Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) басқармасы он алтыншы отырысының
ХАТТАМАСЫ
«____» ___________ 2010 ж. № ______
Өткізу орны: Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) мәжіліс залы
(Астана қ., Министрліктер үйі, № 4 кіреберіс).
Өткізу күні және уақыты: 2010 жылғы 31 мамыр, 15.00 с.
Отырысқа қатысушылар: тізім бойынша
Күн тәртібі:
1. Агенттікке экономикалық шоғырлануға келіп түскен өтінішхаттар бойынша қорытындыларды қарау:
1) С.А. Ташпулатова;
2) «Исткомтранс» ЖШС;
3) «Стилтрейд Лимитед» компаниясы;
4) «ECS Holdings Europe B.V» компаниясы;
5) «Avira Holdings B.V.» компаниясы;
6) С.Ж. Жаманбалин;
7) «Газпром нефть-Қазақстан» ЖШС;
8) «DOS MARINE» ЖШС;
9) «Alatau Holdings B.V.» компаниясы;
10) «ПОЗИТИВ» инвестициялық тобы» ЖШС – 2 өтінішхат;
11) С.Р. Сергиенко;
12) «Аршалы 2010» ЖШС;
2. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізу туралы
3. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы бойынша жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша қорытындыларды бекіту туралы:
-
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментi Қазығұрт ауданының Әдiлет басқармасы» ММ;
-
«Павлодарлифт» ЖШС, «РЭМлифт-ПВ» ЖШС;
-
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» ММ;
-
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» ММ.
4. Тергеу жүргізу мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттарды қарау туралы:
1) «Қазгидромет» РМК
2) «Жетісу Энерготрейд» ЖШС
5. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы туралы мәліметтерді алдын ала қарау нәтижелері туралы қорытындыларға шағымдарды қарау туралы:
1) «Павлодарлифт» ЖШС;
2) «Сен-Гобен Строительная Продукция Казахстана» ЖШС;
3) «Шығысэнерготрейд» ЖШС.
6. Жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы 2009 жылға арналған жыл сайынғы жылдық есепті мақұлдау туралы
7. Әр түрлі мәселелер
Монополияға қарсы орган басқармасының 17-ші отырысын өткізу күні туралы
I. Агенттікке экономикалық шоғырлануға келіп түскен
өтінішхаттарды қарау туралы _____________________________________________________________
(Есенбаев, Ақбердин, Әбсаттарова)
1. Тауар нарықтарының мониторингі және талдау департаменті директорының ақпараты назарға алынсын.
2. Бәсекелестікті шектеуге жол бермеген жағдайда, мына заңды және жеке тұлғалардың өтінішхаттары бойынша экономикалық шоғырлануға келісім берілсін:
1) Екі және одан да көп субъектілердің атқарушы органдарында сол бір жеке тұлғаның (С.А. Ташпулатованың) қатысуы бойынша С.А. Ташпулатоваға;
2) Қаржы лизингі шарты бойынша «Райффайзен Лизинг Қазақстан» ЖШС-дан 15-1780 үлгілі 23 темір жол вагон-цистерналарды уақытша пайдалануға және иелігіне алуға «Исткомтранс» ЖШС-ға;
3) «Кемзон Лимитед (Chemzone Limited) компаниясының 100% акцияларын сатып алуға «Стилтрейд Лимитед (Steeltrade Limited)» компаниясына;
4) «Caspian Group» (Каспийская Группа) АҚ-ға тиесілі «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 74 %-ын сатып алуға «ECS Holdings Europe B.V» компаниясына;
5) «JV OVERSEAS TRADING LIMITED» компаниясына тиесілі «Tea House» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 50%-ын сатып алуға «Avira Holdings B.V.» компаниясына;
6) «ҚазТрансГаз - Аймақ» АҚ-ның директорлар кеңесіне тәуелсіз директор ретінде қатысуға С.Ж. Жаманбалинге;
7) «ARNA Petroleum» ЖШС-дан 23 автомобильге май құю станциясын және 6 жер учаскесін сатып алуға «Газпром нефть-Казахстан» ЖШС-ға;
