалану нәтижесінде пайда болған қандай да бір кері әсерлерге қатысты, сондай-ақ Абоненттің қызметке қатысты деректердің құпиялылығын бұзуы себебімен, оның ішінде үшінші тұлғаларға Парольді немесе Қызметке қатысты басқа да ақпаратты әдейі немесе абайсызда беру себебімен үшінші тұлғалардың Қызметке қол жеткізген немесе Қызмет шеңберінде алған жағдайларында жауапты болмайтынын түсінеді және келіседі.

4.3. Абонент Оператордың кез келген уақытта қызметті пайдалану шарттарын бір жақты ретте өзгерте алатындығын мойындайды.

4.4. Оператор ұсынатын ешбір ақпарат, ұсыныстар немесе кеңестер кепілдемелер ретінде қарастырыла алмайды, өйткені оларды пайдалану Оператор ырқынан тыс бірқатар жағдайларға байланысты болуы мүмкін.

4.5. Ешбір жағдайда Оператор Абонентке Қызметті пайдалану немесе пайдалану мүмкінсіздігінің нәтижесінде немесе жұмыс барысындағы қателердің, жіберулердің, үзілістердің, файлдардың жойылуы, ақаулықтардың жұмыстағы немесе сұралған деректерді берудегі кідірістердің нәтижесінде тікелей немесе жанама түрде келтірілген шығындарға жауапты болмайды.

4.6. Егер Операторда қызметтің кері мақсаттарда пайдаланылып жатқандығы туралы дерек болса, Абонентің Қызметке қол жеткізуі алдын ала немесе кейінгі мәлімдемесіз уақытша тоқтатылуы немесе жабылуы мүмкін.

4.7. Абонент Қызметтің Абонентке өзіне ыңғайлы болу үшін Провайдер қызметтеріне қол жеткізуін ескере алатындығымен келіседі. Абонент алдында осындай Провайдерлердің Абоненттерге қызмет көрсетулеріне тікелей Провайдерлер жауапты болады.

4.8. Оператор Абоненттің Қызмет шеңберінде Провайдерлерге (мысалы, банктерге) қандай да бір ақпаратты (банктік шоттардың деректемелері, карточкалар, құпия парольдер, кодтар т.б.) берулеріне жауапты болмайды, өйткені Оператор осындай ақпаратты алмайды және сақтамайды.

4.9. Оператор Қызмет шарттарымен ескерілген, бірақ Провайдер ұсынатын қызметтердің көрсетілмеуіне немесе тиісінше көрсетілмеуіне жауапты болмайды. Мұндай жағдайда Абонент өзінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру үшін сәйкес Провайдерлерге өз бетінше хабарласуы тиіс.

4.10. Оператор Провайдерлер тарапынан келтірілуі мүмкін залалдың алдын алу үшін қажет және негізді шараларды қабылдайды. Дегенмен, Оператордың Абонент пен Провайдер арасындағы мүмкін болатын дауларға қолғабыс етуі Оператор міндеті болып табылмайды және Абонент үшін даудың жағымды шешілетініне кепіл бермейді. Оператор Провайдерлер қабылдайтын шешімдерге жауапты болмайды.

4.11. Провайдерлердің (оның ішінде банктердің) қызметтерін төлеу Абонент пен Провайдер жасаған келісішарттардың (келісімдердің) негізінде жүргізіледі. Оператор Абоненттерді осындай қызметтердің құны туралы хабардар ете алады, алайда осындай ақпараттың сенімділігіне Абонент пен Оператор алдында сәйкес Провайдер жауапты болады.

4.12. Провайдер Операторға Абонентке Провайдер қызметтері үшін Провайдер көрсететін қызметтер үшін шот ұсынуға немесе Провайдер қызметтерінің құнын Дербес шоттан алуға өкілеттік беруі мүмкін. Мұндай жағдайларда Оператор Абоненттен осындай Провайдерлердің қызметтерін төлеуді талап етеді.

4.13. Тараптар арасында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздермен шешіледі. Оларды шешу мүмкін болмаған жағдайда, даулар мен келіспеушіліктер Оператордың орналасқан орны бойынша сот тәртібімен, Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасына сәйкес шешіледі.




5. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

5.1. Абонент үшінші тұлғалардың қызметке заңсыз қол жеткізуінің және Абонент үшін қандай да бір кері салдардың алдын алу үшін Парольді құпия сақтауға міндеттеледі. Абонент сондай-ақ оның қызметті пайдалану барысында алған ақпаратын құпия сақтауға міндетті. Абоненттің осы тармақты бұзуы Операторды Абонент және/немесе үшінші тұлғалардың алдында қандай да бір жауапкершіліктен босатады.

5.2. Абонент Қызметті Операторға, Провайдерлерге немесе үшінші тұлғаларға тікелей немесе жанама залал тигізбейтін мақсаттарда пайдалануға міндеттеледі. Осындай деректердің анықталған жағдайында Оператор Қызметті алдын ала немесе кейінгі мәлімдемесіз тоқтата тұруға немесе мүлдем тоқтатуға құқылы.

5.3. Абонент кез келген уақытта Операторды хабардар етпестен қызметті пайдаланудан бас тартуға құқылы.

