Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «5» қыркүйектегі

№ 1152 қаулысымен

бекітілген
«Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді

беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік

қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетімен (бұдан әрі – Комитет) көрсетіледі. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, интернет-ресурсы: www.mtc.gov.kz, тел: 8 (7172) 74-03-64, факс: 8 (7172) 74-03-64.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: толық автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 13-бабының негізінде және «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
8 желтоқсандағы № 1504 қаулысына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты: www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында және құжаттарды қабылдау орнында ақпараттық стенділерде орналастырылады.

5. Мемлекеттік қызмет нәтижесі www.elicense.kz интернет-порталы арқылы электронды нысандағы нөмірлеу ресурсын бөлу немесе нөмірлеу ресурсын алып қою туралы бұйрық (бұдан әрі - Бұйрық), не мемлекеттік қызмет ұсынудан дәлелді бас тарту болып табылады.

Өтініш беруші мемлекеттік қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш білдірген жағдайда Бұйрық электронды нысанда ресімделіп, басып шығарылады және Комитет мөрімен және басшысының қолымен расталады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

а) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакетімен қоса өтінішті берілген және Комитет кеңсесінде тіркелген кезден бастап 30 күнтізбелік күнінен аспайды;

б) мемлекеттік қызметті алу үшін электронды сұрау берілген кезден бастап – 30 күнтізбелік күнінен аспайды;

2) электрондық сұрауды қалыптастыру (тіркеу кезінде) мемлекеттік қызметті алушылар өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 15 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет:

1) Комитетте күн сайын, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі;

2) www. elicense.kz интернет-ресурсында - тәулік бойы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алдын ала жазылу, сондай-ақ жеделдетілген қызмет көрсету болмайды.

10. Комитет ғимараты:


  1. физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіретін есікпен;

  2. құжаттарды қабылдау орнында ақпараттық стенділермен жабдықталған.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алушы нөмірлеу ресурсын бөлу кезінде мемлекеттік қызметті алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті алушы ресімдеген бірыңғай телекоммуникациялар желісінің нөмірлеу ресурстарын бөлуге өтініш;

  2. осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес ресімделген түсіндірме жазба;

  3. жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардан басқа
    заңды тұлға үшін – жарғының көшірмесі;


  4. дара кәсіпкер үшін - мемлекеттік қызметті алушының дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі.

Мемлекеттік қызметті алушы нөмірлеу ресурсын алып қою кезінде мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті алушымен ресімделген бірыңғай телекоммуникациялар желісінің нөмірлеу ресурстарын алып коюға өтініш;

  2. нөмірлеу ресурсын бөлу туралы бұйрықтың көшірмесі.

Көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:

1) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторына қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдау префиксін алу үшін Комитетке әр аймақта оператордың болуын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдау мақсатында желілердің қосылуының стандартты нүктесі болып табылатын оператор желісінің транзитті коммутациялық станциялар тізбесін ұсынуы қажет;

2) байланыс операторына (қызмет провайдеріне) қайта енгізілетін немесе бұрын қолданыстағы қызметтерге қол жеткізу кодын пайдаланып, байланыс қызметтерін көрсететін оператордың «Х1Х2Х34)» кодын алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

қызметтің толық сипаттамасы;

осы қызметті ұйымдастырудың орындылығын негіздеу;

ұсынылатын қызметті көрсету әдісінің нақты сипаттамасы;

шақыруларды тарифтеу және бағытттау жөніндегі ұсыныстар;

Қызметті абоненттеу кезінде байланыс операторымен (қызмет провайдерімен) «(Х45Х6Х7» қызметтер абоненттерінің логикалық нөмірлері тағайындалады.

Көрсетілген құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынылады.

12. Құжаттардың үлгілері Комитетте арнайы ақпараттық стенділерде және www.elicense.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

13. Осы стандарттың 11 тармағында аталған құжаттар Комитеттің кеңсесіне немесе www.elicense.kz интернет-ресурсына ұсынылады.

14. Мемлекеттік қызметті алушыға құжаттар ұсынылғаннан кейін кіріс нөмірі мен қабылданған күні көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

Құжаттар www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы жолданған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы электрондық нысанда хабарлама алады.

15. Комитет мемлекеттік қызметті алушыдан құжаттарды алғаннан сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың толықтылығы мен дұрыстығын тексереді.

Құжаттар толық ұсынылмаған немесе дұрыс болмаған жағдайда Комитет сәйкесінше мемлекеттік қызметті алушыға ұсынылған құжаттарды қарастырудан бас тарту туралы хабарлама береді.