8) «Актауский тренинговый центр» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 25,1 %-ын сатып алуға «DOS MARINE» ЖШС-ға;
9) «ПОЗИТИВ» инвестициялық тобы» ЖШС-ға мыналарды:
- «ПОЗИТИВ Менеджмент» ЖШС-ның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100%-ын;
- «ПОЗИТИВ Estate» ЖШС -ның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100%-ын;;
- «ПОЗИТИВ Securities» ЖШС -ның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100%-ын;;
- «ПОЗИТИВ Финанс» ЖШС -ның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100%-ын;;
- «ПОЗИТИВ Консалтинг» ЖШС -ның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100%-ын;;
- «Номад Коммерц» ЖШС -ның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 80%-ын;;
- «Позитив Сервис» ЖШС -ның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100%-ын сатып алуға;
10) «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ-дан «Бұқтырма Цемент Сервис» ЖШС-ның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100%-ын сатып алуға С.Р. Сергиенкоға;
11) «Ақтасты-Бидай» ЖШС-ның мүлкін - негізгі өндірістік құралдарын сатып алуға «Аршалы-2010» ЖШС-ға;
3. «Қазпромгеофизика» АҚ-ның 100% акцияларын сатып алуға «Alatau Holding B.V.» компаниясының өтінішхаты Басқарманың кезекті отырысында қаралсын.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:
М.Т. Есенбаев - жақтап;
Р.А. Ақбердин - жақтап;
Б.А. Парсегов - жақтап;
М.Ә. Құсайынов - жақтап;
Д.Н. Тұрғанов - жақтап дауыс берді.
II. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізу туралы
_____________________________________________________________
(Есенбаев, Ақбердин, Әбсаттарова)
1. Тауар нарықтарының мониторингі және талдау департаменті директорының ақпараты назарға алынсын.
2. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Қарағанды облысы Новодолинский кентінің шекарасында «ҚТҚ әкету және көму» қызмет түрі бойынша ЖК Л.Ф. Залужнаяны және Қарағаны облысының Шахтинск қаласы және Шахан кентінің шекараларында «ҚТҚ көму» қызмет түрі бойынша ЖК И.И. Крамареваны алып тастау;
2) Қарағанды облысы Новодолинский кентінің шекарасында 35%-дан астам үстем үлесімен «ҚТҚ әкету» қызмет түрі бойынша ЖК В.И. Кропачевты енгізу;
3) Қарағаны облысының Шахтинск қаласы және Шахан кенті, Долинка кенті, Новодолинский кентінің шекараларында 35%-дан астам үстем үлесімен «ҚТҚ әкету» қызмет түрі бойынша Шахтинск қаласы әкімдігінің «Горкомхоз» КМК-ны енгізу;
4) Алматы қаласының шекарасында «ҚТҚ көму» қызмет түрі бойынша «Тәртіп» АҚ-ны алып тастау;
5) Алматы қаласының географиялық шекараларында 35%-дан астам үстем үлесімен «ҚТҚ көму» қызмет түрі бойынша «Plasma Energy Inc.» ЖШС-ны енгізу;
5) Қостанай облысы Қарасу ауданының географиялық шекараларында «астық қабылдау пункті және өңдеу қызметтері» қызмет түрі бойынша «GRANART» ЖШС-ны алып тастау;
6) Жамбыл облысының географиялық шекараларында 50 %-дан астам жиынтық үлесімен «астық қабылдау пункті және өңдеу қызметтері» қызмет түрі бойынша «Kazexim group-Берликский элеватор» ЖШС-ны алып тастау;
7) Жамбыл облысының географиялық шекараларында 50 %-дан астам жиынтық үстем үлеспен «астық қабылдау пункті және өңдеу қызметтері» қызмет түрі бойынша «Зар-Замин» ЖШС - ы мен «Беркут - Т» ЖШС-ны енгізу;
8) Қарағанды облысы Қарағанды қаласының географиялық шекараларында «әуе кемелерін авиа ЖЖМ-мен қамтамасыз ету» қызмет түрі бойынша «КИК» ЖШС-ны алып тастау;
