Перейти на главную страницу
Үкіметінің
2012 жылғы «30» қарашадағы
№ 1518 қаулысымен
бекітілген
Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары
(910.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары (910.00-нысан) (бұдан әрі
2. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
3. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының сол жақ бірінші торкөзінде «–» белгісімен көрсетіледі.
4. Декларация жасау кезінде:
1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық жеткізгіште – нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.
5. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.
6. Декларацияны табыс ету кезінде:
1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігін салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.
7. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы Заң) сәйкес декларацияны табыс ету кезінде:
СТН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі міндетті түрде толтыруы тиіс.
2. Декларацияны жасау (910.00 – нысан)
8. «Салық төлеуші (салық агенті) туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші (салық агенті) мынадай деректерді көрсетеді:
1) СТН – салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу нөмірі;
2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің (салық агентінің) жеке сәйкестендіру нөмері (бизнес-сәйкестендіру нөмері);
3) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
Салық міндеттемесін мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдай) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;
4) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);
5) салық төлеуші санаты.
Торкөздер, егер төлеуші А немесе B жолда көрсетілген санаттардың біріне жататын болса белгіленеді;
А – талаптары салық міндеттемесін орындауды сенімгерлікпен басқарушыға жүктейтін мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын салық төлеуші;
В – талаптары салық міндеттемесін орындауды сенімгерлікпен басқарушыға жүктейтін мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы болып табылатын салық төлеуші;
6) декларацияның түрі. Тиісті торкөздер декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігі түріне жатқызу есебімен белгіленеді;
7) хабарламаның нөмірі мен күні. Торкөздер Салық кодексінің 63-бабы
3-тармағының 4) тармақшасында көзделген декларация түрін табыс еткен жағдайда толтырылады;
8) «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі
9) резиденттік белгісі.
А торкөзін Қазақстан Республикасының резидент салық төлеушісі белгілейді;
В торкөзін Қазақстан Республикасының резидент емес салық төлеушісі белгілейді.
9. «Салықтарды есептеу» деген бөлімде:
1) 910.00.001 жолында Салық кодексінің 427-бабы 3-тармағына сәйкес белгіленген табыс көрсетіледі;
2) 910.00.002 жолында «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Трансферттік баға белгілеу туралы Заң) сәйкес айқындалатын табыс көрсетіледі;
3) 910.00.003 жолында:
заңды тұлғаның ((А + В + С)/3 ай) формуласы бойынша айқындаған, мұнда (А + В + С) - салық кезеңінің әрбір айы үшін қызметкерлердің саны;
дара кәсіпкер ((А + В + С)/3 ай + 1) формуласы бойынша, дара кәсіпкерді қоса алып, айқындаған салық кезеңі үшін қызметкерлердің орташа тізімдік саны көрсетіледі.
Егер қызметкерлердің тізімі бойынша орташа саны 0,5–тен және одан жоғары бөлшек санды құраса, онда мұндай сан толық бірлікке дейін дөңгелектеуге жатады, ал 0,5-тен төмен сан құраса дөңгелектеуге жатпайды;
4) 910.00.004 жолында салық кезеңі үшін бір қызметкерге орташа айлық еңбекақысы көрсетіледі;
5) 910.00.005 жолында (910.00.001 х 3%) формуласы бойынша айқындалатын, Салық кодексінің 436-бабы 1-тармағында белгіленген ставка бойынша есептелген салықтардың сомасы көрсетіледі;
6) 910.00.006 жолында Салық кодексінің 436-бабы 2-тармағына сәйкес салықтардың сомасын түзету көрсетіледі, ол ((910.00.005 - Салық кодексінің 433-бабында белгіленген табыстың шекті сомасынан асатын табыстан салықтардың сомасы) х (910.00.003 - Салық кодексінің 433-бабында белгіленген санынан асатын қызметкерлердің орташа тізімдік саны) х 0,015) формуласы бойынша айқындалады;
Бұл жол егер салық кезеңінің қорытындысы бойынша бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы Салық кодексінің 436-бабы 2-тармағына сәйкес дара кәсіпкерлерде кемінде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 2,5 еселенген мөлшерін құраған жағдайда толтырылады;
7) 910.00.007 жолында (910.00.005 – 910.00.006) формуласы бойынша айқындалатын түзетуден кейінгі салықтардың сомасы көрсетіледі;
8) 910.00.008 жолында (910.00.007 х 0,5) декларация бойынша есептелген салық сомасынан ½ мөлшерінде бюджетке төленуге жататын жеке (корпоративтік) табыс салығының сомасы көрсетіледі.
