Астана қ. бойынша Салық департаментінің
Салық аудиті басқармасының заңды тұлғалар аудиті бөлімінің
Ережесі.
I. Жалпы ережелер.
1. Заңды тұлғалар аудиті бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Салық аудиті басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Басқарманың заңды тұлғалар аудиті бөлімі өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитетінің басқа да нормативтік құқықтық актілерін, бұйрықтарын, өкімдерін, Астана қаласы бойынша салық департаментінің Ережесін және де осы Ережені басшылыққа алады.
3. Басқарманың заңды тұлғалар аудиті бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстваларымен, Астана қ. бойынша Салық департаментінің басқамаларымен, аудандық салық басқармаларымен және өзге мемлекеттік органдармен өзара байланыста жүзеге асырады.
4.Басқарма дайындаған және басшы немесе орынбасарлар бекіткен шешімдерді аудандық салық басқармалары орындауға міндетті.
II. Салық аудиті басқармасының заңды тұлғалар аудиті бөлімінің
негізгі міндеттері мен функциялары.
5. Салық аудиті басқармасының заңды тұлғалар аудиті бөлімінің
негізгі міндеттері:
-
салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету;
-
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың және міндетті зейнетақы жарналарының толық және өз уақытында аударылуын қамтамасыз ету;
-
Салық заңнамасымен белгіленген тәртіпте салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру;
-
департаменттің Қазақстан Республикасының қазыналық саясатын қалыптастыру бойынша жұмысына қатысу және осы саясатты басқармаларға бекітілген міндеттер шегінде іске асыру;
-
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6. Басқарманың заңды тұлғалар аудиті бөлімінің негізгі функциялары:
-
салық төлеушілердің салықтық міндеттерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру;
-
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың және зейнетақы жинақтау қорына міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы ұсталуы мен аударылуына бақылауды жүзеге асыру;
-
салық саясаты мен салықтық әкімшілендірудің әдістемелерін дайындауға қатысу;
-
бекітілген міндеттер шегінде уәкілетті органға Департамент қызметінің бағыттары бойынша ақпараттар ұсыну;
-
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
-
аудандық салық басқармаларының салық аудиті бөлімдерінің жұмысын үйлестіру;
-
“Салық органдарының бақылау-экономикалық жұмысы туралы” 2-Н нысаны бойынша есептемесі негізінде аудандық салық басқармалары қызметінің көрсеткішін талдау және бағалау;
-
аудандық салық басқармалары бөлігінде қосымша есептелген және өндірілген салықтар сомалары мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге, салық тексерулерінің қорытындысы мен сапасының динамикасына талдау жүргізу;
-
құжаттық тексерулер жүргізуде аудандық салық басқармаларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;
-
салық басқармалары жұмысына оң тәжірибені енгізу мен зерделеуде, анықталған кемшіліктерді жоюда тәжірибелік көмек көрсету;
-
аудандық салық басқармаларын тексеруге қатысу;
-
ҚР ҚМ СК сапалы есептемелер мен ақпараттар жиынтығын дайындауды қамтамасыз ету;
-
салық заңының бұзылуы және салық төлеушілердің сұрауы бойынша шолу және кеңестік хаттар дайындау;
-
салық төлеушілер мен аудандық салық басқармалары мамандарымен салық заңдарын түсіндіру бойынша семинарларға қатысу;
-
аудандық салық басқармаларының бекітілген кешендік тексерулер кестесінің орындалуын бақылау;
-
нормативтік-құқықтық актілерді есепке алу, нұсқаулық материалдарды кодификациялау;
-
басқарма қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін техсабақтар өткізу;
-
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, және де Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы аударылуы мен дұрыс есептелу мәселесі бойынша шаруашылық субъектілеріне құжаттық салық тексеруін жүргізу бөлігіндегі салық төлеушілердің салық міндеттемесін орындауына бақылауды жүзеге асыру;
-
Салық кодексімен белгіленген міндеттерді, банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын мекемелер мен банктердің орындау мәселесі бойынша, және де трансферттік бағаны қолдануда мемлекеттік бақылау мәселесі бойынша салық бақылауын жүзеге асыру.