16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады, егер:



  1. осы аумақтағы нөмірлеу ресурсының шектеулілігі;

  2. Қазақстан Республикасының нөмірлеу жүйесі мен жоспарына сұратылған нөмірлеу ресурсының сәйкес келмеуі;

  3. мемлекеттік қызметті алушы қарауға ұсынған құжаттарда қате немесе бұрмаланған ақпараттың болуы;

  4. байланыс желісін құру схемасы мен байланыс қызметін сипаттау өтінішпен бірге ұсынылған сұратылған нөмірлеу ресурсына нөмірлеу ресурсын пайдалануы болжанатынын көрсету үшін сәйкес келмеуі.

3. Жұмыс істеу қағидаттары



 

17. Комитеттің мемлекеттік қызметті мемлекеттік қызметті алушыға әдептілік, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық және жан-жақты ақпаратты ұсыну, мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарында сәйкес жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызметті көрсетуші Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.


5. Шағымдану тәртібі

 

20. Комитет басшылары мен функциялары мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты қызметкерлері уәкілетті тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдем көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудегі шағымдану тәртібінің нәтижесі туралы ақпаратты Комитеттің лауазымды тұлғасынан алуға болады, № 767 кабинет, телефон (87172) 74-03-64 не электрондық түрде [email protected] мекенжайына беріледі.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына жазбаша түрде пошта арқылы немесе Астана қаласы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8, 767 кабинет мекенжайы бойынша қолма-қол беріледі, Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 74-03-24 не электрондық түрде [email protected] мекенжайына.

Жұмыс кестесі күн сайын, жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

22. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

23. Шағым еркін нысанда жасалады.

24. Қабылданған шағымдар Комитеттің кеңсесіне тіркеледі. Шағымдардың қабылданғанын растайтын құжат шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін және берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымды қабылдаған тұлғамен шағымның екінші данасы немесе шағымның көшірмесі болып табылады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.



25. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты: www.mtc.gov.kz интернет-ресурсы және 8 (7172) 74-03-64 телефоны арқылы алуға болады.
________________________

«Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік

қызмет стандартына

1-қосымша



Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетіне
Бірыңғай телекоммуникация желісінің

нөмірлеу ресурсын бөлуге

өтініш


  1. Өтініш беруші (заңды тұлғалар үшін - толық және қысқаша атауы, жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты).

  2. ЖСН/БСН.

  3. Пошталық мекенжайы.

  4. Байланыс деректемелері (телефон, факс, телекс).

  5. Банк деректемелері.

  6. Байланыс саласындағы уәкілетті органмен берілген лицензиялардың және оның қосымшаларының деректемелері (лицензияланатын байланыс қызметтерін көрсеткен жағдайда).

  7. Желінің толық және қысқартылған атауы (егер болса).

  8. Желіні құруға және пайдалануға жауапты тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.

  9. Сұратылатын нөмірлеу ресурсының көлемі.

  10. Сұратылатын нөмірлеу ресурсын пайдалануды жоспарлайтын аумақ.

Өтінімге қоса берілетін құжаттар:

  1. осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес ресімделген түсіндірме жазбасы;

  2. заңды тұлғалар үшін – жедел іздестіру қызметін жүргізетін органдардан басқа – жарғының көшірмесі;

  3. дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі.

______________________ ______________________

(өтінімге қол қоюға өкілетті тұлғаның лауазымы) (лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)

М.О.


_________________
«Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік

қызмет стандартына

2-қосымша

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетіне
Бірыңғай телекоммуникация желісінің

нөмірлеу ресурсын алып қоюға

өтініш


  1. Өтініш беруші (заңды тұлға үшін - толық және қысқаша атауы, жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты).

  2. ЖСН/БСН.

  3. Пошталық мекенжайы.

  4. Байланыс деректемелері (телефон, факс, телекс).

  5. Алып қоюға ұсынылатын нөмірлеу ресурсының көлемі.

  6. Нөмірлеу ресурсын алып қоға өтініш берген аумақ.

  7. Нөмірлеу ресурсын алып қоюға өтініш беру себептері.

Өтінімге нөмірлеу ресурсын бөлу туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
______________________ ______________________

(өтінімге қол қоюға өкілетті тұлғаның лауазымы)


(лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)

М.О.
_________________

«Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік қызмет

стандартына 3-қосымша


Түсiндiрме жазбахаты

1. Желiнiң атауы мен түрi.

2. Желiнiң жұмыс істеуін қамтамасыз ететiн әкiмшiлiк-ұйымдастыру қағидаттары (меншiк нысандары, иесi, пайдаланылатын ұйымдар, ұйым – халықаралық оператор, олардың құқықтық және функционалдық қатынастар).

