Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «30» қарашадағы

№ 1518 қаулысымен

бекітілген 

 
Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау



қағидалары (220.00-нысан)

1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (220.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Енгізу туралы Заң) сәйкес әзірленген және жеке табыс салығын есептеуге арналған жеке табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 20-тарауы 183-бабына, 21-тарауына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салықтарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар – дара кәсіпкерлер, сондай-ақ Салық кодексінің 7-бөліміне сәйкес резидент емес жеке тұлғалар жасайды.

2. Декларация декларацияның өзінен (220-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (220.01-ден 220.04-ке дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

9. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

10. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық жеткізгіште – нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

11. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не оның өкілінің мөрімен куәландырылуға тиіс.

12. Декларацияны табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – нысандар екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен бірге салық органына қайтарылады;

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеүші (салық агенті) салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама алады.

13. Қосымшаның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімдерінде декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөліміндегі көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

14. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы Заң) сәйкес декларацияны табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы Заң 3-бабы 4-тармағының


4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы Заң 3-бабы 4-тармағының


4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірін (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) міндетті түрде толтырылуы тиіс.

 

2. Декларацияны жасау (220.00-нысан)



 

15. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі);

3) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі – декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

4) салық төлеушінің атауы.

Жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы жасаған кезде жолда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес сенімгерлікпен басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

5) декларацияның түрі.

Тиісті торкөздер декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызу ескеріле отырып белгіленеді;

6) хабарламаның нөмірі мен күні.

Жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағы 4) тармақшасында көзделген декларация түрі табыс етілген жағдайда толтырылады;

7) салық төлеушінің санаты.

Торкөз, егер салық төлеуші А немесе В жолында көрсетілген санаттардың біріне жатқан жағдайда белгіленеді;

8) валюта коды.

Осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

9) табыс етілген қосымшалар.

Салық төлеуші табыс еткен декларацияға қосымшалардың нөмірі белгіленеді;

10) резиденттік белгісі:

А торкөзін Қазақстан Республикасының резидент салық төлеушісі белгілейді;

В торкөзін Қазақстан Республикасының резидент емес салық төлеушісі белгілейді;

11) резиденттік елінің коды мен салықтық тіркеу нөмірі;

Егер декларацияны Қазақстан Республикасының резидент емес салық төлеушісі жасаған жағдайда толтырылады, бұл ретте:

А жолында осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес резидент еместің резиденттік елінің коды көрсетіледі;

В жолында резидент еместің резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі.

12) Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерде тұрақты мекемесінің болуы.

Торкөзді Қазақстан Республикасы шегінен тыс тұрақты мекемесі бар Қазақстан Республикасының резиденті толтырады.

16. «Салық кезеңі үшін жиынтықпен алынған дара кәсіпкердің табысы» деген бөлімде:

1) 220.00.001 жолында Салық кодексінің 86-бабына сәйкес айқындалатын өткізуден түскен табыс сомасы көрсетіледі;

2) 220.00.002 жолында Салық кодексінің 87-бабына сәйкес айқындалатын құн өсімінен түскен табыс сомасы көрсетіледі;

3) 220.00.003 жолында Салық кодексіне сәйкес салық кезеңі үшін жиынтықпен алынған дара кәсіпкердің табысына кіретін салық төлеушінің өзге де табыстары көрсетіледі;

4) 220.00.004 жолында 220.00.001-ден 220.00.003-ке дейінгі жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін жиынтықпен алынған дара кәсіпкер табысының жалпы сомасы көрсетіледі;

5) 220.00.005 жолында Салық кодексінің 99-бабы 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын салық кезеңі үшін жиынтықпен алынған дара кәсіпкер табысын түзету сомасы көрсетіледі;

6) 220.00.006 жолында Салық кодексінің 99-бабы 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын салық кезеңі үшін жиынтықпен алынған дара кәсіпкер табысын түзету сомасы көрсетіледі;

7) 220.00.007 жолында Салық кодексінің 156-бабына сәйкес салық салуға жатпайтын табыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;

8) 220.00.008 жолында салық салуға жатпайтын табыстарды және түзетулерді есепке ала отырып, 220.00.004, 220.00.005, 220.00.007 жолдарының айырмасы (220.00.004 – 220.00.005 – 220.00.007), 220.00.006 жолына ұлғайту (егер осы жолдың мәні оң болса) немесе 220.00.006 жолына азайту (егер осы жолдың мәні теріс болса) (220.00.004 – 220.00.005) +(-) (220.00.006 – 220.00.007) ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін жиынтықпен алынған дара кәсіпкердің табысы көрсетіледі.