5.4. Абонент Парольдің жоғалған жағдайында жаңа Пароль алу үшін Оператордың Сервистік нөміріне қайта SMS хабарлама жолдауға құқылы.

5.5. Оператор Қызметті пайдаланатын Абоненттерді өзінің интернет-ресурсында сәйкес ақпаратты жариялау жолымен немесе Оператор қарауы бойынша басқа тәсілмен хабардар ете отырып, Қызметтің бағдарламалық-ақпараттық жинағында оның жұмысын уақытша тоқтата тұрып профилактикалық жұмыс жүргізуге құқылы.

5.6. Оператор өз қарауы бойынша Қызметті кез келген уақытта жақсартуға немесе өзгертуге, сондай-ақ оны түрлендіруге құқылы.

5.7. Оператор Абонентпен Келісімді соңғының осы Келісімнің, Келісімшарт талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасының талаптарын бұзған жағдайында, бұзуға құқылы.




6. ФОРС-МАЖОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР

6.1. Оператор Қызметке тұрақты немесе шартсыз қол жектізілуіне кепілдік бермейді. Қызметтің жұмыс істеуі алдын алу немесе болдырмау Оператор ырқынан тыс, табиғи, техногендік, жаппай, саяси немесе басқа сипаттағы дүлей күштің (форс-мажор) немесе басқа да факторлардың әсерімен бұзылуы мүмкін.

6.2. Қызметке қол жеткізу, сондай-ақ Абоненттің Қызметті пайдалануы Оператор әрекетінің және әсер етуінің аясынан тыс бірқтар техникалық шарттарға байланысты. Егер қандай да бір себеппен Қызметті пайдалану мүмкін болмаса, Оператор бұзушылықтың Оператор ырқынан тыс себеппен алған жағдайында жауапты болмайды.

6.3. Оператор Қызметтің Абоненттің деректерімен, бағдарламаларымен, конфигурацияларымен және басқа да аппараттық және бағдарламалық ресурстарымен үйлесімдігіне жауапты болмайды.



6.4. Оператор Абоненттің Қызметті пайдалану барысындағы немесе оған байланысты туындаған қандай да бір шығындарын, төлемдерін, шығыстарын өтемейді.
6.5. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде, сондай-ақ үшінші тұлғалардың, Провайдерлердің бағдарламалық-аппараттық жинақтарындағы апаттардың немесе ақаулықтардың барысында және үшінші тұлғалардың Қызмет жұмысын тоқтата тұрға немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерінің нәтижесінде Қызмет жұмысы Абоненттің алдын ала немесе кейіннен хабардар етпестен уақтыша тоқтатылуы мүмкін.

Оператор деректемелері:
«Kcell» акционерлік қоғамы
Заңды мекенжайы: 050051, Қазақстан Республикасы
Алматы қ., Самал-2 ықш., үй 100
Корреспонденцияға арналған мекенжай: 050013, Алматы қ., Тимирязев к-сі 2 г
СТН: 600700171535
БСН 980540002879
ЖСК KZ539261802102350000
БЖК KZKOKZKX

«Менің Activ» қызметін пайдалану туралы келісім келісім нысаны

Р ккм №дс 0000270 лицензиясының негізінде әрекет ететін, бұдан былай «Оператор» деп аталатын «Кселл» АҚ мен Абонент арасында Оператордың интернет-ресурсы арқылы ұялы байланыстың «М

68.05kb.

25 12 2014
1 стр.


160-нысан Жалпы ережелер

Салық кодексінің 282-бабы 2 және 3 тармақтарына сәйкес салық режимі белгіленген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартқа немесе өнімді бөлу туралы келісім-шартқа

1669.15kb.

25 12 2014
7 стр.


Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия Республикасының

Табысқа салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісім (бұдан әрі Келісім) жасасуға ниет білдіре отырып

324.97kb.

17 12 2014
1 стр.


Жұмыстарды сатып алу туралы келісім-шарт Қостанай қаласы 2012жыл

Ережелерінің т тармағы және 2012ж жұмыстарың сатып алу жөніндегі 2012 жылдың қорытындысы туралы Хаттамасы, жұмыстарың сатып алу туралы Келісім-шартты (әрі-қарай Шарт) жасады және т

606.61kb.

11 10 2014
5 стр.


Өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау»

«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 маусымдағы №807 қау

86.07kb.

18 12 2014
1 стр.


«Тендер кз» газетіне басылым беру кезінде атқарылатын қызметтің келісім-шарты

«Издательство бм» жшс, бұдан әрі Орындаушы деп аталатын, атқарушы директоры Елемесова Д. С., 20 ж. № сенімхат негізінде іс-әрекет ететін, екінші жағынан, кейін бірлесе «Жақтар» деп

45.05kb.

15 10 2014
1 стр.


Қостанай облысы бойынша кең тараған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін жасасылған келісім-шарттар жөнінде ақпарат Әкімдіктің 2010 жылғы 15 қазандағы №409 қаулысымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп

Ережегі сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы кең тараған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін келісім-

41.98kb.

25 12 2014
1 стр.


«Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау

Батыс Қазақстан облысының Дін істері департаментімен (бұдан әрі – аумақтық орган) келісім бойынша Батыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы көрсетеді

109.01kb.

17 12 2014
1 стр.