Перейти на главную страницу
Қаржы министрінің
2007 жылғы «19» желтоқсан
№ 468 бұйрығымен бекітілген
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 145-бабының 1-тармағымен белгіленген ставкалар бойынша төлем көзіне жеке табыс салығы салынатын, кірістерді (бұдан әрі - төлем көзіне салық салынатын кірістер) жеке тұлғаларға есептелген және төленген, Салық кодексінің 24-тарауына сәйкес бюджетке есептелген және аударылған жеке табыс салығының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес әлеуметтік аударымдарды көрсетуге арналған жеке табыс салығы бойынша есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды.
2. Есеп Есептің өзінен (201.03-нысан) және қосымша нысаннан тұрады. Қосымша нысан жыл қорытындысы бойынша толтырылады және Есеппен бірге, сондай-ақ «Таратылған» ұяшығын белгілеген Есепті тапсырған кезде табыс етіледі.
3. Есепті жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
4. Есепті толтыру кезінде түзетуге, тазартуға және тазалауға жол берілмейді.
5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Есептің тиісті торкөздері толтырылмайды.
6. Қосымша нысандарда көрсетілуі тиіс көрсеткіштер жоқ жағдайда, қосымша нысан берілмейді.
7. Есепке қосымша нысанның парағында бар жолдардағы көрсеткіштер саны асып түскен жағдайда, қосымша нысанның осындай парағы толтырылады.
8. Қосымша нысанның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде Есептің «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген сәйкес деректер көрсетіледі.
9. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді.
10. Есепті беру кезінде:
1) қағаз тасығышта келу тәртібімен Есеп екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық агентіне қайтарылады;
2) хабарламамен тапсырысты хатпен қағаз тасығышта почта бойынша - салық агенті почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
3) Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес электрондық түрде - салық агенті Есепті беру туралы хабарламаны (растауды) электронды түрде алады.
7. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.
2. Есепті жасау (201.03-нысан)
12. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) СТН - салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) есепті кезең - Есеп берілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі). Есепті беру үшін жыл есепті кезең болып табылады. Бұл орайда, салық агенті 1 қаңтардан бастап 1 қазанға дейінгі кезең үшін есеп бергенде «Ай» торкөзіне «9» санын көрсетеді, 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезең үшін есеп бергенде «3» санын көрсетеді;
3) салық агентінің тегі, аты, әкесінің аты.
Жеке басын куәландыратын құжаттарына сәйкес жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі;
4) ЭҚЖЖ. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктемесі бойынша қызмет түрлерінің коды және олардың үлес салмағы көрсетіледі.
«ЭҚЖЖ» ұяшықтарында ЭҚЖЖ кодтары (бес белгіге дейін) субъекті қызметінің түрлері бойынша олардың үлес салмағының кему тәртібімен көрсетілуі тиіс. «Үлес салмағын көрсетіңіз» ұяшықтарында аталған қызмет түрінің (бір ондық белгімен) үлес салмағын көрсету қажет (осы ұяшықтардың сомасы 100 %-ке тең болуы міндетті емес).
ЭҚЖЖ үлес салмағын есептеу үшін № 1-ӨН (тоқсандық) мемлекеттік статистикалық есептілігінің (бұдан әрі - МСЕ) І-бөлімінің («Өнім») 100-жолында салық агенті көрсеткен деректерді пайдалану қажет. ЭҚЖЖ үлес салмағы 100-жол бойынша 3-бағанның деректеріне 100-жолдың тиісті бағаны деректерінің қатынасы ретінде айқындалады.
Мысалы, қызметінің негізгі түрі ғимараттар салу болып табылатын субъекті (ЭҚЖЖ коды 45211), № 1-ӨН (тоқсандық) есептің І-бөлімі 100-жолында мынадай деректер көрсетті:
1-кесте
Көрсеткіштердің атауы |
Жол коды |
Есепті кезең үшін барлығы |
оның ішінде: | |||||
Қызметтің негізгі түрі |
қосалқы (басқа да) қызмет түрлері | |||||||
сауда |
аңшылық |
жарнама |
балық аулау |
балық өсіру | ||||
5010 |
01500 |
74400 |
05010 |
05020 | ||||
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Өндірілген өнімдердің (тауарлар, қызмет көрсету-лер) көлемі, мың теңге |
100 |
250 000,0 |
150 000,0 |
50 000,0 |
35 000,0 |
5 000,0 |
2 000,0 |
1 000,0 |
Онда ЭҚЖЖ бойынша мәліметтер кестесі мынадай түрде болады:
ЭҚЖЖ |
Үлесі, % |
45211 |
60,0 |
5010 |
20,0 |
01500 |
14,0 |
мұндағы, мысалы, құрылыстың үлесі 150 000,0 (І-кестенің 4-бағаны) / 250 000,0 (І-кестенің 3-бағаны) * 100% ретінде есептелген. ЭҚЖЖ қалған кодтары бойынша үлес салмағы осындай жолмен есептелген.
