Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы « 8 » қарашадағы
№ 1310 қаулысымен
бекітілген
Қол қойылатын бонус бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (510.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы қол қойылатын бонус бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (510.00-ысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қол қойылатын бонус бойынша салықты есептеуге арналған қол қойылатын бонус бойынша салық есептілігінің нысандарын (декларацияны) (бұдан әрі – Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Қол қойылатын бонус бойынша Декларацияны жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіпте жасалған әрбір жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бөлек жасайды.
2. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
3. Есепте соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде «–» белгісімен көрсетіледі.
4. Декларацияны жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас символдармен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта – нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.
5. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабының 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің мөрімен не оның өкілінің мөрімен куәландырылады.
6. Декларацияны табыс ету кезінде:
1) келу тәртібінде қағаз тасығышта – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен төлеушіге қайтарылады;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен қабылданғандығы немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.
7. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес Есепті табыс ету кезінде:
СТН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының
4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының
4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) міндетті түрде толтыруы тиіс.
2. Декларацияны жасау (510.00-ысан)
8. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі. Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі). Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі;
3) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі (жыл) – салық төлеуші декларацияны толтыратын жыл көрсетіледі;
4) салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес атауы көрсетіледі;
5) валюта коды.
«Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланыталын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 378 шешімімен (бұдан әрі – Шешім) бекітілген 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;
6) Декларацияның түрі.
Тиісті торкөздер Декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызуды ескере отырып, белгіленеді;
7) хабарламаның нөмірі мен күні.
Торкөздер Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген Декларация түрі тапсырылған жағдайда толтырылады;
8) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың және кен орнының атауы.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың және кен орындарының атауы көрсетіледі;
9) пайдалы қазба коды.
Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар кодтарына сәйкес пайдалы қазба коды көрсетіледі;
10) келісімшарттың жасалған күні.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жасалған күнінен күшіне енетіні көрсетіледі;
11) келісімшарттың нөмірі.
Уәкілетті мемлекеттік орган берген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі көрсетіледі;
12) салық төлеушінің конкурс жеңімпаз деп жарияланған күні.
Қазақстан Республикасының жер қойнаулары мен жер қойнауларын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте салық төлеушінің конкурс жеңімпаз деп жарияланған күні көрсетіледі;
13) тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күн.
Қазақстан Республикасының жер қойнаулары мен жер қойнауларын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күн көрсетіледі.
9. «Төлеуге қол қойылатын бонус» бөлімінде:
«Бюджетке төлеуге қол қойылатын бонус» 510.00.001 жолында Салық кодексіне сәйкес қол қойылатын бонус сомасы көрсетіледі.
10. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде:
1) «Салық төлеушінің аты-жөні» жолында
Декларацияны заңды тұлға табыс еткен кезде құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі.
Декларацияны жеке тұлға табыс еткен кезде деректер жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады;
2) Декларацияның тапсырған күні.
Декларацияның салық органына табыс етілген күні көрсетіледі;
3) салық органының коды.
Салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі.
4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамының аты-жөні» жолында Декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;
5) Декларацияның қабылданған күні.
Салық кодексінің 584-бабы 2-тармақшасына сәйкес Декларацияның табыс етілген күні көрсетіледі;
6) Декларацияның кіріс нөмірі.
Салық органы берген Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;
7) пошта штемпелінің күні.
Пошта немесе өзге байланыс ұйымында қойылған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
11. Пайдалы қазбалардың кодтары:
0001
|
Сутегі
|
0002
|
Гелий
|
0003
|
Литий
|
0004
|
Бериллий
|
0005
|
Бор
|
0006
|
Көміртегі
|
0007
|
Азот
|
0008
|
Оттегі
|
0009
|
Фтор
|
0010
|
Неон
|
0011
|
Натрий
|
0012
|
Магний
|
0013
|
Алюминий
|
0014
|
Кремний
|
0015
|
Фосфор
|
0016
|
Күкірт
|
0017
|
Хлор
|
0018
|
Аргон
|
0019
|
Калий
|
0020
|
Кальций
|
0021
|
Скандий
|
0022
|
Титан
|
0023
|
Ванадий
|
0024
|
Хром
|
0025
|
Марганец
|
0026
|
Темір
|
0027
|
Кобальт
|
0028
|
Никель
|
0029
|
Мыс
|
0030
|
Мырыш
|
0031
|
Галлий
|
0032
|
Германий
|
0033
|
Күшән
|
0034
|
Селен
|
0035
|
Бром
|
0036
|
Криптон
|
0037
|
Рубидий
|
0038
|
Стронций
|
0039
|
Иттрий
|
0040
|
Цирконий
|
0041
|
Ниобий
|
0042
|
Молибден
|
0043
|
Технеций
|
0044
|
Рутений
|
0045
|
Родий
|
0046
|
Палладий
|
0047
|
Күміс
|
0048
|
Кадмий
|
0049
|
Индий
|
0050
|
Қалайы
|
0051
|
Сүрме
|
0052
|
Теллур
|
0053
|
Йод
|
0054
|
Ксенон
|
0055
|
Цезий
|
0056
|
Барий
|
0057
|
Лантан
|
0058
|
Гафний
|
0059
|
Тантал
|
0060
|
Вольфрам
|
0061
|
Рений
|
0062
|
Осмий
|
0063
|
Иридий
|
0064
|
Платина
|
0065
|
Алтын
|
0066
|
Сынап
|
0067
|
Таллий
|
0068
|
Қорғасын
|
0069
|
Висмут
|
0070
|
Полоний
|
0071
|
Астат
|
0072
|
Радон
|
0073
|
Франций
|
0074
|
Радий
|
0075
|
Актиний
|
0076
|
Резерфодий
|
0077
|
Дубний
|
0078
|
Сиборгий
|
0079
|
Борий
|
0080
|
Хассий
|
0081
|
Майтнерий
|
0082
|
Металлургия үшін кенге жатпайтын шикізат
|
0083
|
Қалыптық құмдар
|
0084
|
Алаптық шпат
|
0085
|
Пегматит
|
0086
|
Басқа да алюминий тотығы жыныстары
|
0087
|
Әктас
|
0088
|
Доломит
|
0089
|
Әктасты–доломит жыныстары
|
0090
|
Тамақ өнеркәсібі үшін әктас
|
0091
|
Басқа да кенге жатпайтын шикізат
|
0092
|
Отқа төзімді саздар
|
0093
|
Каолин
|
0094
|
Вермикулит
|
0095
|
Ас тұзы
|
0096
|
Жергілікті құрылыс материалдары
|
0097
|
Вулкандық кеуек жыныстары
|
0098
|
Вулкандық суқұрамдас әйнек
|
0099
|
Әйнек тәріздес жыныстар
|
0100
|
Перлит
|
0101
|
Обсидиан
|
0102
|
Малта тас
|
0103
|
Қиыршық тас
|
0104
|
Гипс
|
0105
|
Қиыршық тас-құм аралас
|
0106
|
Гипсті тас
|
0107
|
Ангидрит
|
0108
|
Гажа
|
0109
|
Саз
|
0110
|
Саз жыныстар (балқуы ауыр және оңай балқитын саздар, суглинкалар, аргиллиттер, алевролиттер, сазды тақтатастар)
|
0111
|
Әкбор
|
0112
|
Мергель
|
0113
|
Мергельді–әкбор жыныстары
|
0114
|
Кремний жыныстары (трепел, опоктар, диатомит)
|
0115
|
Кварцты–алап шпат жыныстары
|
0116
|
Гранит
|
0117
|
Диабаз
|
0118
|
Мәрмар
|
0119
|
Базальт
|
0120
|
Басқа тұнбалы, атылған, метаморфикалық жыныстары
|
0121
|
Тоқпақ тас
|
0122
|
Құм (кварцтық, құрылыс, алап шпаттық)
|
0123
|
Құмдық
|
0124
|
Табиғи пигменттер
|
0125
|
Ұлу тас
|
0126
|
Жер асты сулары
|
0127
|
Мұнай
|
0128
|
Газ
|
0129
|
Мұнайгаз конденсаты
|
0130
|
Басқалар
|
_________________________