Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану.
Мақсаты: оқушылардың дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, мемлекеттік тілді әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту.
Міндеті: қазақ тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді өткізу.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты, базистік оқу жоспары, тілді оқыту тұжырымдамасы және мемлекеттік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.
Өзге тілді мектептердегі қазақ тілі мемлекеттік білім стандарттарына сай жалпы білім беретін мектептің үш сатысында да міндетті пән деп саналады. Әр саты бойынша даярланған оқу бағдарламаларында ұстанымдар негізінде құрастырылған.
-
Тақырыптық ұстаным.
Бұл жерде казақ тілін практикалық бағыта оқыту көзделеді. Барлық грамматикалық формалар сөйлеу моделі арқылы диалогтік, монологтік сөйлеу түрінде лексикалық тақырыптар арқылы практикалық жолмен меңгеріледі.
-
Жүйелік ұстаным.
Дидактикалық ұстаным бойынша тілдік материалдар жүйелілік ұстанымға негізделе құрылып, жеңілден ауырға қарай күнделікті қарым – қатынас жасау мақсатында сөйлеу тіліне қарай іріктеліп беріледі.
-
Оқушының ана тілін негізге алу.
Бұл ұстанымда коммуникативтік қарым – қатынас жасауда баланың ана тіліндегі білім мен сөйлеу дәрежесі негізге алынады.
-
Функционалдық ұстаным.
Бұл ұстаным бойынша қазақ тілін функционалдық дәрежеде меңгеруде қандай грамматикалық формаларды меңгеруге болады деген мәселе ескеріледі.
Осы ұстанымдарды тірек ете отырып, бағдарламада оқушы сөйлеп үйрену үшін қандай грамматикалық формаларды меңгеруге, білуге тиіс және оған қажетті лексикалық, грамматикалық минимумдар жүйесін жасау, сөйлеу модельдерін беру, т. б. Мәселелер ескеріліп, әр сыныпта оқылатын материалдар оқушының сөйлеу, ойлау қабілеті мен тілін дамытуға бағытталады.
Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым – қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым – қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі.
Коммуникативтік стратегияға кіретін моменттер:
-
Әңгімелесушінің зейін қойып тыңдауын қадағалау;
-
«Бәрі түсінікті» деген сигнал арқылы толық түсінуді қамтамасыз ету;
-
«Мен дұрыс түсіндім» сигналы арқылы әңгімелесушінің толық түсінігін қамтамасыз ету;
-
Сөз жетіспеушілігі мәселесін сөз тіркестері мен түсініктемелер, мимика, аудару, шамамен сөздер айырбастау арқылы шешу;
-
Грамматика жетіспеушілігінің мәселесін сөз құрылымын қысқарту немесе ауыстыру, ана тілінің элементін фразалық құрылымын көшіру, қателерді елемеу арқылы шешу;
-
Қарым – қатынастың тақырыбын өзгерту арқылы әңгімені қолдап отыру.
Коммуникативтік ойлау іс – әрекетіне дайын болатын когнитивтік компетенция коммуникативтік компетенцияның керекті компоненті болып табылады. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тіл – ойлау қабілетін дамытатын жағдайлар:
-
Мәтінмен жұмыста;
-
Мәселемен жұмыста;
-
Ойындық есеп жұмысында;
Ойлау – сөйлеуді керек ететін кез келген жағдайда үш компонент өзара байланысады: шешілетін мәселе, бар білімдері, зерттеу әрекеттері.
Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады- тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді.
Коммуникативтік оқыту:
ОҚУ, СӨЙЛЕУ, ТЫҢДАУ, ЖАЗУ – ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды.
Жоғары сөйлемде айтылғандай коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық төрт түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғаны көрінеді. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарыс – қатынас жасаушылардың бір – бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз етеді.
Қазақ тілі мұғалімінің негізгі міндеті – қазақ тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді өткізу. Қазақ тілі сабақтары тиімді өту мақсатында тәжірибемде коммуникативтік оқытудың элементтерін қолданамын.
Бұл технология бойынша мен 3 жылдай жұмыс істеп, осы қүрделі технологияның қыр-сырын ашқанда Пассовтың еңбегімен таныстым. Ең біріншіден, жаңа білім стандарттарын оқып шығып, мынадай талаптарға сүйеніп жұмыс істеуді жөн көрдім:
-
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде сөйлемдерді қолданып сұхбат жүргізу.
-
Мектепте және өзін қоршаған ортаны танып білу.
-
Оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету.
-
Синтаксистік сөйлемдерді құрастыра білу.
-
Оқушылардың сөздік қорын байыту.
Сабақ түрлерін қолдана отырып, оны дұрыс пайдаланған жағдайда ғана берген білімізтиянақты болады.
Сабаққа дайындалған уақытта формаларды анықтап іріктеп аламын. Олар: топтық, ұжымдық, жеке, т. б. Содан соң қандай нәтиже беретінің әр түрлі көруге болады.
Бұл формалар арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру үшін сабақтарымда әр түрлі белсенді тапсырмаларды енгіземін. Сонымен қатар тапсырманы берген соң оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру және бақылау жолдарын қарастырамын.
Дидактикалық элементтер:
(сөйлеу материалдары, яғни сөйлеу, оны тыңдау, сөйлем құрастыру, аудару, оқу, жазу).
Лексикалық бағыт – айтылуын меңгеріп мағынасын өмірде кездесетін жағдайлар аркылы тілді тез игеру.
Фонетикалық бағыт- дыбыстың айтылуы мен жазылуын меңгеру .Өз сыныптарымда мен казақ тіліне тән дыбыстарды қайталап, бір дыбысқа тиянақтап тоқталамын, басқа дыбыстардың қателерін түзетпеймін.
Грамматикалық бағыт – жас ерекшелігіне сай сурет бойынша жұмыс, мазмұнын айту, сөйлем құрастыру.
Этномәдениет материалдары (тіл мәдениеті, ұлттық ойындар, тағамдар, ән-күй, үй жабдықтары).
Р.Ю. Мартынованың әдісі бойыша қазақшадан –орысшаға, орысшадан- қазақшаға; үстінен-астына, астынан-үстіне қарай оқыту. Бұл оқытудың мақсатында сөздер қайталанып отырады. Күз-осень, сарғаяды-желтеют, салқын-прохладно.










Орыс мектептерінде қазақ тілі сабағында сызба нұсқа бойынша сабақ өткіземін. Мақсатым, балалардың ойлау қабілетін, біліктілігін арттыру. Мысалы: балалар сөзді естеріне түсіреді, оның түбірі, жұрнағы, жалғауы туралы ойланып барып жазады. Мал ; малшы ; малшылар.
Коммуникативтік оқыту қазақ тілінің даму барысында 4 тілдік әрекетке негізделеді; яғни оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу, олар ауызша да, жазбаша да дамиды.
Қорыта келгенде, коммуникативтік оқыту арқылы оқушылардың танымдылық қабілеттері, танымдык процестері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Бұнын бәрі дамығаннан кейін оқушының қиялы мен ойлауы, есі мен қабылдауы, зейіні дамып қалыптасады. Танымдык қабілеттер, таныдык процестер әрбір технология барысында дамиды. Ал қажеттілікті қанағаттандыру әр түрлі әлеуметтік жағдайларда бағыт-бағдарды жоғалтпау, адамдардың эмоционалдык жағдайлары мен жеке тұлғанын ерекшеліктерін анықтау, олармен қарым-қатынастың теңбе-тең түрлерін таңдау, өзара іс-әрекет процесінде сол түрлерін іске асыру, зейіндерін қадағалау және айқындау, көпшілік алдындағы жағдайларда іс-қимылын білу, өзіне зейін аударту, психологиялық қатынас орнату, сөйлеу мәдениеті дамиды. Ал сөздік қорының дамуы мәтінмен жұмыс істегенде, белгілі бір мәселені шешкенде дамиды. Осы технологияның элементтерін қазақ тілі сабақтарында қолдану көптеген жетістіктерге әкелетініне көзім жетуде.