Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы «25» желтоқсандағы
№ 611 бұйрығымен бекітілген
Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі
(130.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны акционерлік қоғамдарды, мекемелер мен Салық кодексінің 134-бабына сәйкес қызметін жүзеге асыратын пәтер (үй-жайлар) иелерiнiң тұтыну кооперативтерiнен басқа, тұтыну кооперативтерiн қоспағанда коммерциялық емес ұйымдар жасайды.
2. Декларация Декларацияның өзінен (130-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (130.01-ден 130.03-ке дейінгі нысандар) тұрады.
3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.
6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.
7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.
8. Осы ережелерде арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.
9. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді.
10. Декларацияны толтыру кезінде:
1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;
2) электронды тасығышта – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.
11. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.
12. Декларацияны беру кезінде:
1) келу тәртібінде қағаз тасығышта - екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта - салық төлеуші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес электронды түрде.
13. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімдерінде Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.
2. Декларацияны жасау (130.00-нысан)
14. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) СТН - салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) БСН - салық төлеушінің бизнес-сәйкестендiру нөмірі;
Жол «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес салық төлеушінің бизнес-сәйкестендiру нөмірі болған жағдайда толтырылуы тиіс;
3) салық кезеңі (жыл) - Декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);
4) салық төлеушінің атауы.
Құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;
5) Декларацияның түрі.
Бұл торкөздер Декларацияның Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігі түрлеріне жататыны ескеріле отырып белгіленеді;
6) хабарламаның нөмірі мен күні.
Жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген Декларация түрін тапсырған жағдайда белгіленеді;
7) валюта коды.
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2003 жылғы 9 маусымда № 2355 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы № 219 бұйрығымен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау ережесіне «Кедендік ресімдеу мақсаттары үшін пайдаланылатын валюталар жіктеушісі» 10-қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;
8) тапсырылған қосымшалар.
Тапсырылған қосымшалардың торкөздері белгіленеді;
9) 100.00-нысан бойынша декларация.
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда (100.00-нысан) көрcетілген қызметтен жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстар болған жағдайда белгіленеді;
10) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс табыстарды алу кезінде шығыстарды шегеруге жатқызу әдісі. Таңдаған әдіске байланысты тиісті торкөз белгіленеді.
«Барабарлық» торкөзі егер салық төлеуші шығыстарды шегерімдерге жатқызудың барабарлық әдісін таңдаған жағдайда белгіленеді.
«Бөлек» торкөзі егер салық төлеуші шығыстарды шегерімдерге жатқызудың бөлек әдісін таңдаған жағдайда белгіленеді.
15. "Табыстар" бөлімінде:
1) 130.00.001 жолында депозиттер бойынша сыйақы түрінде алынған табыстардың сомасы көрсетіледі;
2) 130.00.002 жолында грант түрінде алынған табыстардың сомасы көрсетіледі;
3) 130.00.003 жолында өтеусіз алынған мүлік түрінде алынған табыстардың сомасы көрсетіледі;
4) 130.00.004 жолында кіру жарналары түрінде алынған табыстардың сомасы көрсетіледі;
5) 130.00.005 жолында мүшелік жарналар түрінде алынған табыстардың сомасы көрсетіледі;
6) 130.00.006 жолында кондоминиумға қатысушылардың жарналары түрінде алынған табыстардың сомасы көрсетіледі;
7) 130.00.007 жолында қайырымдылық көмек түрінде алынған табыстардың сомасы көрсетіледі;
8) 130.00.008 жолында демеушілік көмек түрінде алынған табыстардың сомасы көрсетіледі;
9) 130.00.009 жолында өтеусіз негіздегі аударымдар түрінде алынған ақша сомасы көрсетіледі;
10) 130.00.010 жолында қайырмалдық түрінде алынған табыстардың сомасы көрсетіледі;
11) 130.00.011 жолында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша алынған табыстың сомасы көрсетіледі;
12) 130.00.012 жолында 130.00.001-ден 130.00.011-ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын табыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;
13) 130.00.013 жолға Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда (100.00-нысан) көрcетілген қызметтен алынған табыстар болған жағдайда 100.00.027 жолында көрсетілген басқа да табыстардың сомасы көшіріледі;
14) 130.00.014 жолында 130.00.012 және 130.00.013. жолдардың сомасы ретінде айқындалатын табыстардың жиынтық соммасы көрсетіледі.
