Перейти на главную страницу
Оқыту барысында дәрістермен қатар тәжірибелік сабақтар қарастырылады, оларда БАҚ жүйесіндегі радионың ерекшелігін, ақпаратты беру тәсілдерін, радиоарналарды табысты жүргізудің принциптерін; ақпаратты жинау, өңдеу және таратудың негіздерін меңгеруіне көңіл бөлінеді.
Осы пәнге қатысты білім беретін сабақтас пәндер: журналистикаға кіріспе, тележурналистика, әдеби редакциялау, бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Радио - журналистиканың бір саласы, бұқаралық ақпарат құралының бірі. Бағдарлама бойынша радионың ерекшеліктері, оны пайдаланудың маңызы мен қажеттігі, қазіргі қоғамдағы саяси, экономикалық, құкықтық, мәдени рөлі мен мәні ашылуға тиіс. Семестр бойы радиоға тән ерекшеліктер, Қазақстанда радиохабар таратудың даму кезеңдері, құрылымы, оның жанрлары мен пішіндері, радиохабарларды әзірлеу әдіс-тәсілдері, әуе толқынындағы ақпараттың мазмұны мен оны байытудың жолдары оқытылады.
Радио - хабар таратудың акустикалық табиғаты. Хабар тарату техникасының дамуы және радионың бейнелеуші құралдары. Мәтіннің оқылғанда адамға әсері. Радиотыңдарман аудиториясы. Дыбыстық журналистика тілі мен стилінің өзгешелігі. Радио ерекшелігіндегі оның таралу ауқымының шексіздігі мен жеделдігі. Оқиғаға қатыстылық пен соны сезіну ерекшелігі. Радио өзгешелігінің тарихи қалыптасуы.
Бұқаралық коммуникация жүйесіндегі радиохабар тарату. Бұқаралық ақпарат құралы ретіндегі радионың ерекшелігі. Радиохабар таратудың міндеттерін талдау. Қоғамды біріктіру мен жұмылдыру, қоғамдық пікірді қалыптастыру, идеялық тәрбие, қоғам мүшелерінің саяси белсенділігін арттыру, мәдениетін көтеру, экономикалық сананы қалыптастыру, көңіл көтерудің алғышарттарын жасау - радиохабар таратудың негізгі міндеттері ретінде. Радионың қоғамның рухани өсуіне ықпалы. Радиохабар таратудың эстетикалық негіздері. Радио және әдебиет. Радио және театр. Радио және газет. Радио және кино. Радио және телевизия. Радио және Интернет.
Қазақстанда радиохабар тарату ісінің тарихы.
Радио пайда болуының алғышарттары. Форт-Александровск радиостанциясы - Қазақстандағы алғашқы радиостанция. Түркістан өлкесі үшін Ташкент радиостанциясының мәні. Радиотелеграф қызметінің алғашқы қарлығаштары. ТүркРОСТА, КирРОСТА жаршылары. Орынбор, Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Павлодар, Өскемендегі қабылдау станциялары. Қазақстанның толыққанды алғашқы радиостанциялары. Радио Достары қоғамы. Ауызша газет. Алғашқы ақпараттарға қойылған талаптар. Қазақстанда радиохабар тарату ісінің қалыптасуы мен дамуының кезеңдері және олардың сипаты.
30-шы жылдар – радионың «алтын ғасыры». Радиожурналистикадағы "пішін" мен "жанр" ұғымы. Радиожурналистика пішіндері мен жанрлары эволюциясы. Қазақстандық радиогазеттер. Радиожурналистиканың жаңа пішіндерінің жетілуі мен радиогазеттердің жойылуы. Радиоға тән ерекшелігі бар хабарлардың көбеюі. Микрофон алдындағы көсемсөз, тікелей хабар тарату — радиожурналистиканың жаңа пішіндері. Алғашқы студиядан тыс хабарлар. Радиожиналыс, радиомитинг және басқа да кеңестік кезеңдегі радиохабар таратудың пішіндері мен жанрлары.
