Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «13» қыркүйектегі

№ 1195 қаулысымен

бекітілген

«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы

сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган): Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-қосымшасының (Чикаго, 1944 ж.), «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 54 және 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 674 қаулысымен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты: www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын (бұдан әрі – сертификат) беру не қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырып, сертификаттық зерттеудің актісін жасағаннан кейін – күнтізбелік 10 күн;

2) уәкілетті органға осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

3) уәкілетті органда куәліктер алу кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет ақысыз болып табылады.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-дан 14:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылмай және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті органның дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған, күту және құжат толтыру, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілерден үзінділер (үзінді көшірмелері) көрсетілген стенділермен қамтамасыз етілген ғимараттағы орындарда жүзеге асырылады.

Уәкілетті органда жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерттеу мақсатында жеке және заңды тұлғаларға арналған шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе оның сенім білдіретін уәкілетті өкілі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификаттау жүргізу туралы өтінімді мынадай құжаттармен береді:

1) сертификаттық зерттеуге алдын ала қорытынды (әуесқой-пилоттарды, аса жеңіл авиация пилоттарын даярлау кезінде талап етілмейді);

2) түпнұсқалары берiлген кезде құрылтай құжаттарының көшiрмелерi не құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшiрмелерi;

3) Қызмет жөніндегі басшылық;

4) Сапасы жөніндегі басшылық;

5) авиациялық оқу орталығының ұйымдық құрылымы;

6) авиациялық оқу орталығының штат кестесi;

7) авиациялық оқу орталығының басшылық құрамы туралы деректер;

8) авиациялық оқу орталығының оқытушы және инструкторлық құрамы туралы деректер;

9) авиациялық оқу орталығының негiзгi персоналының лауазымдық нұсқаулықтары;

10) оқу үдерісін қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын негiзгi құралдардың тiзбесi мен олар туралы қысқаша мәлiметтер;

11) авиациялық оқу орталығы басқа оқу орындарымен, кәсiпорындармен және басқа ұйымдармен оқу үдерісін қамтамасыз етуге қатысты жасасқан шарттардың көшiрмелерi;

12) оқу орнын дамытудың перспективалық жоспары және басшы, оқытушы және инструкторлық құрамның бiлiктiлiгiн арттыру жоспары;

13) авиациялық оқу орталығын аяқтағаны туралы куәліктер мен сертификаттардың үлгiлерi.

12. Белгіленген үлгідегі өтініш нысаны уәкілетті органның www.mtk.gov.kz сайтында орналасқан.

13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша ұсынылады.

14. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы талон береді.

15. Сертификатты уәкілетті органның қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға өзінің қатысуымен берілген сертификаттарды қолхат пен тіркеу және есептеу журналында береді.

16. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін мыналар:

1) осы стандарттың 11-тармағында санамаланған ұсынылған құжаттар Қағиданың талаптарына сәйкес келмесе;

2) сертификатты беру мүмкіндігі жоқ туралы қорытындысы мен акт талаптарға сәйкес келмесе негіздеме болып табылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде бас тарту себептері көрсетіле отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісін анықталған жағдайда, көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарау туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі адамдардың конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтауға және сыпайылық, барынша толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Уәкілетті органның жұмыс нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын бірінші тоқсанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда, лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін уәкілетті органның қызметкерлері мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: [email protected], қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

21 Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне мына мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: [email protected], кеңсенің телефоны: 8 (7172) 24-14-19.

Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа күн сайын 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда, шағым уәкілетті орган басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы, электрондық поштаның мекенжайы: [email protected], қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172)24-26-05.

23. Мемлекеттік қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда жазылады.

25. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымды қабылдауды растайтын құжат осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты, жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады.

26. Уәкілетті органның сенім телефоны: 8 (7172) 24-31-65.

________________________

«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

Авиациялық оқу орталығын сертификаттауды жүргiзуге
өтiнiм

1. __________________________________________________________________

  (ұйымның атауы)

__________________________________________________________________

(ұйым басшысының лауазымы, Т.А.Ә.)


авиациялық оқу орталығын сертификаттауды жүргiзудi сұрайды.

2. Ұйым туралы мәлiметтер:

1) Меншiк нысаны __________________________________________

2) Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк _______________________

                             (нөмiрi, кiм және қашан бердi)

3) Заңды (пошталық) мекенжайлары мен басқа да деректемелерi _________________

4) Телефон/факс, эл. пошта ________________________________

3. Қоса берiлетiн құжаттар: _______________________________

                             _______________________________
20__ж.«__»_________

Ұйымның басшысы: __________________

                   (қолы, Т.А.Ә.)

М.О.


________________________

«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша



Өтініштің қабылданғаны туралы талон

1. Өтінішті тіркеу нөмірі ___________________________________________________

   Өтініштің тіркелген күні 201__жылғы «___» ________________

2. _______________________________________________________________________

               (көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі)

3. _____________________________________________________ қабылданды.

              (мемлекеттік қызметті алушы өкілінің аты-жөні)

4. Қоса берілетін құжаттар саны _____ мен тізбесі:

1)____________________________________________________________________

2) ___________________________________________________________________

3) ___________________________________________________________________

4) ___________________________________________________________________

5) ___________________________________________________________________

6) ___________________________________________________________________

7) ___________________________________________________________________

8) ___________________________________________________________________

9) __________________________________________________________.

5. Қабылдаған:

_______________________________/ ________________/ ______________________

(Уәкілетті орган қызметкерінің лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)


6. Құжатты беру күні (уақыты) және орны: 20___ жылғы «___» __________ ___ сағ.___мин, _______________________________________________мекенжай бойынша.
________________________

«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша



Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдың ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақыттылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушының %- ы (үлесi)










3. Қолжетiмдiлігі

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушының %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушының %-ы (үлесi)










5. Сыпайылығы

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушының %-ы (үлесi)









________________________


«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

4-қосымша





Талон

_______________________________________________________


(субъектінің атауы)

Өтінімді қабылдаған _______________________________________


                     (маманның Т.А.Ә.)

20__ ж. «__» _________ __ сағат __ мин.

Тапсыру мерзімі және жауап алу орны 20__жылғы «___»_______________________дейін, _______________________________________________мекенжай бойынша.


(мөлшері 75 мм х 55 мм)

________________________




«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру»

Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган): Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша көрсетед

95.75kb.

17 12 2014
1 стр.


«Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру»

Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган): 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша

95.42kb.

25 12 2014
1 стр.


«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру»

Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдары

581.17kb.

14 12 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»

Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган): 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша

207.45kb.

15 10 2014
1 стр.


«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру»

Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары Қазақстан Республикасы аумағы бойынша

130.75kb.

25 12 2014
1 стр.


«Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты Жалпы ережелер «Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру»

Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша тұрақты көліктік бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік

139.06kb.

08 10 2014
1 стр.


«Әуе кемесiне шуыл бойынша сертификат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Әуе кемесiне шуыл бойынша сертификат беру»

«Әуе кемесiне шуыл бойынша сертификат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация ко

94.27kb.

17 12 2014
1 стр.


«Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер

Гі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлек

739.32kb.

25 12 2014
3 стр.