16. "Шығыстар" бөлімінде:
1) 130.00.015 жолында коммерциялық емес ұйымды ұстауға жұмсалатын шығыстардың сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 130.02.004 жолында көрсетілген сома көшіріледі;
2) 130.00.016 жолында іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жұмсалатын шығыстардың сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 130.03.001 жолында көрсетілген сома көшіріледі;
3) 130.00.017 жолында ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі;
4) 130.00.018 жолында шарттың талаптарына сәйкес салық төлеуші салық кезеңі үшін төлеген (төлеуге жататын) сыйақының сомасы көрсетіледі;
5) 130.00.019 жолында қайырымдылық көмек түріндегі шығыстардың сомасы көрсетіледі;
6) 130.00.020 жолында демеушілік көмек түріндегі шығыстардың сомасы көрсетіледі;
7) 130.00.021 жолында кіру жарналары түріндегі шығыстардың сомасы көрсетіледі;
8) 130.00.022 жолында мүшелік жарналар түріндегі шығыстардың сомасы көрсетіледі;
9) 130.00.023 жолында заңды және жеке тұлғаларға тегін берілген мүлік бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі;
10) 130.00.024 жолында өтеусіз негіздегі аударымдар бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі;
11) 130.00.025 жолында заңды және жеке тұлғаларға қайырмалдық түріндегі шығыстардың сомасы көрсетіледі;
12) 130.00.026 жолында 130.00.015-тен 130.00.025 дейінгі жолдардың сомасы ретінде анықталатын шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі.
17. «Барабарлық әдіс бойынша шегерімдерді есептеу" бөлімінде:
1) 130.00.027 жолында 130.00.013 жолының сомасы мен 130.00.014 жолының сомасының қатынасы ретінде айқындалатын табыстардың жалпы сомасында Салық кодексінің 134-бабы 4-тармағына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстардың үлес салмағы көрсетіледі;
2) 130.00.028 жолына Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда (100.00-нысан) көрcетілген қызметтен табыстар болған жағдайда 100.00.058 I жолында көрсетілген сома көшіріледі;
3) 130.00.029 жолында Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда (100.00-нысан) көрcетілген қызметтен табыстар болған жағдайда шегерімдерге жатқызуға жататын шығыстардың сомасы көрсетіледі. 130.00.027 және 130.00.028 жолдары сомаларының туындысы ретінде айқындалады.
18. 130.00.029 жолының шамасы 100.00.058 І жолына көшіріледі.
19. «Бөлек есептеу әдісі бойынша шегерімдерді есептеу" бөлімінде:
130.00.030 жолында бөлек есептеу әдісі бойынша шегерімдерге жатқызуға тиіс шығыстардың сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 130.00.026 жолының сомасы көшіріледі.
20. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» бөлімінде:
1) «Басшының аты-жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі;
2) Декларация тапсырған күн.
Декларацияны салық органына табыс еткен күн көрсетіледі;
3) салық органының коды.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;
4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды тұлғаның аты-жөні» жолында Декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі;
5) Декларация қабылдаған күн.
Салық кодексінің 584-бабының 2-тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес Есепті тапсырған күн көрсетіледі;
6) кіріс құжаты.
Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;
7) почта штемпелінің күні.
Почта немесе өзге байланыс ұйымы қойған почта штемпелінің күні көрсетіледі.
3. Өтеусіз алынған (берілген) мүлік (қайырымдылық көмек, демеушілік көмек, қайырмалдық, өтеусіз негіздегі аударымдар), мүшелік және кіру жарналар - 130.01 нысанын жасау
21. Бұл нысан ақша және қайырмалдықтанрды қоспағанда, тегін алынған мүлік түріндегі табыстар мен шығыстардың сомасын айқындауға арналған.
22. "Есеп " бөлімінде:
1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;
2) В бағанында мүлікті тегін берген (алған), мүшелік не кіру жарналарын алған (төлеген) заңды не жеке тұлғаның – салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
3) С бағанында заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендiру нөмірі не В бағанында көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендiру нөмірі көрсетіледі.
Жол заңды не жеке тұлғаның «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бизнес сәйкестендiру (жеке сәйкестендiру) нөмірі болған жағдайда толтыруға жатады;
4) D бағанында осы Ереженің 28-тармағына сәйкес резиденттік елінің коды көрсетіледі;
5) Е бағанында мүлікті тегін берген (алған), мүшелік не кіру жарналарын алған (төлеген) резидент еместің резиденттік еліндегі тіркеу нөмірі көрсетіледі;
6) F бағанында тегін берген (алған) мүліктің, алынған (төленген) мүшелік не кіру жарналарының түрінің коды көрсетіледі. Декларацияны толтырған кезде тегін берген (алған) мүліктің, алынған (төленген) мүшелік не кіру жарналарының түрінің кодтарын пайдалану қажет:
1 - қайырымдылық көмек;
2 - демеушілік көмек;
3 - қайырмалдық;
4 - өтеусіз негіздегі аударымдар;
5 - өтеусіз алған қалған өзге де мүлік;
6 - мүшелік жарналар;
7 - кіру жарналары;
7) G бағанында осы Ереженің 29-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүліктің коды көрсетіледі. Бұл баған өтеусіз негіздегі аударымдарды алған жағдайда толтырылмайды;
8) Н бағанында мүліктің өтеусіз алынғанын (берілгенін), мүшелік не кіру жарналарының алынғанын (төленгенін) растайтын құжаттың нөмірі және күні көрсетіледі;
9) І бағанында өтеусіз алынған мүліктің, алынған мүшелік не кіру жарналарының сомасы (құны) көрсетіледі;
10) J бағанында өтеусіз берілген мүліктің, төленген мүшелік не кіру жарналарының сомасы (құны) көрсетіледі.