III. Салық аудиті басқармасының заңды тұлғалар аудиті бөлімінің құқықтары және міндеттері
7. Басқарманың заңды тұлғалар аудиті бөлімі өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды орындау барысында:
-
өз құзыреті шегінде салық міндеттерінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсіндіруге және түсініктеме беруге;
-
Салық Кодексімен белгіленген тәртіпте салық бақылауын жүзеге асыруға;
-
басқарма жұмысын ұйымдастыру мәселесі бойынша аудандық салық басқармаларының жетекшілік жасайтын бөлімдерінің қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар беруге;
-
аудандық салық басқармаларының қызметкерлерінен, басқа облыстардың салық органдарынан, мемлекеттік органдардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар, анықтамалар, есептемелер, тұжырымдамалар және басқа материалдар сұратуға;
-
Салық кодексімен қарастырылған нормативтік-құқықтық актілерді және салық заңнамасын өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеуге;
-
Қазақстан Республикасы заң актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, салық төлеушінің (шағын кәсіпкерлік субъектілерді қоспағанда) ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарын, есеп-қисабын, сметаларын, қолда бар ақшасын, құнды қағаздарын, есептемелерін, декларацияларын және салықтық міндеттерін орындауға қатысты басқа құжаттарын тексеруге;
-
салық төлеушіден (шағын кәсіпкерлік субъектілерді қоспағанда) уәкілетті мемлекеттік органмен белгіленген нысандар бойынша салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу жөнінде құжаттарды ұсынуын талап етуге;
-
тексеріліп отырған салық төлеушінің салық салуға байланысты мәселелері бойынша, ҚР заң актілерімен белгіленген тәртіпті сақтай отырып, банктерден және банкілік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан оның банкілік шоттарының бар болуы және олардың нөмірі туралы, сол шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер алуға;
-
Салық Кодексінің ерекше бөлімімен қарастырылған жағдайда, жанама әдіспен салық төлеушінің салықтық міндетін анықтауға;
-
салық тексеруіне басқа мемлекеттік органдардың мамандарын қатыстыруға;
-
табыс табу үшін кез-келген пайдаланылатын салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді тұрған жеріне қарамастан зерттеуге, салық төлеушілердің мүлкіне түгендеу жүргізуге (тұрғын-жайды қоспағанда);
-
салықтық тексеру жүргізу барысында Қазақстан Республикасы заң актілерінде белгіленген тәртіппен, салық төлеушіден салықтық құқық бұзушылыққа жол бергенін куәлендіретін құжаттарды алуға құқығы бар.
8. Басқарманың заңды тұлғалар аудиті бөлімінің қызметкерлері:
-
салық төлеушілердің құқықтарын сақтауға;
-
мемлекет мүддесін қорғауға;
-
Салық Кодексінің қағидаларына сәйкес салықтық құпияны сақтауға;
-
бөлімге жүктелген барлық міндеттер мен функцияларды орындауға;
-
бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларға қатысты шараларға қатысуға;
-
лауазымдық нұсқаулықтар талаптарын және еңбек тәртібін сақтауға;
-
құзыреті шегінде қалалық салық департаментінің құрылымдық бөлімшелеріне және аудандық салық басқармаларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуге;
-
салық департаменті басшылығының тапсырмаларын өз уақытында орындауға;
-
департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен аудандық салық басқармаларының жоғары тұрған органдар мен басшылықтың тапсырмаларын орындау барысына құзыреті шегінде бақылауды жүзеге асыруға;
-
заңда белгіленген жағдайда материалдарды құқық қорғау органдарына жолдауға;
-
Кодекспен қарастырылған жағдайларда салық төлеушіге салықтық міндеттерін уақытында орындау жөнінде хабарлама тапсыруға;
-
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салық төлеушіге әкімшілік құық бұзушылық туралы хаттама және ұйғарымдар шығаруға;
-
2-Н есептемесін құрастыруға қатысуға;
-
салық тексеруін қатаң түрде нұсқама бойынша жүргізуге міндетті.
IV. Салық аудиті басқармасының заңды тұлғалар аудиті бөлімінің жұмысын ұйымдастыру.
9. Басқарманың заңды тұлғалар аудиті бөлімін Астана қаласы бойынша Салық департаментінің бастығы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын, бөлім бастығы басқарады.
Бастық Басқарманың заңды тұлғалар аудиті бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауап береді.
