Перейти на главную страницу
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және бірыңғай жер және әлеуметтік салықтарды, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны, сондай–ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есептеуге арналған Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі – Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын және Салық кодексінің 439–бабының шарттарына сай келетін бірыңғай жер салығын төлеушілер жасайды.
3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.
6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.
7. Декларацияға қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.
8. Осы ережелерде арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.
9. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « – » белгісімен белгіленеді.
10. Декларация жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;
2) электронды тасығышта – Салық кодексінің 68–бабына сәйкес толтырылады.
11. Декларацияға Салық кодексінің 61–бабы 3–тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.
12. Декларацияны беру кезінде:
1) декларация қағаз түрінде келу тәртібінде қағаз тасығышта – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта – салық төлеуші почта немесе өзгелей байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен қабылданғандығы немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.
13. Қосымшаның «Салық төлеуші (салық агенті) туралы жалпы ақпарат» бөлімдерінде Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.
14. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Декларация табыс ету кезінде:
СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2012 жылдың 1 қантарына дейін толтырылуы тиіс.
ЖСН/БСН –жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі) 2012 жылдың 1 қантарынан бастап толтырылуы тиіс.
15. «Салық төлеуші (салық агенті) туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші (салық агенті) мынадай деректерді көрсетеді:
2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі). Болған жағдайда көрсетіледі;
3) сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе пайда алушының СТН – Салық кодексінің 35–бабына сәйкес салық төлеушінің – мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының тіркеу нөмірі.
Жолды сенімгерлікпен басқарушы толтырады;
4) сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не пайда алушының ЖСН/БСН – Салық кодексінің 35–бабына сәйкес мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі).
Жолды сенімгерлікпен басқарушы толтырады;
5) Салық төлеушінің атауы.
Шаруа және фермер қожалықтарының (ол болған кезде) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.
Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда сенімгерлікпен басқарушы орындаған жағдайда жолда сенімді басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;
6) салық кезеңі: жыл – Декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб цифрларымен көрсетіледі);
7) Декларация түрі.
Тиісті торкөздер Салық кодексінің 63–бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне Декларацияны жатқызу ескеріле отырып, белгіленеді;
8) хабарламаның нөмірі мен күні.
Жолдар Салық кодексінің 63–бабы 3–тармағының 4)–тармақшасында көзделген Декларация түрі табыс етілген жағдайда толтырылады;
9) қызмет бойынша Декларация жасалды:
9 А торкөзі салық төлеуші өз қызметінің нәтижелері бойынша Декларация толтырған жағдайда белгіленеді;
9 В торкөзі салық төлеуші мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының және (немесе) пайда алушының мүдделеріне жүзеге асырылған қызмет нәтижелері бойынша Декларация толтырған жағдайда белгіленеді;
9А және 9 В торкөздері салық төлеуші өз қызметінің нәтижелері бойынша және мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының және (немесе) пайда алушының мүдделеріне жүзеге асырылған қызмет нәтижелері бойынша Декларация толтырған жағдайда белгіленеді;
10) оның негізінде мүлікті сенімгерлікпен басқару туындайтын құжаттың нөмірі мен күні.
Оның негізінде мүлікті сенімгерлікпен басқару туындайтын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.
Жол Салық кодексінің 35–бабымен белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, сенімгерлікпен басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының және (немесе) пайда алушының мүдделері үшін жүзеге асырылатын қызмет нәтижелері бойынша Декларация тапсырған жағдайда толтырылады;
11) Валюта коды.
«Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы» Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешімімен бекітілген «Валюталар жіктеушісінің» 23–қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;
12) АЕК – айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК).
Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК мөлшері көрсетіледі;
13) Қосымшалардың саны.
Табыс етілген қосымшалардың саны тиісті торкөзде көрсетіледі.
16. «Бірыңғай жер салығы (БЖС)» бөлімінде:
1) 920.00.001 І жолында салық кезеңі ішінде бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша шаруашылық немесе фермерлік қожалықта бар егістік жерлердің жиынтық ауданы көрсетіледі.
920.00.001 ІІ жолында салық кезеңі ішінде бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша шаруашылық немесе фермерлік қожалықта бар жайылымдардың, табиғи шабындықтардың және басқа да телімдерінің жиынтық ауданы көрсетіледі;
2) 920.00.002 І жолында салық кезеңі ішінде бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша шаруашылық немесе фермерлік қожалықта бар егістік жерлердің жиынтық бағалау құны көрсетіледі.