Бұл ретте, есептелген салық сомасы 1 теңгеге дейін дөңгелектеуге жатады: 50-ден және одан жоғары тиын сомасы бір теңге болып қабылданады, 50-ден кем тиын сомасы декларацияға қабылданбайды;
9) 910.00.009 жолда ((910.00.007 х 0,5) – 910.00.011 – 910.00.019) формуласы бойынша айқындалатын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын алып тастағаннан кейінгі декларация бойынша есептелген салық сомасынан ½ мөлшеріндегі бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасы көрсетіледі.
Бұл ретте, есептелген салық сомасы 1 теңгеге дейін дөңгелектеуге жатады: 50-ден және одан жоғары тиын сомасы бір теңге болып қабылданады, 50-ден кем тиын сомасы декларацияға қабылданбайды.
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заң) сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде 910.00.009 жолда Салық кодексінің 437-бабы 2-тармағына сәйкес нөлге тең әлеуметтік салық сомасы көрсетіледі.
10. «Дара кәсіпкерлер үшін әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын есептеу» деген бөлімде:
1) 910.00.010 жолында Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңға сәйкес дара кәсіпкер үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін табыс көрсетіледі;
2) 910.00.011 жолында Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңға сәйкес есептелген дара кәсіпкер үшін әлеуметтік аударымдар сомасы көрсетіледі;
3) 910.00.012 жолында дара кәсіпкер үшін міндетті зейнетақы жарналары есептелетін табыс көрсетіледі;
4) 910.00.013 жолында дара кәсіпкер үшін міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.
11. Мысалы, 2012 жыл үшін жоғарыда көрсетілген жолдарды толтыру былайша жүргізіледі:
1) 910.00.001 жолы бойынша дара кәсіпкердің салық кезеңі үшін табысы 12 000 000 теңгені құрады;
2) 910.00.002 жолы бойынша Трансферттік баға белгілеу туралы Заңына сәйкес айқындалатын табыс 1 000 000 теңгені құрады;
3) 910.00.003 жолы бойынша дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің орташа тізімдік саны 27 адамды құрады, ол былайша айқындалды:
((28 + 25 + 25) / 3 ай + 1), мұнда 28 адам – салық кезеңінің бірінші айындағы қызметкерлердің саны, 25 адам – салық кезеңінің екінші және үшінші айларындағы қызметкерлердің саны;
шекті санынан асатын орташа тізімдік саны 2 адамды құрады (27 – 25), мұнда 27 адам – нақты орташа тізімдік саны, 25 адам – шекті саны;
4) 910.00.004 жолы бойынша салық кезеңі үшін бір қызметкерге орташа айлық еңбекақы 38512 теңгені құрады, мұнда:
салық кезеңінің бірінші айы үшін қызметкерлердің есептелген еңбекақының барлық сомасы 1 051 000 теңге (125 000 теңге + 800 000 + 126 000), оның ішінде:
бес адамның еңбекақысы 25 000 теңгеден 125 000 теңге (5 х 25 000 теңге) құрады;
жиырма адамның еңбекақысы 40 000 теңгеден 800 000 теңге (20 х 40 000 теңге) құрады;
үш адамның еңбекақысы 42 000 теңгеден 126 000 теңге (3 х 42 000 теңге) құрады.