Радиокомпозицияның дүниеге келуі. Радиофильм, радиоүнқату, радиокөпір, радиомарафондар. Жанрлар мен пішіндердің түрлену себептері мен салдары. Жанрлар эволюциясының қозғаушы күштері. Авторлық бағдарламалар және оның түрлері. Тікелей эфирде жұмыс істеудің ерекшелігі. Радиохабар таратудағы пішін мен жанрларға қазіргі көзқарас.
Радиожурналистиканың ақпараттық жанрлары.
Ақпараттық хабардың жанрлық ерекшелігі - оқиғалығы, жеделдігі мен шынайылығы. Ақпараттық хабар мәтінінің ішкі құрылымы мен үйлесімі. Ілік - хабар дерегінің негізі, оның мағыналық орталығы. Ақпаратқа қойылатын маңызды талаптар - жеделдік, айқындылық, нақтылық, қысқалық, жүйелілік, объективтілік. Телевизия мен радиода ақпаратты берудің ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
Репортаж - телевизиялық және радиожурналистикадағы жетекші және маңызды жанрлардың бірі. Репортажда деректі жедел тарату мен талдаудың қатар жүретіндігі. Репортаж жеке хабар ретінде. Репортаж күрделі хабардың құрамында. Репортаж композициясы. Репортаж - оқиғаға қатысты автордың көзқарас бағасына сүйенетін публицистік жанр. Динамикалық өрбу, көрнекілік, деректілік, образды талдау, баяндаудың эмоциялық бояуы мен репортердің жеке шеберлігі — репортаждың табиғи бейнелеуші элементтері ретінде. Тікелей репортаж бен студияда жазылған репортаждың өзгешелігі. Репортаж жүргізушінің шеберлік қырлары. Телевизия мен радиодағы репортаж.
Сұхбат. Жанрлық ерекшелігі. Баяндаудағы жеке көзқарас. Сөйлеушінің ойлау ерекшелігін танытатын жанды әңгімелесу - сұхбаттың негізі. Сұхбат түрлері. Сұхбат жеке хабар ретінде. Сұхбат басқа хабарлардың құрамдас бөлігі ретінде. Сұхбат алушы және оған жауап беруші. Тікелей эфирдегі сұхбат. Телевизиялық және радиосұхбаттың айырмашылығы. Сұхбатты жүргізу техникасы.
Журналистік талдау - оқиғаға қатысты жедел пікір білдіру. Талдау талдамалы жанр ретінде. Ақпараттық хабарды дамыту, оған қатысты әртүрлі көзқарастарды жинақтау. Жедел және проблемалық талдаудың айырмашылықтары. Талдаудағы субъективтілік. Дерекке немесе оқиғаға қатысты болжамдар айту.
Пікірталасқа құрылған радиохабарлар және оларға қойылатын талаптар. "Дөңгелек столды" ұйымдастыру және жүргізу.
Деректі-көркем жанрлар.
Радиоочерк публицистік жанр ретінде. Очерктің жанрлық табиғаты. Очеркте әлеуметтік, публицистік және көркемдік шешімдердің тоғысуы. Очерк құрылымы. Радиоочеркте кейіпкер бейнесін сомдау үшін көркем бейнелеу тәсілдерін қолданудың маңызы. Радиоочерк тілі мен стиліндегі өзгешеліктер. Радиоочерк пен телеочерк арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.
Қазіргі хабар таратудағы очерк мәні. Телевизия мен радиодағы сатиралық жанрлардың орны мен маңызы. Радиофельетонның жанр ретінде қалыптасуы мен дамуы. "Көреген" сатиралық радиожурналы. Қазақ радиосының көркем жанрларды дамытудағы ізденістері. Суреттеме, эссе. Радиокомпозиция: құрылымы мен шығармашылық болмыс-бітімі.
Радиохабар таратудың қазіргі түрлері.