920.00.002 ІІ жолында салық кезеңі ішінде бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша шаруашылық немесе фермерлік қожалықта бар жайылымдардың, табиғи шабындықтардың және басқа да телімдерінің жиынтық бағалау құны көрсетіледі;
3) 920.00.003 І жолында салық кезеңі ішінде бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша шаруашылық немесе фермерлік қожалықта бар егістік жерлері бойынша бірыңғай жер салығының есептелген сомасы көрсетіледі.
920.00.003 ІІ жолында салық кезеңі ішінде бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша шаруашылық немесе фермерлік қожалықта бар жайылымдар, табиғи шабындықтар және басқа да телімдері бойынша есептелген бірыңғай жер салығының сомасы көрсетіледі;
4) 920.00.004 жолында салық мерзіміне фермерлік немесе шаруашылық қожалықтарындағы меншігіндегі жайылым және егістік жерлердің табиғи шабынды жерлердің және басқа да жер телімдерін мекен жайы бойынша бірыңғай жер салығы есептелген сомасының есебі көрсетіледі және 920.00.004 І және 920.00.004 ІІ. Айқындалған жолдарының сомалары болып анықталады. 920.00.004 жолы, 920.00.005 І және 920.00.005 ІІ жолдарының сомаларымен тең келіп 920.00.006 жолының сомасын өзіне қосады.
920.00.004 І жолында барлық 920.01 нысандары 920.00.006 жолдарының сомасы Салық кодексінің 444 бабының 1 тармағына сәйкес айқындалады, салық мерзімінің егілген жердің мекен жайы бойынша бірыңғай жер салығы есептелген сомасы көрсетіледі.
920.00.004 ІІ жолында барлық 920.01 нысандарында 920.01.012 жолындағы сомалар Салық кодексінің 444 бабының 1 тармағына сәйкес айқындалады, салық мерзімінде жайылымындар, табиғи шабынды жерлер және басқа да жер телімдері мекен жайы бойынша бірыңғай жер салығы сомасының есебі көрсетіледі;
5) 920.00.005 І жолында салық кодексінің 446 бабының 1 бабының 1 тармағының сәйкес ағымдағы салық мерзімі 10 қарашаға дейін жер телімдерінің орналасқан мекені бойынша бюджетке төленетін бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің сомасының есебі көрсетіледі.
920.00.005 ІІ жолында салық кодексінің 446 бабының 1 бабының 1 тармағына сәйкес ағымдағы есепті салық кезеңі үшін 10 сәуірге дейін жер телімдерінің орналасқан мекені бойынша бюджетке төленетін бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің сомасының есебі көрсетіледі;
6) 920.00.006 Салық кодексінің 35– бабымен белгіленген ерекшеліктерді есепке алумен сенімгерлік басқаруды құрылтайшының мүлкін сенімгерлік басқарудың келісім–шарты немесе өзге жағдайларда пайда алушы сенімгерлік басқаруды пайда болу басқа негіздер бойынша сенімгерлік басқарушыға салық міндеттемесін орындауды тапсырған жағдайда толтырылады.
920.00.006 жолда сенімгерлік басқаруды құрылтайшыдағы сенімгерлік басқарушыларын салық кезеңі үшін мүлкін сенімгерлік басқарудың келісім–шарты немесе өзге жағдайларда пайда алушы сенімгерлік басқаруды пайда болу басқа негіздер бойынша есептелген бірыңғай жер салығының сомасы көрсетіледі.
17. «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығы (ЖТС)» бөлімінде:
1) 920.00.007 жолында 920.00.007 І және 920.00.007 ІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін міндетті зейнетақы және ерікті зейнетақы жарналарын, сақтандыру сыйлықақыларын және жеке табыс салығын қоса алғанда, салық агенті есептеген табыстар көрсетіледі. 920.00.007 жолына 920.00.008 жолының сомасы кіреді.
920.00.007 І жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін салық агентімен есептелген табыстар көрсетіледі. 920.00.007 І жолына 920.00.008 І жолының сомасы кіреді.