17. «Шегерімдер» деген бөлімде:

1) 220.00.009 жолында Салық кодексінің 100-бабы 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын өткізілген (пайдаланылған) тауарлардың өзіндік құны, сатып алынған жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі. 220.00.009 I – 220.00.009 II + 220.00.009 III + 220.00.009 IV + 220.00.009 V – 220.00.009 VI – 220.00.009 VII – 220.00.009 VIII – 220.00.009 IX ретінде айқындалады;

220.00.009 I жолында салық кезеңінің басына тауарлардың, шикізаттардың, материалдардың (оның ішінде сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жинақталатын бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, отын, қосалқы бөлшектер және тағы басқалары) (бұдан әрі – ТМҚ) теңгерімдік құны көрсетіледі. Бастапқы декларацияда аталған жол салық кезеңінің басына бухгалтерлік теңгерім бойынша айқындалған деректерге сәйкес толтырылады. Өзінің бастапқы декларациясын табыс ететін салық төлеушіде салық кезеңінің басында ТМҚ болмауы мүмкін;

220.00.009 II жолы салық кезеңінің соңына бухгалтерлік теңгерім деректеріне сәйкес толтырылады. Салық кезеңінің ішінде салық төлеуші табыс ететін тарату декларациясында 220.00.009 II жолы тиісті салық кезеңінің соңына бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде толтырылады;

220.00.009 III жолында:

салық кезеңінің ішінде келіп түскен, оның ішінде сатып алынған, өтеусіз алынған, бірігу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған, жарғылық капиталға салым ретінде алынған, сондай-ақ өзге де негіздер бойынша келіп түскен ТМҚ;

тараптас ұйымдар, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар орындаған жұмыстар мен көрсеткен қызметтердің құны көрсетіледі.

220.00.009 III А және 220.00.009 III В жолдары мәндерінің қосындысымен (220.00.009 III А + 220.00.009 III В жолдары) айқындалады:

220.00.009 III А жолында салық төлеуші есепті салық кезеңі ішінде сатып алған, өтеусіз алған ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

220.00.009 III B жолында қаржылық қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

220.00.009 III C жолында жарнамалық қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

220.00.009 III D жолында консультациялық қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

220.00.009 III Е жолында маркетингтік қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

220.00.009 III F жолында дизайнерлік қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

220.00.009 III G жолында инжинирингтік қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

220.00.009 III Н жолында өзге де жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға жұмсалған шығыстар көрсетіледі;

220.00.009 III B жолында есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған өзге де жұмыстар мен қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі. Бұл жолға декларацияның 220.00.010-нан 220.00.017-ге дейінгі жолдары, декларацияның 220.00.024 жолдары бойынша шегерімге жатқызылатын сатып алынған жұмыстар, қызметтер көрсетулер бойынша шығыстардың сомасы қосылмайды;

220.00.009 IV жолында

Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында беліленген тәуліктік мөлшерінің асып кетуін білдіретін қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақы сомаларын;

тіркелген активтердің, преференциялар объектілерінің, амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнына енетін қызметкерлер табыстарын;

Салық кодексінің 122-бабына сәйкес кейінгі шығыстар деп танылған қызметкерлер табыстарын қоспағанда, Салық кодексінің 110-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын қызметкерлердің есептелген табыстары мен жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша шығыстары көрсетіледі;

220.00.009 V жолында алдыңғы салық кезеңдерінде алдағы кезеңдердің шығыстары деп танылған және есепті салық кезеңінде шегерімдерге жатқызылатын жұмыстар мен қызмет көрсету құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

220.00.009 VI жолында тіркелген активтер, жалға алынған негізгі құралдар бойынша кейінгі шығыстар деп танылатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің нақты құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

220.00.009 VII жұмыстар мен қызмет көрсетулердің нақты құны, тіркелген активтердің, преференция объектілерінің, амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнына енетін ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

