Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 6страница 7
«Астана қаласы

Алматы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Астана – 2012 жыл

Мазмұны бет


  1. Астана қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының миссиясы мен

пайымы 3


  1. Ағымдағы ахуалды талдау және қызметіндегі тиісті салалардың

даму үрдісі 3


  1. Стратегиялық бағыт, мақсат, міндеттер, мақсатты индикаторлар,

іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері 10


    1. Стратегиялық бағыт, мақсат, міндеттер, мақсатты индикаторлар,

іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері 10


    1. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын

мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестендіру 18



  1. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту 19




  1. Ведомствоаралық өзара әрекеттесу 20




  1. Тәуекелдерді басқару 24




  1. Бюджеттік бағдарламалар 25

7.1. Бюджеттік бағдарламалар 25

7.2. Бюджет шығындар жинағы 33

1-бөлім. Астана қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының

миссиясы мен пайымы
Миссиясы. Астана қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының (бұдан әрі - Аппарат) негізгі миссиясы атқарушы биліктің Астана қаласы Алматы ауданының аумағын дамытудың мүддесі мен мұқтаждылығымен қатар жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу, аудан тұрғындары өмір сүруінің қолайлы жағдайын жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру болып табылады. Осы миссия Аппарат азаматтардың хаттарын, өтініштері мен арыздарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шара қабылдау, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға ықпал ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Аппарат әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және Астана қаласы мәслихатының қарауына енгізу үшін Астана қаласының әкімдігіне ұсыну арқылы іске асырады.

Пайымы. Менеджменттiң қазіргі заманғы талаптарына сай келетiн, ауданды мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесі есебінен Астана қаласы Алматы ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, жергiлiктi мемлекеттiк органдардың сапалы сектораралық өзара іс-қимылы.
2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және қызметіндегі

тиісті салалардың даму үрдісі
1-стратегиялық бағыт. Астана қаласы Алматы ауданының экономикалық дамуына көмек көрсету
1.1) Реттелетін сала дамуының және жұмыс аясының негізгі параметрлері
2009 жылы Алматы ауданы бойынша негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 135,8 млрд. теңгені, бір тұрғынға 427,2 мың теңгені құрады. Бір тұрғынға өнеркәсіп көлемі 151,2 мың теңгені құрады.

2010 жылы негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 73,4 млрд. теңгені, бір тұрғынға 214,7 мың теңгені құрады. Бір тұрғынға өнеркәсіп көлемі 149,2 мың теңгені құрады.

2011 жылы негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 119,7 млрд. теңгені, бір тұрғынға 330,9 мың теңгені құрады. Бір тұрғынға өнеркәсіп көлемі 264,7 мың теңгені құрады.

Ауданның құрылысына және күрделі жөндеуге 93 млрд. 98 млн. теңге бағытталды, аталған көрсеткіш 2010 жылдың деңгейінен 58,5% жоғары.

Ауданның тұрғын үй құрылысына 34 млрд. 667 млн. теңге инвестициялар жұмасалынды, бұл 2010 жылдың көрсеткішінен 18,7% артық.

Алматы ауданының кәсіпорындарымен қолданыстағы бағалармен 94 млрд. 363 млн. теңге өнім (тауарлар мен қызметтер) өндірілді (қаланың өнеркәсіптік өнімдері көлемінен 57,6%-ы).

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығының қарсаңында «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақта вагондарды жинайтын «Тұлпар Тальго» зауыты, сэндвич-панельдерді өндіретін зауыт пен көкөністерді өсіретін жылыжай кешені іске қосылды.

Алматы ауданы бойынша бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемі өткізудің барлық арналары бойынша нақты бағаларда 161 млрд. 587 млн. теңгені құрады.

Есепті кезең бойынша елорданың кәсіпорындарымен, ұйымдарымен және тұрғындарымен 1 млн. 403 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде Алматы ауданы бойынша 679 196 шаршы метр, бұл елордада іске қосылған жалпы тұрғын үйдің 48 % құрайды.

Осылайша, Алматы ауданы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2002 жылдан 2011 жылға дейінгі кезең аралығында 5,5 млн. шаршы метрден артық құрайды.

