Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 мамырдағы №609 қаулысы

«Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 мамырдағы №609 қаулысымен бекітілген



Aтом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптары

1. Жалпы ережелер

1. Осы атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптары «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын анықтайды.



2. Біліктілік талаптар

2. Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персонал үш негізгі санатқа бөлінеді: мамандар, техниктер және жұмысшылар.

3. Мамандар санаты жоғары буын басшылары; аға басшылар (бөлімдер мен секторлардың бастықтары); кіші буын басшылары (аға операторлар, техникалық қызмет көрсету және техникалық қолдау топтарының бастықтары (және олардың орынбасарлары) сияқты басшы лауазымдардағы персоналдан; атом энергиясын пайдалану объектілерін пайдаланумен байланысты қызметпен айналысатын инженерлік және (немесе) ғылыми персоналдан тұрады.

4. Техниктер санаты бақылау-өлшеу құралдарының техниктерінен, радиациялық бақылау техниктерінен, химиялық зертхана техниктерінен, техник-механиктерден, техник-электриктерден және электрондық аппаратура техниктерінен, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану объектілерін пайдаланумен байланысты қызметпен тікелей айналысатын өзге де мамандандырылған персоналдан тұрады.

5. Жұмысшылар санаты дәнекерлеушілерден, слесарьлардан, механиктерден, электриктерден, шахтерлерден, механизмдердің операторларынан және басқа атом энергиясын пайдалану объектіде жұмыс істейтін басқа да білікті жұмысшылар персоналдан тұрады.

2.1. Мамандарға қойылатын біліктілік талаптары

6. Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін мамандар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес және:

1) инженерлік немесе тиісті пәндер саласында (физика, ядролық ғылым және техника) тиісті дипломмен расталған жоғары техникалық білімі;

2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілерінде құжат түрінде расталған кемінде бес жыл жұмыс стажы;

3) тиісті лауазымның қызметтік міндеттеріне сәйкес дайындығын және біліктілігін растайтын сертификаттар мен куәліктер;

4) жұмыс рұқсатына медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын құжаттар (№086/У нысаны бойынша медициналық анықтама) болуы тиіс.



2.2. Техниктерге қойылатын біліктілік талаптары

7. Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін техниктер мынадай қажетті біліктілік талаптарына сәйкес және:

1) тиісті дипломмен расталған инженерлік пәндер бойынша жоғары немесе орта арнайы білімі;

2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес функционалдық және лауазымдық міндеттерге сәйкес құжат түрінде расталған кемінде екі жыл жұмыс стажы;

3) техникалық даярлығын және жұмыс істейтін қызмет саласы үшін базалық болып табылатын (физика, химия, математика, термодинамика және т.б.) ғылым мен техника бөлімдерінің білімін растайтын сертификаттар, куәліктер;

4) ауызша, жазбаша және техникалық ақпаратпен алмастыру дағдылары, сондай-ақ ядролық техника саласындағы және өз қызметі жүзеге асырылатын нақты қондырғының құрылғысы бойынша пайдаланушы ұйым өткізетін емтиханның нәтижелерімен расталған радиациялық қорғау және бақылау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғау жөніндегі білімі;

5) жұмыс рұқсатына медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын құжаттар (№ 086/У нысаны бойынша медициналық анықтама);

6) пайдаланушы ұйым өткізетін емтиханның нәтижелерімен расталған функционалдық міндеттерге сәйкес міндеттерді немесе жұмыстарды орындау үшін алғашқы кәсіби даярлығы болуы тиіс.



2.3. Жұмысшыларға қойылатын біліктілік талаптары

8. Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін жұмысшылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес және:

1) тиісті дипломмен расталған жалпы техникалық пәндер бойынша, физика саласындағы пәндер бойынша жоғары немесе орта арнайы білімі;

2) мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы;



3) жұмыс рұқсатына медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын құжаттар (№ 086/У нысаны бойынша медициналық анықтама);

4) пайдаланушы ұйым өткізетін емтиханның нәтижелерімен расталған функционалдық міндеттерге сәйкес міндеттерді немесе жұмыстарды орындау үшін алғашқы кәсіби даярлығы болуы тиіс.

Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 мамырдағы №609 қаулысы «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы»

«Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді

33.99kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесін және сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»

Азақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы №511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

21.85kb.

11 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы №211 қаулысы

«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгеріс енгізу т

158.89kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 маусымдағы №740 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

335.93kb.

13 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және осы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Азақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкім

16.87kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 мамырдағы №578 Қаулысы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»

Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы

85.73kb.

15 10 2014
1 стр.


Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

12.9kb.

05 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы

«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер енгіз

1215.78kb.

25 12 2014
2 стр.