Яғни, салық кезеңінің бірінші айы үшін бір қызметкерге орташа айлық еңбекақы 37 536 теңге (1 051 000/28 адам) құрады.
Салық кезеңінің екінші және үшінші айлары үшін бір қызметкерге еңбекақының орташа айлық сомасы тап осыған ұқсас жолмен айқындалады.
Айталық, бір қызметкерге салық кезеңінің екінші айында орташа еңбекақы сомасы – 36 000 теңге, үшіншіде – 42 000 теңге құрады.
Онда, салық кезеңі үшін бір қызметкерге еңбекақының орташа айлық сомасы 38 512 теңгені ((37 536 теңге + 36 000 теңге + 42 000 / 3 ай) құрады.
Бұл мысалда 2012 жылға арналған Республикалық бюджет туралы
Салық кезеңінің қорытындысы бойынша бір қызметкерге орташа айлық еңбекақы ең төменгі еңбекақының 2 еселік мөлшерінен (38512) асқандықтан, Салық кодексінің 436-бабы 2-тармағында көзделген қызметкерлердің орташа тізімдік санын ескере отырып, салық кезеңіне есептелген салық сомасына түзету жүргізіледі;
5) 910.00.005 жолы бойынша Салық кодексінің 436-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген салық сомасы 360 000 теңге (120 000 000 теңге х 3%) құрайды;
Салық кодексінің 433-бабы 1) тармақшасында белгіленген табыстың шекті сомасынан асатын табыстың салық сомасы 60 000 теңге ((12 000 000 теңге – 10 000 000 теңге) х 3%) құрайды;
6) 910.00.006 жолы бойынша Салық кодексінің 436-бабы 2-тармағына сәйкес салық сомасын түзету 112 500 теңгені құрады;
қызметкерлердің орташа тізімдік санына байланысты азайтылған салық сомасы 112 500 теңге құрады ((360 000 теңге – 60 000 теңге) х (27 адам – 2 адам) х 0,015), мұндағы 0,015 – қызметкерлердің орташа тізімдік санын ескере отырып әрбір, қызметкер үшін салық сомасын түзету коэффициенті;
7) 910.00.007 жолы бойынша азайтуға жатқызылған түзетуден кейінгі салық сомасы 247 500 теңге құрайды (360 000 теңге – 112 500 теңге);
8) 910.00.008 жолы бойынша салық кезеңі үшін бюджетке төленуге жататын жеке табыс салығы 123 750 теңгені құрайды (247 500 теңге х 0,5);
9) 910.00.009 жолы бойынша салық кезеңі үшін бюджетке төлеуге жататын, есептелген әлеуметтік салық сомасы 1134 теңгені құрайды ((247 500 теңге х 0,5) – 2616 теңге – 120 300 теңге), бұнда 2616 теңге – дара кәсіпкер үшін әлеуметтік аударымдар сомасы (910.00.011), 120 300 теңге – қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдар сомасы (910.00.019);
10) 910.00.010 жолы бойынша дара кәсіпкер үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін кірістің сомасы 52 317 теңгені құрады (17 439 теңге х 3 ай), мұнда 17 439 теңге – мөлшері «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Республикалық бюджет туралы заң)
11) 910.00.011 жолы бойынша дара кәсіпкер үшін әлеуметтік аударымдар сомасы 2616 теңге (52 317 х 5%), бұнда 5% – 2012 жылғы әлеуметтік аударымдар ставкасы;
12) 910.00.012 жолы бойынша дара кәсіпкер үшін міндетті зейнетақы жарналарынан есептелген кірістің сомасы 52 317 теңгені құрады (17 439 теңге х 3 ай), бұнда 17 439 теңге – Республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 2012 жылғы ең төменгі еңбекақының мөлшері;
13) 910.00.013 жолы бойынша дара кәсіпкер үшін міндетті зейнетақы жарналарының сомасы 5232 теңгені құрады (52 317 х 10%), бұнда 10% – міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы.