220.00.009 VIII жолында 220.00.009 VII жолы бойынша көрсетілетін құнды қоспағанда, Салық кодексінің 115-бабының негізінде шегерімдерге жатқызылмайтын жұмыстар мен қызметтердің нақты құны, ТМҚ өзіндік құны, сондай-ақ Салық кодексіне сәйкес шегерімдерге жатқызылмайтын ТМҚ табиғи кему сомасы. Бұдан басқа, аталған жол бойынша декларацияның 220.00.010-нан 220.00.017-ге дейінгі жолдар, 220.00.024 жолдары бойынша шегерімге жататын ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

220.00.009 ІX жолында есепті салық кезеңінде алдағы кезеңдердің шығыстары деп танылған және кейінгі салық кезеңдерінде шегерімге жатқызылатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

2) 220.00.010 жолында Салық кодексінің 100-бабы 6-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын айыппұлдардың, өсімпұлдардың, тұрақсыздық айыптарының жалпы сомасы көрсетіледі;

3) 220.00.011 жолында Салық кодексінің 100-бабы 12-тармағында белгіленген негіздер бойынша шегерімге жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

4) 220.00.012 жолында Салық кодексінің 100-бабы 14-1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын салық төлеушінің есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша шығыстар сомасы көрсетіледі;

5) 220.00.013 жолында Салық кодексінің 103-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын сыйақылар бойынша шегерімдер сомасы көрсетіледі;

6) 220.00.014 жолында Салық кодексінің 102-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын өкілдік шығыстардың сомасы көрсетіледі;

7) 220.00.015 жолында Салық кодексінің 105-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын күмәнді талаптар сомасы көрсетіледі;

8) 220.00.016 жолында Салық кодексінің 114-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы көрсетіледі;

9) 220.00.017 жолында Салық кодексінің 116-122-баптарына сәйкес айқындалатын, тіркелген активтер мен жалға берілген негізгі құралдар бойынша шегерімдердің сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 220.04.011 және 220.04.012 жолдарының сомасы көшіріледі.

10) 220.00.018 жолында табыс есептелетін Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің сомасы көрсетіледі. Бір жыл ішіндегі салық шегерімінің жалпы сомасы Салық кодексінің
157-бабында белгіленген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшерінің сомасынан аспауға тиіс;

11) 220.00.019 жолында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мөлшердегі мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі;

12) 220.00.020 жолында өз пайдасына енгiзілетін ерiктi зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі;

13) 220.00.021 жолында жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықақыларының сомасы көрсетіледі;

14) 220.00.022 жолында Қазақстан Республикасының резидентi жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнен алған қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар көрсетіледі;

15) 220.00.023 жолында Салық кодексінің 166-бабы 6-тармағында белгіленген мөлшерде және шарттарда медициналық қызметтерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар сомасы көрсетіледі;

16) 220.00.024 жолында Салық кодексіне сәйкес шегерімге жататын өзге де шығыстар сомасы көрсетіледі;

17) 220.00.025 жолында 220.00.009-дан 220.00.024-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын шегерімге жататын жалпы сома көрсетіледі.

18. «Салық кодексіне сәйкес табыстар мен шегерімдерді түзету» деген бөлімде:

1) 220.00.026 жолында Салық кодексінің 131, 132-баптарына сәйкес айқындалатын табыстар мен шегерімдерді түзетудің жалпы сомасы көрсетіледі. 220.00.026 I және 220.00.026 II жолдарының сомасы (220.00.026 I + 220.00.026 II) ретінде айқындалады:

2) 220.00.026 I жолында Салық кодексінің 131, 132-баптарына сәйкес айқындалатын табыстарды түзету сомасы көрсетіледі;

3) 220.00.026 II Салық кодексінің 131, 132-баптарына сәйкес айқындалатын шегерімдерді түзету сомасы көрсетіледі.

19. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Трансферттік баға белгілеу туралы Заң) сәйкес табыстар мен шегерімдерді түзету» деген бөлімде:

1) 220.00.027 жолында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес айқындалатын табыстарды түзету сомасы көрсетіледі;

2) 220.00.028 жолында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес айқындалатын шегерімдерді түзету сомасы көрсетіледі.

20. «Дара кәсіпкердің салық салынатын табысының есебі» деген бөлімде:

1) 220.00.029 жолында дара кәсіпкердің салық салынатын табысы (залал) көрсетіледі. 220.00.008 220.00.025 + 220.00.026 + 220.00.027 - 220.00.028 ретінде айқындалады;

2) 220.00.030 жолында резидент салық төлеуші Қазақстан Республикасынан тыс көздерден алған табыстардың сомасы көрсетіледі. 220.00.030 жолы анықтамалық сипатқа ие. Бұл жол өзіне 220.00.030 І жолын да қамтиды:

220.00.030 І жолында Салық кодексінің 224-бабына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар елде алған табыстар көрсетіледі. Бұл жолға
220.03-нысаны І бағанының қорытынды мәні көшіріледі;

3) 220.00.031 жолында Салық кодексінің 2-бабы 5-тармағына сәйкес халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуы тиіс табыс сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 220.02-нысаны Е бағанының қорытынды мәні көшіріледі.

4) 220.00.032 жолында халықаралық салық салу ерекшелігі ескеріле отырып, дара кәсіпкердің салық салынатын табысының (залалының) сомасы көрсетіледі. Бұл ретте 220.00.030 I жолында көрсетілген сома дара кәсіпкердің салық салынатын табысына қосылуға жатады, салық салынатын табыс болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы резидентiнiң залалы азайтылады. 220.00.032 жолы 220.00.029 және 220.00.030 I жолдарының сомасы алу 220.00.031 жолы (220.00.029 + 220.00.030 I - 220.00.031) ретінде айқындалады;

5) 220.00.033 жолында Салық кодексінің 137-бабы 1-тармағына сәйкес көшірілуі тиіс залал көрсетіледі. Егер 220.00.032 жолының теріс мәні болса, 220.00.033 жолы 220.00.032 жолының және 220.04.008 І жолы модулінің сомасы ретінде айқындалады. Егер 220.00.032 жолы оң мәнге ие болса, 220.00.033 жолына 220.04.008 I жолы көшіріледі;

6) 220.00.034 жолында Салық кодексінің 133-бабына сәйкес дара кәсіпкердің салық салынатын табысын кеміту сомасы көрсетіледі. 220.00.034 жолы 220.00.034 I және 220.00.034 II жолдарын өзіне қосады;

220.00.034 I жолында салық төлеуші Салық кодексінің 133-бабы


1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес салық салынатын табысты кемітуге құқығы бар шығыстар көрсетіледі.

220.00.034 II жолында салық төлеуші Салық кодексінің 133-бабы


1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес салық салынатын табысты кемітуге құқығы бар табыстар көрсетіледі;

7) 220.00.035 жолында Салық кодексінің 133-бабына сәйкес есептелген азайту ескерілген дара кәсіпкердің салық салынатын табысы көрсетіледі. 220.00.032 және 220.00.034 жолдарының айырмасы (220.00.032 – 220.00.034) ретінде айқындалады. Егер 220.00.034 жолы 220.00.032 жолынан артық болса, 220.00.035 жолында нөл көрсетіледі;

8) 220.00.036 жолында алдыңғы салық кезеңдерінен көшірілген залалдар көрсетіледі;

9) 220.00.037 жолында көшірілген залалдар ескерілген дара кәсіпкердің салық салынатын табысы көрсетіледі. Егер 220.00.035 жолында оң мән көрсетілген жағдайда толтырылады. 220.00.035, 220.00.036 жолдарының айырмасы (220.00.035 – 220.00.036) ретінде айқындалады. Егер 220.00.036 жолы 220.00.035 жолынан артық болса, 220.00.037 жолында нөл көрсетіледі.

21. «Салық міндеттемесінің есебі» деген бөлімде:

1) 220.00.038 жолында Салық кодексінің 158-бабы 1-тармағына сәйкес жеке табыс салығының ставкасы пайызда көрсетіледі;

2) 220.00.039 жолында дара кәсіпкердің салық салынатын табысынан алынатын жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі. 220.00.037 және 220.00.038 жолдарының туындысы (220.00.037 х 220.00.038) ретінде айқындалады;

3) 220.00.040 жолында Салық кодексінің 139-бабы 1-тармағына сәйкес салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі. 220.00.039, 220.00.040 I, 220.00.040 II, 220.00.040 III, 220.00.040 IY жолдарының айырмасы (220.00.039– 220.00.040 I – 220.00.040 II – 220.00.040 III – 220.00.040 IY) ретінде айқындалады. Егер алынған айырма нөлден төмен болса, онда 220.00.040 I жолында нөл көрсетіледі;

4) 220.00.040 I жолында Салық кодексінің 223-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу кезінде ескерілетін Қазақстан Республикасынан тыс төленген табысқа салықтардың немесе резидент салық төлеуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс көздерден алған табыстарға соған ұқсас табыс салығы түрлерінің сомасы көрсетіледі. Бұл жолға
220.03-нысаны R бағанының қорытынды мәні көшіріледі;

5) 220.00.040 II жолында Салық кодексінің 139-бабы 2-тармағына сәйкес бюджетке төленуі тиіс жеке табыс салығының сомасына кемітілетін салық кезеңінде ұтыс түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі;

6) 220.00.040 III жолында сыйақы түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған және Салық кодексінің 139-бабы 3-тармағына сәйкес алдыңғы салық кезеңдерінен көшірілген жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі;

7) 220.00.040 IV жолында Салық кодексінің 139-бабы 2-тармағына сәйкес бюджетке төленуі тиіс жеке табыс салығының сомасына кемітілетін сыйақы түріндегі табыстан салық кезеңінде төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі;

8) 220.00.041 жолында Салық Кодексінің 599-бабына сәйкес жеке табыс салығын төлеуді есебіне жүзеге асырылатын есепке жатқызулар сомаларын қоса алғанда, төленген салық сомасы көрсетіледі. Жеке табыс салығын төлеу Салық кодексінің 179-бабы 1-тармағына сәйкес айқындалады.

22. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» деген бөлімде:

1) «Салық төлеушiнiң Т.А.Ә.» деген жолда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

2) декларацияның тапсырылған күні.

Декларация салық органына табыс етілген күн көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі.

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.» жолында декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

5) декларацияның қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес декларацияны табыс ету күні көрсетіледі;

6) құжаттың кіріс нөмірі.

Салық органы берген декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

 

3. ҚҚС төлеушi болып табылмайтын салық төлеушiлердiң өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шығыстары – 220.01-нысанын жасау


23. Бұл нысанды қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын тұлғалар толтырады. Нысанда шегерімге жатқызылмайтындарды қоса алғанда, сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) туралы мәліметтер көрсетіледі. Осы нысандағы мәліметтер декларацияға және оған қосымшаларға көшірілмейді.

24. «Шығыстар» деген бөлімде:

А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

В бағанында салық төлеуші контрагенттің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

С бағанында салық төлеуші контрагенттің бизнес-сәйкестендіру (жеке сәйкестендіру) нөмірі көрсетіледі;

D бағанында осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес резидент емес контрагенттің резиденттік елінің коды көрсетіледі;

Е бағанында резидент емес контрагенттің резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі. Баған D бағанында резиденттік елінің коды көрсетілген кезде толтырылады;

F бағанында шығыс түрлерінің коды көрсетіледі:

1 – қаржылық қызмет көрсетулер;

2 – жарнамалық қызмет көрсетулер;

3 – консультациялық қызмет көрсетулер;

4 – маркетингтік қызмет көрсетулер;

5 – дизайнерлік қызмет көрсетулер;

6 – инжинирингтік қызмет көрсетулер;

7 – өзгелері;

G бағанында сатып алынған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны көрсетіледі.


следующая страница>


Қағидалары (220. 00-нысан) Жалпы ережелер

Осы Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (220. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ту

500.84kb.

25 12 2014
3 стр.


Нысан Жалпы ережелер

Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары

114.68kb.

08 10 2014
1 стр.


Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (110. 00-нысан) Жалпы ережелер

Осы Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (110. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті тө

752.9kb.

08 10 2014
3 стр.


Нысан Жалпы ережелер

Республикасының үлесінің мөлшері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есебіне (550. 00-нысан) қосымша

55.87kb.

18 12 2014
1 стр.


Нысан Жалпы ережелер

Салық салуға байланысты объектілер және құрылымдық бөлімше үшін төлеуге тиісті акциз сомасы есебіне (431. 00-нысан) қосымша

97.17kb.

09 10 2014
1 стр.


Патент алу үшін салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (911. 00-нысан) Жалпы ережелер

Есеп жасау тәртібін айқындайды. Патент құнына жеке табыс және әлеуметтік салықтар кіреді. Есепті патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жасайды

69.11kb.

25 12 2014
1 стр.


Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидалары Жалпы ережелер

Еру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 19)

311.24kb.

17 12 2014
1 стр.


Қол қойылатын бонус бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (510. 00-нысан) Жалпы ережелер

Декларация жасау тәртібін айқындайды. Қол қойылатын бонус бойынша Декларацияны жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіпте жасалған әрбір ж

106.67kb.

08 10 2014
1 стр.