920.00.007 ІІ жолында салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін салық агентімен есептелген кірістер көрсетіледі. 920.00.007 ІІ жолына 920.00.008 ІІ жолының сомасы кіреді;
2) 920.00.008 жолында 920.00.008 І және 920.00.008 ІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын төлем көзінде жеке табыс салығы салынатын табыстар көрсетіледі.
920.00.008 І жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген және салық салынатын табыстар көрсетіледі.
920.00.008 ІІ жолында салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есептелген және салық салынатын табыстар көрсетіледі;
3) 920.00.009 жолында 920.00.009 І және 920.00.009 ІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін жеке табыс салығының есептелген көрсетіледі.
920.00.009 І жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген салық сомасы көрсетіледі.
920.00.009 ІІ жолында салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есептелген салық сомасы көрсетіледі;
4) 920.00.010 жолында жеке тұлғаларға есептелген, бірақ есепті кезеңнің соңына салық агенті төлемеген табыстар көрсетіледі;
5) 920.00.011 жолында 920.00.011 І және 920.00.011 ІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңіне жеке тұлғаларға төленген табыстар көрсетіледі.
920.00.011 І жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін жеке тұлғаларға төленген табыстар көрсетіледі.
920.00.011 ІІ жолында салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін жеке тұлғаларға төленген табыстар көрсетіледі;
6) 920.00.012 жолда қызметкерлерге Қазақстан Республикасының азаматтарына (оның ішінде Салық кодексінің 189, 190–баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент және резидент еместері болып табылатын шет елдіктер және азаматтығы жоқ адамдарға) төленген (бұдан әрі – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар) табыстардан есептелген жеке табыс салығының және 920.00.012 І, 920.00.012 ІІ, 920.00.012 ІІІ және 920.00.012 ІV жолдардында айқындалатын салық кезеңі үшін бюджетке төлеуге жататын сомасы көрсетіледі. 920.00.012 жол 920.00.013 жолдың сомасын өзіне қосып алады.
920.00.012 І жолда (Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын) жеке тұлғаларға төленген табыстан есептелген және Салық кодексінің 446–бабы 1–тармағының 1) тармақшасына сәйкес ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмей 1 қаңтардан бастап 1 қазанға дейінгі кезең үшін бюджетке төленуге жататын салықтың сомасы көрсетіледі.
920.00.012 ІІ жолда шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға төленген табыстан есептелген және Салық кодексінің 446–бабы 1–тармағының 1) тармақшасына сәйкес ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмей 1 қаңтардан бастап 1 қазанға дейінгі кезең үшін бюджетке төленуге жататын салықтың сомасы көрсетіледі.
920.00.012 ІІІ жолда (Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын) жеке тұлғаларға төленген табыстан есептелген және Салық кодексінің 446–бабы 1–тармағының 2) тармақшасына сәйкес есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірілмей 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезең үшін бюджетке төленуге жататын салықтың сомасы көрсетіледі.
920.00.012 ІV жолда шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға төленген табыстан есептелген және Салық кодексінің 446–бабы 1–тармағының 2) тармақшасына сәйкес есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірмей 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезең үшін бюджетке төленуге жататын салықтың сомасы көрсетіледі;
7) 920.00.013 жол Салық кодексінің 35–бабымен белгіленген ерекшеліктерді есепке алумен сенімгерлік басқаруды құрылтайшының мүлкін сенімгерлік басқарудың келісім–шарты немесе өзге жағдайларда пайда алушы сенімгерлік басқаруды пайда болу басқа негіздер бойынша сенімгерлік басқарушыға салық міндеттемесін орындауды тапсырған жағдайда толтырылады.
920.00.013 жолда сенімгерлік басқаруды құрылтайшыдағы сенімгерлік басқарушыларын салық кезеңі үшін мүлкін сенімгерлік басқарудың келісім–шарты немесе өзге жағдайларда пайда алушы сенімгерлік басқаруды пайда болу басқа негіздер бойынша есептелген бірыңғай жер салығының сомасы көрсетіледі.
18. «Әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары» бөлімінде:
1) 920.00.014 жолда 920.02 барлық нысандары бойынша 00000001R жолын жинақтау бойынша айқындалатын, салық кезең үшін шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелері, басшысы мен жалдамалы қызметкерлері үшін бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салықтың сомасы көрсетіледі. 920.00.014 жол 920.00.015 жолдың сомасын жолының сомасын өзіне қосып алады.