Бүгінгі күні аудан экономикасының негізі 134 ірі және орташа өнеркәсіптік кәсіпорындар, сонымен қатар 28 мың белсенді қызмет ететін шағын бизнестің субъектілері болып табылады. Соңғы 1,5 жылда ауданда 10-нан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар, олардың ішінде «Стоун Хаус», «Ақкент», «Объединение Сайран», «АстанаЭкоСтандарт» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және Индустриялық парк аумағында бірқатар өндіріс ашылды.

Астананың кәсіпорындарымен, ұйымдарымен және тұрғындарымен 460 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылса, оның ішінде Алматы ауданы бойынша 247 мың шаршы метр немесе 57 % қосылды. Нәтижесінде құрылысқа және күрделі жөндеуге 12 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Жалпы алғанда 2012 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша бюджетке түсімдердің болжамы 110% орындалды, жоспарланған 18 млрд. теңгеден 20,3 млрд. теңге келіп түсті, өсу қарқыны 123% құрады.
1.2) Негізгі проблемаларды талдау
Қазіргі таңда кәсіпорындардың көптеген өнімдері сыртқы және ішкі нарықтарда бәсекелесе алмайды, оған себептердің бірі сапаның жаңа стандарттарының болмауы болып табылады. Қалыптасқан дағдарыс факторлары болғандықтан отандық өнімдерге сұраныс пен ұсыныс жоқ, өйткені кейбір кәсіпорындар ескі технологияларды, жоғары моральды және нақты тозған жабдықтар мен машиналарды пайдаланады.

1.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Сыртқы және ішкі нарықтарда аудан кәсіпорындары өнімдері бәсекелестігінің жоғарылауына және сапасының жақсаруына көмек көрсету.

Экономиканы жетілдіру, ескірген жабдықтарды ауыстыруда және қайта жаңғыртуда кәсіпорындарды мүмкіндігінше қолдау.

Шағын және орта бизнесті қолдау.
2-стратегиялық бағыт. Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету
2.1) Реттелетін сала дамуының және жұмыс аясының негізгі параметрлері
2008 жылы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен үйде көмек көрсету бойынша 83 мүмкіндіктері шектеулі балаларға және 90 жалғыз басты қарт адамдарға, ал 2009 жылы 88 мүмкіндіктері шектеулі балаларға, сонымен қатар 91 жалғыз басты қарт адамдарға немесе 2008 жылға қарағанда 1,03 % пайызға артық көмек көрсетілген. 2010 жылы нақты көмек көрсетілгендердің саны 183 адамға дейін көбейтіліп, жалғыз басты қарт адамдар саны 97 және мүмкіндіктері шектеулі балалар саны 86 құрады. Осылайша, аудан бойынша карточка есебінде 114 мүгедек балалар, 66 жалғыз басты өте қартайған адамдар бар. Ауданда осы мақсаттарға жету үшін, үйде мұқтаж азаматтарға 4 әлеуметтiк көмек бөлiмшесі жұмыс iстейдi, соның ішінде 2 ересектерге және 2 балаларға арналған бөлімшелер. Әлеуметтiк қызметкерлердiң штат саны 71 бiрлiктi құрайды.

Ересек бөлiмшенiң әлеуметтiк қызметкерлерi жалғыз басты қарттарға түскi тамақты даярлауға, бөлменi жинауға, қажеттi азық-түлiк, шаруашылық және дәрi тауарларын сатып алуға, зейнетақы, атаулы әлеуметтiк көмек және жәрдемақы құжаттарын ресiмдеуге көмек көрсетеді. Олармен керек жағдайда емханаға қоса барады.

Сонымен қатар, бала бөлiмшесiнiң әлеуметтiк қызметкерлері мүмкiндiктерi шектеулi балалардың ақтауы бойынша шаралар өткiзедi, атап айтқанда балаларға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсетедi, балалармен ірі және ұсақ моторикасы дамитын «Шеберлік» үйірме жұмыстары бойынша, сонымен қатар гидротерапия (суда жаттығу), иппотерапия (атпен шабу) бойынша балалармен сабақ өткiзедi. Түнгі қалада қыдыру, қалалық демалу саябағына шығу, қала сыртына табиғатқа, сонымен бірге Бурабай демалыс курорт аймағына бару жұмыстарын ұйымдастырады.

