Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


«ҚАЗАҚСТАН – БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ»

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ

ҮНДЕУІ

Астана, 25 сәуір 2013 жыл
Біз, «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» халықаралық конференциясына қатысушылар, жас егеменді мемлекеттің тұғырлы жетістіктерін ұғынудағы мемлекетік, қоғамдық, діни, ғылыми және басқа да Қазақстанның әлеуметтік маңызды институттарының бірігуі жолында Конференцияның маңызды қадам болғанына бір кісідей сенім білдіреміз.

Біз барлығымыз бірауыздан 140 этнос пен 17 конфессия өкілдері үшін Қазақстан Республикасы туған жер, киелі шаңырақ саналатындығын растаймыз.

Біздің Қазақстан Еуразияның өркениеттік нақышын өзіне үйлесімді түрде сіңірген бірегей ел екендігін мойындаймыз. Этностық, мәдени және діни әралуандылыққа қарамастан, біз елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап келеміз.

Біз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған еуразияшылдық саясаты көптеген этностар, мәдениеттер пен діндерді біріктіреді деп санаймыз.

Біздің еліміздің «өркениеттер торабы» деп аталуының тарихи негізі бар. Қазақстан – ислам, христиан және буддизм сынды ірі әлемдік діндер арасындағы табиғи көпір ретінде танылды. Ғасырлар бойы бұл қасиетті өлкеде әртүрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері бірге өмір сүріп, еңбек етті. Осылай бірін-бірі байыта түсуге және өркендеуге мүмкіндік берген тығыз мәдени қарым-қатынастар қалыптасты.

Әртүрлі діндер мен сенімдік дәстүрлерді ұстанатын барлық қазақстандықтар атынан ұлтаралық және конфессияаралық сұхбатты ту еткен біздің ортақ үйіміздегі қол жеткізген жетістіктеріміз бен алдағы игі өзгерістердің негізі саналатын татулық пен ынтымақты сақтауға біз болашақта да мүдделі екендігімізді білдіреміз.

Біз Отанымыздың басты құндылығы - әлемдік үлгі ретінде әділетті түрде танылған азаматтық бірлік пен конфессияаралық келісімді, біздің көпұлтты еліміздегі мәдениеттер пен діндердің үнқатысуын қолдауға дайынбыз.

Біз жас мемлекетті ғаламдық конфессияаралық үнқатысу орталығына айналдырған Қазақстан мен оның Көшбасшысы – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаз рөлі мен саясаты үлкен құрметке, мойындауға және барша халықтың жан-жақты қолдауына ие болуы тиіс екендігіне сенімдіміз.

Біздің қоғамымызға тән емес, қауіпті жат ағымдар мен жалған діни ілімдер бізді алаңдатады. Біз дәстүрлі қағидаларды ұстана отырып, халқымыздың мәдени және рухани құндылықтарын бағалап, дамытуға шақырамыз.

Біз дін атын жамылған сыңаржақ, радикалды, экстремистік және террористік әрекеттердің дінге ешқандай қатысы жоқ деп есептейміз. Сондықтан да біз ХХІ ғасырдың індеті саналатын діни экстремизм мен терроризмді айыптап, бұл зұлымдықпен бүкіл қоғам болып бірлесе күресуге дайын екендігімізді білдіреміз.

Біз Қазақстан бастамашы болған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі дінаралық үнқатысу пен келісімді орнату қажеттілігі мен маңыздылығын дәлелдеп қана қоймай, діни негіздегі қақтығыстарды шешу бағытындағы жаһандық құрылымға айналғандығын білеміз.

Біз Елбасының Қазақстан халқына арналған «Қазақстан – 2050 стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында баяндалған кезеңдік міндеттерді жүзеге асыру үшін дұрыс, анық, ұтқыр сөзден нақты, айқын іске көшетін уақыт келгенін түсінеміз.

Біз мемлекетіміздің мәдениеті мен дәстүрінің этностық және діни әралуандылыққа негізделген мол байлығын сақтап қалуға және болашақ ұрпаққа табыстауға міндеттіміз.

Біз Отанымызды сүю, қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүрін құрмет тұту үшін барша күш-жігеріміз бен ой-ниетімізді біріктіруді мақсат етеміз.



Біз ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының бейбіт өмірі, игілігі мен өркендеуі үшін бар ынта-жігерімізбен қызмет ететін боламыз.


«Қазақстан – біздің ортақ Үйіміз» халықаралық конференциясына қатысушылардың Үндеуі астана, 25 сәуір 2013 жыл Біз, «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз»

Біз барлығымыз бірауыздан 140 этнос пен 17 конфессия өкілдері үшін Қазақстан Республикасы туған жер, киелі шаңырақ саналатындығын растаймыз

25.77kb.

25 12 2014
1 стр.


Іс- шараның тақырыбы: Менің елім -Қазақстан. Іс- шараның мақсаты

Жүргізуші: Біздің бүгінгі іс -шарамыз біздің Отанымыз Қазақстан Республикасына арнаған. Біз Қазақстанды туған жеріміз дейміз,себебі онда біздің

59.71kb.

25 12 2014
1 стр.


«Жер Ана- ортақ үйіміз, табиғат- тылсым жұмбағы. Табиғатыңды тарту ет, аман бол Жердің құндағы!»

Жаратылыстану ғылымдарына арналған 9-14 сәуір аралығында өткізілетін мектепішілік апталық жоспары

61.57kb.

12 09 2014
1 стр.


«Ислам терроризмге қарсы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысушылардың Үндеуі біз, «Ислам терроризмге қарсы»

Біз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың конфессияаралық бірлікті нығайту жөніндегі идеяларын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға әзір еке

22.25kb.

25 12 2014
1 стр.


2 сағаттың ішінде біздің институтымызбен танысыңыз!!!

Бұл бағдарламада біз туралы және біздің немен айналысатындығымыз жайлы сізге жоспарланған шаралар жүйесі ұсынылатын болады

51.65kb.

25 12 2014
1 стр.


Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдау ы қазақстан халқының әл-ауқаттын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты

Менің жыл сайынғы жолдауларым әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, келешегімізді бағдарлауға, ең бастысы – баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауымызғ

242.96kb.

25 12 2014
1 стр.


Сценарий проведения линейки, посвящённой Дню

В: 1991 жыл 16 біздің елімізде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы». Ата заңы қабылданды. Құрметті ұстаздар мен

42.98kb.

25 12 2014
1 стр.


Февраль 2008 г. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына

Менің жыл сайынғы жолдауларым әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, келешегімізді бағдарлауға, ең бастысы – баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауымызғ

273.12kb.

25 12 2014
1 стр.