4. Коммерциялық емес ұйымды ұстау - 130.02-нысанын жасау
23. Бұл нысан коммерциялық емес ұйымды ұстауға жұмсалған шығыстардың сомасын айқындауға арналған.
24. «Коммерциялық емес ұйымды ұстау» бөлімінде:
-
130.02.001 жолында 130.02.001 І-ден 130.02.001 XVІІ-ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын коммерциялық емес ұйымды ұстауға жұмсалған шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.001 І жолында электр энергиясына кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.001 ІІ жолында жылу энергиясына кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.001 ІІІ жолында қаржылық қызмет көрсетулерге кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.001 ІV жолында жалға алу төлеміне кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.001 V жолында көлік қызметтеріне жұмсалған шығыстарының сомасы көрсетіледі;
-
130.02.001 VІ жолында байланыс қызметтеріне жұмсалған шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.001 VІІ жолында аудиторлық (консультациялық) қызметтерге жұмсалған шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.001 VІІІ жолында күзет қызметтеріне жұмсалған шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.001 ІX жолында адвокаттық қызметтерге жұмсалған шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.001 X жолында нотариаттық қызметтерге жұмсалған шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.001 XІ жолында негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалған шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.001 XІІ жолында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдадың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.001 XІІІ жолында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.001 XІV жолында айыппұлдардың, өсімпұлдардың, тұрақсыздық айыптарының сомасы көрсетіледі;
-
130.02.001 XV жолында сақтандыруға кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.001 XVІ жолында жарнамаға кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.001 XVІІ жолында өзге де шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.002 жолында қызметкерлерге еңбекақы төлеуге жұмсалған және 130.02.002 І және 130.02.002 ІІ жолдарының қосылуымен айқындалатын әлеуметтік төлемдерге және оқытуға кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.002 І жолында еңбекақы төлеуге жұмсалған шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.002 ІІ жолында әлеуметтік төлемдерге кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.003 жолында 130.02.003 жолында ескерілмеген және 130.02.003 І, 130.02.003 VІІ, 130.02.003 VІІІ жолдарының қосылуымен айқындалатын коммерциялық емес ұйымды ұстауға кеткен барлық басқа да шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.003 І жолында 130.02.003 ІІ-ден 130.02.003 VІ-ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын іссапар шығыстарының жалпы сомасы көрсетіледі;
-
130.02.003 ІІ жолында бронь үшін шығыстарды төлемді қоса алғанда, іссапар орны мен кері жол жүруге нақты жүргізілген шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.003 ІІІ жолында бронь үшін шығыстарды төлемді қоса алғанда, тұрғын үй-жай жалдауға нақты жүргізілген шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.003 ІV және 130.02.003 V жолдарында Қазақстан Республикасы шегіне және одан тыс жерлерг іссапарлар бойынша төленетін тәуліктік төлемдердің тиісті сомасы көрсетіледі;
-
130.02.003 VІ жолында салық төлеуші кіру визасын ресімдеу кезінде жұмсаған шығыстардың сомасы көрсетіледі (визаның, консулдық қызметтердің, міндетті медициналық сақтандыру құны);
-
130.02.003 VІІ жолында өкілдік шығыстардың сомасы көрсетіледі;
-
130.02.003 VІІІ жолында салық кезеңінің шығыстарына жатқызылатын алдағы кезеңдер шығыстарының сомасы көрсетіледі;
-
130.02.004 жолында 130.02.001, 130.02.002 және 130.02.003- жолдарының қосындысымен айқындалатын коммерциялық емес ұйымды ұстауға жұмсалған шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;
-
130.02.005 І жолында салық кезеңі ішіндегі іссапарлардың жалпы саны көрсетіледі;
-
130.02.005 ІІ жолында салық кезеңі ішіндегі іссапарлар күндерінің жалпы саны көрсетіледі.
130.02.004 жолының шамасы 130.00.015 жолына көшіріледі.
5. Шараларды ұйымдастыру және өткізу - 130.03 нысанын жасау
25. Бұл нысан коммерциялық емес ұйымның қызметіне байланысты әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша шығыстардың сомаларын айқындауға арналған.
26. "Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу" бөлімінде:
130.03.001 жолында іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі. 130.03.001 І-ден 130.04.001 XІ-ге дейінгі жолдарда іс-шара түрлері бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі.
27. 130.03. 001 жолының шамасы 130.00.016 жолына көшіріледі.
6. Елдердің кодтары
28. Резидент емес салық төлеушінің резиденттік елінің кодын толтырған кезде «Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы» Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы № 219 бұйрығымен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау ережесіне 6 «Әлем елдерінің жіктемесі» қосымшасына сәйкес елдердің цифрлық кодын пайдалану қажет.
7. Мүлік кодтары
29. Мүлік кодын толтырған кезде мынадай кодтарды пайдалану қажет:
01- ақша;
02 - қаржы инвестициялары;
03 - тауарлық- материалдық қорлар;
04 - негізгі құралдар;
05 - материалдық емес активтер;
06 – қызмет көрсетулер;
07 - жұмыстар;
08 - өзгелері.