Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 5 қыркүйектегі

1153 қаулысымен



бекітілген

 


«Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру»
мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы осы Стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.



2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызметтер «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы 17-бабының 9) тармақшасына, «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысына (бұдан әрі - Диплом беру қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz  («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);

2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;

3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;

4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі диплом немесе біліктілік куәлігін беру немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы).

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:



1) ХҚО аудандық бөліміне жүгінген кезде диплом немесе біліктілік куәлігін беру күнтізбелік отыз күн ішінде (құжаттарды уәкілетті органға жеткізудегі 2 күн және орындалған құжаттарды ХҚО-ға жеткізудегі 2 күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) ХҚО облыстық филиалына жүгінген кезде диплом немесе біліктілік куәлігін беру күнтізбелік отыз күн ішінде (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

3) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған кезде ХҚО-да кезекте күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты - 20 минуттан аспайды;

4) куәлікті алу кезінде алу кезінде ХҚО-да кезекте күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты - 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін көрсетіледі.

9. ХҚО-да мемлекеттік қызмет, жексенбі және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, ХҚО белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет мүмкіндіктері шектелген мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандус орнатылған күту залы және толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты орны бойынша ХҚО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күтіп отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі;

3) жоғары немесе ортадан кейінгі білімі туралы құжаттың (дипломның) көшірмелері;

4) жүзу өтілін растайтын құжат;

5) мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау мекемесі беретін медициналық анықтама (№ 083/У нысаны);

Мемлекеттік қызмет алушы салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.

12. ХҚО-ға мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш еркін нысанда ұсынылады.

13. Құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.

14. Құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:



1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны және атау;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты.

15. ХҚО құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде ХҚО-ның курьерлік байланыс арқылы емтихан өткізу мерзімдері туралы хабарлама жібереді.



Емтихан өткізу мерзімдері туралы хабарламаны алғаннан кейін ХҚО мемлекеттік қызметті алушыға бір жұмыс күні ішінде хабарлайды және «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы мемлекеттік қызметті алушыға аумақтық органның хабарламасын беруді жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру ХҚО қызметкері «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы қолхат, онда көрсетілген мерзім негізінде қол қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсыну бойынша жүзеге асырады.

16. Диплом немесе біліктілік куәлігін беруден бас тартуға негіз осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірі ұсынылмауы не кеменің командалық құрамының адамдарына және экипажының басқа да мүшелерін дипломдау кезінде емтиханды тапсырудың теріс нәтижесі болып табылады.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары



 

17. Уәкілетті орган мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді.

 

 



4. Жұмыс нәтижелерi

 

18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыс нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.

 

 



5. Шағымдану тәртібi

 

20. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді.



Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: [email protected].

22. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz  мекенжайы бойынша шағым беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.

25. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректері, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

 

Кемелердің командалық құрамының



адамдарына және экипаждың басқа да

мүшелеріне диплом беру»

мемлекеттік қызметтер стандартына

 1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің


Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесi

 


Р/с



Бөлімше атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

1.

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 95

8 (7132) 54-29-03

[email protected]

2.

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы

Орал қаласы, Еуразия даңғылы, 100

8 (7112) 53-86-43

[email protected]

3.

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Павлодар қаласы, Бектұров көшесі, 107

8 (7182) 32-06-39

[email protected]

4.

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы

Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 114

8 (7232) 25-22-06

[email protected]

5.

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 131

8 (7282) 24-55-01

[email protected]

6.

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 11

8 (7272) 43-72-71

[email protected]

7.

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 а

8 (7122) 32-73-65

[email protected]

8.

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы

Ақтау қаласы, 1 ш.а., 1

8 (7292) 60-55-50

[email protected]

9.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Шымкент қаласы, Ә. Молдағұлова көшесі, 4

8 (7252) 56-44-88

[email protected]

10.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 1 филиалы

Тараз қаласы, Қадырғали Жалайыр көшесі, 1

8 (7262) 34-21-41

[email protected]

11.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 2 филиалы

Қызылорда қаласы, Әуезов көшесі, 24 а

8 (7242) 27-68-26

[email protected]

12.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87

8 (7162) 25-69-93

[email protected]

13.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 1 филиалы

Қостанай қаласы, Чехов көшесі, 105 а

8 (7142) 56-85-25

[email protected]

14.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 2 филиалы

Петропавл қаласы, Бейбітшілік көшесі, 122

8 (7152) 46-44-07

[email protected]

15.

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Қарағанды қаласы, Гапеев көшесі, 5

8 (7212) 34-80-00

[email protected]

16.

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы

Астана қаласы, Ақжол көшесі, 28

8 (7172) 46-44-07

[email protected]

следующая страница>


«Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызмет регламенті

Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі №1153 қаулысымен бекітілген «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекетті

205.83kb.

25 12 2014
1 стр.


«Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және

Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2011 жылғы 5 та

307.2kb.

23 09 2014
1 стр.


«Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер

Гі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлек

739.32kb.

25 12 2014
3 стр.


«Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызмет стандарты

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекетт

588.42kb.

17 12 2014
1 стр.


Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

55.42kb.

08 10 2014
1 стр.


«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»

Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі мемлекеттік қызмет) осы стандартқа

101.01kb.

25 12 2014
1 стр.


«Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер

Р Үкіметінің 2012. 17. 08. №1059 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды

948.11kb.

25 12 2014
5 стр.


Қызмет стандарты Жалпы ережелер

«Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік

131.32kb.

07 10 2014
1 стр.