Қостанай облысы бойынша кең тараған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін жасасылған келісім-шарттар жөнінде ақпарат
Әкімдіктің 2010 жылғы 15 қазандағы № 409 қаулысымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережегі сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы кең тараған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін келісім-шарттарды жасасу жөнінде құзыретті орган болып табылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығы – «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы ие болған жер қойнауына ие болу және пайдалану құқығы.
Өндіріс – минералды шикізаттың уақытша сақтауын қосып, пайдалы қазбалардың жер қойнауынан және техногендік минералдық құрылымнан жоғарыға шығаруымен байланысты барлық жұмыстар (опеарциялар) кешені.
Кең тараған пайдалы қазбалардың өндірісі – өзіндік қажеттіліктер үшін кең тараған пайдалы қазбалардың өндірісіне жатпайтын, кең тараған пайдалы қазбалардың кез келген өндірісі.
Барлау – пайдалы қазбалардың кен орнын іздеуне және бағалауна байланысты жұмыстар (операциялар).
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың міндетті жер қойнауын пайдалану саласындағы және Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауға бағытталған қоғамдық қарым-қатынастарды реттеу, жер қойнауларды тиімді және кешенді зерделеу және пайдалану болып табылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығы келесі жолмен пайда болады:
1) беру жолымен (конкурс немесе тікелей келіссөздер негізінде);
2) жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау жолымен;
3) құқықтық мирасқорлық тәртібінде ауысу жолымен.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру тікелей мемлекетпен жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға беру мағынаны білдіреді.
Жер қойнауын пайдалану құқығының беруі келісім-шарт жасасу жолымен жүргізіледі.
Тікелей келіссөздер негізінде конкурс өткізбей келесі келісім-шарттар жасасылады:
-барлауға арналған келісім-шарт негізінде коммерциялық табысқа байланысты өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін ерекше құқығы бар тұлғамен өндіріс жөнінде операцияларды жүргізу үшін;
- барлаумен және өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарды салу және (немесе) қолдану жөнінде операцияларды жүргізу үшін;
- темір және автомобиль жолдарын және жалпы қолданыстағы көпірлерді салу (жаңарту, жөндеу) кезде кең тараған пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөнінде операцияларды жүргізу үшін;
- ұлттық компаниямен барлау және (немесе) өндіру жөнінде операцияларды жүргізу үшін.
Тікелей келіссөздерге қатысу үшін өтінімде келесі болу тиіс:
- өтінім берушінің атауы;
- оның орналасқан жері;
- мемлекеттік тиістілік (заңды тұлғалар үшін), азаматтық (жеке тұлғалар);
- заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу және салық органдарында тіркеу туралы мәліметтер;
- заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және өтінім берушінің өкілетті тұлғалары туралы мәліметтер;
- тікелей келіссөздерді өткізу негіздеріне байланысты құзыретті органмен талап етілетін басқа ақпарат.
Жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін конкурсқа қатысу үшін Құзыретті органға конкурсқа қатысу үшін өтінім ұсыну қажет, онда келесі болу тиіс:
- жер қойнауын пайдалану объектісінің атауы;
- өтінім берушінің атауы;
- орналасқан дері (заңды мекенжай, телефон, факс, негізгі қызмет орнының мекенжайы);
- мемлекеттік тиістілік (заңды тұлғалар үшін), азаматтық (жеке тұлғалар үшін);
- заңды тұлғаның – өтінім берушінің басшылары және қатысушылары немесе акционерлер туралы ақпарат, жарғылық капиталында олардың үлес көлемін көрсетіп (дауыс беретін акциялардың жалпы санынан);
- жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін жер қойнауы бөлікшесінің атауы;
- өтінім берушімен конкурсқа қатысу үшін жарнаны төлеу туралы құжаттың көшірмесі.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімді қабылдағаны туралы өтінім берушіге өтінім түскен күннен бір ай мерзімде ресми түрде хабарланады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімді қабылдағаннан кейін өтінім беруші конкурс шарттарымен белгіленген мерзімде геологиялық ақпарат жиынтығы негізінде өндіру және (немесе) барлау үшін жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін конкурстық ұсыныс құрастырады және оны құзыретті органға тапсырады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін конкурстық ұсыныста келесі болу тиіс:
1) жазылу бонустың болжамды көлемі;
2) толық көлемде өтінім берген жазылым бонусты төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растайтын құжаттар (меншікті қаражат, банктердің кепілдіктері);
3) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және олның инфрақұрылымын дамытуға жұмсалатын шығындар көлемі;
4) кадрлардағы қазақстандық қамту жөнінде міндеттемелер;
5) қазақстандық кадрларды оқыту жөнінде міндеттемелер;
6) геологиялық ақпаратты сатып алғанына төлемді растайтын құжаттың көшірмесі;
7) өтінім берушінің қаржылық, техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктері туралы деректер;
4) келісім-шарттық аумақтың жерлерін қалпына келтіру туралы шарттарын қосып, қоршаған ортаны қорғау, жұмыстардың қауіпсіздік жүргізуі талаптарын сақтау жөніндегі міндеттемелер мен ниеттер;
5) жоғары технологияларды, жаңа және өңдеуші өндірісті, магистралдық және басқа құрбыларды дамыту және пайдалану, инфрақұрылымдық және басқа объекттердің бірлескен пайдалануы жөнінде ұсыныстар.