3. Өтiнiм беру кезiндегi желiнiң пайдалану дайындығы (немесе пайдаланудың бастау мерзiмi)

4. Желi құрудың қысқаша техникалық қағидаттары:

1) құрылымы, оның iшiнде қалааралық (халықаралық, аймақiшiлiк) желiлермен өзара iс-қимылын жүзеге асыратын элементтер;

2) қалааралық (халықаралық) желiлермен түйiндесудiң техникалық қамтамасыз ету (желiаралық түiндесу хаттамалары, тiкелей түйiндесу, байланыс арналарының түрлерi және оларды ұйымдастыру тәсiлдерi).

5. Қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерiн, Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін, IP-телефония қызметтерiне (Интернет-телефония) және байланыстың зияткерлік желiлер қызметтерiне ұсыну үшiн ұйымдастыру-техникалық дайындығы (шет елдердiң түйiндесу желiлерiнiң операторларымен, отандық желiлермен немесе транзит беру туралы халықаралық транзиттiк тораптармен, халықаралық арналар жабдықтаушыларымен келiсiмдердiң бар болуы, техникалық құралдардың бар болуы және функционалдық дайындығы).

Желiнің жұмыс істеу ауқымы:

1) желi топологиясы (желiмен қамтылатын Қазақстан Республикасының, ТМД елдерiнiң, басқа да шет елдердiң қалалары мен өңірлерінің тiзбесi);

2) пайдаланушылардың, оның iшiнде қалааралық (халықаралық) байланыс қызметтерiн пайдаланатындардың саны;

3) тiкелей түйiндесу жүргiзiлетiн шетел желiлерi мен транзиттiк тораптарының тiзбесi;

4) пайдаланушыларға, тапсырыс берiлген желiмен тiкелей түйiндесуi жоқ шетел желiлерiнiң абоненттерiне шығуды ұсыну мүмкiндiгi;

5) қалааралық (халықаралық) трафик (кiрiс, шығыс);

6) қызметтердiң құрамы.

7. Желiнi нөмiрлеу жоспарын құру қағидаттары.

8. Қызметтердi сипатау.

Ескертулер:

4, 5-тармақтар бойынша мәлiметтер өтiнiш беру кезiндегi жағдайы бойынша жазылады және желiнi дамыту жоспары бойынша деректер келтiрiледi;

5-тармақ нөмiрлеу аймағының «DEF» кодтарын, «DEFХ1» және «DEF Х1 Х2» кодтарын, «ҚҚК» кодтарындағы «Х1Х2Х34)» байланыс операторларының (қызметтер провайдерлерiнiң) кодтарын сұрататын тек операторлар үшiн; оператордың таңдау префиксiн сұрататын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары үшiн қолданылады.

6-тармақтың 3)-5) тармақшалары нөмiрлеу аймағының «DEF» кодтарын, «DEF Х1» және «DEF Х1Х2» кодтарын сұрататын тек операторлар үшiн қолданылады.

Егер бұрын лицензия алуға түсiндiрме жазбасында өзгертiлсе, 7-тармақ бойынша жаңа нөмiрлеу жоспары қосымша қоса берiледi.

_________________________

«Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды

алып қою» мемлекеттік

қызмет стандартына



4-қосымша
Кесте. Сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні


Сапа мен қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің норма-тивті

мәні

Кейінгі жылғы көрсеткіштің нысаналы мәні

Есепті жылда көрсет-кіштің ағымда-ғы мәні ағымдағы мәні

ыы мақсаты

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап қызмет көрсетудің жағдайы, % (үлес)










2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету сапасы үдерісіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылар, % (үлес)










3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылар, % (үлес)











3.2. Электронды форматта қолжетімді ақпараттың қызметтері, % (үлес)










4. Шағым беру үдерісі

4.1. Шағым берудің қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылар, % (үлес)











5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылар, % (үлес)














__________________________________


«Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер

Р Үкіметінің 2012. 17. 08. №1059 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды

948.11kb.

25 12 2014
5 стр.


Қызмет стандарты Жалпы ережелер

«Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік

131.32kb.

07 10 2014
1 стр.


«Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер

Гі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлек

739.32kb.

25 12 2014
3 стр.


Қызмет стандарты Жалпы ережелер

«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік

257.97kb.

15 10 2014
1 стр.


«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер

«электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы дәрігерді (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практикалық дәрігер) үйге шақыру қызметін ұсынуды регламенттейді

136.11kb.

13 10 2014
1 стр.


«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер

«электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы дәрігердің (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практикалық дәрігер) қабылдауына жазылу қызметін ұсынуды регламе

133.47kb.

13 10 2014
1 стр.


«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»

Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі мемлекеттік қызмет) осы стандартқа

101.01kb.

25 12 2014
1 стр.


«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі

Еттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың

455.88kb.

13 10 2014
4 стр.