10. Осы мақсатта Салық аудиті басқармасының заңды тұлғалар аудиті бөлімінің бастығы:
- басқарманың заңды тұлғалар аудиті бөлімінің жұмысына басшылық жасайды;
- басқарманың заңды тұлғалар аудиті бөлімі қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;
- басшылықтың тапсырмаларын белгіленген мерзімде, сапалы түрде орындауды ұйымдастырады;
- басқарманың заңды тұлғалар аудиті бөлімінің қызметіне қатысты барлық жедел мәселелерді шешеді;
- басқарманың заңды тұлғалар аудиті бөлімі дайындаған құжаттарды қарастырып, бұрыштама қояды;
- салық төлеушілердің өтініштері мен шағымдарын уақытылы қарастыру бойынша шаралар қабылдайды;
- департамент басшылығының қарауына басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
- департамент басшылығы өткізетін барлық жедел кеңестерге қатысады;
- аудандық салық басқармаларына бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттер шегінде көмек көрсетеді, жетекшілік ететін бөлімдерінің қызметін үйлестіреді;
- басшылықтың қарауына кадрлық резервті қалыптастыру туралы ұсыныс енгізеді;
- басқарманың заңды тұлғалар аудиті бөлімінің қызметкерлерін көтермелеу немесе тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
- мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, техсабақтардың өткізілуіне жауап береді.
11. Басқарманың заңды тұлғалар аудиті бөлімінің қызметкерлері Астана қаласы бойынша салық департаментінің бастығымен қызметке тағайындалады, қызметтен босатылады және өзінің лауазымдық міндеттерін лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген тәртіпте бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес орындайды;
Басқарманың заңды тұлғалар аудиті бөлімінің қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік қорғау қолданыстағы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Астана қ. бойынша Салық департаментінің
Салық аудиті басқармасының жеке тұлғалар аудиті бөлімінің
Ережесі.
I. Жалпы ережелер.
1. Жеке тұлғалар аудиті бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Салық аудиті басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитетінің басқа да нормативтік құқықтық актілерін, бұйрықтарын, өкімдерін, Астана қаласы бойынша салық департаментінің Ережесін және де осы Ережені басшылыққа алады.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстваларымен, Астана қ. бойынша Салық департаментінің басқамаларымен, аудандық салық басқармаларымен және өзге мемлекеттік органдармен өзара байланыста жүзеге асырады.
4. Бөлім дайындаған және басшы немесе орынбасарлар бекіткен шешімдерді аудандық салық басқармалары орындауға міндетті.
II. Салық аудиті басқармасының жеке тұлғалар аудиті бөлімінің
негізгі міндеттері мен функциялары.
5. Бөлімнің негізгі міндеттері:
-
салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету;
-
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың және міндетті зейнетақы жарналарының толық және өз уақытында аударылуын қамтамасыз ету;
-
Салық департаментімен белгіленген тәртіпте салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру;
-
департаменттің Қазақстан Республикасының қазыналық саясатын қалыптастыру бойынша жұмысына қатысу және осы саясатты басқармаларға бекітілген міндеттер шегінде іске асыру;
-
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6. Бөлімнің негізгі функциялары:
1. салық төлеушілердің салықтық міндеттерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру;
2. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың және зейнетақы жинақтау қорына міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы ұсталуы мен аударылуына бақылауды жүзеге асыру;
3. салық саясаты мен салықтық әкімшілендірудің әдістемелерін дайындауға қатысу;
4. бекітілген міндеттер шегінде уәкілетті органға Департамент қызметінің бағыттары бойынша ақпараттар ұсыну;
5. бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
6. аудандық салық басқармаларының салық аудиті бөлімдерінің жұмысын үйлестіру;
7. “Салық органдарының бақылау-экономикалық жұмысы туралы” 2-Н нысаны бойынша есептемесі негізінде аудандық салық басқармалары қызметінің көрсеткішін талдау және бағалау;
8. аудандық салық басқармалары бөлігінде қосымша есептелген және өндірілген салықтар сомалары мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге, салық тексерулерінің қорытындысы мен сапасының динамикасына талдау жүргізу;
9. құжаттық тексерулер жүргізуде аудандық салық басқармаларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;
10. салық басқармалары жұмысына оң тәжірибені енгізу мен зерделеуде, анықталған кемшіліктерді жоюда тәжірибелік көмек көрсету;
11. аудандық салық басқармаларын тексеруге қатысу;
12. ҚР ҚМ СК сапалы есептемелер мен ақпараттар жиынтығын дайындауды қамтамасыз ету;
13. салық заңының бұзылуы және салық төлеушілердің сұрауы бойынша шолу және кеңестік хаттар дайындау;
14. салық төлеушілер мен аудандық салық басқармалары мамандарымен салық заңдарын түсіндіру бойынша семинарларға қатысу;
15. аудандық салық басқармаларының бекітілген кешендік тексерулер кестесінің орындалуын бақылау;
16. нормативтік-құқықтық актілерді есепке алу, нұсқаулық материалдарды кодификациялау;
17. басқарма қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін техсабақтар өткізу;
18. салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, және де Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы аударылуы мен дұрыс есептелу мәселесі бойынша шаруашылық субъектілеріне құжаттық салық тексеруін жүргізу бөлігіндегі салық төлеушілердің салық міндеттемесін орындауына бақылауды жүзеге асыру.
