ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ.
Рамазанова Бибіжамал Тасқалиқызы
Қазақ тілі жәнә әдебиет мұғалімі
Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру-мұғалімдер алдындағы үлкен міндет.Бұл әрбір мұғалімге тынымсыз ізденісті,оқытудың жаңа формасымен, әдіс тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы шын мәніндегі басты жаңалық пен жақсылықтың нышаны болды. XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау тақырыбы-Жолдаудың басты бөлімдерінің бірі “Қазір бой жарыстаратын емес, ой жарыстыратын заман” деп Елбасымыз айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі екені даусыз Елбасының Жолдауы көзі қарақты, көкірегі ояу, ел болашағын ойлайтын әр ұстазға үлкен жауапкершілік жүктейді.
Бүгінгі танда технологиялар өз қолдауларын тауып, оқу үрдісінде қолданылуда. Технология – бұл қандай да бір жұмысты, өнерді шеберлікпен іске асыру жиынтығы. Сабақта сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қолдануға ыңғайлы, былайша айтқаңда, барша үшін қоғамдық маңызы мен мәні зор идеяларды игеруге болатын нақтылы әдістер және тәсілдер.
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;
- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
“Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту” технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
-
Қызығушылықты ояту;
-
Мағынаны тану;
-
Ой – толғаныс.
Осы кезендердін ұтымды өткізілуі мынадай нэтижелерге кол жеткізеді:
-
оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді;
-
басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға үйретеді;
-
өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды;
-
керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның дамуын қамтамасыз етеді;
-
ең бастысы – оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады, сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады.
Соның ішінде толғануды тиімді етуге лайықталған “Венн кестесі”, “Бес жолды өлең”, “Көрнекілік арқылы баяндау”, “Семантикалық карта” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Мәселен: “Венн кестесі” арқылы өз ойынан қорытып сөз шығару, екі затты салыстырып айырмашылығы, ұқсастығы туралы сөз ойлап табу оқушы үшін үлкен ойды қажет етеді. Бұл стратегиялардың қай-қайсысы болмасын оқушының ізденісін,қызығушылығын дамытады.Пәнге деген өзгеше көзқарас қалыптасады.Әр сабақты оқушымен санаса отырып, жүйелі жүргізуде сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен қолғабыс тигізеді.
Осы стратегияларды қолданудың тиімділігінің дәлелі ретінде оқушылардың жұмыстарын ұсынамын:
1. “Көрнекілік арқылы баяндау” стартегиясы бойынша “Көктем” тақырыбына арналған 6 сынып оқушыларының топтық жұмысы: (оқушылар үш топқа бөлініп, әр топқа үш түрлі өлең шумақтары таратылды, оқушылар мәнерлеп оқып, содан соң бір-бірімен ақылдасып, сурет салып қорғады).
I топтың жұмысы :
А) Көктем күні күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп
Бәйшешектер дүркіреп,
Шыға келді қыр түлеп.
Көктем күні шуақты,
Көктем күні қуатты.
Мал жағалап суатты,
Сай-саламен су ақты.
Б) Көктем кереметі.
Көктем келді.Көктемде жаңбыр жауады.Ауа райы жылына бастайды.Мұз,қар еріді.Жер күндіз жібіп,кешке қарай тоңазиды.Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болды.Өзендерде сең жүре бастады.Көктемде бәйшешектер өседі.Құстар ұшып келеді.Наурыз мейрамы болады.Маған көктем мезгілі ұнайды.
2.Немесе оқушылардың берілген мәтін бойынша жұмыс жасауға көмектесетін INSEPT стратегиясы,ол бойынша оқушыға оқу,тақырыппен танысу барысында
V - білемін
- - білгеніме сәйкес келмеді
+ - жаңа ақпарат
? - тереңірек білгім келеді,зерттегім келеді,белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.
Осы стратегия бойынша 6 б сынып оқушысы Рза-заде А. жұмысы:
Ыбырай Алтынсарин
V
|
-
|
+
|
?
|
Ыбырай Алтынсарин
ұлы ұстаз,жазушы,
ағартушы.Ол қазақ балаларына арнап мектеп ашқан.
|
Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып,атасы Балқожа бидің тәриесінде болған.
|
«Қазақ хрестоматиясы»деген
оқулықтың авторы.Орыс жазушыларының әңгімелерін қазақ тіліне аударған.1889 жылы ауыр науқастан қайтыс болған.
|
Отбасы,балалары туралы білгім келеді.
|
INSEPT оқығанын түсінуге,өз ойын басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Оқушылар білетіндерін анықтап,білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Қалқаева.Г.,Тілді және әдебиетті оқытуды жетілдіру технологиясы // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде,№ 3,2004 ж .
2.Садуақасова.Д., Қазақ тілін сын тұрғысынан оқыту // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.№ 9,2006 ж.
3.Дауыс пен көрініс // № 3,2001ж,№ 3 2002 ж,№ 1,2003 ж.
4.Махметова.А.,Жаңа оқыту технологияларының білім сапасын арттырудағы рөлі.№ 2,2006 ж.