№ 2-ШК мемлекеттік статистикалық есептілік (МСЕ) нысанын тапсыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері – заңды тұлғалар ЭҚЖЖ бойынша мәліметтерді 2-ШК (тоқсандық) нысанының 2-бөлімінің («Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер шығару және оларды өндіру үшін шығыстар туралы мәліметтер») 100-107-жолдарының деректерін негізге ала жоғарыда көрсетілген тәсілмен толтырады;
5) Есеп түрі.
Осы торкөздер Салық кодексінің 69 және 71-баптарына сәйкес белгіленеді. Есептің түріне байланысты тиісті торкөз белгіленеді.
«Бастапқы» торкөзі, егер Есеп салық агенті мемлекеттік тіркелгеннен кейін алғаш рет берілсе белгіленеді.
«Кезекті» торкөзі кейінгі Есепті табыс еткен кезде белгіленеді.
«Қосымша» торкөзі осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін қосымша Есепті жасаған кезде белгіленеді.
«Хабарлама бойынша» торкөзі егер салық агенті оның негізінде бұрын табыс етілген Есепке өзгерістер мен толықтырулар енгізу талап етілген Салық кодексінің 31-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген салық қызметі органдарының салық міндеттемелерін орындау жөніндегі хабарламасын алған болса, белгіленеді. Бұл жағдайда салық агенті «Хабарлама бойынша» және «Қосымша» торкөздерін бірге белгілейді.
«Тарату» торкөзі салық агенті таратылған (қайта ұйымдастырылған) жағдайда белгіленеді;
6) хабарламаның нөмірі мен күні. Торкөздер хабарлама бойынша қосымша Есеп табыс еткен жағдайда толтырылады.
13. «Жеке табыс салығы» бөлімінде:
1) 201.03.001А, 201.03.001В және 201.03.001С жолдарында міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, сақтандыру сыйыақыларын, әлеуметтік аударымдарды және жеке табыс салығын қоса алғанда, сәйкесінше 1 қаңтардан - 1 қазанға дейінгі, 1 қазаннан – 31 желтоқсанға дейінгі кезең үшін, есепті кезең үшін салық агенті есептеген төлем көзінен салық салынатын кірістері көрсетіледі. Бұл ретте, Салық кодексінің 144-бабына сәйкес салық салуға жатпайтын кірістер (Салық кодексінің 144-бабы 12) тармақшасында көрсетілген кірістерді қоспағанда) бұл жолдарда көрсетілмейді;
2) 201.03.002А, 201.03.002В және 201.03.002С жолдарында сәйкесінше 201.03.001 тиісті жолдарында көрсетілген есептелген кірістер мен Салық кодексінің 152-бабына сәйкес салық салуға жатпайтын кірістер арасында айырмасы бар, 1 қаңтардан - 1 қазан, 1 қазаннан – 31 желтоқсан кезеңі үшін, есепті кезең үшін төлем көзінен салық салынатын кірістер көрсетіледі;
3) 201.03.003А, 201.03.003В және 201.03.003С жолдарында сәйкесінше 1 қаңтардан - 1 қазан, 1 қазаннан – 31 желтоқсан кезеңі үшін, есепті кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі;
4) 201.03.004 жолында жеке тұлғаларға есептелген, бірақ есепті кезеңнің соңына салық агентімен төленбеген кірістер көрсетіледі.
201.03.004 жолында міндетті, ерікті зейнетақы және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын есептемегенде, сақтандыру сыйлықақылары мен жеке табыс салығының сомалары көрсетіледі;
5) 201.03.005А, 201.03.005В және 201.03.005С жолдарында сәйкесінше 1 қаңтардан - 1 қазан, 1 қазаннан – 31 желтоқсан кезеңінде, есепті кезеңінде жеке тұлғаларға төленген кірістер көрсетіледі;
6) 201.03.006А, 201.03.006В және 201.03.006С жолдарында табыстардан есептелген, заңды тұлғаларға төленген, және сәйкесінше есепті кезең үшін 1 қаңтардан - 1 қазан, 1 қазаннан – 31 желтоқсан кезеңінде, есепті кезеңінде бюджетке аударылуға жататын жеке табыс салығы сомасы көрсетіледі.