III. Салық аудиті басқармасы бөлімінің құқықтары және міндеттері
7. Бөлімнің құқығы:
Бөлім өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды орындау барысында:
-
өз құзыреті шегінде салық міндеттерінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсіндіруге және түсініктеме беруге;
-
Салық Кодексімен белгіленген тәртіпте салық бақылауын жүзеге асыруға;
-
бөлім жұмысын ұйымдастыру мәселесі бойынша аудандық салық басқармаларының жетекшілік жасайтын бөлімдерінің қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар беруге;
-
аудандық салық басқармаларының қызметкерлерінен, басқа облыстардың салық органдарынан, мемлекеттік органдардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар, анықтамалар, есептемелер, тұжырымдамалар және басқа материалдар сұратуға;
-
Салық кодексімен қарастырылған нормативтік-құқықтық актілерді және салық заңнамасын өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеуге;
-
Қазақстан Республикасы заң актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, салық төлеушінің ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарын, есеп-қисабын, сметаларын, қолда бар ақшасын, құнды қағаздарын, есептемелерін, декларацияларын және салықтық міндеттерін орындауға қатысты басқа құжаттарын тексеруге;
-
салық төлеушіден уәкілетті мемлекеттік органмен белгіленген нысандар бойынша салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу жөнінде құжаттарды ұсынуын талап етуге;
-
тексеріліп отырған салық төлеушінің салық салуға байланысты мәселелері бойынша, ҚР заң актілерімен белгіленген тәртіпті сақтай отырып, банктерден және банкілік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан оның банкілік шоттарының бар болуы және олардың нөмірі туралы, сол шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер алуға;
-
Салық Кодексінің ерекше бөлімімен қарастырылған жағдайда, жанама әдіспен салық төлеушінің салықтық міндетін анықтауға;
-
салық тексеруіне басқа мемлекеттік органдардың мамандарын қатыстыруға;
-
табыс табу үшін кез-келген пайдаланылатын салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді тұрған жеріне қарамастан зерттеуге, салық төлеушілердің мүлкіне түгендеу жүргізуге (тұрғын-жайды қоспағанда);
-
салықтық тексеру жүргізу барысында Қазақстан Республикасы заң актілерінде белгіленген тәртіппен, салық төлеушіден салықтық құқық бұзушылыққа жол бергенін куәлендіретін құжаттарды алуға құқығы бар.
8. Бөлімнің міндеттері:
Бөлім қызметкерлері
:
-
салық төлеушілердің құқықтарын сақтауға;
-
мемлекет мүддесін қорғауға;
-
Салық Кодексінің қағидаларына сәйкес салықтық құпияны сақтауға;
-
бөлімге жүктелген барлық міндеттер мен функцияларды орындауға;
-
лауазымдық нұсқаулықтар талаптарын және еңбек тәртібін сақтауға;
-
құзыреті шегінде қалалық салық департаментінің құрылымдық бөлімшелеріне және аудандық салық басқармаларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуге;
-
бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларға қатысты шараларға қатысуға;
-
салық департаменті басшылығының тапсырмаларын өз уақытында орындауға;
-
департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен аудандық салық басқармаларының жоғары тұрған органдар мен басшылықтың тапсырмаларын орындау барысына құзыреті шегінде бақылауды жүзеге асыруға;
-
заңда белгіленген жағдайда материалдарды құқық қорғау органдарына жолдауға;
-
Кодекспен қарастырылған жағдайларда салық төлеушіге салықтық міндеттерін уақытында орындау жөнінде хабарлама тапсыруға;
-
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салық төлеушіге әкімшілік құық бұзушылық туралы хаттама және ұйғарымдар шығаруға;
-
2-Н есептемесін құрастыруға қатысуға;
-
салық тексеруін қатаң түрде нұсқама бойынша жүргізуге;
-
салық төлеушілердің салықтық міндеттерін орындауына, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың және зейнетақы жинақтау қорына міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы ұсталуы мен аударылуына салықтық бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