920.00.014 І жолда Салық кодексінің 446–бабы 1–тармағының 1) тармақшасына сәйкес ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашаға мерзімінен кешіктірмей 1 қазаннан 31 желтоқсан мерзімі бойынша шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелері, басшысы мен жалдамалы қызметкерлері үшін бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салықтың сомасы көрсетіледі.
920.00.014 ІІ жолда Салық кодексінің 446–бабы 1–тармағының 2) тармақшасына сәйкес салық кезеңінен кейінгі есепті салық кезеңі үшін 10 сәуірден мерзімінен кешіктірмей салық кезеңінің 1 қазаннан 31 желтоқсан мерзімі бойынша шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелері, басшысы мен жалдамалы қызметкерлері үшін бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салықтың сомасы көрсетіледі;
2) 920.00.015 жолда Салық кодексінің 35–бабымен белгіленген ерекшеліктерді есепке алумен сенімгерлік басқаруды құрылтайшының мүлкін сенімгерлік басқарудың келісім–шарты немесе өзге жағдайларда пайда алушы сенімгерлік басқаруды пайда болу басқа негіздер бойынша сенімгерлік басқарушыға салық міндеттемесін орындауды тапсырған жағдайда толтырылады.
920.00.015 жолда сенімгерлік басқаруды құрылтайшыдағы сенімгерлік басқарушыларын салық кезеңі үшін мүлкін сенімгерлік басқарудың келісім–шарты немесе өзге жағдайларда пайда алушы сенімгерлік басқаруды пайда болу басқа негіздер бойынша есептелген әлеуметтік салықтың сомасы көрсетіледі;
3) 920.00.016 жолда 920.02 барлық нысандары бойынша 00000001 Т жолын жинақтау бойынша айқындалатын, салық кезең үшін шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелері, басшысы мен жалдамалы қызметкерлері үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдардың сомасы көрсетіледі.
920.00.016 І жолда Салық кодексінің 446–бабы 1–тармағының 1) тармақшасына сәйкес ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашаға мерзімінен кешіктірмей 1 қазаннан 31 желтоқсан мерзімі бойынша бюджетке төленуі тиіс есептелген әлеуметтік аударымдардың сомасы көрсетіледі.
920.00.016 ІІ жолда Салық кодексінің 446–бабы 1–тармағының 2) тармақшасына сәйкес салық кезеңінен кейінгі салық кезеңі үшін 10 сәуірден мерзімінен кешіктірмей салық кезеңінің 1 қазаннан 31 желтоқсан мерзімі бойынша бюджетке төленуі тиіс есептелген әлеуметтік аударымдардың сомасы көрсетіледі;
4) 920.00.017 жолында 920.02 барлық нысандары бойынша 00001 І жолын жинақтау бойынша айқындалатын, салық кезең үшін шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелері, басшысы мен жалдамалы қызметкерлері үшін жинақтаушы зейнетақы қорына есептелген міндетті зейнетақы жарнасының сомасы көрсетіледі.
920.00.017 І жолында Салық кодексінің 446–бабы 1–тармағының 1) тармақшасына сәйкес бюджетке төленуі тиіс салық кезеңінен кейінгі салық кезеңі үшін 10 қарашаға мерзімінен кешіктірмей салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейінгі кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорына есептелген міндетті зейнетақы жарнасының сомасы көрсетіледі.
920.00.017 ІІ жолында Салық кодексінің 446–бабы 1–тармағының 2)– тармақшасына сәйкес бюджетке төленуі тиіс салық кезеңінен кейінгі салық кезеңі үшін 10 сәуір мерзімінен кешіктірмей салық кезеңінің 1 қазаннан 31 желтоқсан мерзімі бойынша жинақтаушы зейнетақы қорына есептелген міндетті зейнетақы жарнасының сомасы көрсетіледі.
19. «Салық төлеушінің (салық агентінің) жауапкершілігі» бөлімінде:
1) «Салық төлеушінің (басшының) аты–жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес (бар болған жағдайда) басшының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Егер Декларацияны (бар болған жағдайда) жеке тұлға өткізетін болса, деректер жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады;
2) декларацияны беру күні.