2010 жылы жасы бойынша 3 бала, қаза болған 2 бала, сонымен бірге арнайы мектеп пен түзету орталықтарына ауысу бойынша 11 бала есептен шығарылған.



2.2) Негiзгi проблемаларды талдау
Көптеген ата-ана көзқарасына қарағанда, 18 жасқа толған балаларды қызмет көрсету есебінен шығару дұрыс емес деп есептеледі. Әрі қарай ақталуға және қатынасуға мүмкіндік ала алмай оқшауланады және осы жерден бастап олардың әрі қарай дамуы тоқтайды. Олардық психологиялық және ішкі күйін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсету 21 жасқа дейін ұзартылса, дұрыс шешім болар еді.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың толық түзелуіне аумақтық балаларға қызмет көрсету орталығын ашу тиімді болар еді. Қызмет көрсету жүйесіне келесі мамандар кірер еді: музыкалық қызметкер, емдеу дене тәрбиесінің нұсқаушысы, неврапотолог, логопед, дефектолог, психолог, үйірме жұмысының жетекшісі, заңгер, медициналық қызметкер. Сонымен қатар, бұл орталықта уқалау қызметі, бассейнде және жаттығу залында толық мөлшерде қызмет көрсетілер еді.

Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік нарығында кеңселік бөлмелерді жалға алуға көптеген ұсыныстар бар, бірақ негізгі мәселе жалға алған бөлмелерде жағдайлардың болмауы. Мысалы, бөлменің бірінші қабатта және онда мүгедектер арбасын көтеретін пандустың болуы, 125 шаршы метрден кем болмауы, санитария және өртке қарсы талаптарға сай болуы, жеке кіретін және шығатын есіктің болуы, сонымен қатар қамқорға алынғандардың мүгедектер арбасын қоюға холлдың 22 шаршы метрден кем болмауы, олардың үш бөлмеден тұруы, соның ішінде ойын, логопед және психологиялық түзету, ұсақ моториканы дамыту үшін қолданбалы техника үйірмесі кабинеті, бөлме Астана қаласы Алматы ауданы аумағында, автобус және бағыт таксиі аялдамасы жанында орналасуы тиіс. Ең басты қойылатын өлшем – бөлмеде балалар болған уақытта ерекше жайлы атмосфера, қысқы уақытта бөлмеде тұрақты 25-270 С температуралық тәртiп, кабинет күн түсетін жақта болуы тиіс.

Мәселелердің бірі әлеуметтік қызметкерлерге бағыттық таксиде жеңілдікпен жүруді алып тастау, сондықтан алыс жақта орналасқан балаларға көмек көрсету мүлде мүмкін емес. Сапалы көмек көрсету үшін бағыттық таксиде жеңілдікпен жүру билетін қалпына келтіру дұрыс шешім. Үйде әлеуметтік көмек көрсету үшін жеңілдікпен жүру билеті басты көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде көмек көрсету бөлімшесінің негізгі мәселесі – мамандардың еңбекақысының төмендігінен кадр алмасуы, ал ол көрсетілетін қызмет сапасына әсерін тигізеді.
2.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Бiздiң аудан халықтарының тұрақты көшiп-қонуы сыртқы фактор болып табылады. Тұрақты тұратын жерi және тiркеуі жоқ азаматтардың анықталуы бойынша мәселенi шешу керек, өйткені тiркеудiң жоқтығы, мүмкiндiгi шектеулi баланы тәрбиелеушi азаматтардың анықталуын қиындатады. Бұл жүйенiң қалыпты жұмыс жасауына әлеуметтiк қызметкерлер «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон комитеті» мемлекеттік мекемесімен, сонымен қатар құқық қорғау және бақылау органдарымен толық байланыста жұмыс iстеу керек.

Ішкі факторларға кадр алмасуы, мүмкіндігі шектеулі балалардың дағдыланып сенетiн мамандардың тұрақты ауысымы, сонымен қатар үйдегі мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша міндеттерді сапалы орындау үшін әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жатқызу қажет.