IV. Салық аудиті басқармасы бөлімінің жұмысын ұйымдастыру.
9. Бөлімді Астана қаласы бойынша Салық департаментінің бастығы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын, бөлім бастығы басқарады.
Бастық бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауап береді.
10. Осы мақсатта бөлім бастығы:
- бөлімнің жұмысына басшылық жасайды;
- бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;
- басшылықтың тапсырмаларын белгіленген мерзімде, сапалы түрде орындауды ұйымдастырады;
- бөлімнің қызметіне қатысты барлық жедел мәселелерді шешеді;
- бөлім дайындаған құжаттарды қарастырып, бұрыштама қояды;
- салық төлеушілердің өтініштері мен шағымдарын уақытылы қарастыру бойынша шаралар қабылдайды;
- департамент басшылығының қарауына бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
- департамент басшылығы өткізетін барлық жедел кеңестерге қатысады;
- аудандық салық басқармаларына бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттер шегінде көмек көрсетеді, жетекшілік ететін бөлімдерінің қызметін үйлестіреді;
- басшылықтың қарауына кадрлық резервті қалыптастыру туралы ұсыныс енгізеді;
- бөлім қызметкерлерін көтермелеу немесе тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
- мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, техсабақтардың өткізілуіне жауап береді.
11. Бөлім қызметкерлері Астана қаласы бойынша салық департаментінің бастығымен қызметке тағайындалады, қызметтен босатылады және өзінің лауазымдық міндеттерін лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген тәртіпте бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес орындайды;
Бөлім қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік қорғау қолданыстағы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Астана қ. бойынша Салық департаментінің
Салық аудиті басқармасының аудит сапасын бақылау бөлімінің
Ережесі.
I. Жалпы ережелер.
1. Аудит сапасын бақылау бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Салық аудиті басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитетінің басқа да нормативтік құқықтық актілерін, бұйрықтарын, өкімдерін, Астана қаласы бойынша салық департаментінің Ережесін және де осы Ережені басшылыққа алады.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстваларымен, Астана қ. бойынша Салық департаментінің басқамаларымен, аудандық салық басқармаларымен және өзге мемлекеттік органдармен өзара байланыста жүзеге асырады.
4. Бөлім дайындаған және басшы немесе орынбасарлар бекіткен шешімдерді аудандық салық басқармалары орындауға міндетті.
II. Салық аудиті басқармасының аудит сапасын бақылау бөлімінің
негізгі міндеттері мен функциялары.
5. Бөлімнің негізгі міндеттері:
-
салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету;
-
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың және міндетті зейнетақы жарналарының толық және өз уақытында аударылуын қамтамасыз ету;
-
Салық департаментімен белгіленген тәртіпте салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру;
-
департаменттің Қазақстан Республикасының қазыналық саясатын қалыптастыру бойынша жұмысына қатысу және осы саясатты басқармаларға бекітілген міндеттер шегінде іске асыру;
-
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6. Бөлімнің негізгі функциялары:
1. салық төлеушілердің салықтық міндеттерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру;
2. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың және зейнетақы жинақтау қорына міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы ұсталуы мен аударылуына бақылауды жүзеге асыру;
3. салық саясаты мен салықтық әкімшілендірудің әдістемелерін дайындауға қатысу;
4. бекітілген міндеттер шегінде уәкілетті органға Департамент қызметінің бағыттары бойынша ақпараттар ұсыну;
5. бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
6. аудандық салық басқармаларының салық аудиті бөлімдерінің жұмысын үйлестіру;
7. “Салық органдарының бақылау-экономикалық жұмысы туралы” 2-Н нысаны бойынша есептемесі негізінде аудандық салық басқармалары қызметінің көрсеткішін талдау және бағалау;
8. аудандық салық басқармалары бөлігінде қосымша есептелген және өндірілген салықтар сомалары мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге, салық тексерулерінің қорытындысы мен сапасының динамикасына талдау жүргізу;
9. құжаттық тексерулер жүргізуде аудандық салық басқармаларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;
10. салық басқармалары жұмысына оң тәжірибені енгізу мен зерделеуде, анықталған кемшіліктерді жоюда тәжірибелік көмек көрсету;
11. аудандық салық басқармаларын тексеруге қатысу;
12. ҚР ҚМ СК сапалы есептемелер мен ақпараттар жиынтығын дайындауды қамтамасыз ету;
13. салық заңының бұзылуы және салық төлеушілердің сұрауы бойынша шолу және кеңестік хаттар дайындау;
14. салық төлеушілер мен аудандық салық басқармалары мамандарымен салық заңдарын түсіндіру бойынша семинарларға қатысу;
15. аудандық салық басқармаларының бекітілген кешендік тексерулер кестесінің орындалуын бақылау;
16. нормативтік-құқықтық актілерді есепке алу, нұсқаулық материалдарды кодификациялау;
17. басқарма қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін техсабақтар өткізу.