Декларацияны салық органына өткізген күні көрсетіледі;
3) жер телімінің орналасқан жері бойынша салық органының коды көрсетіледі.
Жер төлімінің орналасқан жері бойынша салық органының коды көрсетіледі;
4) тұрғылықты жері бойынша салық органының коды.
Бұл ретте азаматтарды тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны жеке тұлғаның тұрғылықты жері болып танылады;
5) «Декларацияны қабылдаушы лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.» жолында Декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;
6) Декларацияны қабылдау күні.
Салық кодексінің 584–бабы 2–тармағына сәйкес Декларация табыс етілген күн көрсетіледі;
7) Декларацияның кіріс нөмірі.
Салық органы берген Декларацияның тіркелген нөмірі көрсетіледі;
8) почта штемпелінің күні.
Почта немесе өзге байланыс ұйымымен қойылған почта штемпелінің күні көрсетіледі.
3. Бірыңғай жер салығы – 920.01–нысанын жасау
жеке меншік құқығындағы, алғашқы жер пайдалану, оның ішінде жалға берілген жер телімі бойынша;
қайталама жер пайдалану құқығындағы бірыңғай жер салығын есептеу туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
Салық төлеушіде әртүрлі көрсеткіштері бар жер телімдері болған жағдайда (иемдену кезеңі, жер телімдеріне сәйкестендірме құжаттары тағы сол сияқты) 920.01 нысан бойынша әр жер телімі бойынша жеке қосымша толтырылады.
21. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде:
1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі). Болған жағдайда көрсетіледі;
3) сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе пайда алушының СТН – Салық кодексінің 35–бабына сәйкес салық төлеушінің – мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының тіркеу нөмірі.
Жолды сенімгерлікпен басқарушы толтырады;
4) сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не пайда алушының ЖСН (БСН) – Салық кодексінің 35–бабына сәйкес мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру) нөмірі. Болған жағдайда көрсетіледі.
Жолды сенімгерлікпен басқарушы толтырады;
5) салық кезеңі: жыл – Декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб цифрларымен көрсетіледі);
6) оның негізінде мүлікті сенімгерлікпен басқару туындайтын құжаттың нөмірі мен күні.
Оның негізінде мүлікті сенімгерлікпен басқару туындайтын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.
Жол Салық кодексінің 35–бабымен белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, сенімгерлікпен басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының және (немесе) пайда алушының мүдделері үшін жүзеге асырылатын қызмет нәтижелері бойынша Декларация тапсырған жағдайда толтырылады;
7) жер телімі.
Жер телімінің түріне сәйкес торкөз толтырылады.
22. «Егістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу үшін мәлімет» бөлімінде:
1) 920.01.001 жолында жер телімдерін (егістікті) нақты пайдалануды жүргізілетін орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;
2) 920.01.002 жолында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес (егістік) жер телімінің кадасторлық нөмірі көрсетіледі;
3) 920.01.003 жолында жер телімінің (егістіктің) көлемі гектармен көрсетіледі;
4) 920.01.004 жолында жер телімі бағалау құнын анықтау актісінің деректері бойынша жер телімдерінің (егістік) бағалау құны көрсетіледі.
Бұл акті болмаған жағдайда, 920.01.006 жолында Салық кодексінің 441–бабының 1–тармағы 2) тармақшасына сәйкес 1 гектар жердiң аудан бойынша орташа бағалау құны негiзге алына отырып айқындалған, жер телімінің (егістіктің) бағалау құны көрсетіледі;
5) 920.01.005 жолында салық кезеңі ішінде жер телімін (егістіктің) пайдалану (иемдену) ай саны көрсетіледі;
6) 920.01.006 жолында 920.00.003 І х (920.01.003/920.00.001 І х 100) ретінде Салық кодексінің 444–бабының 2–тармағына сәйкес айқындалған салық кезеңі үшін бюджетке төленуге жататын егістік бойынша бірыңғай жер салығының есептелген сомасы көрсетіледі.
2010 жылға (салық кезеңі) бюджетке төленуге жататын егістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу мысалдары.
1 мысал. Егер бірыңғай жер салығын төлеуші Қазақстан Республикасы бойынша ауыл шаруашылық мәдениетінің егіндікке пайдаланылатын бір «егістік» жер телімі болса:
№ р/н
|
Жер телімінің орналасқан жері |
Жер телімінің көлемі (гектар)
|
Жер телімінің бағалау құны (млн. теңгеде) |
2010 жылы (айлар) жер телімін пайдаланудың нақты кезеңі |
Жер телімін пайдаланудың нақты кезеңі үшін бағалау құны (млн. теңгеде) |
1. |
Солтүстік–Қазақстан облысы, Шал–Ақын атындағы ауданы |
700 га |
21,0 |
6 ай |
105,5 млн. теңге (21,0 / 12 х 6) |
Барлығы: |
|
700га (жиынтық көлемі) |
|
|
10,5 млн. теңге (жиынтық бағалау құны) |
Жиынтық көлемінен (700 га) шыққандағы Салық кодексінің 444–бабының 1–тармағына сәйкес бірыңғай жер салығының ставкасы: 500 гектардан бағалау құнының 0,1 500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,2 жасалады.
Есептейміз:
500 гектардан жиынтық бағалау құны: 7,5 млн. теңге ((10,5 млн. теңге х 500 га) / 700 га);
500 гектардан асатын гектарлардың жиынтық бағалау құны: 3,0 млн. теңге ((10,5 млн. теңге х (700 га – 500 га)) / 700 га), мұнда (700 га – 500 га) – асуы;
жер телімінің орналасқан жері бойынша 2009 жылы бюджетке төленетін бірыңғай жер салығының сомасы: 13,5 мың теңге ((0,1% х 7,5 млн.теңге) + (0,2% х 3,0 млн. теңге)).
2 мысал. Егер бірыңғай жер салығын төлеуші Қазақстан Республикасының бір аймақтағы бірнеше ауданында ауыл шаруашылық мәдениетінің егіндікке пайдаланылатын екі «егістік» жер телімі болса:
№ р/н
|
Жер телімінің орналасқан жері |
Жер телімінің көлемі (гектар)
|
Жер телімінің бағалау құны (млн. теңгеде) |
2010 жылы (айлар) жер телімін пайдаланудың нақты кезеңі |
Жер телімін пайдаланудың нақты кезеңі үшін бағалау құны (млн. теңгеде) |
1. |
Ақмола облысы, Есіл ауданы |
800 га |
16,0 |
9 ай |
12,0 млн. теңге (16,0 / 12 х 9), мұнда 12 – бір жылдағы айлар саны |
2. |
Ақмола облысы, Жақсын ауданы |
1200 га |
24,0 |
12 ай |
24,0 млн. теңге (24,0 / 12 х 12) |
Барлығы: |
|
2000 га (жиынтық көлемі) |
|
|
36,0 млн. теңге (жиынтық бағалау құны) |
2 жер телімің жиынтық көлемінен шыққандағы (2 000 га) Салық кодексінің 444–бабының 1–тармағына сәйкес бірыңғай жер салығының ставкасы: 1500 гектардан бағалау құнының 0,3 1500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,4 құрайды. Есептейміз:
1 500 гектардың жиынтық бағалау құны: 27,0 млн. теңге ((36,0 млн. теңге х1 500 га) / 2 000 га);
1 500 гектардан асатын жиынтық бағалау құны: 9,0 млн. теңге ((36,0 млн. теңге х (2 000 га – 1 500 га)) / 2 000 га), мұнда (2 000 га – 1 500 га) – асуы;
бірыңғай жер салығын төлеушінің екі жер телімі бойынша 2010 жылы бюджетке төленуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы: 117,0 мың теңге ((0,3 % х 27,0 млн. теңге) + (0,4 % х 9,0 млн. теңге)).
Салық органына 920.00 нысаны бойынша декларацияны тапсыру және бірыңғай жер салығын төлеу Салық кодексінің 447–бабына сәйкес жер телімінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі, бірыңғай жер салығының есептелген жалпы сомасынан әр жер телімінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленуге жататын бірыңғай жер салығының сомасын (117,0 мың. теңге) есептейміз:
2010 жылы 800 гектардың жер телімінің көлемі бойынша Ақмола облысы Жақсын ауданының бюджетке төленуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы: 46,8 мың теңге (117,0 мың теңге х 40 % (800 га / 2 000 га х 100 )), мұнда 2 000 га – жер телімінің жиынтық көлемі;
2010 жылы 1 200 гектардың жер телімінің көлемі бойынша Ақмола облысы Жақсын ауданының бюджетке төленуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы: 70,2 мың теңге (117,0 мың теңге х 60 % (1 200 га / 2 000 га х 100 )).
3 мысал. Егер бірыңғай жер салығын төлеуші Қазақстан Республикасының түрлі аймақтарында ауыл шаруашылық мәдениетінің егіндікке пайдаланылатын үш «егістік» жер телімі болса:
№ р/н
|
Жер телімінің орналасқан жері |
Жер телімінің көлемі (гектар)
|
Жер телімінің бағалау құны (млн. теңгеде) |
2010 жылы (айлар) жер телімін пайдаланудың нақты кезеңі |
Жер телімін пайдаланудың нақты кезеңі үшін бағалау құны (млн. теңгеде) |
1. |
Қостанай облысы, Қамысты ауданы |
1 600 га |
64,0 |
8 ай |
42,7 млн. теңге (64,0 / 12 х 8), мұнда 12 – бір жылдағы айлар саны |
2. |
Солтүстік–Қазақстан облысы, Шал–Ақын атындағы ауданы |
700 га |
21,0 |
6 ай |
10,5 млн. теңге (21,0 / 12 х 6) |
3. |
Ақмола облысы, Жақсын ауданы |
1200 га |
24,0 |
12 ай |
24,0 млн. теңге (24,0 / 12 х 12) |
Барлығы: |
|
3 500 га (жиынтық көлемі) |
|
|
77,2 млн. теңге (жиынтық бағалау құны) |
3 жер телімінің жиынтық көлемінен шыққандағы Салық кодексінің 444–бабының 1–тармағына сәйкес бірыңғай жер салығының ставкасы (3 500 га): 3000 гектардан бағалау құнының 0,4 3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,5 құрайды. Есептейміз:
3000 гектардың бағалау құны: 66,2 млн. теңге ((77,2 млн. теңге х 3 000 га) /3 500);
3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құны: 11,0 млн. теңге ((77,2 млн. теңге х (3 500 га – 3 000 га)) / 3 500 га), мұнда (3 500 га – 3 000 га)– асуы;
бірыңғай жер салығын төлеушінің үш жер телімі бойынша 2010 жылы бюджетке төленуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы: 319,8 мың теңге ((0,4 % х 66,2 млн. теңге) + (0,5 % х 11,0 млн. теңге)).
Салық органына 920.00 нысаны бойынша декларацияны тапсыру және бірыңғай жер салығын төлеу Салық кодексінің 447–бабына сәйкес жер телімінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі, бірыңғай жер салығының есептелген жалпы сомасынан әр жер телімінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленуге жататын бірыңғай жер салығының сомасын (319,8 мың теңге) есептейміз:
2010 жылы 1 600 гектардың жер телімінің көлемі бойынша Қостанай облысының (Қамысты ауданы) бюджетке төленуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы: 146,1 мың теңге (319,8 мың теңге х 45,7 % (1 600 га / 3 500 га х 100)), мұнда 3 500 га – жер телімінің жиынтық көлемі;
2010 жылы 700 гектардың жер телімінің көлемі бойынша Солтүстік–Қазақстан облысының (Шал–Ақын ауданы) бюджетке төленуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы: 64,0 мың теңге (319,8 мың теңге х 20 % (700 га / 3 500 га х 100));
2010 жылғы бюджетке төленуге тиісті бірыңғай жер салығының сомасы Ақмола облысы (Жақсын ауданы) 1200 гектар көлемі бар жер телімі: 109,7 мың тенге (319,8 мың тенге х 34,3 % (1 200 га / 3 500 га х 100)).
23. «Жайылымдар жер телімі, табиғи шабынды жерлер және басқа жер телімдері бойынша бірыңғай жер салығы туралы ақпарат» бөлімінде:
1) 920.01.007 жолында нақты жер телімімен пайдалануы жүріп жатқан мекені бойынша салық органның коды көрсетіледі;
2) 920.01.008 Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер теліміне сәйкес кадастрлы номері белгіленеді;
3) 920.01.009 жер телімінің көлемі гектар ретінде көрсетіледі;
4) 920.01.010 жолында жер телімінің бағалау құнын анықтау актісі бойынша жер телімінің бағалау құнын көрсетіледі.