9) «қантты көтерме саудада өткізу» қызмет түрі бойынша мыналарды алып тастау «Центральноазиатская Сахарная Корпорация» ЖШС, «Қант» АҚ, «Алматинский Сахар» АҚ, «Алматы Қанты» АҚ, «Азия Сахар» АҚ, «Көксу-Шекер» АҚ тұлғалар тобы ретінде Қазақстан Республикасының географиялық шекараларында 50%-дан астам үстем үлесімен;
10) «қантты көтерме саудада өткізу» қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының шекараларында 50%-дан астам үстем үлесіпен «Азия Сахар» АҚ, «Алматинский Сахар» АҚ, «Қант» АҚ-ны Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу
11) кәсіпорын атауының өзгеруіне байланысты «КазАрсенал» НПО» ЖШС-ның атауын ««Калибр» НПО» ЖШС-ға өзгерту;
12) «Гранит» ЖШС-ны «АКТБ «Гранит» ЖШС-ға ауыстыра отырып, «СКТБ «Гранит» ЖШС-ның атауын сәйкес келтіру;
13) Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» ШЖҚ РМК-ның («Мемсараптау» РМК») атауын «және облыстар бойынша еншілес кәсіпорындары» деген сөздермен толықтыру.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:
М.Т. Есенбаев - жақтап;
Р.А. Ақбердин - жақтап;
Б.А. Парсегов - жақтап;
М.Ә. Құсайынов - жақтап;
Д.Н. Тұрғанов - жақтап дауыс берді.
III. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы бойынша жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша қорытындыларды бекіту туралы
_______________________________________________________
(Есенбаев, Ақбердин, Тоқбаев)
-
Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын анықтау және тергеу департаменті директорының ақпараты назарға алынсын.
2. Мыналарға қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергеу нәтижелері бойынша қорытынды бекітілсін:
-
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментi Қазығұрт ауданының Әдiлет басқармасы» ММ (Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша ӨИ-дың 2009 жылғы 5 мамырдағы № 134-НҚ бұйрығы);
-
«Павлодарлифт» ЖШС, «Рэмлифт» ЖШС (Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша ӨИ-дың 2010 жылғы 26 наурыздағы № 72-НҚ бұйрығы);
-
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» ММ (Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша ӨИ-дың 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 96-НҚ бұйрығы);
4) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» ММ (Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша ӨИ-дың 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 106-НҚ бұйрығы);
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:
М.Т. Есенбаев - жақтап;
Р.А. Ақбердин - жақтап;
Б.А. Парсегов - жақтап;
М.Ә. Құсайынов - жақтап;
Д.Н. Тұрғанов - жақтап дауыс берді.
IV.
Тергеу жүргізу мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттарды қарау туралы
_______________________________________________________________
(Есенбаев, Ақбердин, Тоқбаев)
1. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын анықтау және жолын кесу департаменті директорының ақпараты назарға алынсын.
2. Мыналарға:
1) электр энергиясына алдын ала төлеу мәселесі бойынша, сондай-ақ электр энрегетикасы саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп электр энергиясын артық/кем тұтынғаны үшін айыппұл салу туралы тұтынушылардың өтініштерін неғұрлым егжей-тегдейлі қарау мақсатында «Жетісу Энерготрейд» ЖШС (Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша ӨИ-дың 2010 жылғы 30 наурыздағы № 106-НҚ бұйрығы);
2) «Қазгидромет» РМК-ға (Агенттіктің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 168-НҚ бұйрығы) қатысты тергеу жүргізу мерзімі екі айға дейін ұзартылсын.
Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша:
М.Т. Есенбаев - жақтап;
Р.А. Ақбердин - жақтап;
Б.А. Парсегов - жақтап;
М.Ә. Құсайынов - жақтап;
Д.Н. Тұрғанов - жақтап дауыс берді.
V. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы туралы мәліметтерді алдын ала қарау нәтижелері туралы қорытындыларға шағымдарды қарау
_______________________________________________________________
(Есенбаев, Парсегов, Тоқбаев)
1. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын анықтау және тергеу департаменті директорының ақпараты назарға алынсын.
2. Мыналарға:
1. «Павлодарлифт» ЖШС, «Рэмлифт» ЖШС;
2. «Сен-Гобен Строительная Продукция Казахстан» ЖШС;
3. «Шығысэнерготрейд» ЖШС-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы туралы мәліметтерді алдын ала қарау нәтижелері туралы ӨИ қорытындыларына шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Күн тәртібінің бесінші мәселесі бойынша:
М.Т. Есенбаев - жақтап;
Р.А. Ақбердин - жақтап;
Б.А. Парсегов - жақтап;
М.Ә. Құсайынов - жақтап;
Д.Н. Тұрғанов - жақтап дауыс берді.
VI. Жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы 2009 жылға арналған жыл сайынғы жылдық есепті мақұлдау туралы
______________________________________________________________
(Есенбаев, Тұрғанов)
1. Жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы 2009 жылға арналған жыл сайынғы жылдық есеп мақұлдансын.
Күн тәртібінің алтыншы мәселесі бойынша:
М.Т. Есенбаев - жақтап;
Р.А. Ақбердин - жақтап;
Б.А. Парсегов - жақтап;
М.Ә. Құсайынов - жақтап;
Д.Н. Тұрғанов - жақтап дауыс берді.
VII. Әр түрлі мәселелер
______________________________________________________________
(Есенбаев, Парсегов, Ақбердин, Құсайынов, Тұрғанов)
1. Монополияға қарсы орган басқармасы отырысын өткізудің кезекті күні 2010 жылғы маусым айының 2-ші жартысы болып айқындалсын.
2. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын анықтау және тергеу департаменті 2010 жылғы __ маусымға дейінгі мерзімде Ресей Федерациясы Федералдық монополияға қарсы қызметімен бірлесіп «GSM Қазақстан ААҚ «Қазақтелеком» ЖШС, «КаР-Тел» ЖШС, ТОО «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Қазақстан Республикасы), «МТС» ААҚ, «ВымпелКом» ААҚ, «МегаФон» ААҚ (Ресей Федерациясы) ұялы байланыс операторларының роумингте байланыс қызметтерін көрсету кезінде оператор аралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезіндегі келісімдерде, келісілген іс-әрекеттерде көрінген бәсекелестікке қарсы іс-қимыл фактілері бойынша тергеуді қозғасын.
3. 2010 жылғы __ маусымға дейінгі мерзімде тергеу жүргізу жұмыс тобының құрамына Агенттіктің орталық аппараты қызметкерлерін енгізе отырып, көрсетілген қазақстандық байланыс операторларының орналасқан жері бойынша Агенттіктің Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық инспекцияларына тапсырылсын.
Күн тәртібінің жетінші мәселесі бойынша:
М.Т. Есенбаев - жақтап;
Р.А. Ақбердин - жақтап;
Б.А. Парсегов - жақтап;
М.Ә. Құсайынов - жақтап;
Д.Н. Тұрғанов - жақтап дауыс берді.
Басқарма төрағасы,
Агенттік төрағасы _____________________ М. Есенбаев
Басқарма мүшелері:
_____________________ Р. Ақбердин
_____________________ Б. Парсегов
_____________________ М. Құсайынов
_____________________Д. Тұрғанов
Басқарма хатшысы _____________________ Ә. Асаубаева