3-стратегиялық бағыт. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын қолдау
3.1) Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері
Алматы ауданы аумағында 2010 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 23 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме, 13 жеке балабақша, 1 мемлекеттік шағын орталық қызмет етеді. 2011 жылдың соңына дейін 4 жаңа мемлекеттік балабақшаны пайдалануға беру жоспарланып отыр.

2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы мектепке дейінгі балалар мекемелерінде орын саны 6215 бастап 8600 орынға дейін немесе 38,4% өсті. Бұл балабақшаларда орын тапшылығын қысқарту бойынша мемлекет саясатының арқасында болып отыр. Аталған бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2010 жылы нысаналы белгіленуі бойынша бұрынғы балабақшаның 6 ғимараты қайтарылды және қосымша 1300 орын құрылды. Бұл мынадай мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар:

№ 16 «Шағала» балабақшасы - 80 орын;

№ 46 «Самал» санаторий балабақшасы - 220 орын;

№ 47 «Ақ желкен» балабақшасы - 240 орын;

№ 48 «Ақ көгершін» балабақшасы - 200 орын;

№ 49 «Алтынай» балабақшасы - 250 орын;

№ 50 «Жұлдыз» балабақшасы - 90 орын.


3.2) Негізгі проблемаларды талдау
Мына мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарда күрделі жөндеу жүргізу қажет: «№ 8 «Думан» балабақшасы», «№ 23 «Алтын бесік» балабақшасы», «№ 24 «Айналайын» балабақшасы», «№ 32 «Балдаурен» балабақшасы», «№ 33 «Алтын дән» балабақшасы».

Мектепке дейінгі мекемелердің әлсіз материалдық-техникалық базасы стратегиялық бағыттың мақсатын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік бермейді. Жыл сайын бюджетте балабақшаларды материалдық-техникалық жабдықтауға шығыстарды көздеу қажет.

Балабақшаларда орын тапшылығы проблемасын жаңа балабақшаларды салу, жеке балабақшалар мен шағын орталықтарда мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру есебінен шешу қажет.
3.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруы сыртқы факторлардың бірі болып табылады. Осы фактор есебінен жалпы ел бойынша, атап айтқанда, елордада бала туу көрсеткіші өсті. Екінші фактор – тұрғындар мен балабақшаға мұқтаж балалар санының өсуіне әкеп соқтыратын, елордаға көшіп келушілердің ағымы. Мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығы мәселесін реттеу үшін қаладағы бала тууына, халықтың көшіп келуіне тұрақты талдау жүргізу, алынған мәліметтерге сүйене отыра қалада жаңа бала бақшаларды салуды жоспарлау қажет.

Ішкі факторға «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі мектепке дейінгі мекемелер объектілерін уақтылы және сапалы іске қосуын жатқызуға болады.


4-стратегиялық бағыт. Астана қаласы Алматы ауданы тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында сапаны жақсарту
4.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Стратегиялық бағыттың мақсаты Алматы ауданы халқы үшін тұруға арналған қолайлы жағдайларды туғызу болып табылады. Ауданда бұл мақсатқа жету үшін пайдалану, ауданның сыртқы жарық желілерін ұстау және ағымдағы жөндеу және электр жарығы желілерінде дер кезiнде кемшiлiктердi жою, жоспарлы - алдын алу жұмыстарының өткiзу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар, адамдардың тұру және болуының жайлы және қауiпсiз шарттарын қамтамасыз ету үшін қажетті жарықтандырылмаған және жартылай жарықтандандырылған бөлiмшелер мен шағын аудандарда қосымша жарық берушi құралдары қойылуда, кешкi және түнгi уақытқа жол және жаяу қозғалысының қауiпсiздiк деңгейлерi орнатылуда.

Аппарат 2010 жылы көшелерді жарықтандырудың ағымдағы ұсталуы – 4313,5 квт/сағ., ішкі орам ішіндегі – 302 бірлік шам, қызмет көрсету және автоматтандырылған басқару жүйесін жөндеу - 104 дана, сәнді көмескі жарықтандырудың ағымдағы ұсталуы – 121 ғимарат бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі: тротуарларды механикаландырылған және қолмен жинастыру жұмысы, бақ және саябақ жинау, сонымен қатар ішкі орам аумағын жинау. Аудандағы қар суы және жаңбыр суына нөсерлі кәріз жүйесi және тасқынға қарсы шаралар жұмыс iстейдi. Контейнерлiк алаңдар және қоқыс контейнерлер орнатылуда және жөндеуi бойынша жұмыстар жасалады.

Сонымен қатар, көшелерді механикаландырылған жинастыру – 3 458 841 ш.м., көшелерді қолмен жинастыру – жалпы көлемі 4 990 208 ш.м. құрайды, бақ және саябақ жинау – 392 872 ш.м., ішкі орам аумағын жинау – 13 631 634 ш.м., нөсерлі кәрізді пайдалану – 19593,69 м/сағ, контейнерлiк алаңдар орналастыру 208 бірлік, рұқсат етілмеген қоқыс жерлерін жою және шет аймақтарды ағымдағы ұстау – 1800 куб/м, 857 дана қоқыс контейнерлерін сатып алу.

Аудан аумағында тұрғын үй және шағын аудандарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мысалы, ағаштар мен бұталарға қарау жұмысы, көгалдарды құру, жөндеу және егу, гүл отырғызу. Тұрғын үй ғимараттарын сәндiк жарықтандырумен ресiмдеу, ғимарат және оларды мерекелiк ресiмдеу, ақпараттық аншлагды жасау және орнату, қоршауларды және аялдама кешендерiн ұстау, фонтандарды жөндеу және консервациялау, бақтар және саябақтар, ескерткiштер және мүсiндiк ғимараттардағы сәулеттендiрудiң элементтерiн жөндеу, мұзды сырғанағыш және үсiнген фигуралары орналастыру, алабота және арамшөптi шабу және «Мәңгiлік оттың» ұсталуы.

Туысы жоқ адамдарды жерлеу және зираттар және жерлеудiң басқа орындарының тиiстi күйiнде ұстау бойынша 25 000 ш.м. қоғамдық жұмыстар жүргізіледі.


4.2) Негізгі проблемаларды талдау
Әр жыл сайын елорда дамиды, өседі, жолдар салынады, көшелерді жарықтандыру жақсарды, бақтар, саябақтар салынады, көгалдандыру және ішкі орамдарды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі, осыған байланысты ауданды ұстауға шығын артады. Аудан аумағында коммуналдық меншіктегі мүлікті бүлдіру, ұрлау, ұқыпсыз қатынас кездесетіндігін атап өткен жөн. Осы айғақтарды жою және жол бермеу үшiн бақтар, саябақтар және кіші сәулеттік нысандар аумағын қорғауды қамтамасыз ету керек, сондай-ақ аула ішіндегі мүлікті пәтерлер иелерінің кондоминиумы теңгеріміне тапсырудың тетігін жетілдіру қажет.

Жерлеу орындарын ұстау қалалық зиратты тиісті түрде ұстауға мүмкіндік береді. Жалғыз басты қарт адамдарды және туысы жоқ адамдарды уақтылы анықтау, қылмыс деңгейін төмендету, адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту жөніндегі жұмыстар туыстарын таба алмай жүрген адамдар өлімін қысқартуға мүмкіндік берер еді.

Сонымен қатар, аудан аумағында тұрмыстық қоқыс, өндiрiс қалдығын тастау, ішкі тұрғын орамда, жалпыға арналған жерлерде, су бөлетiн бағандар жанында, суаттарда және адамдардың жаппай демалыс орындарында көлікті жуу, тазалау және жөндеу жіберіледі. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және айыппұл санкцияларын қолдану керек.
4.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Осы стратегиялық бағыт бойынша сыртқы факторға ауа райы жағдайлары болып табылады, ол жұмыстардың дер кезінде орындалмауына әкеп соқтырады. Жауын-шашынның қар, жаңбыр түрінде кенеттен мол жауған кезінде, аумақты уақтылы тазартуын қамтамасыз ету үшін қосымша техника, қосымша еңбек ресурстары қажет. Сонымен қатар электр жеткізу желілері бойынша авария болуы мүмкін, ол кейбір қолайсыздықтарға, тұрғындар жағынан ашуға және толқуға алып келеді. Бұл фактор аудан мүлкінің, абаттандырудың және көгалдандырудың бұзылуына әсер етуі мүмкін. Жоғарыда көрсетілгендерді жою үшін жұмысшылар жұмыс жасау және кемшіліктерді жою бойынша дер кезінде шара қолдануға дайын болуы керек.