Қазіргі кезеңдегі радиохабар тарату қызметінің негізгі әдістері мен пішіндері. Ресейлік радиохабар тарату тәжірибесі. Американдық және европалық радиохабар таратудың бүгінгі модельдері. Қазіргі заманғы радиохабар таратудың форматтық ерекшелігі. Ақпараттық радиохабар тарату. Ақпараттық-музыкалық радиохабар тарату. Музыкалық-ақпараттық радиохабар тарату. Музыкалық радиохабар тарату. Қазақстандық радиохабар таратудың қазіргі жайы. Қазақстандық коммерциялық арналар мен Қазақ радиосының хабар тарату режимдері. Радиотолқындағы пікір саналуандығы. Мемлекеттік және коммерциялық радиохабар тарату. Әртүрлі меншік формасындағы радиостанциялардағы журналистік еңбектің айрықшалығы. Қазіргі радиостанциялардың түрлері. Тақырып, хабар тарату әдісі бойынша жіктелуі.
Жаңалықтар топтамасы - радиохабар таратудағы маңызды шығармашылық өнім және оның әртүрлі редакцияларда қамтылуы. Радиохабар таратуда тыңдармандардың танымдық сұранысын қанағаттандырудың мәні. Ойын-сауықтық хабарлардың үлесі. Көркемдік хабарлардың эстетикалық табиғаты. Әдеби-драмалық радиохабарлар. Театр, кино, эстрада өнеріндегі көркемдік тәсілдердің радиоға ықпалы. Драмалық хабарлардың көркем шығармашылықтың бір түрі ретінде дамуы. Әдеби және драмалық радиохабарларды әзірлеудегі ізденістер.
Радиохабар таратуды жоспарлау мен кестелеудің негіздері. Хабарды тарату кестесі. Жаңалықтар топтамасының түрлері және оларды эфирге берудің тәртібі. Бағдарламалардың композициясы. Монтаж және оның хабарлар ретін жүйелеудегі маңызы.
Радиожурналистиканың қазіргі заманғы техникалық құралдары. Микрофондар және олармен жұмыс істеудің ерекшелігі. Репортерлер, диктофондар, дыбысты жазып алатын цифрлық құралдар. Дыбысты өңдеу технологиясы және оның түрлері. Монтаждауды үйлестіру және басқару құралдары, дыбысты деңгейлестіру. Дыбыс пен сазды өңдеуге арналған компьютерлік бағдарламалар.
Радиодағы журналистік мамандықтар және олардың техникалық және қызмет көрсетуші мамандармен үйлесімді жұмыс істеуі.
Радиохабар таратудағы инновациялық технологиялар. Цифрлық радиохабар таратудың дамуы. Интернет арқылы радиохабар тарату.
Дыбысталған сөз – басты бейнелеуші құрал. Радиожурналистиканың бейнелеуші құралдары ретінде саз бен табиғи орта шуының мәні. Радиожурналистикада және көркем қойылымдық хабарларда музыкалық безендірудің ерекшелігі.
Радиожурналистиканың пішіндік бейнелеуші құралдары. Радиожурналистиканың стильдік бейнелеуші құралдары.
Радиожурналистің шығармашылық шеберханасы.
Тікелей эфир хабарын жүргізуші және оның шығармашылық мінез-құлығы. Эфир алдындағы әзірлік. Радиожурналист жұмысындағы сөз қарым-қатынастары. Репортер шеберлігінің қырлары. Ақпараттық-музыкалық хабар жүргізушілердің кәсіби біліктілігін қалыптастыру.
Радио арқылы әңгімелесу шеберлігі. Әңгімелесудің құрылымы. Оның түрлері.
Радиожурналистика шығармашылық түрі ретінде. Радиодағы дерек, оны жинақтаудың ерекшелігі. Радиохабарлардың сапасын айқындау. Радиотолқында қарым-қатынас жасаудың психологиялық ерекшелігі.
Дауыс радиожурналистің басты еңбек құралы ретінде. Дикторлық шеберлік және оған қойылатын талаптар. Сөзді мәнерлеп жеткізудің маңызы. Сөйлеу техникасы. Хабарлардың сипаты мен жанрына байланысты өзгермелі талаптар.
Эфир фельетонының ерекшелігі және журналист шеберлігі. Радиофельетон шынайы шығармашылықтан туады. Оны жасау шын таланттар мен шеберлердің ғана қолынан келеді.