III. Бөлімнің құқықтары және міндеттері
7. Бөлімнің құқығы:
Бөлім өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды орындау барысында:
-
өз құзыреті шегінде салық міндеттерінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсіндіруге және түсініктеме беруге;
-
Салық Кодексімен белгіленген тәртіпте салық бақылауын жүзеге асыруға;
-
бөлім жұмысын ұйымдастыру мәселесі бойынша аудандық салық басқармаларының жетекшілік жасайтын бөлімдерінің қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар беруге;
-
аудандық салық басқармаларының қызметкерлерінен, басқа облыстардың салық органдарынан, мемлекеттік органдардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар, анықтамалар, есептемелер, тұжырымдамалар және басқа материалдар сұратуға;
-
Салық кодексімен қарастырылған нормативтік-құқықтық актілерді және салық заңнамасын өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеуге;
-
САЭБ АЖ жүйесіне талдау жүргізуге;
-
аяқталған салықтық тексеру актілері бойынша камералдық бақылауды жүргізуге;
-
аумақтық салық басқармаларында “САЭБ АЖ қолдану басшылығы” Регламентінің бұзылуының төмендеуін және болмауын қамтамасыз етуге;
-
аумақтық салық басқармаларының жеткізілген көрсеткіштерге жету бойынша бақылауды қамтамасыз етуге және ұсыныстар енгізуге;
-
Астана қ. бойынша Салық департаменті бастығының, ҚР ҚМ СК хаттамалық тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын бақылауға;
-
Астана қ. бойынша Салық департаментінің ішкі тәртіп ережелерін және қызметтік тәртіпті сақтауға жауапты болуға құқығы бар.
8. Бөлімнің міндеттері:
Бөлім қызметкерлері
:
-
салық төлеушілердің құқықтарын сақтауға;
-
мемлекет мүддесін қорғауға;
-
Салық Кодексінің қағидаларына сәйкес салықтық құпияны сақтауға;
-
бөлімге жүктелген барлық міндеттер мен функцияларды орындауға;
-
лауазымдық нұсқаулықтар талаптарын және еңбек тәртібін сақтауға;
-
құзыреті шегінде қалалық салық департаментінің құрылымдық бөлімшелеріне және аудандық салық басқармаларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуге;
-
бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларға қатысты шараларға қатысуға;
-
салық департаменті басшылығының тапсырмаларын өз уақытында орындауға;
-
департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен аудандық салық басқармаларының жоғары тұрған органдар мен басшылықтың тапсырмаларын орындау барысына құзыреті шегінде бақылауды жүзеге асыруға;
-
заңда белгіленген жағдайда материалдарды құқық қорғау органдарына жолдауға;
-
Кодекспен қарастырылған жағдайларда салық төлеушіге салықтық міндеттерін уақытында орындау жөнінде хабарлама тапсыруға;
-
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салық төлеушіге әкімшілік құық бұзушылық туралы хаттама және ұйғарымдар шығаруға;
-
2-Н есептемесін құрастыруға қатысуға;
-
салық тексеруін қатаң түрде нұсқама бойынша жүргізуге.
IV. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру.