Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3




Қосылған құн салығы бойынша декларацияға (300.00-нысан) қосымша

Қосылған құн салығы бойыншасалық есептілігін (декларацияны)

жасау ережесі (300.00 – нысан)

1. Жалпы ережелер


  1. Осы Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 8–бөліміне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Енгізу туралы Заңның) 2, 12, 24, 25, 28, 34, 35, 44, 47, 48, 49, 49–1–баптарына сәйкес қосылған құн салығы сомасын есептеуге арналған қосылған құн салығы бойынша салық есептілігінің нысанын (декларация) (бұдан әрі – Декларация) жасау тәртібін айқындайды.

  2. Декларация Декларацияның өзінен (300.00–нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей–тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (300.01 – 300.10 нысандар) тұрады.

  3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

  4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

  5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді ашып көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

  6. 300.07 және 300.08 нысандардан басқа Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.

  7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

  8. Осы ережелерде мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

  9. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

  10. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;

2) электрондық тасығышта – Салық кодексінің 68бабына сәйкес толтырылады.



  1. Декларацияға Салық кодексінің 61–бабы 3–тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

  2. Декларацияны беру кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз тасығышта – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта – салық төлеуші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен қабылданғандығы немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.


  1. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімдерінде  Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

  2. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Декларацияны табыс ету кезінде:

СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2012 жылдың 1 қантарына дейін толтырылуы тиіс.

ЖСН/БСН –жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі) 2012 жылдың 1 қантарынан бастап толтырылуы тиіс.



2. Декларацияны жасау (300.00нысаны)


  1. «Қосылған құн салығын төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші міндетті түрде мынадай деректерді көрсетеді:

1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі. Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушының – салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі). Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлік басқарушы салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі көрсетіледі. Болған жағдайда көрсетіледі;

3) қосылған құн салығын төлеушінің аты–жөні немесе атауы. Жол міндетті толтырылуға жатады.

Құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы, жеке кәсіпкердің жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;

4) салық кезеңін (тоқсан, жыл) – Декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі (араб цифрларымен көрсетіледі). Салық кодексінің 269–бабына сәйкес Декларацияны тапсыру үшін есепті кезең күнтізбелік тоқсан болып табылады. Жол міндетті толтырылуға жатады;

5) Декларацияның түрін.

Салық кодексінің 63–бабына сәйкес салық есептілігінің түріне байланысты торкөздердің біреуі міндетті түрде толтыруға жатады.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алынып тасталған жағдайда «тарату» түріндегі Декларацияны табыс ету міндетті болып табылады;

6) хабарламаның нөмірі мен күнін.



Жолдар Салық кодексінің 63–бабы 3–тармағының 4)-тармақшасында көзделген Декларацияның түрі табыс етілген жағдайда толтырылады;

7) салық төлеушінің санатын. Салық төлеушінің жататын санатына байланысты A, B, C немесе D торкөздердің біреуі міндетті толтырылуға жатады.

7 А торкөзі салық төлеуші қызметін Салық кодексінің 451–бабымен белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимі бойынша жүзеге асырған жағдайда белгіленеді.

7 В торкөзі салық төлеуші қосылған құн салығы Салық кодексінің 267–бабымен белгіленген тәртіппен төленетін ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу бойынша қызметін жүзеге асырған жағадайда белгіленеді.

7 С торкөзі жер қойнауын пайдаланушы қызметін өнімді бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе уәкілетті органмен жер қойнауын пайдаланушы арасындағы жасасқан келісім (келісішарт) бойынша және Салық кодексінің 308–бабы 2–тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығы ескерілген, Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген жер қойнауын падалануға арналған келісімшарты бойынша жүзеге асырған жағдайда белгіленеді. Келісіммен (келісімшартпен) ескерілген қызмет бойынша «С I» торкөзі белгіленеді; келісіммен (келісімшартпен) ескерілмеген қызмет бойынша «С II» торкөзі белгіленеді.

7 D торкөзі 7 А, 7 В және 7 С торкөздерінде белгіленген салық төлеушілерге жатпайтын салық төлешілермен белгіленеді;

8) егер 7 бөлімінде «С I» белгіленсе, онда келісім (келісімшарт) жасасқан нөмірі мен күнін көрсетіңіз (келісім нөмірі, жасасқан күні).

Жол 7 жолында «СI» белгіленген жағдайда міндетті толтырылуға жатады. Салық кодексінің 308–бабы 2–тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығы ескерілген әр келісім (келісімшарт) бойынша бөлек Декларация жасалады.



9) валюта кодын.

«Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы» Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешімімен бекітілген «Валюталар жіктеушісінің» 23–қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

10) қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісі. Тиісті торкөздердің бірі міндетті толтырылуға жатады.

Тиісті торкөз Салық кодексінің 260–бабында сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызудың таңдалған әдісіне қарай толтырылады. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығын айқындаудың таңдалған әдісі күнтізбелік жылдың ішінде өзгертуге жатпайды.

«Барабар» торкөзі, егер салық төлеуші қосылған құн салығын есептеуге жатқызудың барабарлық әдісін таңдаған жағдайда белгіленеді.

«Бөлек» торкөзі, егер салық төлеуші қосылған құн салығын есептеуге жатқызудың бөлек әдісін таңдаған жағдайда белгіленеді.



«Барабар және бөлек» торкөзі, егер салық төлеуші Салық кодексінің 260–бабы 4 және 5–тармақтарына, 262–бабы 2, 3 және 5–тармақтарына сәйкес бір мезгілде қосылған құн салығын есептеуге жатқызудың барабарлық және бөлек әдістерін қолданған жағдайда белгіленеді;

  1. ҚҚС куәліктің сериясы мен нөмірі. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі көрсетіледі. Жол міндетті толтырылуға жатады;

12) табыс етілген қосымшалар. «07», «08» торкөздері және табыс етілетін қосымшалардың тиісті торкөздері белгіленуге міндетті болып табылады.

  1. «ҚҚС есептеу» бөлімінде:

  1. 300.00.001 А жолында қосылған құн салығы салынатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдардың жалпы сомасы көрсетіледі, соның ішінде: тауарларды өтеусіз беру бойынша; айырбас шарттары бойынша; жұмыс берушінің тауарды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді қызметкерге жалақы есебінен беру бойынша; бөліп–бөліп төлеу шартында; Салық кодексінің 233–бабымен белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, тапсырма шарты бойынша; бірлескен қызмет туралы шарт шегіндегі және басқа да айналымдар;

  2. 300.00.001 А жолы 300.00.001 I А, 300.00.001 II А, 300.00.001 III А, 300.00.001 IV А, 300.00.001 V А, 300.00.001 VI А, 300.00.001 VII А, 300.00.001 VIII А, 300.00.001 IX А и 300.00.001 X А жолдарын қамтиды;

  3. 300.00.001 I А жолында қосылған құн салығынан босатылмаған лизинг шарттары, қайтарымды лизинг шарттары бойынша айналымдар сомалары көрсетіледі. Осы жолда көрсетілетін салық салынатын айналым мөлшері Салық кодексінің 238–бабы 10 және 11–тармақтарына сәйкес анықталады. Сонымен қатар Салық кодексінің 251–бабының шарттарына сәйкес келмеген жағдайда аталған жолда лизинг берушінің сыйақы сомасы көрсетіледі;

  4. 300.00.001 II А жолында комиссия шарттары бойынша айналымдар сомалары көрсетіледі: комитентпен комиссия шарттары бойынша жүзеге асырылатын тауарларды жөнелту бойынша айналымдар сомасы көрсетіледі, комиссионермен оның комиссиялық сыйқасы негізінде анықталған өткізу бойынша айналымдар сомасы көрсетіледі;

  5. 300.00.001 III А жолында салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алынған кезінде Салық кодексінің 256–бабына сәйкес қосылған құн салығы есепке жатқызылған тауарлар қалдықтары бойынша (негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда) туындайтын айналымдар сомалары көрсетіледі;

  6. 300.00.001 IV А жолында кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сату бойынша айналымдар сомалары көрсетіледі;

  7. 300.00.001 V А жолында көлік экспедициясының шарты бойынша айналымдар сомалары көрсетіледі. Экспедитордың салық салынатын айналым мөлшері Салық кодексінің 238–бабы 12–тармағына сәйкес анықталады;

  8. 300.00.001 VI А жолында халыққа тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді қолма–қол есеп айырысумен өткізілген айналымдар сомалары көрсетіледі;

  9. 300.00.001 VII А жолында өткізу бойынша айналымдар, соның ішінде Салық кодексінің 234–бабына сәйкес сенімгерлікпен басқару шарты бойынша жүзеге асырылатын сенімгерлікпен басқарушының сыйақы сомасы көрсетіледі;

  10. 300.00.001 VIII A жолында кепіл берушінің кепілге берілген мүлікті (тауарды) борыштың төленбеуі жағдайында беру кезінде туындайтын өткізу бойынша айналымдар сомалары көрсетіледі;

  11. 300.00.001 IX A жолында бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтару кезінде туындайтын өткізу бойынша айналымдар сомалары көрсетіледі;

  12. 300.00.001 X A жолында 300.00.001 I А бастап 300.00.001 IX А дейінгі жолдарда аталмаған басқа айналымдар көрсетледі;

  13. 300.00.001 I В, 300.00.001 II В, 300.00.001 III В, 300.00.001 IV В, 300.00.001 V В, 300.00.001 VI В, 300.00.001 VII В, 300.00.001 VIII В, 300.00.001 IX B, 300.00.001 X B жолдарында тиісті 300.00.001 I А, 300.00.001 II А, 300.00.001 III А, 300.00.001 IV А, 300.00.001 V А, 300.00.001 VI А, 300.00.001 VII А, 300.00.001 VIII А, 300.00.001 IX A, 300.00.001 X А жолдары мен Салық кодексінің 268–бабы 1–тармағымен белгіленген салық стакасының туындысы ретінде айқындалатын қосылған құн салығының есептелген сомасы көрсетіледі. Жер қойнауын пайдалнушылардың Қазақстан Республикасының Үкіметімен жасасқан өнімді бөлу туралы келісім бойынша немесе уәкілетті органмен жасасқан келісім (келісішарт) бойынша және Салық кодексінің 308–бабы 2–тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығын ескеретін Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын падалануға арналған келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар тиісті жолдарға келісімге (келісішартқа) сәйкес салық ставкасын қолданады;

  14. 300.00.002 I, 300.00.002 II және 300.00.002 III жолдары Қолданысқа Енгізу туралы Заңның 49–бабы 27–50-абзацтарына сәйкес қосылған құн салығы импортталатын тауарларға төлеу мерзімінің өзгеруімен төлейтін салық төлеушілерімен ғана толтыруға жатады. Аталған жолдарда көрсетілген деректер үш айлық кезең ағымында өзара есепке жатқызу арқылы өтелген қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде есепке алынады;

  15. 300.00.002 I А, 300.00.002 II А, 300.00.002 III А жолдарында 300.00.002 А жолдарында көрсетілген қосылған құн салығы салынатын айналымдардың жиынтық сомасы тоқсанның айларына бөлінім көрсетіледі: тоқсанның 1 айы, тоқсанның 2 айы, тоқсанның 3 айы;

16) 300.00.002 I В, 300.00.002 II В, 300.00.002 III В жолдарында тиісті 300.00.002 I А, 300.00.002 II А, 300.00.002 III А жолдарында көрсетілген айналымдар бойынша тоқсанның айларына бөлініп, қосылған құн салығының есептелген жалпы сомасы көрсетіледі;

17) 300.00.003 А жолында салық кезеңінде қосылған құн салығының нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым көрсетіледі. Аталған жолға 300.01 қосымшасының 300.01.005 жолында көрсетілген сома көшіріледі;

18) 300.00.004 А жолында салық салынатын айналымның мөлшерін түзету көрсетіледі. Аталған жолға 300.06.009 А жолында көрсетілген сома көшіріледі;

19) 300.00.004 В жолында қосылған құн салығының сомасын түзету көрсетіледі. Аталған жолға 300.06.009 В жолында көрсетілген сома көшіріледі;

20) 300.00.005 А жолында Салық кодексінің 236 және 276–5–баптарына сәйкес өткізілетін орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын, салық төлеушімен жүзеге асырылған тауарларды, жұмыстарды мен қызметтерді өткізу бойынша айналымдар көрсетіледі;

21) 300.00.006 А жолында қосылған құн салығынан босатылған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өткізу бойынша айналымдардың жалпы сомасы көрсетіледі. Аталған жолға 300.02.003 жолында көрсетілген сома көшіріледі. Егер есептік салық кезеңінде босатылған айналым мөлшерінің түзетілуі жасалса, онда осы жолда 300.06.010 А жолында көрсетілген түзету есепке алынған сомасы көрсетіледі (300.02.003 + (–) 300.00.010 А);

22) 300.00.007 жолында салық салынатын және босатылатын айналымдардың мөлшерін түзету сомасын қамтитын салық кезеңінің ішінде жүзеге асырылған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналымның жалпы сомасы көрсетіледі. Аталған жол 300.00.001 А, 300.00.003, 300.00.004 А, 300.00.005, 300.00.006 (300.00.001 А + 300.00.003 + (–)300.00.004 А + 300.00.005 + (–) 300.00.006) жолдарының сомасы ретінде анықталады;

23) 300.00.008 жолында 300.00.001 А, 300.00.003, 300.00.004 А жолдары сомасының 300.00.007 жолына қатынасы ретінде пайызда ((300.00.001 А + 300.00.003 + (–) 300.00.004 А) / (300.00.007 )х 100%) анықталатын салық салынатын айналымның өткізу бойынша жалпы айналымдағы үлесі көрсетіледі;

24) жлында 300.00.009 жолының 300.00.001 А, 300.00.003, 300.00.004 А жолдарының сомаларына қатынасы ретінде пайызда (300.00.003 / (300.00.001 А + 300.00.003 + (–) 300.00.004А) х 100%) анықталатын нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымның жалпы салық салынатын айналымдағы үлесі көрсетіледі;

25) 300.00.010 жолында салық төлеушінің Салық кодексінің 260–бабы 4 және 5–тармақтарына, 262–бабы 2, 3 және 5–тармақтарына сәйкес бір мезгілде қосылған құн салығын есептеуге жатқызудың барабарлық және бөлек әдістерін қолданған жағдайда салық салынатын айналымның өткізу бойынша жалпы айналымдағы үлесі көрсетіледі. Бұл ретте сатып алу кезінде есепке жатқызудың бөлек әдісі қолданған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым жалпы айналым сомасындағы салық салынатын айналым үлесін айқындау барысында есепке алынбайды;

26) 300.00.011 жолында салық кезеңінің ішінде импортталатын тауарлар бойынша есептелген және жер қойнауын пайдалану келісімшартының шарттарына сәйкес есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

27) 300.00.012 жолында 300.00.011 жолында көрсетілген қосылған құн салығының сомасын қоспағанда, салық кезеңінің ішінде импортталатын тауарлар бойынша есептелген және Енгізу туралы Заңныңының 49–бабы 66–абзацына және 49–1–бабына сәйкес есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Аталған жолға 300.04.001В жолында көрсетілген сома көшіріледі.

Қолданысқа Енгізу туралы Заңның 49–1-бабына сәйкес қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызу әдісімен төленген, кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тиісті салық кезеңінде импортталған тауарлар бойынша 300.00.012 жолында импортталған тауарлар бойынша тиісті салық кезеңдерінде ұсынылған (табыс еткен) Жанама салықтар бойынша декларацияның (декларациялардың) 320.00.006 В жолындағы сомадан ескеріледі;

28) 300.00.013 жолында 300.00.001 В, 300.00.004 В, 300.00.011, 300.00.012 (300.00.001 В + (–) 300.00.004 В + 300.00.011 + 300.00.012) жолдарының сомасы ретінде анықталатын есепті салық кезеңі үшін есептелген қосылған құн салығының жалпы сомасы көрсетіледі.

16. «Есепке жатқызуға жатқызылатын ҚҚС сомасы» бөлімінде:

1) 300.00.014 А жолында Қазақстан Республикасында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығы салынатын айналымдардың жалпы сомасы көрсетіледі. Аталған жол сомасы 300.00.014 I А және 300.00.014 II А жолдарынының сомасын қамтиды;

2) 300.00.014 I А жолында шот–фактура негізінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша айналымдар сомасы көрсетіледі;

3) 300.00.014 II А жолында Салық кодексінің 256–бабымен белгіленген (шот–фактурадан басқа) басқа құжаттар бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша айналымдар сомасы көрсетіледі;

4) 300.00.014 В жолында Қазақстан Республикасында сатып алынған тауарлар жұмыстар, қызметтер бойынша есептелген қосылған құн салығының жалпы сомасы көрсетіледі. Аталған жол сомасы 300.00.014 I В және 300.00.014 II В жолдарынының сомасын қамтиды;

5) 300.00.014 I B шот–фактура негізінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

6) 300.00.014 II B Салық кодексінің 256–бабымен белгіленген (шот–фактурадан басқа) басқа құжаттар бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

7) 300.00.015 А Салық кодексінің 236- және 276–5–баптарына сәйкес өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын, Қазақстан Республикасының қосылған құн салығының төлеушісі болып табылмайтын резидент еместен сатып алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша салық салынатын айналым сомасы көрсетіледі, Аталған жолға 300.05.001 жолында көрсетілген сома көшіріледі;

8) 300.00.015 В жолында өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын, Қазақстан Республикасының қосылған құн салығының төлеушісі болып табылмайтын резидент еместен сатып алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. 300.00.015 В жолына 300.05.007 жолында көрсетлген сома көшіріледі. Есепке жатқызудың бөлек әдісін қолданатын қосылған құн салығының төлеушілері аталған жолда салық салынатын айналым мақсатында қолданатын жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығының сомасын көрсететінін ескерген жөн. Бұл ретте салық салынатын айналым бойынша есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығының сомасы 300.05.007 жолынан тиісті мөлшерде көшіріледі;

9) 300.00.016 жолында қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша және қосылған құн салығымен сатып алынған, бірақ Салық кодексінің 257–бабына сәйкес қосылған құн салығы есепке жатқызылуға жатпайтын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша айналым сомасы көрсетіледі;

10) 300.00.017А жолында 300.00.018, 300.00.019, 300.00.020, 300.00.021, 300.00.028 жолдарында көрсетілетіндерді қоспағанда, Салық кодексінің 247–бабына және 276–4–бабының 3–тармағына сәйкес анықталатын салық салынатын импорттың мөлшері көрсетіледі. Аталған жол кедендік жүк декларацияларында, сондай-ақ Импортталған тауарлар бойынша Жанама салықтар бойынша декларацияда (декларацияларда) (320.00 нысан) және Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште (өтініштерде) көрсетілген деректер негізінде толтырылады. Жол 300.00.017 I А және 300.00.017II А және 300.00.017 III A жолдарын қамтиды;

11) 300.00.017 I А кеден одағының мүшесі болып табылмайтын мемлекетте сатып алынған тауарлар бойынша салық салынатын импорттың мөлшері көрсетіледі;

12) 300.00.017 II А Ресей Федерациясында сатып алынған тауарлар бойынша салық салынатын импорттың мөлшері көрсетіледі;

12–1) 300.00.017 III А жолында Беларусь Республикасынан әкелінген тауарлар бойынша салық салынатын импорт мөлшері көрсетіледі;

13) 300.00.017 В кедендік ресімдеу кезінде төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Есепке жатқызудың барабарлық әдісін қолданған жағдайда аталған жолда имтпортталатын тауарлар бойынша төленген қосылған құн салығының сомасы кедендік жүк декларациясына және сондай-ақ Импортталған тауарлар бойынша Жанама салықтар бойынша декларацияға (декларацияларға) (320.00 нысан) және Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке (өтініштерге) сәйкес көрсетіледі. Есепке жатқызудың бөлек әдісін қолданған жағдайда аталған жолда салық салынатын айналым мақсатында қолданатын, имтпортталатын тауарлар бойынша төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Аталған жол 300.00.017 I В , 300.00.017 II В және 300.00.017 III В жолдарын қамтиды;

14) 300.00.017 I В жолында кеден одағының мүшесі болып табылмайтын мемлекеттен әкелінген тауарлар бойынша кедендік декларациялау кезінде төленген, импортқа қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

15) 300.00.017 II В жолында Ресей Федерациясынан әкелінген тауарлар бойынша төленген және әкелу Импортталған тауарлар бойынша Жанама салықтар бойынша декларация (декларациялар) мен Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште (өтініштерде) көрсетілген импортқа қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

15–1) 300.00.017 III В жолында Беларусь Республикасынан әкелінген тауарлар бойынша төленген және әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініш пен импортталған тауарлар бойынша Жанама салықтар бойынша декларацияда көрсетілген импортқа қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

16) 300.00.018 Салық кодексінің 255–бабына, 2–тармақтың 2) тармақшасына және 276–15 бабының 3–тармағына сәйкес немесе халықаралық шарттарға сәйкес қосылған құн салығынан босатылған импортталатын тауарлар құны көрсетіледі. Аталған жолға 300.02.011 жолында көрсетілген сома көшіріледі;

17) 300.00.019 жолында Енгізу туралы Заңныңының 49–бабы 46–абзацына сәйкес салық органы қосылған құн салығын төлеу мерзімдерін өзгерту туралы шешім шығарған импортталатын тауарлардың құны көрсетіледі. Аталған кедендік жүк декларациясының және (немесе) Импортталған тауарлар бойынша Жанама салықтар бойынша декларация (декларациялар) мен Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішінің (өтініштердің) негізінде толтырылады;

18) 300.00.020 жолында Енгізу туралы Заңныңының 49–бабы 27–50–абзацтарына сәйкес салық органы қосылған құн салығын төлеу мерзімдерін өзгерту туралы шешім шығарған импортталатын тауарлар бойынша нақты төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Есепке жатқызудың барабар әдісін қолданған жағдайда аталған жолға 300.03 нысанының J бағанындағы 0000001 және 0000002 қорытынды жолдарының сомалары көшіріледі. Есепке жатқызудың барабар бөлек әдісін қолданған жағдайда аталған жолда салық салынатын айналым мақсатында қолданатын, имтпортталатын тауарлар бойынша төленген қосылған құн салығының жалпы сомасы көрсетіледі;

19) 300.00.021А жолында жолында қосылған құн салығы жер қойнауын пайдалану келісімшартының шарттарына сәйкес есепке жатқызу әдісімен төленген импортталатын тауарлардың құны көрсетіледі;

19–1) 300.00.021 В жолында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарына сәйкес тауарлардың импорты бойынша есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

20) 300.00.022 жолында 300.00.014 А, 300.00.015 А, 300.00.016 А, 300.00.017 А, 300.00.018 А, 300.00.019, 300.00.021 А и 300.00.028 А (300.00.014 А + 300.00.015 А + 300.00.016 А + 300.00.017 А+ 300.00.018 А + 300.00.019+ 300.00.021 А + 300.00.028 A) жолдарының сомасы ретінде анықталатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың жалпы сомасы көрсетіледі;

21) 300.00.023 есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасын түзету көрсетіледі. Аталған жолға 300.06.026 жолында көрсетілген сома көшіріледі;

22) 300.00.024 жолында 300.00.014 В, 300.00.015 В, 300.00.017 В, 300.00.020 В, 300.00.021 В, 300.00.023 (300.00.014 В + 300.00.015 В + 300.00.017 В + 300.00.020+ 300.00.021 + (–) 300.00.023) жолдарының сомасы ретінде анықталатын салық кезеңі үшін есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығының жалпы сомасы көрсетіледі;

Бір мезгілде есепке жатқызудың барабар және бөлек әдістерін қолданған жағдайда есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығының жалпы сомасы 300.00.024 I, 300.00.024 II, 300.00.024 III жолдарында да бөлініп көрсетілуі тиіс.

300.00.024 I, 300.00.024 II, 300.00.024 III жолдары мындадй салық төлеушілер үшін толтыруға міндетті:

Салық кодексінің 260–бабы 4 және 5 - тармақтарына сәйкес бір мезгілде есепке жатқызудың барабарлық және бөлек әдістерін қолданған жағдайда Салық кодексінің 249–бабы 1–тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналымдары бар салық төлеушілер үшін.

Салық кодексінің 262–бабы 2–тармағына сәйкес басқа алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабарлық әдісін қолдана отырып, кепілдікке берілген меншікті (тауарды) алу және өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығын есептелуінің бөлек әдісін қолдану құқығын пайдаланатын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микрокредиттік ұйымдар үшін.

Салық кодексінің 262–бабы 3–тармағына сәйкес басқа алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабарлық әдісін қолдана отырып, меншікті қаржылық лизингке берілуімен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы есептелуінің бөлек әдісін қолдану құқығын пайдаланатын лизинг берушілер үшін.

Салық кодексінің 262–бабы 5–тармағына сәйкес басқа алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабарлық әдісін қолдана отырып, коммерциялық кредит бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру шеңберінде мүлікті сатып алумен және берумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы есептелуінің бөлек әдісін қолдану құқығын пайдаланатын ислам банктері үшін;

23) 300.00.024 I жолында бір мезгілде есепке жатқызудың барабарлық және бөлек әдістерін қолданған жағдайда барабарлық әдісі бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

24) 300.00.024 II бір мезгілде есепке жатқызудың барабарлық және бөлек әдістерін қолданған жағдайда бөлек әдісі бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

25) 300.00.024 III есепке жатқызудың бір мезгілде барабарлық және бөлек әдістерін қолданған жағдайда бір мезгілде салық салынатын және салынбайтын айналымдар мақсатында қолданататын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

26) 300.00.025 жолында салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша бөлек есеп әдісі бойынша есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

27) 300.00.026 жолында салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша барабарлық әдісі бойынша есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Аталған жолда көрсетілетін сома 300.00.024 және 300.00.008 (300.00.024 х 300.00.008) жолдарының туындысы ретінде анықталады. Аталған жол қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабарлық әдісі пайдаланылған кезде міндетті түрде толтырылады;

28) 300.00.027 жолында Салық кодексінің 260–бабы 4 және 5–тармақтарына және 262–бабы 2, 3 және 5-тармақтарына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызудың бір мезгілде барабар және бөлек әдістерін қолданған жағдайдағы есепке жатқызылатын сома көрсетіледі. Аталған жол қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабарлық немесе бөлек әдістерін қолданған жағдайда толтырылады;

300.00.027 жолындағы сома (300.00.024 I x 300.00.010), (300.00.024 III x 300.00.008) жолдар туындысының сомалары және 300.00.024 II жол сомасы ретінде немесе (300.00.024 I x 300.00.010) + (300.00.024 III x 300.00.008) + 300.00.024 II формуласы бойынша анықталады. Бұл ретте Салық кодексінің 260–бабы 4 және 5–тармақтарын қолданған жағдайда 300.00.024 II жолының өлшемі нөлге тең болады;

29) 300.00.028 А жолында 300.00.021 А жолында көрсетілген импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын қоспағанда, қосылған құн салығы Енгізу туралы Заңның 49–бабы 71–абзацына және 49–1-бабына сәйкес есепке жатқызу әдісімен төленген импортталатын тауарлардың құны көрсетіледі. Аталған жолға 300.04.001А жолында көрсетілген сома көшіріледі.

Қолданысқа Енгізу туралы Заңның 49–1-бабына сәйкес қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызу әдісімен төленген, кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тиісті салық кезеңінде импортталған тауарлар бойынша 300.00.028 А жолында импортталған тауарлар бойынша тиісті салық кезеңдерінде ұсынылған Жанама салықтар бойынша декларацияның 320.00.006 А жолындағы сомадан ескеріледі;

30) 300.00.028 В жолында 300.00.021 В жолында көрсетілген импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын қоспағанда, қосылған құн салығы Енгізу туралы Заңның 49–бабы 71–абзацына және 49–1-бабына сәйкес есепке жатқызу әдісімен төленген импортталатын тауарлардың құны көрсетіледі. Аталған жолға 300.04.001 В жолында көрсетілген сома көшіріледі.

Қолданысқа Енгізу туралы Заңның 49–1-бабына сәйкес қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызу әдісімен төленген, кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тиісті салық кезеңінде импортталған тауарлар бойынша 300.00.028 В жолында импортталған тауарлар бойынша тиісті салық кезеңдерінде ұсынылған 320.00-нысанның Жанама салықтар бойынша декларацияның (декларациялардың) 320.00.006 В жолындағы сомадан ескеріледі.

18. «Салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша есептер» бөлімінде:



  1. 300.00.029 жолында салық кезеңі үшін бюджетке төленуге тиісті салықтың сомасы көрсетіледі. Егер «Қосылған құн салығын төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөліміндегі 7 жолында A, B, C немесе D торкөздерінің біреуі белгіленсе, онда аталған жол толтырылмайды.

Аталған жол:

есепке жатқызудың бөлек әдісі кезінде 300.00.013, 300.00.025 және 300.00.028 В (300.00.013 – 300.00.025 – 300.00.028 В) жолдарының айырмасы ретінде;

есепке жатқызудың барабарлық әдісі кезінде 300.00.013, 300.00.026 және 300.00.028 В (300.00.013 – 300.00.026 – 300.00.028 В) жолдарының айырмасы ретінде анықталады;

300.00.029 жолы 300.00.029 I және 300.00.029 II жолдарын қамтиды.

Егер салық төлеушімен қосылған құн салығын есепке жатқызуының бір мезгілде барабар және бөлек әдістері пайдалынатын болса, онда 300.00.029 жолы толтырылмайды. Көрсетілген жағдайда 300.00.029 II жолы толтырылады.

2) 300.00.029 I жолында 300.00.029 жолы мен 30 пайыздың (300.00.029 х 30%) туындысы ретінде анықталатын Салық кодексінің 267–бабында белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып, бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Жол «Қосылған құн салығын төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде 7 А немесе 7 В торкөздерінің біреуі белгіленген жағдайда толтырылады.

3) 300.00.029 II жолында 300.00.013, 300.00.027, 300.00.028 В айырмасы ретінде немесе (300.00.013 В–300.00.027 – 300.00.028 В) формуласы бойынша анықталатын қосылған құн салығын есепке жатқызылуының бір мезгілде барабар және бөлек әдістері пайдалынатын жағдайда салық кезеңі бойынша бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Жол егер «Қосылған құн салығын төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінің «Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісі» 10 жолы бойынша «барабарлық және бөлек» торкөзі белгіленген болса толтырылады.

Егер есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы салықтың есептелген сомасынан асып кетсе, онда 300.00.029, 300.00.029 I, 300.00.029 II жолдары толтырылмайды;

4) 300.00.030 жолында есепке жатқызылатын қосылған құн салығының есептелген сомасынан асып кеткен жалпы сомасы көрсетіледі.

Егер «Қосылған құн салығын төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөліміндегі 7 жолында A, B, C немесе D торкөздерінің біреуі белгіленсе, онда аталған жол толтырылмайды.

Аталған жол:

есепке жатқызудың бөлек әдісі кезінде 300.00.025+300.00.28В–300.00.013 формуласы бойынша;

есепке жатқызудың барабарлық әдісі кезінде 300.00.26+300.00.28В –300.00.013 формуласы бойынша анықталады.

300.00.030 жолы 300.00.030 I және 300.00.030 II жолдарынан тұрады;

5) 300.00.030 I жолында 300.00.030 жолы мен 30 пайыздың (300.00.030 х 30%) туындысы ретінде анықталатын Салық кодексінің 267–бабында белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып, бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығы сомасының асып түсуі көрсетіледі. Жол «Қосылған құн салығын төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде 7А немесе 7В торкөздерінің біреуі белгіленген жағдайда толтырылады;

6) 300.00.030 II жолында (300.00.027 + 300.00.028В – 300.00.013) формуласы бойынша анықталатын бір мезгілде барабар және бөлек әдістері пайдалынатын жағдайда есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасы ның асып түсуі көрсетіледі. Жол егер «Қосылған құн салығын төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінің «Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісі» 10 жолы бойынша «барабарлық және бөлек» торкөзі белгіленген жағдайда толтырылады;

7) 300.00.031 жолында өсу жиынтығымен (алдыңғы салық кезеңдерінен көшірілген есепке жатқызуларды ескере отырып) қосылған құн салығы сомасының есептелген сомадан асып түсуі көрсетіледі. 300.00.31 жолы 300.00.031 I жолын қамтиды;

8) 300.00.031 I жолында есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының негізгі құралдардың бастапқы құнына жылжымайтын мүлікке инвестициялар не болмаса олардың теңгермелік құнының ұлғаюы енгізілетін тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша өсу қорытындысымен есептелген салық сомасынан асып түсуі (алдыңғы салық кезеңдерінен көшірілетін есепке жатқызуларды есепке ала отырып) көрсетіледі;

9) 300.00.032 жолында есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының алдыңғы салық кезеңдері табыс етілген салық Декларацияларын есепке ала отырып 01.01.2009 жылғы жағдай бойынша есептелген салық сомасынан асып түсуі көрсетіледі. Аталған жол 300.00.032 I және 300.00.032 II жолдарын қамтиды;

10) 300.00.032 I жолында есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды есепке алусыз есептелген салықтың сомасынан асып түсуі көрсетіледі;

11) 300.00.032 II жолында есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды есепке ала отырып, есептелген салықтың сомасынан асып түсуі көрсетіледі;

12) 300.00.033 жолында жолында нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Аталған жолға 300.01.010 жолында көрсетілген сома көшіріледі.

18. «Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талап» бөлімінде:

1) 300.00.034 жолында Енгізу туралы Заңның 12–бабына және Салық кодексінің 272–бабына сәйкес есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып түсуін қайтару туралы талап көрсетіледі. Аталған жол 300.00.034 I, 300.00.034 II, 300.00.034 III, 300.00.034 IV (300.00.034 I + 300.00.034 II + 300.00.034 III + 300.00.034 IV) жолдарының сомасын қамтиды. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінің 5 жолында «қосымша», «хабарлама бойынша қосымша» Декларация түрі белгіленген болса, сонымен қатар 7 жолында 7А немесе 7В торкөздердің біреуі белгіленген болса аталған жол толтырылмайды;

2–1) 300.00.034 А жолындағы торкөз Салық кодексінің 274–бабына сәйкес қайтарудың жеңілдетілген тәртібін қолданатын салық төлеуші қосылған құн салығының артығын қайтаруды алдын ала салықтық тексеруді жүргізбей–ақ жүзеге асырудан бас тартқан жағдайда толтырылады;

3) 300.00.034 I жолында нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша туындаған есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салықтың сомасынан асып түсуін қайтару туралы талап көрсетіледі;

4) 300.00.034 II жолында қосылған құн салығының тауар импортына төленуімен байланысты туындаған есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салықтың сомасынан асып түсуін қайтару туралы талап көрсетіледі;

5) 300.00.034 III жолында қосылған құн салығының резидент емес үшін төленуімен байланысты туындаған есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салықтың сомасынан асып түсуін қайтару туралы талап көрсетіледі;

6) 300.00.034 IV жолында есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының пайдалануға берілетін негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша, оның 2009–2013 жылдар аралығындағы салық кезеңдері бойынша бөлумен есептелген салық сомасынан асып түсуін қайтару туралы талаптың сомасы көрсетіледі;

7) 300.00.034 V жолында осы тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларына сәйкес туындаған қосылған құн салығы сомасының асып түсуін қайтару туралы осы талап қосылған құн салығы төлеушісімен табыс етілген салық кезеңі көрсетіледі.

19. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде:

1) «Салық төлеушінің аты–жөні» жолында құрылтайшылық құжаттарға сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі. Егер Декларацияны жеке тұлға табыс ететін болса, оның жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі;

2) Декларацияны беру күні.

Декларацияны салық органына берудің күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды тұлғаның аты–жөні» жолында Декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі;

5) Декларация қабылданған күні.

Салық кодексі 584–бабының 2–тармағына сәйкес Декларацияны табыс ету көрсетіледі;

6) құжаттың кіріс нөмірі.

Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) почта штемпелінің күні.

Почта немесе басқа да байланыс ұйымы қойған почта штемпелінің күні көрсетіледі.


следующая страница>


Қосылған құн салығы бойыншасалық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (300. 00 – нысан) Жалпы ережелер Осы Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

Республикасы Заңының (бұдан әрі – Енгізу туралы Заңның) 2, 12, 24, 25, 28, 34, 35, 44, 47, 48, 49, 49–1–баптарына сәйкес қосылған құн салығы сомасын есептеуге арналған қосылған құн

575.42kb.

25 12 2014
3 стр.


Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (130. 00-нысан) Жалпы ережелер Осы Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі

126.65kb.

25 12 2014
1 стр.


Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (530. 00–нысан) Жалпы ережелер Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

Республикасының үлесі бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі

168.89kb.

25 12 2014
1 стр.


Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (110. 00-нысан) Жалпы ережелер

Осы Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (110. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті тө

752.9kb.

08 10 2014
3 стр.


Қағидалары (220. 00-нысан) Жалпы ережелер

Осы Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (220. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ту

500.84kb.

25 12 2014
3 стр.


Экспортқа рента салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары

Осы Экспортқа рента салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (570. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемд

62.95kb.

18 12 2014
1 стр.


Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (920. 00–нысан) Жалпы ережелер Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған бойынша декларацияны (920. 00–нысан) қосымша

397.29kb.

25 12 2014
2 стр.


Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары

Осы Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (590. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да мінде

298.76kb.

08 10 2014
1 стр.