14. «Міндетті зейнетақы жарналары» бөлімінде:
1) 201.03.007А, 201.03.007В және 201.03.007С жолдарында сәйкесінше 1 қаңтардан - 1 қазан, 1 қазаннан – 31 желтоқсан кезеңі үшін, есепті кезең үшін жинақтау зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасы ұсталатын қызметкерлердің есептелген кірістері көрсетіледі;
2) 201.03.008А, 201.03.008В және 201.03.008С жолдарында сәйкесінше 1 қаңтардан - 1 қазан, 1 қазаннан – 31 желтоқсан кезеңінде, есепті кезеңінде Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес, қызметкерлердің төленген кірістерінен есептелген және жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуға жататын міндетті зейнетақы жарнасының сомасы көрсетіледі.
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары Жұмыс берушi материалдық, әлеуметтiк игiлiктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде берген табыстарды қоса алғанда, ақшалай немесе заттай түрде есептеген ай сайынғы кірістен он процент мөлшерінде ұсталады. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жетпіс бес еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауы керек
15. «Әлеуметтік аударымдар» бөлімінде:
1) 201.03.009А, 201.03.009В, 201.03.009С жолдарында 1 қаңтардан - 1 қазан, 1 қазаннан – 31 желтоқсан кезеңі үшін, есепті кезеңі үшін жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті, қаржы полициясы органдарының және мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлеріне ақшалай жалақы кіріс түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстарына енгізумен қызметкерге кіріс түрінде төленетін шығыстары көрсетіледі;
2) 201.03.010А, 201.03.010В, 201.03.010С жолдарында 1 қаңтардан - 1 қазан, 1 қазаннан – 31 желтоқсан кезеңі үшін, есепті кезеңі үшін Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес айқындалатын әлеуметтік аударымдардың сомалары көрсетіледі.
Бұл ретте әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң актісінде белгіленген мөлшерде әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен жүргізіледі. Әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін он еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.
16. 201.03 нысанына қосымша нысан әрбір жеке тұлға бойынша мыналарды: есептелген және кірістерді, міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын, жеке тұлға - Қазақстан Республикасының резидентi Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнен алған тұрғын үй заемдары және аралық тұрғын үй заемдары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалған сомаларды, Салық кодексінің 152-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын сақтандыру сыйлықақылар, жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдарды және төленген төлем көзінен салық салынатын кірістерді көрсетуге арналған.
Бұл қосымша нысанда Салық кодексінің 144-бабына сәйкес салық салынбайтын жеке тұлғалардың кірістері (Салық кодексінің 144-бабы 12) тармақшасында көрсетілген кірістерді қоспағанда), сондай-ақ құмар ойынынан және (немесе) бәс тігуден алған мүлік түріндегі табысы көрсетілмейді
Қосымша нысан жыл қорытындысы бойынша толтырылады және Есеппен бірге, сондай-ақ «Таратылған» ұяшығын белгілеген Есепті тапсырған кезде табыс етіледі.
17. Ағымдағы беттің нөмірі көрсетіледі:
1) «00001 Барлығы» жолы тек бірінші бетте толтырылады. 00001Е, 00001Ғ, 00001G, 00001Н, 00001І, 00001J, 00001К, 00001L, 00001M, 00001N жолдарында есептелген кірістердің; Салық кодексінің 144-бабы 12) тармақшасында көрсетілген кірістердің; құмар ойынынан және (немесе) бәс тігуден алған мүлік түріндегі табыстардың; жеке табыс салығы мен төленген кірістердің; жұмыс берушінің әлеуметтік аударымдар есептелетін шығыстарының, кейінгі жолдарға тиісті сома ретінде айқындалатын әлеуметтік аударымдардың жиынтық сомалары көрсетіледі;
2) А бағанында кезекті рет нөмірі қойылады;
3) В бағанында есептелген, кірістер төленген жеке тұлғалардың аты-жөні көрсетіледі;
4) С бағанында В бағанында көрсетілген жеке тұлға салық төлеушілердің тиісті тіркеу нөмірі көрсетіледі;
5) D бағанында торкөз «х» белгісімен, егер В бағанында көрсетілген жеке тұлға Қазақстан Республикасы азаматы болып табылмаса және Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты болмаған жағдайда белгіленеді. Басқа жағдайларда торкөз толтырылмайды;
6) Е бағанында торкөз жеке тұлға Салық кодексінің 144-бабының 12) тармақшасына сәйкес жеңілдіктер алуға үміткер болып табылса «х» деген белгі белгіленеді.