Журналистикадағы деректердің шынайылығы мәселесі. Радиожурналист қызметін реттейтін құқықтық және этикалық талаптар. Қазақстанның БАҚ-қа қатысты заңдары. Қазақстан Республикасының тіл саясаты және мемлекеттік тілде ақпарат таратуда қолданылатын нормалар.
Радио аудиториясы. Радиохабар таратудың экономикалық негізі.
Аудиторияның құрылымы және оларды қызықтыратын жайлар. Мотивтер. Электронды БАҚ пәрменділігі мен тиімділігі. Аудиторияны типтеу мәселелері. Аудиторияны ғылыми зерттеудің ғылыми негіздері. Ақпаратты қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері.
Аудиторияны зерттеу әдістері - сұрау салулар, бақылау, құжаттарды талдау, эксперимент. Телефонмен хабарласу, электронды почта, Интернет арқылы аудитория талап-тілектерін білу. Байқаулар, лотерея ойнату, сый тарту арқылы аудиторияны кеңітудің мүмкіндіктері.
Радиохабар таратудың экономикасы мен менеджменті. Радиохабарлардың рейтингі. Радио жарнама мен PR-технологияның негіздері. Жарнама сценарийін жазудың принциптері. Юмор - назар аудартудың пәрменді тәсілі ретінде. Жарнама жасаудағы шығармашылық ізденістер. Жарнама тиімділігін айқындау.
Әлемдік радиотарату ісіндегі қазіргі үрдістер. Ашық қоғам
Жаһандану және журналистика. Ақпарттың еркін ағымы және журналистің рөлі. Ақапарттық кеңістігіміздің қауіпсіздігі.
Қазақстанда ұлт тілдерінде хабар даярлау және таратудың тәжірибесі.
Қазақ тілінде әуе толқынына хабар тарататын шетелдік радиостанциялар мен бағдарламалар (ҚХР, Ресей Федарациясы, Иран Ислам Республикасы, Монғолия, Түркия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы және басқалар).
Қазақстаннның шет елдерге радиохабар таратуының негізгі принциптері: тарихы мен болашағы. Шетелдік аудиторияға таратылатын хабардың ерекшеліктері.
Шет елдік радиостанциялардың Қазақстанға хабар таратуы. Ресей мен Қазақстан: ынтымақтастықтың бүгінгісі мен болашағы. "Азаттық", «Бай өлке» радиолары. Радионың шетелдегі тілшілерінің жұмысын ұйымдастыру ерекшелікгері. Қазіргі әлемдегі журналист рөлі.
Танымал радиожурналистердің шығармашылық лабораторияларымен таныстыра, бүгінгі күн мәселелерімен байланыстыра келе, тыңдарман аудиториясын жинау тәсілдерінің қыр-сырын тани білуге баулу. Дыбыс жазу құралдарымен жұмыс істеуге, сценарий жазуға үйрету. Факультет ішінде берілетін студиялық хабарлардан бастап, республикалық эфирге дейін хабарлар дайындаудың технологиясын тәжірибелік тұрғыда үйрету.
Хабар жасау процесі кезінде техникалық жұмыс тәсілінен хабардар етіп қана қоймай, олардың болашақта студиялық инженер емес, журналист болатындықтарын үнемі жадыда ұстай отырып, шығармашылыққа қанаттандыру межеге алынады. Электронды құралдарды шеберлікпен пайдалануды үйрету жолға қойылады. Техника тілін меңгере білумен қатар, тілдік, жанрлық сапасы жағынан тыңдарман аудиториясына жол таба алатын хабарларды эфирден шығаруға үйрету пәннің негізгі міндеттерінің бірі.
Болашақта студенттердің техникалық құралдармен жұмыс істеуді жете меңгеріп, өздері жасаған хабарларын оператордың, режиссердің көмегінсіз-ақ эфирге шығаруына мүмкіндік жасалынады. Телерадиожурналистің басты құралы — видеокамеремен, репортермен ғана жұмыс істеу, тек дыбысты жазып әкелумен шектелу өмір талабына жауап бермек емес. Компьютер заманында, электроника дәуірінде өмір сүретін журналистер дайындау басты мақсат болуы қажет екенін ескере отырып, жаңа технология түрімен таныстыру да ескеріледі.
