Перейти на главную страницу
Үкіметінің
2012 жылғы «31» тамыздағы
№ 1108 қаулысымен
бекітілген
«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіруге лицензия беруді Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет мекенжайы бойынша;
2) облыстың (республикалық маңызы бр қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге лицензия беруді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолының (бұдан әрі – ЭЦҚ) болу шарты кезінде www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz «Е–лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет:
1) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
11 қаңтардағы Заңының 29-бабының;
2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
3) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы
4) «Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында және Комитетте мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылған стендтерде;
2) жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылған стендтерде;
3) порталда орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны бойынша ұсынылуы мүмкін.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:
1) Комитетте немесе жергілікті атқарушы органда – ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны (бұдан әрі – лицензия) қағаз тасығышта немесе Комитеттің немесе жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында (www.elicinse.kz порталында) беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетілуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) www.elicense.kz порталында – лицензияны Комитеттің немесе жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында беру не мемлекеттік қызметті көрсетілуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызмет алушы Комитетке немесе жергілікті атқарушы органға не порталға өтінген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
лицензияны беру үшін – он бес жұмыс күнінен кеш емес;
лицензияны қайта ресімдеу үшін – он жұмыс күні ішінде;
лицензияның телнұсқасын беру үшін – екі жұмыс күні ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;
3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;
4) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап лицензияны беру үшін ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру мерзімі – екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Егер белгіленген мерзімдерде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелді бас тарту берілмеген жағдайда, оларды беру мерзімі аяқталған күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілген деп есептеледі.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету (лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру) үшін мемлекеттік қызмет алушы жеке қызмет түрлерімен айналысы құқығы үшін бюджетке 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі лицензиялық жарнаны қолма қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлейді.
Портал арқылы лицензияны алуға электронды сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
9. Жұмыс және мемлекеттік қызметті көрсету жұмыс кестесі:
1) Комитетте – жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
2) жергілікті атқарушы органдарда – жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
3) порталда – тәулік бойы.
10. Комитетте немесе жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күту креслолары, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады. Физикалық мүмкіндіктері шектелген мемлекеттік қызмет алушылардың кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделеді.
Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсеткен кезде қызмет мемлекеттік қызмет алушының порталдағы жеке кабинетінде көрсетіледі.
Комитет немесе жергілікті атқарушы органдар арқылы:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшасын беру үшін:
лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны беру үшін:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшін:
12. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтініш бланкісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында немесе Комитеттің Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан кеңсесінен немесе жергілікті атқарушы органдардың осы стандартқа 1-қосымша көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан кеңселерінен алуға болады.
Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұрау салу нысанын толтыру қажет.
13. Қызмет Комитет және жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілген кезде құжаттар Комитеттің кеңсесіне осы стандарттың
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау мемлекеттік қызмет алушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады.
14. Қызмет Комитет және жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілген кезде мемлекеттік қызмет:
1) құжаттарды қабылдау нөмірін және күнін;
2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрін;
3) қоса берілген құжаттар санын және атауларын;
4) мемлекеттік қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын;
5) құжаттарды қабылдаған сараптамалық ұйымның жауапты тұлғасының тегін, атын, әкесінің атын;
6) мемлекеттік қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлға үшін) немесе атауын (заңды тұлға үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, қажетті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Портал арқылы ықылас білдіргенде, мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетінің» порталына хабарлама жіберіледі – мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранысты қабылдағаны жөнінде мемлекеттік қызмет көрсетудің күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет нәтижесі туралы есеп.
15. Қызмет Комитет немесе жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік
қызмет алушыға электрондық поштамен жолданады не мемлекеттік қызмет алушының талабы бойынша оған жеке келген кезде басылған түрінде
беріледі.
Портал арқылы өтінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға порталдағы жеке кабинетіне жолданады.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:
1) қызмет түрімен айналысуға осы субъектілер санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда
жеке қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жарнаның
төленбеуі;
3) мемлекеттік қызмет алушының біліктілік талаптарына сәйкес
4) мемлекеттік қызмет алушыға лицензияны беру тиісті мемлекеттік органмен келісілмеуі;
5) мемлекеттік қызмет алушыға қатысты оған жеке қызмет
түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің
болуы;
6) сот орындаушысы ұсынымының негізінде соттың мемлекеттік қызмет алушыға лицензия алуға тыйым салуы;
7) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
11 қаңтардағы Заңының 40-бабында көзделген негіздер негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді
1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
2) сыпайы және әдепті болу;
3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
4) қызмет көрсету мерзімдерін және күту уақытын қысқарту үшін күш салу;
5) мемлекеттік қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Комитеттің және жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.
21. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің немесе тиісті Әкімнің атына мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңсесіне Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет мекенжайы бойынша немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан жергілікті атқарушы органның кеңсесіне;
2) www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің блогына немесе жергілікті атқарушы органның осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурсында орналасқан Әкімнің блогына;
3) портал арқылы жүйіну жолымен беріледі.
Шағымды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің немесе жергілікті атқарушы органдардың кеңсесіне тапсырған кезде
шағым жұмыс күндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері, жергілікті атқарушы органға сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.
22. Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері, немесе Әкімнің атына осы стандартқа
Портал дұрыс жұмыс істемеген жағдайда шағым call-орталығының (1414) телефоны бойынша беріледі.
23. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолма-қол жұмыс күндері осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады.
Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне не лауазымды тұлғаның атына жолданады.
Шағымда мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік қызмет алушының қолы көрсетіледі.
Шағым берілген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.
25. Шағым Комитеттің немесе жергілікті атқарушы органның кеңсесіне берілген кезде шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттік қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйым кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде шағымды қарау барысы туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелгендігі, орындалуы, қарау нәтижесі туралы белгі) мемлекеттік қызмет алушының жеке кабинетінде қол жетімді болады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
26. Мемлекеттік қызмет алушы қосымша ақпаратты Комитеттің және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың кеңселерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігінің www.minagri.gov.kz, интернет-ресурсынан ала алады.
______________________
«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресімдеу,лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының мекенжайлары
Р/с № |
Жергілікті атқарушы органның атаулары |
Орналасқан жерінің мекенжайы |
Байланыс деректері |
Интернет- ресурс |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
«Ақмола облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме |
Көкшетау қ-сы, Абай к-сі, 85-үй
|
тел.: 8 (7162)25-07-72, 25-55-11; электрондық поштасы: [email protected], [email protected] |
www.akmo.kz |
2. |
«Алматы облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме |
Талдықорған қ-сы,
к-сі, 38-үй
|
тел.: 8 (7282) 27-08-18; электрондық поштасы: obl_dsh@almaty-reg. kz, tkoblakimat@ global.kz |
www.zhetysu-gov.kz |
3. |
«Атырау облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме |
Атырау қ-сы, Әйтеке би к-сі, 77-үй |
тел.: 8 (7122)35-45-03; электрондық поштасы: [email protected] |
www.atyrau.gov.kz |
4. |
«Ақтөбе облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме |
Ақтөбе қ-сы, Әбілхайыр хан д-лы,40-үй |
тел.: 8 (7132)56-03-07, 54-17-39; электрондық поштасы: [email protected], [email protected] |
www.akto.kz |
5. |
«Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме |
Өскемен қ-сы, М. Горький к-сі, 40-үй |
тел.: 8 (7232) 26-42-48,24-23-04, 20-42-42;
|
www.akimvko.gov.kz |
6. |
«Жамбыл облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме |
Тараз қ-сы, Абай к-сі, 119-үй
|
тел.: 8(7262)43-28-94, 45-88-31,факс:45-42-05, 45-46-28
|
www.zhambyl.kz |
7. |
«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме |
Орал қ-сы, Достық к-сі, 179-үй |
тел.: 8(7112)51-35-41,45-29-27; электрондық поштасы: [email protected], [email protected] |
www.westkaz.kz |
8. |
«Қарағанды облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме |
Қарағанды қ-сы,
|
тел.: 8 (7212)42-10-80; электрондық поштасы: [email protected] |
www.karaganda-region.kz |
9. |
«Қостанай облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме |
Қостанай қ-сы, Әл-Фараби д-лы, 66-үй |
тел.: 8 (7142)57-50-03; электрондық поштасы: dsh-zem@kostanay |
www.kostanay.gov.kz |
10. |
«Қызылорда облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме |
Қызылорда қ-сы,
|
тел.: 8 (7242)26-26-44; электрондық поштасы: [email protected] |
www.e-kyzylorda.gov.kz |
11. |
«Маңғыстау облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме |
Ақтау қ-сы, 14 ш.а., 1-үй |
тел.: 8 (7292)31-17-77; электрондық поштасы: [email protected] |
www.mangystau.kz |
12. |
«Павлодар облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме |
Павлодар қ-сы, Академик Сатпаев к-сі, 49-үй |
тел.: 8 (7182)32-25-67; электрондық поштасы: kense.dsh@ pavlodar. gov.kz |
www.pavlodar.gov.kz |