Салық кодексінің 441 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес Акт болмаған жағдайда, жер телімдерін бағалау құны жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган берген деректер бойынша 1 гектар жердiң аудан бойынша орташа бағалау құны негiзге алына отырып айқындалады;
5) 920.01.011 жолында салық кезеңінде жер телімінің жалға алу айларының сандары көрсетіледі;
6) 920.01.012 жолында жайлаулар, табиғи шабындықтар және басқа жер телімдері бойынша салық кезеңінің бюджетке төленуге тиісті бірыңғай жер салығының есептелген сомасы Салық кодексінің 2 бабының тармағына сәйкес 920.00.003 ІІ х (920.01.009 / 920.00.001 ІІ х 100) айқындалып көрсетіледі.
2010 жылғы бюджетке төленуге тиісті бірыңғай жер салығының есебі егер бірыңғай жер салығын төлеуші Қазақстан Республикасының түрлі аймақтарында екі жер телімі болса, жүйелі түрде шабындықа пайдалыналытын не жануарлардың жайылымына қолданылатын:
№ р/н
|
Жер телімінің орналасқан жері |
Жер телімінің көлемі (гектар)
|
Жер телімінің бағалау құны (млн. теңгеде) |
2010 жылы (айлар) жер телімін пайдаланудың нақты кезеңі |
Жер телімін пайдаланудың нақты кезеңі үшін бағалау құны (млн. теңгеде) |
1. |
Ақмола облысы Жақсын ауданы |
1 200 га |
24,0 |
12 ай |
24,0 млн. теңге (24,0 / 12 х 12) |
2. |
Солтүстік–Қазақстан облысы, Шал–Ақын атындағы ауданы |
700 га |
21,0 |
6 ай |
10,5 млн. теңге (21,0 / 12 х 6) |
Барлығы: |
|
1 900 га (жиынтық көлемі) |
|
|
34,5 млн. теңге (жиынтық бағалау құны) |
2 жер телімінің жиынтық көлемін алғандағы Салық кодексінің 444 бабының 1 тармағына сәйкес бiрыңғай жер салығын есептеу ставкасы жер телімдерінің жиынтық бағалау құнының 0,1% ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Есептейміз:
бірыңғай жер салығын төлеушінің екі жер телімі бойынша 2010 жылы бюджетке төленуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы: 34,5 мың теңге (0,1 % х 34,5 млн. теңге).
Салық органына 920.00 нысаны бойынша декларацияны тапсыру және бірыңғай жер салығын төлеу Салық кодексінің 447–бабына сәйкес жер телімінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі, бірыңғай жер салығының есептелген жалпы сомасынан әр жер телімінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленуге жататын бірыңғай жер салығының сомасын (34,5 мың теңге) есептейміз:
2010 жылы 1 200 гектардың жер телімінің көлемі бойынша Ақмола облысының (Жақсын ауданы) бюджетке төленуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы: 21,7 мың теңге (34,5 мың теңге х 63 % (1 200 га / 1 900 га х 100).
2010 жылы 700 гектардың жер телімінің көлемі бойынша Солтүстік–Қазақстан облысының (Шал–Ақын ауданы) бюджетке төленуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы: 12,8 мың теңге (34,5 мың теңге х 37 % (700 га / 1 900 га х 100)).
Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған бойынша декларацияны (920. 00–нысан) қосымша
25 12 2014
2 стр.
Республикасының үлесі бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі
25 12 2014
1 стр.
Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі
25 12 2014
1 стр.
Осы Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (220. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ту
25 12 2014
3 стр.
Енгізу туралы Заңының 23–бабына сәйкес қызмет атқаратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының корпорациялық табыс салығын есептеуге арналған корп
25 12 2014
1 стр.
Осы Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (110. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті тө
08 10 2014
3 стр.
Республикасы Заңының (бұдан әрі – Енгізу туралы Заңның) 2, 12, 24, 25, 28, 34, 35, 44, 47, 48, 49, 49–1–баптарына сәйкес қосылған құн салығы сомасын есептеуге арналған қосылған құн
25 12 2014
3 стр.
Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 14 бөліміне сәйкес әзірленген және салық төлеушілермен салық кезеңінің басында бар салық салу объетілері бойынша мүлік салығын уақтылы төлеу
25 12 2014
1 стр.