Техникалық құралдармен жұмыс істейтін болғандықтан сабақ студиядағы құралдармен, цифрлы құралдармен, микшерлік магнитофондармен, цифрлы камералармен объектілерде жүргізіледі.
Объектілерде, көшелерде жұмыс істеу барысында студенттер техникалық құрал сырын меңгеріп қана қоймай, журналистік этикаға, адамдармен сұхбаттасуға да дағдыланады. Хабар кейіпкерлерінің психологиясын, жан-дүниесін, дүниетанымын тануға бейімделіп, журналистік шеберліктерін дамытуға да сабақтың бұлай өтуі өз әсерін жасайды.
Радиожурналистиканың студиядан тыс құралдары - стационарлық және жартылай стационарлық трансляциялық пунктер. Жылжымалы студиялар. Оқиға орнынан хабар трансляциялау радиоүндесу, радиокөпір сияқты хабар формаларының тікелей эфирмен байланысы. Радиожурналистің тікелей эфирдегі тапқырлығы, ұтымдылығы, импровизацияны меңгеруі т.б. қасиеттері жайлы әңгіме.
Алдымен типтік оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптарға арналып бөлінген сағаттар бойынша лекциялар өтіледі. Сабақтың негізгі саласы болып табылатын радиохабарлардың технологиясы деп аталатын бөлімге дейін құрал-жабдықтармен таныстыру сағаттары өткізіледі. Радиожурналистің негізгі құралы "Репортермен" жаттығу жұмыстары бірнеше сағатқа созылады. Өйткені, магниттік дыбыс жазудың сапалы, сапасыз болуы тікелей репортермен жұмысқа байланысты. Репортерлік магнитофондардың бөлшектерін, тетіктерін, микрофонды, ток көздерін орналастыруды, пайдалануды жетік үйрету қажет. Үнтаспалардың түрлері және оны пайдаланудың тәсілдері де көрсетіледі.
Оқу жоспарында көрсетілген сағаттардың бірнеше сағатын осылай техникалық жабдықтармен өткізген соң микрофон алдында сөйлеп үйрену сәті басталады. Топ ішіндегі өнерлі, өрелі балалардың шығармаларынан үзінділер оқытып, дауыс ырғағына, интонациясына, дикциясына көңіл бөлу қажет. Осындай сабақтардың барысында болашақ радиожурналистерді яғни радиожурналистикаға қабілеттілерін сараптап алу мақсатына көңіл бөлінеді. Сонымен бірге микрофон алдында өздерін ұстауға бейімдеу қажет.
Енді репортермен, микрофонмен етене таныс болған студенттер сыртқы ортаға шығып, адамдармен сұхбаттасуға, пікірлесуге батыл бара алатындай болады. Осы кезде объектімен тіл табыса алу, сөзге тарту тәсілдері үйретіледі. Ол үшін студент қаңдай тақырыпта сөйлеседі және қандай сұрақтар қойылатыны алдын ала дайындалады. Сұрақтан сұрақ туатын сәттерін, әңгіме барысында хабар мазмұнының өзгеру мүмкіндігі, әңгіме сарынының басқа тақырыпқа ауысуына қарай студент-журналистің тақырыпқа дайын болуы қадағаланады. "Мына сұрақты койған кезде, әңгімелесуші адам мынадай жауап беруі мүмкін, сол кезде мынадай сұрак дайын тұруы керек", - деген сияқты дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Келесі этапта радиохабар жасаудың алғы шарты - сценарий жазуға ден қойылады. Өмір құбылыстарының көптеген салалары жайында тақырыптар беріледі. Мысалы:
Ауыл жайы толғантады.
Өнерпаз болсаң - арқалан.
Махаббатсыз - өмір тұл.
Жақсыдан - шарапат.
Жатақхана жайлы ма?
Егер мен ел басқарсам...
Өзектегі ой.
Жастар - ел болашағы
Махаббат күні
Сен мәдениеттісің бе?