13. |
«Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме |
Петропавловск қ-сы, Қазақстан Конституциясы к-сі, 58-үй |
тел.: 8 (7152) 46-24-52, 36-07-45;
|
www.sko.kz |
14. |
«Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме |
Шымкент қ-сы, Тәукехан к-сі, 6-үй |
тел.: 8 (7252)53-03-33; электрондық поштасы: [email protected] |
www.ontustik.gov.kz |
15. |
«Астана қаласы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме |
Астана қ-сы, Бейбітшілік к-сі, 11-үй |
тел.: (7172) 55-69-80, 55-69-79, 55-54-85; электрондық поштасы: [email protected]
|
www.astana.kz |
16. |
«Алматы қаласы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме |
Алматы қ-сы, Республика алаңы, 4-үй |
тел.: 8 (727) 272-58-17, 271-65-89; электрондық пошта: [email protected] |
www.almaty.kz |
______________________
«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресімдеу,лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Ветеринария саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
1. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде қойылатын біліктілік талаптары:
1) заңды тұлғаның штатында (кемінде бір ветеринар дәрігер немесе фельдшер) «ветеринарлық медицина», «ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі бар мамандардың (бірінші басшы қол қойған және ұйымның мөрімен бекітілген тегі, аты, әкесінің атын қамтитын жиынтық кесте);
2) жеке тұлғада «ветеринарлық медицина», «ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімінің және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімінің;
3) жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік үй-жайлардың (өндірістік үй-жайға құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу шартының салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмелері) болуын қамтиды.
2. Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру бойынша ветеринария саласындағы қызметтің кіші түрін жүзеге асыру кезінде қосымша:
1) ветеринариялық препараттарды өндіруді және бақылауды регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттамалардың (ветеринариялық препараттарды өндіру жөніндегі нұсқаулық, өндірушінің басшысымен бекітілген, ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісілген, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен тіркеуден өткізілген, өндірілетін немесе сатылатын ветеринариялық препараттарға арналған техникалық шарттар, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі басшылық, микроорганизмдердің өндірістік және бақылау штаммаларының паспорты);
2) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен, өндірілетін ветеринариялық препараттардың техникалық шарттарына сәйкес ветеринариялық препараттар өндіруге арналған технологиялық, өлшеу және сынау жабдықтарының болуы талап етіледі.
3. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шиізаттарды ветеринариялық-санитарлық сараптау жөніндегі ветеринария саласындағы қызметтің кіші түрін жүзеге асыру кезінде қосымша сынау әдістерін регламенттейтін нормативтік құжаттардың (стандарттар, әдістемелік нұсқаулар), сондай-ақ «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға ветеринарлық-санитарлық сараптау жүргізуге арналған өлшеу, сынау жабдықтарының болуы талап етіледі.
Сапа және тиімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні |
1. Уақыттылығы | |||
1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі) |
|
|
|
2. Сапа | |||
2.1. Қызмет көрсету процесінің сапасына қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) |
|
|
|
3. Қолжетімділік | |||
3.1. Қызмет көрсету сапасына және қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) |
|
|
|
3.2. Электронды форматта қолжетімді қызметтер мен ақпараттар %-ы (үлесі) |
|
|
|
4. Шағымдану процесі | |||
4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртібіне қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) |
|
|
|
5. Сыпайылық | |||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағат танған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) |
|
|
|
Р Үкіметінің 2012. 17. 08. №1059 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды
25 12 2014
5 стр.
«Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік
07 10 2014
1 стр.
Гі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлек
25 12 2014
3 стр.
«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік
15 10 2014
1 стр.
«электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы дәрігерді (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практикалық дәрігер) үйге шақыру қызметін ұсынуды регламенттейді
13 10 2014
1 стр.
«электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы дәрігердің (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практикалық дәрігер) қабылдауына жазылу қызметін ұсынуды регламе
13 10 2014
1 стр.
Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі мемлекеттік қызмет) осы стандартқа
25 12 2014
1 стр.
Еттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың
13 10 2014
4 стр.