12. «Жеке тұлғалардың табысынан жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын есептеу» деген бөлімде:
1) 910.00.014 жолында жеке тұлғаларға төленген, Қазақстан Республикасы азаматтары табысынан есепке жатқызылған және салық кезеңі үшін бюджетке аударуға жататын жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі;
2) 910.00.015 жолында жеке тұлғаларға төленген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табысынан есепке жатқызылған және салық кезеңі үшін бюджетке аударуға жататын жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі;
3) 910.00.016 жолында салық кезеңінің әрбір айы үшін міндетті зейнетақы жарнасы ұсталатын (есептелетін) жеке тұлғаларға есептелген табыстардың сомасы көрсетіледі;
4) 910.00.017 жолында жеке тұлғаларға төленген табыстардан есептелген және салық кезеңі үшін жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарнасының сомасы көрсетіледі;
5) 910.00.018 жолында Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңға сәйкес салық кезеңі үшін табыстар түрінде жеке тұлғаларға төленетін жұмыс беруші шығыстарының сомасы көрсетіледі.
Бұл ретте әлеуметтік аударымдар міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамада бекітілген әлеуметтік аударымдар объектісінен есептелінген мөлшерде жүргізіледі. Әлеуметтік аударымдарды есептеуге қабылданған Республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ай сайынғы табыс, ең төменгі еңбек ақының он есе мөлшерінен артық болмауы керек;
6) 910.00.019 жолда Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңға сәйкес есептелген және салық кезеңі үшін төлеуге жататын әлеуметтік аударымдардың сомасы көрсетіледі.
13. «Салық төлеушінің (салық агентінің) жауапкершілігі» деген бөлімде:
1) «Салық төлеушінің (басшының) Т.А.Ә.» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі.
Егер декларацияны жеке тұлға табыс еткен жағдайда, жолда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылатын салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;
2) декларацияның тапсырылған күні көрсетіледі.
Декларацияның салық органына тапсырылған күні көрсетіледі;
3) орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі.
Салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі.
Бұл ретте, дара кәсіпкердің орналасқан жері салық органында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген дара кәсіпкердің қызметінің басым бөлігін жүзеге асыратын орны болып танылады.
Резидент заңды тұлғаның орналасқан жері құрылтай құжаттарында көрсетілген оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері болып танылады.
Филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның орналасқан жері салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жері болып танылады;
4) Жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша салық органының коды көрсетіледі.
Бұл ретте, жеке тұлғаның тұрғылықты жері азаматтарды тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны болып танылады;
5) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамының Т.А.Ә.» жолында декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
6) Салық кодексінің 584-бабының 2-тармағына сәйкес лауазымды адам декларацияны қабылдаған күн көрсетіледі;
7) Салық органы беретін декларацияның кіріс нөмірі көрсетіледі;
8) Пошта немесе өзге байланыс ұйымымен қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
Республикасының үлесінің мөлшері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есебіне (550. 00-нысан) қосымша
18 12 2014
1 стр.
Салық салуға байланысты объектілер және құрылымдық бөлімше үшін төлеуге тиісті акциз сомасы есебіне (431. 00-нысан) қосымша
09 10 2014
1 стр.
Осы Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (220. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ту
25 12 2014
3 стр.
Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған бойынша декларацияны (920. 00–нысан) қосымша
25 12 2014
2 стр.
Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары
08 10 2014
1 стр.
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған әрбір жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бөлек жасайды
08 10 2014
1 стр.
Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының бірінші сол жақ торкөзінде «-» белгісімен көрсетіледі
23 09 2014
1 стр.
Есепті Салық кодексінің 148-бабына сәйкес арнаулы салық режимдерін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар салық агенттері жасайды
04 09 2014
1 стр.