"Махаббатсыз - өмір тұл" атты хабарға студенттер жақсы атсалысады. Өйткені, жастар өміріндегі өзекті мәселелердін бірі - махаббат такырыбы. Әдемі, әуезді сөйлеу, эмоциялық әсер беретін хабарлар жасауға үйретуде мұндай тақырыптардың берері мол. Ал, "Жақсыдан - шарапат" деген айдарда өмірі, ісі, еңбегі жастарға үлгі боларлықтай тұлғаны тауып, сұхбат жүргізу. Мұның өзі студенттің өмірге, адамдарға көзқарасын қалыптастыруға, заманға, қоғамға пайдалы істер істеуге ұмтылдырып, қоғам мүшелерін бағалауға тәрбиелеуде әсері болатындығын көрсетеді.
Ал, енді "Жатақхана жайлы ма?", "Егер мен ел басқарсам..." сияқты тақырыптар келелі проблемалар көтеріп, соны шешудің жолдары жайлы пікірлер, ұсыныстар жасауға тиімді ықпал етеді. "'Өзекті ой" тақырыбын алатын болсақ, жеке тұлға, адам ретінде студент өзінің ойында жүрген, жан-дүниесін толғандырып, өзегін өртейтін жайларды сыртқа шығарып, сол негізде публицистикалық сарындағы хабарлар жасаудың басты қадамы басталмақ.
Аталмыш тақырыптарға жазылған сценарийлер топ алдында талданып, пікір ұсыныстар ұсынылып, соның негізінде өзгертулер енгізілуге немесе жақсы жоба бойынша бірден хабар жасауға жолдама беріледі. Хабар барысында қойылатын сұрақтар да талқыға салынады. Осылайша кесіліп, пішілген сценарлық жоба қабылданып, қажетті ұпай қойылады.
Келесі кезекте сценарийге қажетті үнтаспаны дайындау процесі басталады. Алдын ала дайындалған сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізуге студенттер жіберіледі. Оның алдында техникалық дайындықтары бақыланады.
Жазылып алынған үнтаспаның сапалылығын тексеру мақсатында операторға көшіруге беріледі. Егер дыбыс сапалы жазылған болса оны монтаждау процесі басталады. Сонан соң авторлық мәтінді (подводканы) жазу қолға алынады. Студиядағы студенттің дауысын хабар барысына қарай қадағалап, мәнерлі етіп, сөз мағынасына мән бере оқып шығуы бақыланады. Осылайша студияда жұмыс жасау бірнеше сағатқа созылады.
Ендігі жерде жинау процесі қолға алынады. Хабардың беташарын дайындау, музыкалық, техникалық көркемдік кезеңі басталады. Техникалық өңдеу, компьютерлік монтаж жасауға оператор көмек көрсетеді. Ал, музыкалық көркемдік және дауыстың койылуы сияқты мәселелерге режиссуралық қызмет қажет. Алайда оны студенттер өздері атқарады. Өйткені, нарықтық экономика тұсында болашақ журналистерге бірнеше функцияларды атқаруға тура келеді.
Міне, осылайша радиохабардың дыбыс жазудан эфирге дейінгі кезеңі жүзеге асырылады. Сабақ барысында компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін пайдаланып, роликтер жасауға, аудитория жинаудың әдіс-тәсілдерін үйретуге де көп көңіл бөлінеді.
БАҚ ретіндегі рөлі мен орны, қоғамдық міндеттері, тарихы және технологиясының даму кезеңдерін түгел қамтиды. Сол сияқты онда радиожурналистиканың жанрлары мен пішіндерінің қалыптас
25 12 2014
23 стр.
Закирова Дильнара Икрамхановнаның «Адамгершілік потенциал – бұл Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы»
06 10 2014
1 стр.
Бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы»
25 12 2014
76 стр.
05 09 2014
1 стр.
05 09 2014
9 стр.
Тас дәуіріндегі Қазақстан. Қазақстан тарихының ежелгі кезеңінің шаруашылығы және әлеуметтік ұйымдасуы
15 09 2014
1 стр.
18 12 2014
6 стр.
25 12 2014
3 стр.