Астана қ. бойынша Салық департаменті
Салық төлеушілермен жұмыс басқармасының
ЕРЕЖЕСІ.
I. Жалпы ережелер.
-
Салық төлеушілермен жұмыс басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Астана қаласы бойынша Салық департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
-
Басқарма өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, Қазаќстан Республикасы Ќаржы Министрлігі Салыќ Комитетінің бұйрықтарын, н±сќаулыќтарын, өкімдерін жєне басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Ережесін және де осы Ережені басшылыққа алады.
-
Басқарма өз қызметін Қазаќстан Республикасыныњ Ќаржы Министрлігі Салыќ Комитетініњ құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстволарымен, Астана қ. бойынша Салық департаментінің басқармаларымен, аудандық салық басқармаларымен және өзге мемлекеттік органдармен өзара байланыста жүзеге асырады.
-
Басқармамен дайындалып, басшымен немесе оның орынбасарымен бекітілген шешімдерді аудандық салық басқармаларының міндетті түрде орындауы тиіс.
II. Басқарманың негізгі міндеттері мен функциялары.
5. Басқарманың негізгі міндеті:
-
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету;
-
Басқармаға жүктелген міндеттер шегінде салық саясатын жүзеге асыру;
-
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-
Салық заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
6. Басқарманың негізгі функциясы:
-
өз құзыреті шегінде аудандық салық басқармаларының жұмысын бақылауды жүзеге асыру;
-
аудандық салық басқармаларының камералдық бақылауды: ҚҚС бойынша; корпоративтік табыс салығы бойынша; жеке табыс салығы бойынша; әлеуметтік салық бойынша; жерқойнауын пайдаланушылар бойынша; жүргізуіне бақылау жасау;
-
ҚӨО жұмысын үйлестіру, соның ішінде салық есептемелерін қабылдауды, ақпараттық жүйеге енгізуді, дербес шоттарды түгендеуді;
-
салық төлеушілерді (жеке және заңды тұлғаларды) тіркеуге қатысты мәселелер бойынша аудандық салық басқармаларының бөлімдерінің жұмысын үйлестіру;
-
жерқойнауын пайдаланушылар мәселесі бойынша аудандық салық басқармаларының жұмысын үйлестіру;
-
ірі салық төлеушілер мониторингі мәселесі бойынша аудандық салық басқармаларының жұмысын үйлестіру;
-
өз құзыреті жататын сұрақтар бойынша аудандық салық басқармаларына
-
шолу хаттарын дайындау;
-
бекітілген міндеттер шегінде уәкілетті органға Департамент қызметінің бағыттары бойынша ақпараттар ұсыну;
-
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесу;
-
аудандық салық басқармаларына әдістемелік, кеңестік және практикалық көмек көрсету;
-
уәкілетті орган белгілеген мәселелер, нысандар мен мерзімдер бойынша жоғары тұрған органға есептер мен ақпараттарды ұсыну;
-
қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру үшін, қажет жағдайда ҚР Салық Кодексінің ережелерін және басқа да ҚР заң актілерін түсіндіру мақсатында басқа басқармалардың мамандарын шақырып тех. сабақтар өткізу.
III. Басқарманың құқықтары және міндеттері
7.
Басқарманың құқықтары:
Басқарма өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды орындау барысында:
-
өз құзыреті шегінде салық міндеттерінің туындауы, орындалуы және тоқталуы бойынша түсіндіруді жүзеге асырады және түсініктеме береді;
-
Салық кодексімен белгіленген тәртіп бойынша салық бақылауын жүзеге асырады;
-
басқарманың жұмысы бойынша аудандық салық басқармалары орындауға міндетті нұсқаулар береді;
-
аудандық салық басқармаларының қызметкерлерінен, басқа облыстардың салық органдарынан, мемлекеттік органдардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар, анықтамалар, есептемелер, тұжырымдамалар және басқа материалдар сұратады.
8. Басқарманың міндеттері:
-
салық төлеушілердің құқығын қадағалау;
-
мемлекет мүддесін қорғау;
-
Салық Кодексінің қағидаларына сәйкес салықтық құпияны сақтау;
-
басқармаға жүктелген барлық міндеттер мен функцияларды орындау;
-
лауазымдық нұсқаулықтар мен еңбек тәртібінің талаптарын сақтау;
-
құзыреті шегінде қалалық салық департаментінің құрылымдық бөлімшелеріне және аудандық салық басқармаларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;
-
басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларға қатысты іс-шараларға қатысу;
-
салық департаменті басшылығының және ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің тапсырмаларын уақытында орындау;
-
өз құзыреті шегінде басшылықтың және жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын аудандық салық басқармаларының орындауына бақылау жасау;
-
салық төлеушілер ұсынған салық есептемелері мен басқа да құжаттарды зерделеу және талдау негізінде камералды бақылау жүргізу.
IV. Басқарманың жұмысын ұйымдастыру
9. Басқарманы Астана қаласы бойынша салық департаментінің бастығы қызметке тағайындаған және қызметтен босататын басқарма бастығы басқарады.
10.Басқарма бастығы басқарманың жұмысын ұйымдастырады, басшылық жасайды және басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жауап береді.
-
Осы мақсатта басқарма бастығы:
- Басқарманың жұмысына басшылық жасайды;
- Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттігін
анықтайды;
- басшылықтың тапсырмаларын белгіленген мерзімінде, сапалы түрде
орындауды ұйымдастырады;
- Басқарманың қызметіне қатысты барлық жедел мәселелерді шешеді;
- Басқарма дайындаған құжаттарды қарастырып, бұрыштама қояды;
- салық төлеушілердің арыздары мен шағымдарын уақытылы
қарастыру бойынша шаралар қабылдайды;
- Департамент басшылығының қарастыруына Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
- Департамент басшылығы өткізетін барлық жедел кеңестерге қатысады;
- Басқармаға жүктелген функциялары мен қойылған міндеттер шегінде аудандық салық басқармаларына көмек көрсетеді;
-
кадрлық резервті қалыптастыру бойынша Департамент басшылығының қарастыруына ұсыныстар жасайды;
-
Басқарма қызметкерлерін көтермелеу немесе тәртіптік жаза қолдану туралы басшылықтың қарастыруына ұсыныс дайындайды және енгізеді;
-
Басқарма бастығы Басқармаға жүктелген тапсырмалардың орындалуына жауап береді;
-
Басқарма қызметкерлері мен Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары орындауға міндетті тапсырмалар береді;
-
Басқарма Ережесін, Басқарманың жұмыс жоспарын әзірлейді;
-
салық заңдарын насихаттаудың нысандары мен әдістерін жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлеуді ұйымдастырады;
-
Департаменттің, Басқарманың жұмысын жетілдіру бойынша Департамент басшылығының қарастыруына ұсыныстар жасайды;
-
ҚР Қаржы Министрлігінің Салық комитеті Алқасының, Астана қ. бойынша СК хаттамалық шешімдерін мен бұйрықтардың, қаулылардың жобаларын іске асыруға қатысады және басқарма құзыретіне жататын сұрақтар бойынша ақпараттарды дайындайды.
12.
Басқарма қызметкерлері Астана қаласы бойынша Салық департаментінің бастығымен қызметке тағайындалады, қызметтен босатылады және өзінің лауазымдық міндеттерін лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген тәртіпте бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес орындайды.