Ішкі факторға көбінесе адам факторы жатқызылады. Мысалы, рұқсат етілмеген, белгімен көрсетілмеген жерлерде көліктерді тұрақтау, сонымен қатар авариялық жағдайлар аудан аумағын уақтылы және сапалы жинауды қиындатады.


3-бөлім. Стратегиялық бағыт, мақсат, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыт, мақсат, міндеттер, мақсаттық индикаторлар,

іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері
1-стратегиялық бағыт. Астана қаласы Алматы ауданының экономикалық дамуына көмек көрсету

1.1-мақсат. Экономикалық секторды дамыту



Мақсатты индикатор

Ақпарат көзі

Өл

шем бір

лігі

Соның ішінде аралық маңыздылықты көрсетумен

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 жыл

(есеп)

2010 жыл

(ағым- дағы жоспар)

2011

жыл

2012 жыл

2013

жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Бір тұрғынға өнеркәсіп өндірісінің көлемі

Статисти

калық мәлімет

тер

%


151,2

149,2

264,7

268

293,3

309,8

327,9

Бір тұрғынға негізгі капиталға инвестициялардың көлемі

Статисти

калық мәлімет

тер


%

427,2

214,7

330,9

235

310,9

349,8

396,8


1.1.1-міндет. Экономикалық секторды қолдау

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері


Ақпарат көзі

Өл

шем бір

лігі

Соның ішінде аралық маңыздылықты көрсетумен

Есепті кезең


Жоспарлы кезең

2009 жыл

(есеп)

2010 жыл

(ағым- дағы жоспар)

2011

жыл

2012 жыл

2013

жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі

Статисти

калық мәліметтер



млрд.

теңге


48,1

51,0

95,7

97

108,9

116,0

123,9

Негізгі капиталға инвестициялар

Статисти

калық мәліметтер



млрд.

теңге


135,5

73,4

119,7

85,7

115,4

131,0

150,0

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне жету үшін іс-шаралар

Жоспарлы кезеңдегі іске асыру мерзімі

2011

жыл

2012

жыл

2013

жыл

2014

жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

1) Салық төлемдерін жинауға көмек көрсету

х

х

х

х

х

2) Инвестицияларды тартуға көмек көрсету

х

х

х

х

х

следующая страница>


«Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

Республикасының заңнамасына сәйкес Аппарат әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және Астана қаласы мәслихатының қарауына енгізу үшін Астана қаласының әкімдігі

782.68kb.

17 12 2014
7 стр.


Ақсу қаласы әкімінің аппараты

Ақсу қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы” Ақсу қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №800/6 қаулысыме

535.83kb.

25 12 2014
3 стр.


Ақсу қаласы Қалқаман ауылы әкімінің аппараты

Ақсу қаласы Қалқаман ауылы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы”Ақсу қаласы әкімдігінің

466.67kb.

25 12 2014
4 стр.


Ақсу қаласы Үштерек ауылы әкімінің аппараты

Ақсу қаласы Үштерек ауылы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы”

406.82kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қызылсай селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Қызылсай селосы әкімінің аппараты»

«Қызылсай селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) село әкімінің қызметін ақпараттық талдау тұрғысынан

38.6kb.

25 12 2014
1 стр.


«Райымбек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылының мәдениет үйіне күрделі жөндеу»

«Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылының мәдениет үйіне күрделі жөндеу» жұмыстарына мемлекеттік сатып алуға ашық конкурс өткізетіндігі жайлы хабарландыруы

28.18kb.

04 09 2014
1 стр.


«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Теңге ауылы әкімінің аппараты»

«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) ауылы әкімінің қызметін ақпараттық талдау тұрғысынан

46.18kb.

25 12 2014
1 стр.


2011 жылғы «6» қаңтардағы №875 Бородулиха ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілді «ШҚо бородулиха ауданы Степной ауылдық округі әкімінің аппараты»

«ШҚо бородулиха ауданы Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары

359.32kb.

11 10 2014
1 стр.