Қалған жағдайларда ұяшық толтырылмайды;
7) F бағанында В бағанында көрсетілген жеке тұлғаларға салық кезеңі үшін есептелген кірістер көрсетіледі;
8) G бағанында Салық кодексінің 152-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген салық шегерімі көрсетіледі;
9) Н бағанында Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес В бағанында көрсетілген жеке тұлғалардың табыстарынан есептелген және Салық кодексінің 152-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес шегерімге жатқызылатын міндетті зейнетақы жарналары көрсетіледі;
10) I бағанында Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жеке тұлға өз пайдасына енгізетін және Салық кодексінің 152-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес шегерімге жатқызылатын ерікті зейнетақы жарналарының сомалары көрсетіледі;
11) J бағанда жеке тұлға - Қазақстан Республикасының резидентi Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнен алған заемдары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалған және Салық кодексінің 152-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес шегерімге жатқызылатын сомалар көрсетіледі;
12) К бағанында Салық кодексінің 152-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес шегерімге жатқызылатын жеке тұлға өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақыларының сомалары көрсетіледі;
13) L бағанында В бағанында көрсетілген жеке тұлғалардың Салық кодексінің 144-бабы 12) тармақшасына сәйкес салық салынбайтын кірістері көрсетіледі;
14) М бағанында салық кезеңі үшін В бағанында көрсетілген жеке тұлғалардың кірістерінен есептелген жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі;
15) N бағанында В бағанында көрсетілген жеке тұлғаларға есепті кезеңде төленген кірістер көрсетіледі;
16) O бағанында міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актіге сәйкес айқындалатын жұмыс берушінің әлеуметтік аударымдар есептелетін шығыстары көрсетіледі;
17) P бағанында міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актіге сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдардың сомалары көрсетіледі.
18. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде:
1) «Басшының (салық төлеушінің) аты-жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Егер Есепті жеке кәсіпкер, адкокат, жеке нотариус өткізетін болса, жол жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылатын тегі, аты, әкесінің аты қамтылуы керек.
2) «Бас бухгалтердің аты-жөні» жолында бас бухгалтердің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;
3) «Есепті толтырған лауазымды тұлғаның аты-жөні» жолында Есепті толтырған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
Қағаз тасығыштағы Есепке салық төлеуші, салық агенті не оның уәкілетті өкілі қол қоюы керек, сондай-ақ салық төлеушінің, салық агентінің не оның уәкілетті өкілінің мөрімен куәландырылады. Есеп электронды түрде жасалған кезде электронды құжат Салық кодексінің 69-бабына сәйкес салық төлеушінің электронды цифрлық қолымен расталуға тиіс;
4) есепті беру күні. Есепті берген ағымдағы күн көрсетіледі;
5) жеке табыс салығы бойынша бенефициар - салық органының коды. Қазақстан Республикасы Кіріс министрінің м.а. 2002 жылғы 22 ақпандағы № 279 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының салық төлеушілердің мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебінің Ережесіне «Қазақстан Республикасының облыстары мен аудандарының кодтары» Анықтамасы» 18-қосымшаға сәйкес, Салық кодексінің ережелеріне сәйкес Есеп берілген салық агентінің тіркеу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;
Республикасының үлесінің мөлшері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есебіне (550. 00-нысан) қосымша
18 12 2014
1 стр.
Салық салуға байланысты объектілер және құрылымдық бөлімше үшін төлеуге тиісті акциз сомасы есебіне (431. 00-нысан) қосымша
09 10 2014
1 стр.
Осы Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (220. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ту
25 12 2014
3 стр.
Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған бойынша декларацияны (920. 00–нысан) қосымша
25 12 2014
2 стр.
Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары
08 10 2014
1 стр.
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған әрбір жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бөлек жасайды
08 10 2014
1 стр.
Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының бірінші сол жақ торкөзінде «-» белгісімен көрсетіледі
23 09 2014
1 стр.
Есепті Салық кодексінің 148-бабына сәйкес арнаулы салық режимдерін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар салық агенттері жасайды
04 09 2014
1 стр.